«Аурудың жалпы құнын» талдау (СОІ)

«Аурудың жалпы құнын» талдау (СОІ)
Аурудың жалпы құнын талдау – нақты ауруды анықтау және емдеу
негізіндегі емдеу мекемесінің шығынына (тура медициналық,
медициналық емес және қосымша) негізделеді.
Әдістің ерекшелігі: аурудың құнын анықтағанда жүргізіліп жатқан
емдеудің нәтижелері ескерілмейді.
Әдістің кемшілігі:
 альтернативті медициналық технологияларды бағалау кезінде
қолданбайды;
 ұсынылған медициналық көмектің сапасын басқару үшін жағдай
жасамайды.
43
Бірақ бұл әдіс аймақта денсаулық қорғауда шығынды анықтауға (егер
статистикалық және эпидемиологиялық мәліметтер болса) өте маңызды.
Сонымен қатар, қор көлемін, қаржыландырудың басты негізгі бағыттарын,
шығынды азайту жолдарын анықтауға да маңызы зор. Аурудың құнын
есептеу барысында, бір жылда бір науқасқа кеткен шығынын анықтайды,
оны барлық науқастар жиынтығына экстраполяциялайды, нәтижесінде
мемлекетте белгілі бір ауруды емдеу үшін қанша шығын шығатыны
туралы мәлімет алынады.
Ауру құнының көрсеткіші (COI) мына 2 формуламен есептеледі:
COI=DC+IC, (2)
мұнда:
OС-тікелей шығын;
IC-тікелей емес, жанама шығын.
Әдісті қолдану аясы:
 әртүрлі емдеу кезеңінде аурудың толық құнын анықтау үшін:
амбулаторлық-1, стационарлық-2, реабилитация кезеңі (жазылу кезеңі)-3.
Бұл жағдайда аурудың толық құны мынаны құрайды:
COI=(DC1+IC1)+(DC2+IC2)+(DC3+IC3), (3)
 Бір жеке аумақта немесе бүкіл елде аурудың «орташа құнын»
анықтау үшін;
 Елдің экономикасына айтарлықтай зардап келтіретін ауруларды
бөліп көрсету үшін;
 Фармакоэкономикалық талдаудың толық жарамды әдістерін
пайдалану үшін жұмсалған қаражатты анықтау үшін.
Аурудың құнын анықтау талдауын жеке медициналық мекемелер
шеңберінде медициналық көмек көрсетудің тарифын есептеуді үйлесімді
ету үшін де пайдалануға болады. Берілген медициналық мекемеде бір
нозологиялық (аурудың түрлері туралы ілім) формадағы бірнеше
науқастардың ауруының құнын салыстыру осы мекемеде ауруды емдеу
үшін жұмсалатын орташа құнын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл
есептеулер жеке қарапайым медициналық көрсетілген қызметке төленетін
ақыдан глобалды тариф бойынша есептеуге өтуге мүмкіндік береді,
басқаша айтқанда, бір жағдайдағы ақы төлеу бүткілдей болады немесе сол
бөлімдегі кереует күн санына төленеді.
Медициналық қызмет көрсетудің тарифы – бұл экономикалық
санат, оның екі мазмұны бар: бір жағынан – бұл медициналық қызмет
көрсетудің ақшалай құн формасы, екінші жағынан – бұл халықтың
медициналық көмек алудағы қажеттілігін қанағаттандыру шарасы.
44
Бағалардың ара қатынасын экономикалық негіздеу, медикаменттер мен
препараттарды тиімді пайдалануға жағдай жасайды, жаңа әдеттегідей емес
диагностика мен емдеу әдістерін енгізеді, халыққа сапалы медициналық
көмек көрсетуді жоғарылатады. Белгілі бір ауруды емдеуге аурудың жалпы
құнының фармакоэкономикалық талдауын қолдана отырып, тарифты
есептеуді 4 формуламен жүргізеді:
n
COI CO COI COI тариф    n

1 2 3

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *