Бехтерев Владимир Михайлович (1857–1927) орыс физиологы, невропотологы, психиатр және психологы. 1878 жылы Бехтерев академияны үздік бітіреді. Оның талантты қабілетін байқаған
ғалымдар оны профессорлық қызметке әзірленуге академияда қалдырады. 1880 жылы Бехтерев «Кейбір психикалық аурулардағы дененің температурасын зерттеудің клиникалық тәжірибесі» деген тақырыпта диссертация қорғайды. Тәртіптің рефлексиялық дербес ғылыми теориясын құрды. Ең алғаш Россияда эксперименталды лабораториясын 1885 жылы Казан университетінде ашты. 1908 жылы Санкт-Петербургте психоневрологиялық институтқа Бехтерев атағы берілді.