Ұйымдастыру жоспары
Ұйымдастыру жоспары — мұнда кәсіпорыңды басқару жүйесі жазылады. Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру оған үйымдастыру құрылымын жасақтау кіреді және оны қамтамасыз ету. Қабылданған үйымдастыру қүрылымы жасақталатын бөлімдердің жүмыс мазмүнын анықтайды, мамандарға істі терең білу талабын қояды.
Ұйымдастыру жоспары мына сұрауларға жауап беруге тиіс:
— қызметкерлердің квалификациялық (мамандық) құрылымы қандай болуы керек? Оларға қандай талап қойылады? (мамандықтардың тізімін, әр-бір мамандық бойынша жүмыс істейтіндер санын және керекті мамандық деңгейін
— керекті қызметкерлердің кәсіпорынға жұмысқа ауысуы жөнінде келісім бар ма немесе ол мәселе өндіріс жасақталғасын (ұлғайтылғасын) шешіле ме?
— қызметқерлердің жұмысбастылық формасы қандай болады (тұрақты штаттағысы, сағатпен істейтіндер, қосымша жүмыс істеушілер, ү.йде істейтіндер?) және әрбір жоғарыдағы көрсетілген жұмысбастылық формасьшен қанша адам пайдаланылады?
— кәсіпорынға жүмыс істейтін негізгі мамандардың және басқарушылардың іс тәжірибесі бүрын жүмыс істеген орны, стажы қандай?
— кәсіпорынның қазіргі немесе болашақтағы ұйымдастыру құрылымы қандай? (негізгі бөлімшелер және қызметтер, олардағы жұмысшылар саны, кімге бағынады?) Мүнда кәсіпорынның ұйымдастыру схемасын келтіру керек. Онда: кім немен шүғылданады, қандай қызметтер өзара байланысты, олардың ісін қалай келісімділік, бақылау жүмыстармен қамтуға болады?
кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегі қалай төленеді кесімді ақы (сдельный), мерзімді (күнбе-күнгі) ақы немесе басқа түрлері және оларға орташа қандай жалақы деңгейі ұсынылады айлық табыс.
Бүл бөлімде қызметкерлерді ынталандыру үшін, қосымша қандай төлемдер және не үшін берілетінін көрсету керек.