Қазіргі таңда фармакоэкономикалық зерттеулер

Фармакоэкономикалық денсаулық сақтау басқармасына алғаш
тәжірибе жүзінде енгізілуі мемлекет тарапынан реттелетін
фармацевтикалық көмек көрсету жүйесі аясында төленетін дәрілік
заттардың тізімін ғылыми дәлелдер негізінде әзірлеу және енгізу болып
отыр (бірқатар елдерде бұл тізімдер-формуляр деп аталады).
Қазіргі таңда фармакоэкономикалық зерттеулерді келесі міндеттерді
шешу кезінде жүргізеді:
 нақтылы ауруды медициналық көмек көрсетудің әртүрлі сатысында
емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттардың тиімділігі мен сапасын
таңдау;
 дәрілік препараттардың тиімділігі, қауіпсіздігі, үйлесімділігі мен
алмасымдылығына қойылатын өзара байланысқан клиникалық және
экономикалық талаптарды, фармакотерапия мен балама емдеу
препараттарының алгоритмдерін және оларды бағалау критерилерін
қалыптастыру;
 науқастарды жүргізу хаттамаларын, өмірлік қажетті және маңызды
дәрілік заттардың тізімін, заңды халық тобын қамтамасыз етуге
тізімдерді жасау үшін дәрілік препараттарды таңдауды
оңтайландыруды дәлелдеу; жеке медициналық ұйымдардың дәрілік
заттар формулярларын (тізімдерін) жасау;
 медициналық қызмет сапасы мен экономикалық сипаттары
көрсеткіштерін өзара байланысты бағалауының бірыңғай жүйесін
жасауды ғылыми дәлелдеу, олардың номенклатурасы мен көлеміне
ғылыми негізделген талаптарды орнату;
 денсаулық сақтаудағы стандарттау жүйесінің нормативтерінің
талаптарын дәлелдеу.
Дәрілік препараттар мен емдеу әдістерін бағалаудың негізгі
параметрлері:
 әрекеттілік (бақыланатын жағдайда, яғни клиникалық сынақтарда
дәрілік зат немесе емдеу әдісінің дәлелденген әрекеті);
 клиникалық тиімділік (дәрілік зат немесе емдеу әдісінің әрекетін
қалыпты жағдайда, яғни тәжірибеде қолданбай бағалау);
 қауіпсіздік (дәрілік затты немесе емдеу әдісін қолдану кезінде
жанама әсерлердің жиілігі және ауырлығы);
 комплайнс (науқастың дәрілік затты немесе емдеу әдісін
қолданудың ұйғарылған тәртібін сақтау дәрежесі);
 экономикалық тиімділік (дәрілік затты немесе емдеу әдісін қолдану
кезінде қорды шығындау тиімділігін бағалау).
Фармакоэкономикалық бағалау тәсілдері мыналарға негізделеді:
18
1. Жарамды нәтиже болу үшін дұрыс таңдау жүргізу үшін барлық
альтернативалары дәйекті түрде қарастыру қажет;
2. Көзқарас айқын анықталғанда және халықтың қай тобының, қай
мекеменің мүддесін, қай қаражат аясында таңдау жүргізу тиістігі, айқын
тұжырымдамасы ғана, таңдау дұрыс жүргізілуі мүмкін;
3. Дұрыс таңдау сандық бағалаусыз жүргізілуі мүмкін емес.
Осылайша фармакотерапияның экономикалық бағалауы балама
фармацевтикалық заттар немесе емдеу әдістерінің олардың құны мен
сандары тұрғысынан қарағандағы салыстырмалы талдауы болып
табылады. Фармакоэкономикалық зерттеудің нозологиялық бірліктер
бойынша бөлінуі 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2 — Фармакоэкономикалық зерттеудің нозологиялық бірліктер
бойынша бөлінуі
№ Нозология Жұмыстар саны
1 Пульмонология 16
2 Психиатрия 13
3 Гастроэнтерология 13
4 Жүрек-тамыр патологиясы 9
5 Денсаулык сақтауды ұйымдастыру 7
6 Педиатрия (пульмонология) 4
7 Стоматология 4
8 Жұқпалы аурулар 2
9 Хирургия 2
10 Онкология 2
11 Гематология 2
12 Анестезиология (гинекологияда) 1
13 Травматология 1
14 Фармакоэкономикада шолу мақалалар 3
Жалпы: 79
Бұл жолы тікелей шығындардың есептеуі жүргізілді. Негізінде
фармакотерапияға шығындар есепке алынды. Бұл қатарда мақаланың
атауы осы мақаланың мазмұнына сәйкес келмеді.
Зерттеулер фармакоэкономикалық талдаудан клиника-экономикалық
анализі шектеледі. Мысалы, жұмыстың атауы фармакоэкономикалық
талдауда көрсетілсе, негізінде іс-жүзінде фармакоэкономикалық
зерттеулермен жүргізілді.
Белгілі бір зерттеу кезінде тікелей емес шығындар есептеуі
көрсетілген, бірақта берілген жариялау мәтінінде жүргізілу әдісі
анықталмаған, соған сәйкес (есептеу мәліметі) бұл шығындардың есептеу
мәліметінің алыну жолдары көрсетілмеген.
Жүргізілген жұмыстарда негізінде фармакотерапияға кеткен
шығындар есептелді.
19
Стандартты бөлімде «Зерттеу материалдары және әдістері» көптеген
жариялануларда қолданылу бұрыс сипатталған, кейбір жұмыстарда
фармакоэкономикалық зерттеулердің әдістері дұрыс емес қолданылған.
«Эффективті -шығындар» талдауы 23 (30) зерттеулерде
қолданылады. Араласу эффективтілігі зерттеулерге байланысты әртүрлі
критериилердің көмегімен өлшенеді, оның ішінде атап айтсақ емделу
уақыты бір жыл ішіндегі науқастардың саны (ойық жара ауруы) мақсаты
артериялық қысымға жету, силектомсыз күндердің саны ремиссияның
ұзақтығы (шизофренияда) және т.б. Эффективтілік критерия бойынша
кейбір жұмыстарда «өмір сапасы» қолданылады. Фармакоэкономикалық
зерттеулерде эффективтілікті өлшеу көрсеткіштері, альтернативті емдеу
немесе дәрілік бағдарламалардың жоқтығы көрсетілген. Сонымен бірге
бірде бір зерттеулерде фармакоэкономикалық зерттеулерді
тұтынушылардың көзқарасы бойынша эффективті критерийлердің таңдау
сәттері көрсетілмеген.
Сонымен қатар, кейбір зерттеулерде тапсырушы немесе зерттеу
жұмысының демеушісі көрсетілмеген. Барлық жүргізілген жұмыстар
инициативті болған немесе зертеушілер арасында өзара қарамақайшылықтар туындап отырған. Инкременталды талдау (шығынның өсу
коэффициенті) приоритеттерді анықтау үшін жоспарлау кезінде тек 2
жұмыс бағытында жүргізілген.
Талдау «шығындарды минимализациялау» тек 2 жағдайда
қолданылған, бірақта берілген талдау кейбір басқа жұмыстарда
көрсетілген. Бірақ көрсетілген (жарияланған әдісте) жариялымдарда әдіс
дұрыс емес қолданылған, өйткені альтернативті технологиялар,
клиникалық әсері бірдей емес дәрілік заттар сарапталған.
Фармакоэкономикалық талдауда моделдеу 10 (13) жағдайларда
қолданылады.
Қаражаты шектеулі ғылыми зерттеулерде моделдеу қолжетімді
әдістемелік тәсіл болып табылады.
6 ғылыми жұмыстарда отандық тәжірибенің есебімен шетел
зерттеушілерінің нәтижелері экспортталады. Қазақстандық
фармацевтикалық нарықта препараттарға шетелдік клиникалық немесе
фармакоэкономикалық зерттеулер қолданылды.
Сонымен бірге жүргізілген жұмыстарда АВС және VEN – талдаулары
әртүрлі медициналық талдауларда көрсетілген.
Талдау фармакоэкономикалық зерттеулерді жүргізгенде
методологиялық ұстауларды көрсетеді, олар ұйымдастыру аумағында,
мұндай зерттеулердің өткізілу және көрсетілуімен әдістемелік тәсілдерінің
жоқтығымен байланысты.
Фармакоэкономикалық зерттеулердің бастамалар сипаты есебімен
осындай зерттеулердің приоритетті міндеттері белгіленген медициналық
араласулардың экономикалық нәтижелерінің бағалануында қызығушылық
танытатын осындай зерттеулердің координациясы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *