Өсімдіктердің жер шарында таралуы
Өсімдіктердің жер шарында таралуы өткен тарихи эпохамен байланысты екендігін анализдеп, синтездеп көптеген қосымша факторлардың да себепкер болғандығы анық. Жалпы өсімдік географиясының өзі жер бетіндегі таралуы заңдылықтарын, тарихи себептерін анықтайтын , зерттейтін ғылым деп дәлелдеген . Флоралық ареалдың , аймақтың территорияның құрылуына , қалыптасуына негізгі әсер ететін тарихи фактор. Әрбір материктің өзінің құрылу тарихы,бағыты , этаптары , геологиялық өзгерістері бар.
Бір материк пен екінші материк арал болуы мүмкін арақашықтығы арақатынасы оқшаулануы сияқты ерекшеліктері бар.Біртұтас жер шары бірнеше бөліктерге бөлінді . Соның нәтижесінде де өзгешіліктер бар – тропика , субтропика , шөл ,дала , шөлейтті, тайга , тундралы жерлер пайда болды . Материктердің геологиялық бөлінуі факторлардың әсері – сол жердегі флораның дамуы , өсіуі , таралуы ,ареал құрумен қатар жаңа өсімдік түрлері таксондары пайда болды . Бір өсімдік түрі дамыса , екінші бір өсімдік түрлері жойылып, азайып бара жатқандығы белгілі. Бір регионда сақталып қалуы Гинкго , секвоя , эвкалипт. Бір материктен екінші материкте ораграфиялық , ауа райында ұқсастық болмайды . Тек, кейбір өсімдік түрлері бірнеше материкте космо политті өсуі мүмкін . Осы мысалдар мен факторлардың әсерінің өзі тарихи факторлардың ықпалы күштті болғандығының дәлелі .Өсімдіктер түрі , бірлестігі қандай бір жер болсада сол жерде өсіп шығуға өз әрекетін жасайды . Өсімдікке топырақ , ауа райы , жыл мезгілдері , геологиялық жағдай әсер ететіні белгілі. Өсімдік құрлымын , бірлестігін құрып , өз белдеуі , түрлері жинақталып , доминаттары шыға бастайды . Голарктикалық бореалдық климатта- өсімдік түрлері бірлестігіндегі орман , тундра , тайга , батпақ өсімдіктері мұз қатпау дәуірінен бұрында тіршілік етті емеспе. Кейбір өсімдіктер түрлері үштік дәуірден 30 млн жылдан бері ол Орта Азияда , тропикалық белдеуде оданда ертерек бор дәуірінде тіршілік етіп келе жатқан өсімдік түрлері бар. Мұз дәуірінен бұрын өмір сүріп біздерге жеткен өсімдік түрлерінің құрылысын салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер бар екендігі -уақытқа , эпохаға байланысты өзгерістер болғандығының дәлелі . Өсімдіктердің көптеген түрлерінің жер бетінде төрт рет мұз қаптағанынан жойылып кеткендері де аз емес . Өсімдіктердің жер бетінде таралуы , бөлінуі көп жағдайда жер бедеріне , ландшафтқа тайга , шөл, орман , дала , бөлінуіне де байланысты . Голарктикалық флоралық аймақта жер бедеріне , ландшафтқа, географиялық орналасуына байланысты өсімдік түрлері бар тропикалық флорамен салыстырғанда айырмашылық та бар . Өсімдіктер географиясы өсімдіктердің жер бетінде таралуы ілімінде – археология негізделген . Ареалда — өсімдік туысының , түрінің , тұқымдасының негіздері қаралып өсімдіктер семантикасына жинақталып өсімдіктер географиясы ғылым саласына өз үлестерін қосуда.. Жергілікті өсіп тұрған өсімдіктердің «Х» деп аталатын болса ал сол жерге қоныстанатын «диаспора» бір екеу болып көріне бастаған өсімдіктерді «У» деп барлығы бірігіп группа болып сол территорияны қамти бастайды . Сонымен қатар басқа жерлерде өспейтін кездеспейтін сол жерге тән өсімдіктерде болады . Мысалы , тропикада – пальма , америкалық кактустар
Флоралық облыс аймақтары.
Жер бетіндегі өсімдіктердің материктерге таралуы бор дәуірінен басталған . Барлық өсімдіктерді материктерикте 6 облыстық аймаққа бөлу – қазіргі ауа райы , топырақ эдапикалық факторларды тарихи геологиялық – палеогеографиялық негізінде бөлінген . Әрбір флоралық облыста түрдің , туыстың , тұқымдастың проценттік саны, өсіп тұрған аумағы әр түрлі . сондықтан флоралық обылыстарға , ареалға, провинцияға бөлінгенде – генетикалық , тарихи материктің географиялық орналасу жағдайы , пайда болу орталығы , қашан, қай эрада алғашқы таралу ерекшілік мекені ескерілген. Кейбір флоралық облыстары Қытай –Жопон флоралық обылысы , солтүстік Америка үштік дәуірден бері өзгеріске ұшырағанда , ол жердегі кейбір өсімдік түрлері басқа жерде өспейтін , кездеспейтін болғандықтан-Реликт облыс болып қалған .Кейбір обылыстарда Орталық Европа мұз дәуірінен , теңіз , су, геологиялық трансгрессияның нәтижесінде жер бедерінде , ауа райында қатты өзгерістер болып құрғақшылық артып -өсімдік түрлері қатты зардап шегіп , жойылып түр саны кеміп – деструктивті флораға айналған . Материктің кейбір жерлерінде өсімдіктер төзімділік нәтижесінде мүшелері өзгеріске ұшырау бейімделгіштік қасиеттерінің арқасында сақталған. Өсімдіктердің ареалдығы түр санының көптігі , аздығы, ауа райы , топырақ, алып тұрған аумағында байланысты емес . Мысалы неотропикадағы Малезия флорасы –тропикалық солтүстік жарты шарын ,Голарктикалық флораны қосқанда асып түседі .Аз ғана жерді алып жатқан Кап флоралық аймағы — өзіндегі өсімдік түр санымен , ерекшеліктерімен эндем, реликт ешқандай басқа флоралық облыспен тең келмейді..Өсімдіктердің таралуына кейбір флоралық облысқа құрғақшылықта,теңізде кедергі бола алмайды .Полиотропикалық флоралық облыс-тропика шығыс жарты шары Атлант, Тынық мұхит жерлерін алып жатыр.Голарктикалық флора-солтүстік тропикадан сырт жерлерде де, өсімдік түрлері ,туыстары ,тұқымдастары 3 материктерде жалғасқан.Әрбір облыс жер көлемінің бірдей болмауы , өсімдік түрлерінің фармацияның әртүрлілігі ,бір жерде аз ,бір жерде шоғырлануы ,жер бедері мұхит пен теңізден континетпен шектелуі –жердің геологиялық өсімдіктердің тарихы даму палеогеографиялық флора деп түсіну керек
Жер шары өсімдіктерінің георафиялық орналасуына байланысты- аймаққа, облысқа, ареалға, провинсияға бөлінді. Өсімдіктер өсіп тұрған жерлердегі алатын көлемі, аумағы, зонасы әртүрлі. Тек Рессейде тайга, Слтүстік Африка жерлерінде өсіп тұрған өсімдік түрлері белгілі бір түгел аумақ территорияны, немесе полосаны алып жатыр. Таулардағы белдеулерегі өсімдіктердің жазықтықтағы өсімдіктермен ептеп ұқсастығы бар. Мысалы, Кавказ тауларындағы өсімдіктер Европа жекріндегі Оңтүстіктен Солтүстікке қарай бағытталғанымен салыстыруға ұқсастығының барлығын байқауға болады. Тау биік болатын болса белдеулерге бөлінетіні, әр белдеуде өзіне тән өсімдіктер болатыны белгілі. Белдеулердегі өсімдіктер құрамдарының, түрлерінің өзгеруі биіктеген сайын климаттың өзгеруі деп түсу керек. Жоғарылап биіктеген сайын ауа райының суықтауы, өсімдік вегетациясының мерзімінің кемуі, көктемгі жылулықтың кеш түсуі яғни, қыс ерте түсіп жаз кештеу шығатыны. Жоғарылап , биіктеген сайын кей тауларда ылғалдылық артып, кей тауларда ылғалдылық кеміп құрғақ болып тұрады екен. Жапырағы түсетін ормандар қоңыржай ендікте, керсінше, континенть шетіне қарай шақталып ығысқан. Қиыр шығыстада орман ағаштары топтасып өседі де, мұхит жағалауларына жақындамайды, олар басқа өсімдіктер типтерімен алмасады. Солтүстік жарты шарда мәңгі жасыл қатты жапырақты тоғайлардың алатын орны ерекше. Олар субтропикалық белдеулердің құрғақ аудандарда , континенттің батыс жағалауында 35-40 ендіктен сына тәріздес басталып құрғақ шөл далаға жете бере кішіриіп барып бітеді. Бұл жерлерге қарама-қарсы субтропикалық еніктен, шығыс ылғалды континенттерінде мәң гі жасыл субтропикалық ормандар өсіп тұр. Тропика, субтропика, шөлдала, тайга, тундра деп сипаттама бергенде, сол жерлерге ғасырлар бойы бейімделген, тек сол жерлерге тән, суыққа , ыстыққа, экстремальды жағдайға бейім аймағы өсімдіктер тайга тундрада өседі. Жер шары континенттерін салыстырмалы ерекшеліктерге, өсімдіктерімен қысқаша шолу жасай отырып, оқымысты ғалымдарда бұл салдада еңбек еткен жоқ.
Дильс Л. 1929 жер шарындағы өсіп тұрған өсімдіктеріне байланысты алты флоралық аймаққа бөлді: 1. Палиотрпикалық 2. Кап 3. Галарктикалық 4. Ниотропикалық 5 .Антрактикалық 6. Австралиялық.
Энглер А. 1936 5 флоралық аймаққа бөлді: 1. Солтүстік флорадан Сыртқы флоралық аймақ. Бұл аймаққа 9 облысқа 47 провинсияға бөлді. 2. Палеотропикалық флоралық аймақ -9 облысқа 33 провинсияға бөлді. 3. Орталық және оңтүстік Америкалық флоралық аймақ -5 облысқа , 13 прв инсияға бөлді. 4. Теңіз жағалауы флоралық аймақ -3 облысқа көптеген провинсияға бөлінді.Олардың өсуі, дамуы, таралу тарихы барлық геологиялық өзгерістерге тікелей байланысты.
Тақырыбы: Неотропикалық аймақ флорасы.
1.Неотропикалық флоралық аймаққа сипаттама.
2.Неотропикалық флоралық аймақтың ерекшеліктері.
1.Неотропикалық флоралық аймаққа сипаттама.
Неотропикалық биогеографиялық аймақтың шекарасы Калифорниямен Мексиканың оңтүстік бөлігінен басталып 40с оңтүстік белдеуге дейінгі құрлықты және Оралық Америкаға таяу аралдарды басып өтеді: Калифорния түбегінен Мексика шығанағы Антиль архипелагы Багамаралы, Флорида шығанағы Атлантмұхиты, Гавана, Карибтеңізі, Гвинскқыраты, Амазонка, Бразилия,, Анд,, Оңтүстікте, 40соңтүстік ендікте Хуна-Фернандес, Галапогос /Панама, Бразилия /аралдары кіреді. Калифорния ,флорида түбегі оңтүстік тропика Мексика жағалауы, Орталық Америка, Антиль аралдары, Оңтүстік Американың үлкен яғни Жаңадүние бөлігін/ Новый свет/ түгел алғандықтан неотропикалық деп аталады .Неотропикалық биогеография аймағы Кариб, Оринок, Амазонка, Бразилия, Лаптан, Андаймақ бөімдерінде бөлінеді. Неотропика флоралық аймағы өсімдіктерг е өте бай . Бразилияның өзінде 40000 өсімдік түрі өседі.
Бұл аймақтың өсімдіктері әрүрлі,көбі мезофильді орман өсімдіктері, мысалы сүттіген, лавр, ойраншөп, мирта ,тұт, салинда, пальма, орхидеа, күрделігүлділер, астық, бұршақ, ерінгүлділер тұқымдасы өкілдері де кең тараған.Эндемик өсімдіктер көп емес -бромелия, кактус, осы аймаққа тән өсімдіктер. Неотропикалық флораның гүлді өсімдіктерінің шығу орталығы, таралуы, негізгі палеотропикалық өсімдіктер патшалығынан деп қабылдайды : бомбакс ,анон, гернайда, лавр, бромелия ,бұрыш, ризоферия, мирт, анокордия, сапиндовия, протеин, бигновения, орхидеа, пальма, тұқымдастары /450 /ескі және жаңа дүние бөлігінде де кездеседі. Оңтүстік Америка флорасы БатысАфрика тропикасымен байланысты жоғарғы борға дейін жалғасқан. Батыс Африка тропикалық тұқымдасы Бромелияның барлық түрі Оңтүстік Американың тропикасында тек эндемик түрлері ғана Гвинеяда өсіп тұр. Оңтүстік Америкамен Африка материктерінің ажырағанына өте көп уақыт болды, сондықтан да неотропикалық флорада оқшауланудың нәтижесінде қазір 30 –ға тарта эндемді тұқымдастар бар:
Маркгвария, Кариокария, Тавария, Юлиания, Беликания, Канн, Циклантия, Эндемді тұқымдастар. Неотропикада Настурция, тұқымдасы, өте кең тараған, сондай –ақкактус ,көк шнгүл, аройдты ,бромелия, Хразбалания, Цирилла, текалқа тұқымдасының ішінде ағаш өкілдері: меңдуана, дурман древовидный — /томат, томатноедерево, Мирта тұқымдасының өкілдері: фейоха, бегония ,флуксия , юкка, агава, пальма, туысының ерекше түрлері-хамедорея, маурития, свовль, негізінен мезофильді орман өсімдіктері-сүттіген , лавр, алабұта, күрделі, ерінгүлділер, элактұқымдасы, мәңгі жасыл лавр тәріздес жапырақтары барормандардың болуымен ерекшеленеді.
2.Неотропикалық флоралық аймақтың ерекшеліктері.
Неотропика флоралық аймағы 5 тармаққа бөлінген: Кариб теңізі, Гвиантау қыраты, Амазонка, Бразилия , Анд.
1) Кариб неотропикалық солтүстік бөліміне Оңтүстік Мексика Оңтүстік Америка және көптеген аралдар кіреді. Екі эндемді тұқымдас, 500 –ге тарта эндем туыстары ,әсіресе ертеден өсіп келе жатқан, морфологиялық құрылысы жағынан ерекшеленетін Микроция жас. Бұл өсімдіктің бір түрі ғана сатовниктерге жатады / Кубада өседі.
2 )Гвиантаулы қырат бөлімі: Оңтүстік Американың Солтүстік таулы жерлерін алып жатыр. 800 өсіидік түрі өседі, жартысы эндем. Эндем өсімдіктердің 90-96 таулы жерлерде, бір эндемді тұқымдас, 100 эндемді туыс, бұлар өте ертеден өсіп келе жатқандықтан — Реликт.
3)Амазонка флоралық бөлімі –неотропикадағы көлемі жағынан ең үлкені. Бұл флоралық бөлімде –Амазонка бассейіні Оринокоға орналасқан, негізінен жазық, тегіс жерлер. А.Гумбольдттың зерттеу жұмыстарын жүргізген, жаңбырдың көбірек жауатын, орманды –Гилей деп атаған жері. Бір эндемді тұқымдас, 500 эндемтуысы, 3000 жуық эндем түрлері бар.
4 ) Бразилия неотропис бөлімі. Бразилия үстүртіне орналасқан эндем тұқымдасы жоқ, 400 эндем туысы бар.Ертеден өсіп келе жатқан қылқан жапырақтылар өкілі –араукария араукарияу эколистная, подокарпус түрлері, Бразилия флоралық бөліміне тән өсімдік — падуб, жапырағы шай орнына пайдаланылғандықтан жергілікті халық бұл өсімдікті парагвай шәйі деп те атайды.
5)Андфлоралық бөлімі. Батыс Америка жағалауынан оңтүстік тропика,солтүстік материк шегін едейін созылып жатыр.Жері өсімдік түрлеріне бай болмағаны мен өздеріне тән ерекшеліктері бар-бір эндем тұқымдасы, бірнеше жүз деген турлері сақталған.
Тақырыбы: Палеотропикалық флоралық аймақ
1.Палеотропикалық аймақтың флорасына сипаттама.
2.Флористикалық тармақтарының салыстырмалы ерекшеліктері.
1.Палеотропикалық аймақтың флорасына сипаттама.
Палеотропикалық облыс – Африка және Азия материгінде негізгі белдеулерден оңтүстікке, тропика шөлдаласы арқылы батысқа оңтүстіктен созылып жалғасқан асқақ Гималай тауы, Үндіқытай тауы, шығыста Янцзы бассейн өзені, Тынық мұхитта Тайвань аралынан солтүстікке қарай Гавай аралы одан оңтүстік – ш ығысқа қарай ығысқан Америка жағалауларымен параллель жатады.
Палеотропикалық флоралық облысында жалпы тропикада, жақын орналасқан аралдары және өзіндік эндемді осімдіктер түрі көп – 10 000. 40 жуық эндемді тұқымдастар бар. Диптерокарп – 400, фикус – 1000, непентес өсімдігінің 70 түрі өседі. Мысалы, Қосқанат жемістілер – Азия материгінде тропика орманындағы мәңгі-жасыл ағаш – Малайск архипелагы, Замбези \Мозайка\ бассеинде Нигер \Нигерия, Чад, Камерун\ жерлерінде өседі. Бұл тұқымдастың аты – жемісті жаңғақты қоршай, орай орналасқан, тұқымның желмен таралуына жағдай жасайтын 2 қанатты тостағаншасы болуымен аталған. Жер бетінде 17 туысы, Африкада 2 туысы өседі, 400 түрі бар. Қосқанатты жемістілер ағаш, биіктігі 60-70 м отаны Малайск архипелагы, Жаңа Гвинея,Филиппин, Мадагаскар, Экваторлы Африка жерлеріне таралған. Сүрегі жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады \диптерокарпус трехнервный\ ал, басқа түрінен \Шореа\ шайыр алынады. \Суматра\, ағашынан сапасы өте жоғары \Малобар майы деп аталатын\ май алынады. Палеотропикалық облыста кеңінен тараған өсімдік Панданус тұқымдасы \неотропикалық облыста циклоцвет тұқымдасын алмастырады\,панданус өсімдігінің өкілдерінің ареалдары – Африка тропикасы, Мадагаскар, Оңтүстік Азия, Солтүстік Австралия, Зонд, Полинезия, Жаңа Зеландия архипелагы. Панданус тұқымдасының 800 түрі бар, пальмаға өте ұқсас, барлық жерде пальмамен қатар таралып отырады.
Палеотропикалық эндем Непентес \Nepenthes – Nepen — thaceae\ тұқымдасы ш ы ғ ы с бөліктерде кездеспейтін – неотропикалық бормелия тұқымдасына ұқсас. Сағақтары арқылы басқа өсімдіктерге жармасып, кішкентай қоржындары арқылы насекомдарды қорытатын асқазан шырын бар. Непентес өсімдіктері Мадагаскар жерінен әрі кездеспейді: олар Ганга, брахмапутра джунглиясының, тропикасының ормандарының – Үлкен Зонд, Филиппин аралдары, Үнді – қытай, Жаңа Гвинея, солтүстік Австралия жерлерінде өседі. Таралу орталығы – Малезия 70 – ке тарта түрлері бар.
Африка, Азия тропика жеріндегі халық шаруашылығында үлкен маңызы бар – банан \Musaceae — банановые\ тұқымдасы. Банан 15 м биік болып келеді. Ұзында жалпақ – 4м жапырағы бар шөптесін өсімдік. Жемісі – 60% ұн тәріздес дәмі бар заттан, 16% қант, 5,6% крахмал, майларынан тұрады. Банан жемісінен – банан ұнын, мармелад, шырын, банан шарабын, өзін сол күйінде де тамаққа пайдаланады. банан шарабын, өзін сол күйінде де тамаққа пайдаланады. Банан оңтүстік Азиядан д егенде жорамал бар. Ал, бірақ ертедегі египеттіктер де әртүрлі сорттары өсірілген плантациялары болған. Тропикалық Америкада да 100 ге тарта сорттары өседі.
Пальма өсімдігінің кейбір түрлері палеотропикалық: пальма тени \Corypha\, кариота \Coryota\, арека \Areca\, нипа \Nipa\, Борасова пальмасы эндем ротанг пальмасы шырмауық тәріздес лиан 400 м. Шырмалып оралып созыла береді. Малезия, Индия жерінде ал, жалпы тропикалық Африкада аз кездеседі.
Эндем палеотропикалық өсімдік – имбир \Zinqibera-ceae\ тұқымдасы халық шаруашылығында техникалық, тамақтық \имбирь, кардомон, дәрмене тамыр\ ролі ерекше. Имбирь тұқымдасы Америкадағы Канн \сцитамин -\ тұқымдасына жатады өсімдігіне ұқсас. Африка, Азия ы л ғ а л д ы гилеясындағы керемет өсімдіктердің бірі – орхидей . Малезияда орхидея өкілі \апастазия-\ дұрыс гүл қоршауымен, 3 жеміс беретін аталығының болуымен ерекшеленеді.
Целогинэ \Coeloqyne\, дендроби \Dendro-bium\, ангрэкум \Anqraecum\, бульбофилл тропикада – эндем ароидты түрлері де көп. Көпшілігі эпифитті өсімдіктер тропикалық ареалдың мәнінде, сәнінде келтіріп тұрған осы өсімдіктер.
Флористикалық тармақтарының салыстырмалы ерекшеліктері.
Палеотропикадағы облысқа анализ жасай келе, оның географиялық орналасуы \тропика\ тарихы және қазіргі жағдайын ескере отырып 5 флористикалық тармаққа \подоблысқа\ бөлінеді: 1. Үндіафрикалық 2. Мадагаскар 3. Малезия 4. Жаңа Зеландия. 5. Санвич аралдары немесе Гавай.
1. Үндіафрика тармағы – Африка континентіндегі Сахарадан бастап оңтүстіктегі Оранж өзеніне дейін Азияда – оңтүстік батыс Аравия, Үндістан түбегі. Тар шөлінен бастап батыста ш ығ. Үндіқытайға дейін созылып, Солтүстіктегі Гималаймен қоршалған болып есептеледі.
Палеотропикалық өсімдіктер оңтүстік Америка, оңтүстік Азияға қарағанда – сиректеу, кедейлеу, ал жас жағынан бірдей. Бор, үштік дәуірден қалыңда, құйқалы Гвинея, Конго тропикалық орман өсімдіктері сақталған, 13000 түт түрі, бұршақ , пальма, ананас, стеркулия, панданус басқада Африка тұқымдастар өседі.
Африка тропика ормандарында биіктігі – 80 м келетін гигант, тамыр тіреуіштерінің болуымен ерекшеленетін Макаранги өсімдігі, халық шаруашылығында сүрегі, жемісі кеңінен пайдаланылады. Пальма рафии шырыны шарап жасауға пайдаланылады \Elaecis quineensis\ — пальма майы алынады. Ливия кофесінің отаны \Coffea liberica\, өте улы өсімдіктер \Erythro-phloeum quineense\ бұл өсімдіктердің қабығында жүрекке әсер е тетін улы зат бар. Биік банандар, бамбук, эпифит, эндемді өсімдіктер мүйіз жапырақты папоротник, кактус рипсалис шырмауық \лиа\ өсімдіктер арасында өседі.
Европада кездесетін өсімдіктерде Африка Жерорта теңізіне жақын жерлердегі өсімдік түрлері де кездеседі. Африкада арша, оңтүстігіндегі ареалы экватордан асып кеткен. Солтүстікте қылқанжапырақты өсімдіктер кездеседі, ал оңтүстікке Ньясса көліне қарай қылқан жапырақтылардың басқа түрі – каллитрис \Callitrisi\ өседі.
2. Мадагаскар флоралық облысы. Бұл палеотропикалық флоралық аймағының Мадагаскар тармағына \астанасы – Антанариву \ +Мадагаскар аралы және осы арал айналасындағы – Маскоренск, Сейшель, Амиранск, Комор және басқада кішігірім\архипелаг\ аралдары кіреді. Мадагаскардан батысқа қарай құрғақ Саваннаға ұқсас 33 туыс ш ы ғ. Африка өсімдіктері өседі. Мысалы, пальма, бұршақ, сүттіген тұқымдасы баобаб. Бұл байланыс өте ертеде болған. өйткені Мадагаскардағы эндем түрлері – Африкада өсіп тұрған эндем ұқсастығы осының дәлелі.
Арал орталығы үстірт жазықтық, сондықтанда бұл биік жерлерде өз ерекшеліктері бар; бейімделген – злактар, сирек кездесетін ағаштар, көп таралған пролеска, Канар \Африка, Наираби, Танзания\ аралы,Килиманджаро \Занзибар\ тауларында да өседі. Пролеска тәріздес таралу қазтамақ өкілінде де кездеседі. Тропикалық қоғажай \фиалка\. Мадагаскардан басқа Камерун, Абиссинии тауларында да өседі. Кап флоралық аймағы өсімдіктерінің Мадагаскар аралдарында өсуі – папоротник – мория дилобея, тротеин тұқымдастары, биік боп өсетін шөптесін өсімдік оңтүстік Африкамен ертеде байланыс болғандығының дәлелі.Мадагаскар аралының ш ы ғ . орта белдеуінде орналасқан Маскареи арал арал флорасы – тропикалық орман және тау беткейлеріндегі өсімдіктер – орхидей, папоротник \ағаш тәріздес түрлері циатза\. Пальма эндем өкілдері – Борассова және Арек группаларынан. Дегенмен Маскареи арал өсімдіктері Мадагаскар флорасынан кедейлеу.
Сонымен Мадагаскарда – 6765 өсімдік түрі, оның 89% эндем, үш эндем тұқымдасы бар. Сейшель аралында 338 гүлді өсімдік түрлері, 18% эндем, 5 пальма түрлері өседі. Сейшель аралында аты бүкіл әлемге таныс жемісі өсімдіктер ішінде салмағы жөнінен алғашқы орынды алатын \15-20\. Сейшель пальмасы.
3. МАЛЕЗИЯ. \Индонезия, Калимантано\ палеотропикалық тармағы. Палеотропикалық облыстың ш ы ғ. Жағына орналасқан. Батыс тармағы Гималай тауымен шектеліп, ш ы ғ. Оңтүстік қытай, солтүстікте голарктика тармағымен жалғаса келе оңтүстікте Янцзы \ Улан-Мурэн\ өзен бойымен, Гавай аралы, оңтүстік Африка, жағалауы, Жаңа Зеландия, Батыста Малезия Үнді – Африка жерлеріне дейін жетеді. Қазбадан табылған өсімдіктер Малезия аймағы қазіргімен салыстырғанда үштік кезеңнен өте аз өзгерген.
Малезия тармағында ең бай өсімдік түрі – 45 000. негізгі шоқталып, жинақталған жері Батыс Малезия \ Зонд флорасы деп те атайды\ тропикалық орман құрғақ. Жоғарғы белдеулерде бұршақ тұқымдастар өкілдестері, шатыр тәріздес кронгасы бар ағаштар, сүттіген тұқымдастары, бурзер ағаштары.
Малезияның батыс жерінде Цейлон аралы, \Шри-Ланка\ Индияның аралас өсімдігіне қарағанда Малезияның орман өсімдіктер құрамына ұқсас. Малезияның солтүстік –ш-да Гавай аралдары – Малезия өсімдіктерінің 93% Гавай арал эндем.
Малезия тармағында – ауылшаруашылық тропикалық мәдени өсімдіктер плантициясы: банан, қант қамысы – тростник, нан ағашы – таро, \ямс\, шай соңғы ғасырда пайда болған. Бұл жерде техникалық өсімдіктерден мақта, каучук, бояу алынатын индиго, куркум өсімдіктері өсіріледі.
4.. ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ ФЛОРАЛЫҚ ТАРМАҚ. Жаңа Зеландия және оны қоршаған Кермадек, Чатам\Тынық мұхит, Австралия, Тасмания, теңізі Веллингтон\, Антипад аралдар осы флоралық аймаққа кіреді. Жаңа Зеландияда өсімдік және жануарлар әлемі мезазой эрасынан сақталып, өзгеріссіз келеді. Тауда, тау етектерінде өсімдік түрлеріне өте бай, эндемді өсімдіктер де жетерлік. Ашық сулы орман, тау етегінде өсіп тұрған папоротник түрлері \орляк\, злак, бұршақ тұқымдастарының орнына ірі ағаш тәріздес бөдене шөп, ағаш тәріздес күрделі тұқымдастар өкілі, шатырша гүлділер тұқымдастарынан-эндемді өсімдіктер.
Жаңа Зеландия өсімдіктің – 1843 түрі-оның 78% эндем, яғни, аралдық флора, ең жақын материк Австралияға дейін -1650 км, Оңт. Америкаға дейін 7700 км. Дегенмен, Жаңа Зеландия өсімдіктері субантарктикалық Америкамен көптеген өсімдіктері бірдей, ұқсас: мүктің – 46 түрі, қынаның – 30 түрі, гүлді өсімдіктер: кальцаолария, фуксия, бөдене шөп, шамшат. Жаңа Зеландия өсімдіктері Палеотропикалық тармаққа жатқандықтан Австралия өсімдіктеріне ұқсастық аз: мысалы, эвкалипт, акация, протеин тұқымдасының өкілі аз, ксанторей, казуарин жоқ. Осы өсімдіктердің жаңа Зеландия жерінен қазбадан табылғандығы үштік дәуірде Жаңа Зеландия мен Австралияның геологиялық жақындығы барының дәлелі. Субарктикалық Америкамен өсімдіктер арасындағы байланыс, ұқсастық ертедегі антарктида мезазойда бір континент болғандығының дәлелі – бұлармен қоса Америкамен Африканың оңтүстік төменгі жағы, Австралия және Жаңа Зеландия. КЕйінірек Жаңа Зеландия жеріне Панданус, Кокос пальмасы сияқты өсімдіктер Малезиядан тарай бастады. Жаңа Зеландия басқа материкпен байланысы болмай жеке дара оқшаулануда болғандықтан өзінің өсімдігі де, ауысып, таралып келген өсімдіктерде — Жаңа Зеландия өсімдігі болып қалып қойды. Чатам аралында пальмамен, ағаш тіріздес папоротниктердің оңтүстік шекарасының таралу линиясы өтеді. Басқа флоралық облыстармен салыстырғанда Жаңа Зеландия өсімдіктері халық шаруашылығы, техникалық ролі зор.
5. ГАВАЙ ФЛОРАЛЫҚ АЙМАҒЫ.
АШЫҚ мұхит ішіне орналасқан, ең жақын материк 3000 км Сандвич, Гавай аралдары тізбектеліп палеотропикалық аймақтың Гавай флоралық тармағын құрған. Жақын жерде материктің жоқтығы бірнеше мың км мұхитпен, теңіз қоршаған жеке дара флоралық оқшаулану салдарынан өз өсімдік ерекшеліктері бар түрлер тіршілік е т е ді . Сондықтан да аралдың барлық жерінде өсімдік өсіп тұрмайды. 1600 м биіктікке дейін ғана белдеуде- метросидерас, панданус, акация, кокос – пальмасы, ағаш тәріздес папоротник түрлері, алевритті ағаш \Гавай тунгасы\ одан төменгі тау етегінде егінді жерлер.
Сандвич аралы \түземді флора деп те аталады\ 705 түрлі гүлді өсімдік, оның 93% , яғни 653 түрі эндем \ Гавай аралынан басқа жерлерде өспейді де, кездеспейді де\. Эндем: Бригамия, папоротниктер, қоңырау ркталықтар тұқымдасы, аралас өскен орманның 76% ағаш, бұта 24% шөптесін өсімдіктер өкілі. Қылқан жапырақты өсімдіктер мүлде жоқ.
Малезия флорасымен туыстық байланыстылығы барлығы: 260 эндем түрінің Гавай аралындағы – 180түрі Тынық мұхиты аралымен, Индия мұхиты 46 неотропикалық флорамен, 18 – Азия, Африка континентальды флорасының ұқсастығы барлығы анықталды. Гавай өсімдіктері эндемдер басқа да бір жаққа таралып немес өздері құрып, кетті деп е шбір оқымысты айта алмайды. Тіпті Гавай аралындағы таулары вулкан атқылап жатқанның өзінде де мұхит суының көтерілуі , топырақтар өзгеріп, кемуік лава беткейінің өзінде, пассат желдерден суланып, тропикалық жылылық өсімдіктердің өсуіне диаспораға толық мүмкіндік бар. Гавай, Сандвич аралының географиалық жағынан жеке дара оқшаулануы, Америкаға, Азия өсімдіктерімен алмасу, таралу болмауы өз арал өсімдіктерінің таза эндем болып сақталынып қалды. Осы жеке дара оқшаулану, арал болып географиялық орналасуы, басқа материктермен қатынастың жоқтығы, эндемді өсімдіктер түрлерінің көптігі Гавай флоралық тармағы деп бөлуге тура келеді.
Сонымен: Палеотропикалық флоралық аймақты басқа оқымыстылар: Африка, Мадагаскар, Үнді – Малезиия, Полинезия, Жаңа Каледония деп 5 флоралық тармаққа бөлген. Эндем тұқымдас оның ішінде 5 өсімдік тұқымдасы \непентес,. Диптерокарп, банан, флагеллария, панданус айрықша ерекшеленеді. Кеңінен тараған тұқымдастар: пальма, тұт, сүттіген, элак, күрделі гүлділер, о pxидей.
Такырыбы: Голарктикалық флоралық аймақ
1. Голарктикалық флоралық аймаққа сипаттама.
2. Голарктикалық тармақтың жіктелуі,Жапон аралдар флорасы;
Голарктикалық флоралық аймаққа сипаттама.
Голарктика флоралық аймағын салыстырмалы түрдегі проф.В.В. Алехинмен 1944 және акад. А .Л .Тахтяджанның 1978 жеке флоралың тармақтарға бөлгендерін келтіріп отырмыз.
Проф. В.В.Алехин 1944 бойынша: I. Қытай — Жапон флоралық тармагы. 2. Орманды Жерорта теңізі. 3. Макаронезия. 4.Азия, Жерорта теңізі. 5. Солтүстік Африка — Үнді 6.Евразия даласы. 7. Европа-орманда Сібір. 8. Солтүстік Америка — Атлантика. 9. Солтүстік Америка — Тынық мұхиты.ІО. Прери. ІІАрктика.
Акад. АЛ.Тахтаджян 1978ж бойынша: I. Циркумбореальды. Ш 2. Шыгыс Азия. 3. Солтүстік Америка — Атлантика. 4. Тay. |5. Макаронезиск. 6. Жерорта теңізі 7. Сахара-Аравия 8Иран- Туран 9. Мадреан
Қытай-Жапон флора тармағы. Голарктика флоралық облыс тармагының ішіндегі өсімдіктер түрлеріне бай — 20 000 , ертеде пайда болган Қытай-Жапон флорасы. Бүл жерлерді бор дәуірінде ІІ , мүз қаптаған жоқ, теңіз трансгрессиясы болған жок.,жазактықпен тау аймағы зоналарға бағынышты болсада ертедегі өскен өсімдіктер реликт сол дәуірден қазіргі эраға жетті.
Қытай жазықтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай-Манчжурйя, | Уссурия, Солтүстік Корея флора ормандары кіреді Даур балқарағайы, корея самырсыны, маньчжурия, Уссурия қарағайы.аралас жалпақ жапырақты МонҒолия емені / Guetcus moriqoca den tаta / ; Үйеңкі, шетен / fraxinusmanshurica , шегіршін.граб / Carpinus, cordata/ жөке / ляпа — / Tilia amarenses/ . бархыт ағашы / pheelodendron amurense / :, орман жаңғағы.даур кайыңы,шыша, балқарағай, лиан түрлері, амур жүзімі / Vitisamorenses жень-шень. я
Солтүстік Қытай ормандары жапырақтарын түсетін батыс Европа аралае ормандарыиа уқсас — үйеңкі,машат,қандыағаш,қайың, емен, жөке,шегіршін,гледичия, катальпа, павлоний,айлант , Маньчжурия жаңғағы маньчджуия жаңғағы орех, бұталы өсімдіктерден:родний.
Орталық Қытай /Сысуань, Юньнан/. жер бедері тегіс емес қыр.жота, мәңгі қар басып жатқан тау.жазық дала.субтропикалык. ормандар — магнолия, лавр.мәңгіжасыл емен,камфор,жаңғақ ағаштар.раушан,бамбук,пальмадан, көптеген түрлері / thachycrpus\және cоlamus,рододендрон.Тау белдеулеріне биіктеген сайын ағаштар сиреп 3000м биіктікте — шырша.форстер майқарағайы.Потанин балқарағайы,одан биікте рододендрон тоғайы.арша,тал. Альпі белдеуіңде — қозыгүл.круппа, генициан.соссюрен және бас-бореальды түрлер.Орталық ішкі қытай Голарктика өсімдіктері оңтүстік шығыс Азия,Европа,Солтүстік Америка өсімдіктеріне үқсас. Субтропикалық ылгалды орман өсімдіктері — орталық ішкі Қытай, теңіз жағалауы, Янцзы атырауы және оның онтүстік жагалауларын-да өсіп тұр.Орманды жерлер таудың 2500-3000м биіктігіне дейін көтерілген. Мәңгі жасыл субтропика өсімдіктері бальзамин, ликвидамбор, гамамелидтер, рододендрон, камелий, падуб яғни Европадағы Жерорта теңіз жағалауындағы Маквиске ұқсас.Үштік дәуір орман өкіддерінен — магнолия,аралия,лавр, тюльпан, каки алмасы,Туя, кунгигамия,саговник, гинкго, подокарпус,пальма, бамбук және жерді жапқан мәңгіжасыл шөптесін, лианда апифитті өсімдіктер.Қазіргі кезде орманда,субтропикалық жерлерде көптеген жылдар бойы егін егіліп.ирригациялық жұмыстар жүргізілгендіктен орманды ағашты жерлер тек.тау асуларымен қыраттарда ғана қалған.Мәдени есімдіктерден — күріш, I коллоквиум, дурра,батат,мақта, I шабдалы.,өрік,шай,цитрус,мәуе.жеміс- жидек, сәнділік ағаштар егілген.
ЖАПОНИЯ АРАЛДАР ФЛОРАСЫ. Жапон аралдарының Азия материгінен ертеде бөлінуі, ол аралдарының жерінің таулы болуы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар тууымен қатар.оқшауланудың өзi эндемді өсімдіктер түрлерінің көп болуына себепкер.Көктем жаз айларында Жапон аралдары гүлдеген өсімдіктерге көмкеріліп тұрады; шие, өрік, қозыгүл, глиция, желайдар; лалагүлділер- құртқашаш, күзде — хризонтема, камелии, кейбір өсімдік түрлері жылы қыстада гүлдеуін тоқтатпайды.
Жапонияның оңтүстігінде: тропикалық фикус, пальма қаптап өседі.Жасыл ағаштар,»қаттыжапырақтылар» емен.шамшат.терек.шомы жаңғақ,шынар, «жұмсақжапыраңтылардан» қызғалдақ тюльпан ағашты,протеин түқымдасы, магнолия,олеандр,гранат,лавр,жалаңаш түкұқ,ымдастардан — гинкго, секвойя, саз кипарисі.
Солтүстік Европада үштік дәуірдің соңында қылқан жапырақтылардың Европа бореальдык. түрлері — балқарағай, шырша, майқарағай, жапырағы түсетін тал.орман жаңғағы,қайың,қандыағаш. Бұл орман өкілдері мұзды мұхиттың сууына,ауа райының езгеруіне байланысты оңтүстікке қарай ығысады.Аркто үштік флора үштік дәуірде 3 зональды типке бөлінді: Полтава, Торғай және бореальда флорасы.
Муз дәуіріне дейін Европада тундрада, . дала флорасы болған жоқ.Тек солтүстік Каспий ойпатындағы дала жазықтығында болды оңтүстік шығыста Орта Азия шөлейтіне ауысты.Үштік дәуірден Монголияда Гоби.Шығыс Таймырда казіргі Лаплата теңізі, Шығыс Сібір теңізі, Канада архипелагы,Забайкалье,солтүетікке қарай Арктика даласы болды деген жорамал бар,
Голарктика жерінде өсімдік түрлеріне өте бай, әртүрлі болу себебін жер көлемінің үлкендігімен деп есептесе, физико географиялық материктің орналасу жағдайын-Арктикамен Субтропиказонасына дейін созылып жатқандығынан есептеп шығарыпалған жөн.
Тақырыбы:Австралия флоралық аймағы
1.Австралия флоралық аймағына жалпы сипаттама
2. Флоралық аймақтың өсімдіктерінің ерекшеліктері.
3.Австралия материгінің флоралық тармактарға жіктелуі.
Австралия флоралық аймағына жалпы сипаттама
Австралия құрлығы флоралық аймағына – Тасмания, Жаңа Гвинея, Бисмарк, Кіші Зонд, Жаңа Зеландия, Меланезия, Микронезия, Полинезия аралдары, Гавай аралдарының біраз бөліктері жатады. Австралия биогеографиялық аймағы тек осы құрлыққа тән, сонау ерте ғасырдан сақталып келе жатқан өсімдіктер түрлері көп.
Эндем туыстары 570 , оның ішінде протеин, хакея, вертикордия, коноспермум, изопогон, бұршақ, рута, мирта, гудения туыстары. Протеин тұқымдасының 700 көптеген түрлері осы жерде өседі, доминанттар- гравиллея, банксия. Австралияның өсімдігі органикалық дүниесі ортаңғы бор дәуірінен бері дамып келеді. өсімдік түрлерінің 75 % эндемиктер. Құрлықтың солтүстік шығысында тропиктік мәңгі жасыл, оңтүстік шығысында тропикке таяу құрғақ эвкалипт орманына, селдір орманға, саваннаға айналады. Шөлейттерінде тікенді, бұталы тоғайлар, шөлдерінде злак тұқымдастар өседі. Кесуге жарамды ағаш ормандар құрлық көлемінің 2 % ғана құрайды. Олар көбінесе қатты шірімейтін сүрегі бағалы шай, шайыр алынатын эвкалипттерден тұрады.
Австарлияның ботаникалық облысынан Австралия материгі және Тасмания аралы кіреді. Австралияда 10000 тек жоғары сатыдағы өсімдік, оның 314 эндем. Эндемді өсімдіктердің бұл материкте көп болып кездесуі де Австралия материгінің ертеде жеке бөлініп кетуі салдарынан деп түсіну керек. Полиморфты түрлері де көп, эвкалипттің -500 түрі, акацияның 486 түрі, мелялеук- 100 түрі бар. Австралия өсімдігінің көпшілігін эвкалипт, лептоопермум, мелялеук, акация түрлерін орнитофилия – құстар тозаңдандырады. Папугай құстарының өзі 30 проц. өсімдіктерді тозаңдандырады.
Флоралық аймақтың өсімдіктерінің ерекшелігі
Австралия материгінің өзіне тән ерекшелігі бар: яғни, дәл орталықтан шетке қарай материк орталығында шөл – скрэб – саванна, эвкалиптті орман, Австралияның солтүстік – шығыс жағалуы тропикалық орман, 2,5 территориясы тропикалық зонада, қалғаны субтропика, салқын территорияға жатады.
Австралия эндем өсімдіктері түрлерінің көп болуы, керемет сәнді болып гүлдеуі ешбір басқа флоралық облысқа тең келмейді. Бор дәуірінен Австралия жерінің оқшауланып, географиялық бөлек болуы, басқа материктермен қосылмауы, өсімдіктер алмасуы болмағандықтан деп түсіну керек. Австралия эндемдері біркелкі болып бір жерде өспейді, материктің кез-келген жерлерінде эвкалипт, акация, казуарин банксия өсімдігі материктің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жерлерінде өсіп тұр. Эндемдердің материктің әр жерлерінде өсуін, таралуын, сонау ертедегі Австралия жеріндегі Эремей геологиялық құбылыстарымен байланысты. Эремей атты теңіз материктер ортасында мезозой дәуірінде Австралияны шығыс екіге бөліп тұрған. Қазіргі кезде эремей Австралияны шығыс батыс қылып екіге бөліп тұр. Оңтүстік-батыс Австралияда 4384 өсімдік түрі, оның 82% эндем. Онша үлкен емес мұндай аймақта эндемдердің шоғырлануы басқа ешбір материкте кездеспейді. Орталық Австралия даласы эремейде 2208 эндем, яғни, 65% эндемдік өсімдік түрлерінің көптігі және олардың басқа материкпен туыстығының байқалмауы, сол үштік дәуірден өзгеріссіз өсе берген. Материктің шығыс жағына қарай өсімдік түрлері азая береді: 4339, оның 29% эндем, ал оңтүстік шығысында – 2171.
Солтүстік тропиканың жартысында 500-1500 мм жылына жаңбыр жауады да, сиректе, селдір саваннаға ұқсас өсімдік бірлестігі қалыптасқан. Тасманияның кейбір жерлерінде жерлерінде мәңгіжасыл қатты жапырақты эвкалипт ормандар, бұталы өсімдіктер өседі.Материкте солтүстік тропика бөлімінде саваннаның ылғалды зонасында жазда сирек болса да жаңбыр жауады.
Сахара, Намиб шөлдерінен айырмашылығы Австралияда өсімдіктердің галофитті формациясы сораң, алабұта, ақ тікен, жұп жапырақтылар, прутняк. Саваннада 300-500 мм жаңбыр жауады,эвкалипт орманымен шектесіп, алыстаған сайын ағаштар сиреп, бойында 30-35 аласарып, казуарин мен акацияға орын береді.
Эвкалиптті орманда 500-700 мм жаңбыр жауады, қыс айларында көбірек жауады. Эвкалипт бағана тіріздес биік ағаш, көлеңкесі аз, сондықтан да кейінгі ярустарда- протеин тұқымдас өкілдері ксанторея, лилия тұқымдасынан казуарин, ертеден келе жатқан казуарин тұқымдасынан. Эвкалипт ағашының биіктігі 100 м жапырағы қозғалмалы, суды аз булану үшін күнге қырымен қарап турады да, сондықтан да көлеңкесі жерге түспейді. Сирек түрі әртүрлі: сары, сұр, қызыл, қоңыр. Өте тез өседі. Сондақтан да оларды батпақты жерді құрғату мақсатында егіледі.
Склерофильді мәңгі жасыл орман Австралияның оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Австралияның бұл бұрышында 82 проц. Эндемді өсімдіктер өседі. Шығыс пен батыста қатты жапырақты ормандар ерте ғасырдан қалған фрагменттер. Доминант эвкалипттің көптеген түрлері, банксия-протеин тұқымдасынан; хакея ,альбиция, каллистемон.
Австралия шөлі материктің орталық бөлімінде Эир аралын айанла, батысында Виктория, Улкен құмда шөл, ал Гибсон шөлі осы Виктория мен Үлкен құмды шөл ортасында 27гр. Оңтүстік ендікте, топырақ бетін латерикті қабыршақ, астында каолинді балшық бар 120-200 мм суды, ылғалдылықты өзіне ұстап тұрады: злактардан спинифекс – 4 түрі, галофитті өсімдіктерден прутняк алабұта, сораң шөп, Шобер ақтікені, акапия, казуариндер, эвкалипт
Флоралық аймақтың тармактарға жіктелуі
Австралия материгінің флоралық оқшаулану ерекшелігін ескере отырып көптеген флоралық тармақтарға бөлінген:. Австралия материгін 5 тармаққа бөлген. Профессор Алехин В.В. 1949 жылы австралия флорасын 3 тармаққа бөлген. Солтүстік шығыс Австралия флоралық тармақ орманына Малезия флоралық элементтері көбірек. Сондықтан да палеотропикалық флоралық ықпалы басым.
Эремей аумағы үлкен емес. Австралияның орталық бөлімі, солтүстік батыс жағалауы. Бұл тармақ саванна, дала, орталығы шөлдала. Ксерофитті бұта, тікенегі бар, адам өте алмайтын қалың «тоғай» жергілікті адамдар «скрэб» деп атайды. Негізінен акация, эвкалипт, казуарин өсімдіктері өседі.
Оңтүстік шығыс флоралық тармағы. Австралияның ең қоңыржай ауданы, мәңгі жасыл орман, эвкалипт, акация, казуарин, протеин тұқымдастарымен аралас өскен.