Алтынсарин Ыбырай (1841–1889)

Алтынсарин Ыбырай (1841–1889) – педагог, ағартушы. Ы.Алтынсарин арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, т.б.) қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалық істерінен туындаған. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық- педагогикалық негіздері, мұғалім-ұстаз проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, т.б. жатқызуға болады.

Психология ғылымы – адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін, істеген істің жүріс-тұрыстың, демалыстың, яғни өмірдің сан алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды жақсы әдеттермен қатар жарамсыз, жаман

 

әдеттер де болатындығын ескертеді. Мәселен, салақтық – жаман әдет, одан тәнге де, жанға да пайда жоқ. Осы орайда Ы.Алтынсариннің

«Салақтық» атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиянды екендігін жақсы көрсетеді. Бала жанының зергелі Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі де балалардың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп іріктелініп алынған. Осы әңгімелерде мұғалімдер мен ата-аналардың балаларды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Ы.Алтынсарин көптеген психологиялық мәнді мәселелердің енді бір тобы оның әдістемелік пікірлерімен астарласып жатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *