Асмолов Александр Григорьевич (1949) индивидуалдылықты адамның дүниедегі мағыналық қатынастары мен бағдарларының жиынтығы ретінде түсінеді. Олар адаммен қоғамда өмір сүру барысында игеріледі және оның құндылықтар иерархиясында бағдарын, мотивтер күресі жағдаятында мінез-құлықты қамтамасыз етеді. Осы жағдайда тұлғаның өзін-өзі таныту ерекшекліктерін зерттеуде оның құндылық-мағыналық аумағы жеке қарастырылады.
Себебі, олар тұлға белсенділігінің ішкі психологиялық механизмдері болып табылады.