Қорғаныс көмекші бөлшектері

Қорғаныс көмекші бөлшектері:

а) көз алмасы жататын сүйекше (маңдай, шықшыт, көз жасы)

б) конус тәрізді тығыз дәнекер ұлпалық қабық (периорбита)

в) жоғарғы, төменгі және үшінші қабақтар (қабақтың сыртқы терісі,
іші-кілегей ұлпа-конъюктива деп аталады. Қабақтар бір-бірімен бұрыш
жасап көздің жағында қорғаныстық қызмет атқарады).

Қабақтар жабылғанда ішіндегісін конъюктивалдық қапшық деп атайды.

г) тері мен конъюктива тоғысқан жиектерінде көз безінің өзектері
жас түтікше, жас қапшығы жас-мұрын түтікшесіне айналады (жас сөлінде
99%+1 заттар+лизоцимнен тұрады).

д) көз майы (майлы жастық) — жылуды сақтайды «аммортизатор»,
бұл қорғаныс қызметін атқарады, көздің жақсы қозғалысына көмектеседі.

Көз алмасы үш бөліктен тұрады (немесе қабаттан): Көз алмасының пішіні оның алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген домалақ алмаға ұқсас.

  • Фиброзды қабат (сыртқы)
  • Талшықты ортаңғы қан тамырлы қабат.
  • Ішкі езіндік тамырлы қабат.

1) Фиброзды сыртқы қабат — тығыз дәнекер ұлпадан, 4/5 алдыңғы
артқы қан тамырлары, өте аз бөліктен қасаң (роговица), ақ қабық
(склера), қорғаныс қабығынан тұрады.

А) Ақ қабық 4/5 бөлігін алады көз алмасының фибриозды қабатының, оған көз алмасының бұлшықеттері бекиді, оның артқы бетіндегі тесік арқылы көру жүйесі өтеді.

Б) Алдыңғы қасаң қабық (роговица) сыртқы фибриозды қабаттың 1/5 бөлігін алады, мөлдір дөңгелек сағат әйнегіне ұқсас, сыртқы жағы дөңес, қан тамырлары жоқ, қалыңдығы 1мм.

Микроскоппен қарасақ 5 қабықтан құралған:

  • эпителие
  • боумен қабығы
  • негізгі қабық
  • десцеметов қабығы
  • эндотелие

Негізгі қабық — бүкіл қасаң қабықтың 90% алады;

Боуменова қабығы — қатты аз иілгіш және механикалық жарақаттан кейін осы қабықта ақ түседі (помутнение).

Десцеметова қабығы — иілгіш және қатты. Артқы ақ қабық пен қасаң қабық жабысқан жерін — лимба деп атайды.

2) Ортаңғы   қан  тамырлары  талшықты   қабат-көз  алмасын
қоректендіріп тұратын тамырлы қабық бөліктері:

а) нұрлы қабық

б) кірпікті қабық

в) өзіндік тамырлы қабық

Көз алмасының артқы бөлігіндегі фиброзды қабықтың астында түрі қызғылт түскен қан тамырларына бай өзіндік қабық жатады. Ол көз алмасының ақ қабығы мен қасаң қабықтары шекарасы тұсында, пішіні сақина тәрізді бұлтық келген кірпікті денеге ауысады. Кірпікті дене ет ұлпасынан тұрады. Ол дөңгелек байлам көмегімен көз бұршағын іліп ұстап тұрады. Кірпікті дене көз алмасы қуысына қарай тік бағытталған нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың ортасындағы тесікті — қарашық деп атайды. Көздің тұсы осы нұрлы қабықтағы боялу пигмент торшаларының түсіне байланысты. Нұрлы қабықта екі ет ұлпасы сфинктер және дилитатор болады. Біріншісі қарашықты тарылтады, ал екіншісі ашады. Кірпікті денедегі ет ұлпаларды да көз бұршағын цианова байламы арқылы жіберіп немесе кейін тартып оны немесе дөңгелектеп (көз жақыннан көреді), кейде керісінше овалды пішін болып алыстан көреді. Кірпікті денеден көз сұйығы шығады, бір деңгейде көз қысылып ұсталады.

Өзіндік тамырлы қабат — қан тамырларына бай, көз алмасын түгелдей тамақпен қамтамасыз етеді. Кез алмасының ішінде мөлдір сәуле сындырғыш орта, көз сұйықтығы, көз бұршағы, шыны тәрізді дене болады.

Көз бұршағы — екі жақты томпақ линза, негізгі қабықпен сыртқы қабықтан құралған. Кез бұршағы негізгі сәуле сындырғыш орта болып табылады.

Шыны тәрізді дене — қоймалжың заттан (массадан), оның ішінде 98,5% су, қалғаны қоймалжың зат, қантамырлары жоқ. Көз қысымын бір қалыпты ұстайды, өзінде торлы және қантамырлы қабықты ұстайды, сәуле сындырғыш, орта болып табылады.

Гистологиялық зерттеуде торша қабық 10 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабығы таяқша торшалар радопсин, ал сауытша торшада иодипсин көру пигменті болады. Жарық сәулесі пигменттердің молекуласынан бұзып иондық орта пайда болып сәуле рецеп торларын қоздырады. Қараңғыда көру пигменттері көбейеді.

Таяқша торшалар — бейненің формасын анықтайды, бірақ анық керсетпейді. Қуыстарда таяқша торшалар сауытшадан көп болады, сондықтан олар түнде көрмейді. Таяқша торшалардың көру пигменттерінің жетілдіру үшін витамин «А», ол болмаса тауықтың соқыры басталады.

Қан айналу жүйелері

1. қабақ артерия системасы

2. цилиарлық система

3. торша артерия системасы

1) қабақ артерия системасы — төменгі қабақ, маңдай, шықшыт, жас артерияларынан құралған.

Цилиарлық система — қысқа артқы, қысқа алдыңғы, ұзын алдыңғы, ұзын артқы.

Торша артерия системасы — орталық артерия, торша венасы
және соның өсінділері.

Лимфа системасы — кез алмасында лимфа тамырлары жоқ, бірақ та лимфа қуысы болады. Кірпікті қабықта лимфа сұйығы еніп, ол вена системасына үш жолмен кетеді. Шлеменов өзегі (кездің алдыңғы камерасының бұрышында), Клокетов өзегі (шыны сықылды дененің жанында) және Петитов өзегі. Осы айтылған өзектер бітеліп, лимфа айналымы бұзылса, лимфа қысымы көбейіп глаукома басталады.

Көз алмасының (нерв) жүйелері — 5 бас ми жүйкелері қатысады. (3,4,5,6,7 қостар) 3- көз қозғалтушы; 4 — блоктық; 5 — шығушы; 6 -үштілік; 7 — беткейлік қос жүйелер.

Физиология терминдері:

Миопия -жақыннан көру;

Гиперметротропия — алыстан көру;

Эмиотропия — дұрыс көру;

Анизометрия — бір көз дұрыс, екіншісі жақыннан немесе алыстан көреді, әлде керісінше;

Астигматизм — сәулелер бір фокустық нүктеде қиылыспайды (сынғанда);

Аккомадация — көздің анық қасиеті, малдан қашықтағы нәрселерді көре алмау. Аккомадация кез бұршағының пішінін өзгертуіне байланысты болады, және қарашықтың ашылып жабылуына байланысты.

Монокулярлық және биокулярлық көру — бір көзбен затты анықтап көре алмағанда екі көзбен анық көруге болады.

Дальтонизм — адам, кейбір малдар түрлі түсті ажырата біледі екен, Осы түрлі-түсті ажырата білу таяқша және сауытша торшаларға байланысты. Таяқша торша нейрондарды күңдізгі, түрлі-түсті көріністі анықтайды, ал сауытша торша нейрондарды — түнгі көріністі. Кейбір еркектердің ішінде 6-7% 6 түрлі түсті көріністі ажыратпайды. Осы құбылысты жазған химик Дальтон болған. Қасқыр, бұқа қызыл түсті ажыратады, пілдер ақ түсті атқа мінген кісілерге шабады.

 

1.2 Конъюнктивиттер

 

Конъюнктивит дегеніміз — жануарлар көзінің кілегей қабығының әр түрлі деңгейдегі қабынуы.

Конъюнктивит Қазақстан аймағындағы шаруашылықтар мен әр түрлі қожалықтарда терт түлік мал және басқа да жануарлар арасында кеңінен таралған.

Этиологиясы: көбінесе жануарлар көзіне механикалық әсерлерден (ұрылу, соғылу, бөгде заттардың түсуінен т.б.). Химиялық заттардың (торлы әк, қышқылдар, негіздер т.б.) көзге әсер етуінен, көзге жоғарғы және төменгі температураның әсер етуі салдарынан және биологиялық факторлардан конъюнктивит туындайды [4,6,9].

Клиникасы:

  1. беткейлік конъюнктивитте қан тамырларында гиперемия болып,
    конъюктиваның қан тамырлары ісінеді, қабақ айналасы қызғылт тартады.
  2. Қасаң қабықтың айналасындағы қан тамырлары ісінеді — бұл
    тереңдік конъюнктивитке тән.
  3. Осы айтылған қан тамырларының ісінуінің екі түрі қосылған болып, бүкіл көз алмасының қанталауы болса — ең тереңдік конъюктивитке жатады.
  4. Конъюнтива жалпы домбығады, әсіресе лимфаның айналысында, конъюктиваның домбығуы валға ұқсас.
  5. Күн сәулесі көзге түскенде көзін жауып — сәуле қорқақтық болады. Ауырсынудың әсерінен қабақ жұмылады, не болмаса бұны блефароспазм дейді.
  6. Эпителиальды қабық бүлініп түсе бастайды (кебеді).
  7. қышыну болады әсіресе иттерде (аяғымен қасиды)
  8. көзден экссудат ағады (сары судан іріңге дейін)
  9. пальпация жасасаң қабақ маңы ауырсынады.

 

     1.3 Конъюктивиттердің классификациясы

 

  • Жіті катаральды конъюнктивит
  • Созылмалы катаральды конъюнктивит
  • Іріңді конъюнктивит
  • Фолликулярлы конъюктивит
  • Фиброзды конъюнктивит

Жіті катаральды конъюнктивит — індетті аурулардан кейін болады. Мысалы, обамен ауырған итте болады.

Клиникасы:

  • Көздің күн сәулесін қабылдамауы
  • Көзден сары сулы экссудат шығады.
  • Жергілікті температура кетеріледі.
  • Конъюнктива ылғалды, қан тамырлары ісінеді.

Созылмалы катаральды коньюнктивит

  1. Көп уақыт бойы көзден жас ағады.
  2. Көздің ішкі бұрышынан сыртына жас төгіліп теріде мацерация
    болады.

Қан тамырлары аздап ісінеді [10,11,12.13].

  1. Төменгі және үшінші қабықтың фолликуласы өседі.

Іріңді конъюнктивит

    Организмнің қорғаныс қабілеті азайғанда микробтар кезге түсіп көбейіп, іріңді конъюнктивит болады.

 Клиникасы:

  • Көбінесе екі көзі іріңдейді.
  • Қатты ауырсыну болады
  • Көзі іседі, конъюнктива көзден сыртқа шығады, оны хемозиз деп
    атайды.
  • Конъюнктиваның қызыл  ісінуі қызғылтқа айналады.  Капилляр
    ісініп, қанталайды.
  • Жергілікті кейде жалпы температура көтеріледі.
  • Сәуле қаштық болады.
  • Көз жұмылады.
  • Көзден іріңді экссудат ағады.

    Фибринозды конъюнктивит

Катаральды қабынудан соң конъюктиваның үстіне фибринозды пленка пайда болып, соңы өлі етке айналады. Түрлері:

Эпителий қабаты өлі етке айналып, пленка — қабық конъюктивада нашар бекітіледі.

Өлі еттену эпителийден басталып конъюктиваның негізгі қабатына дейін жетеді.

Клиникасы:

  • Сәуле қаштық
  • Ісініп домбығады
  • Ауырсыну
  • Қанталау
  • Бетінде пленка — қабық пайда болады.
  • Конъюнктива сыртқа шығады — химозиз болады.
    Фоликулярлы конъюкнтивит — індетсіз (инфекциялы емес).
    Конъюнктива мен лимфа фоликуласының қабынуы (үшінші қабақт болады).

Себебі:

Обадан кейінгі асқыну.

Бөгде заттан.

Малды төменгі санитарлық жағдайда ұстаудан. Көбінесе ит пен
қойда болады.

Диагноз қою ұшін қабақты жансыздандырып, оны айналдырып қарап фоликуланың қабынуын байқаймыз. Көп өзгерісті үшінші қабақтан көруге болады, оны да айналдырып тексереміз.

Конъюнктивиттердің емдері:

Себептерін жою.

Азықтандыруды, кгтуді жақсарту.

Витаминді азықты күшейту.

Көзді дезинфекциялау, ертінділермен шаю

Катаральды болса — 0,5% квасцы.

Әк қышқылы

(мырыш қышқылы-сернокислый) — күкірт мырыш қышқылы іріңді
конъюнктивитте.

Іріңнен тазалап, дезинфекциялағыш ерітінділермен шаю — 3% әк
қышқылымен, эпителиальды азотты күміс қышқылмен күйдіреді, физиологиялық ерітіндімен соңынан шаю керек.

Антибиотикті майлар жағады.

      Альбтуцид 1:5000

Симптоматикалық емдер қолданылады.

Фибринозды коньюнктивиттер

  1. Жансыздандыру 0,5% новокаин
  2. 2% әк қышқылымен шаю
  3. Антибиотикті май салады, 2% сынап майын, 3% альбуцид
  4. Жылу компрестерін қолданды.
  5. Пленканы жұлуға болмайды.

 

1.4 Панофтольмит

 

Көз алмасының барлық ұлпаларының іріңді қабынуы.

Себебі:

Көздің жарақаттануы; Қасаң қабықтың ойық жарасы (соғысуы, құлау
т.б.); Ірінді қабыну көрші іргелес ұлпадан келеді;
Клиникасы: Мал басын төмен салып, жалпы қызуы көтеріледі, қабақ домбығады, қан тамыры ісінеді, хемозиз болады.

Қасаң қабақ күрең түсті ақ дақ түседі, бүлінген жерден іріңді экссудат ағады, пальпация жасасақ ауырсыну байқалады. Бірнеше күннен соң көз алмасы кішірейіп көз ұясына кіріңкіреп кетеді.

Емі: 1) Конъюнтивалдық қапшықты дезинфекциялық ертінділермен (3% бор қышқылы, риванол 1:5000) жуады. 46% спирт, антибиотиктер инфекцияланады, болмаса операциялық жолмен емдейді. Түсіп қалған көз алмасын өз орнына салу  шығып кеткен көз алмасын (1-2 күн) көп уақыт өтпесе өз орнына салады.

А) Түскен козді дезинфекциялық ертінділермен жуады.

Б) Жергілікті жалпы анестезия жасайды.

В) Қабақтың шетін кесіп көз шарасын үлкейтіп, содан соң көз алмасын өз орнына салады.

Г) Кескен жерді көз алмасы түспес үшін тігеміз.

Көз алмасына экзентрация жасау — понофтальмит болғанда көз ішіне жиналған іріңді алу үшін экзентрация жасайды. Егерде ірінді алмасаң сепсис болып жануар өледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *