Божович Лидия Ильинична (1908–1981) – белгілі орыс психологы. Выготскийдің оқушысы өзінің тұлға теориясын құрды, Выготскийдің қоғамдық-тарихи теориясын жақтаушы. Бала
тұлғасының дамуы, мотивацияны құру, аффективті конфликтінің эксперименталды түрде зерттеуші, өзін-өзі бағалауы, тұлғаға бағыттылығынның жақындығын түзету тағы сол сияқты еңбектерінің авторы.
Л.И.Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады,- деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбие процесінде пайда болатын тұрақты мотивтер жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын бағындырып, адамның мотивациялық сферасының құрылымын сипаттайды.