Анцыферова Людмила Ивановна (1924 – 2013) ресей психологы, философы, психологияның әдіснама, теория және тарихы саласының, геронтопсихология және даму психологиясының дамуына үлес қосқан. Ол ойлау психологиясы және тұлға психологиясының негізгі жұмыстарының авторы. Тұлға болмысының негізгі тәсілін адамның әмбебап жан ретіндегі өз шегінен шығуға, өзінің тектік мәнінің жеке дара түріне, мүмкіндігінше толық, үздіксіз өзін-өзі жүзеге асыруға деген негізгі қажеттілігін білдіретін, дамуда көрсетті. Л.И.Анцыферова тұлға ұғымының мазмұнын талдауда белсенділік пен қатынастарды байланыстыра қараудың қажеттілігін атап көрсеткен. Оның бұл ойын «Тұлға – өз-өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын баяндайтын және өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам» деген пікірінде айқын көре аламыз.