Ананьев Борис Герасимович (1907–1972)

Ананьев Борис Герасимович (1907–1972) – белгілі орыс психологы, Ленинградтық психология мектебін құрушы. Қабылдаудың сезімталдығы, қарым қатынас психологиясы, педагогикалық психология еңбектерінің авторы. Психология ғ.д. КСРО Педагогикалық ғылым академиясының толық мүшесі. Адамды индивид, тұлға, даралық ретінде қарастырып, адамтанудың жүйелі моделін қарастыруға ұмтылған кеңес дәуірінің психологы. Горск педагогикалық институтын 1928 жылы бітіріп, өзінің ғылыми ізденістерін ленинградтық рефлексологтардың қатарында, психологияның адам тану ғылымдарының бірігейі болып бекінуіне атсалысты. Ол адамды биологиялық индивид ретінде, оның онтогенездегі даму жолы, тұлғалық мәнге ие болуымен адамзат әлеміндегі орны, өзіндік даралығы туралы «Адам танымының обьектісі» (1969 ж.) атты еңбегінде жан-жақты қарастырады. 1967- 1972 жылдары ЛМУ-де психология факультетінің деканы қызметін атқарып жүріп, көптеген психолог ғалымдарды дайындады. Кеңес психологиясының қорына Ананьевтің «Педагогикалық бағалау психологиясы» (1935 ж.), «Психология очерктері» (1945 ж.),

«Сезімдік тану психологиясы» (1960 ж), «Түйсіктер теориясы» (1961 ж.), «XVIII-XIX ғғ. Орыс психологиясы тарихының очерктері» (1967 ж.), және т.б. еңбектері енді.

Б.Ананьев адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және даралық.

Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым іс- әрекет субъектісі. Бұл ұғым мазмұны бойынша ңиндивид және тұлға ұғымдарымен байланысты. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *