Бине Альфред (1857–1911) француз психологы. Экперименталды психологияның және Франциядағы психологиялық зертхананың негізін қалаушы. 1889 жылы Сорбинда ең алғаш Франция эксперименталды психологиялық лабораториясын ашқан. Т.Симонмен бірігіп балалардың ақыл-ой дамуының өлшеміне арнап тест шығарған, ақыл-ойдың жасына сай деп анықтама берген. Есте сақтаудың индивидуалды, ойлаудың түсініктілігі, ақыл-ойдың шаршауы, тұлға, сана сезімі мәселесімен айналысады. Негізгі еңбектері: «Ой қорытындысы психологиясы» (1886),
«Эксперименталдық психологияға кіріспе» (1894), «Ақыл – ой дамуын зерттеу әдістемесі» (1922) т.б. Психология, сана психологиясы, зерденің әр түрлі процестері мәселелері бойынша, балалардың эмоциялық реакциялары мен сезімдері, графология, дефектология бойынша еңбектердің авторы; психологиядағы тест әдісінің негізін қалаушылардың бірі болып саналады.