Шығындар фармакоэкономикалық санат ретінде
Фармакоэкономикадағы негізгі санаттардың бірі – қаржылық
көрсеткіштерде өлшенетін, фармакотерапияға деген шығындар болып
табылады.
Фармакоэкономикалық шығындар релевантты немесе релевантты емес
болуы мүмкін. Ұстанылымда талдау жүргізілген адамдар үшін шығындар
маңызды болса, оларды релевантты деп атайды. Осындай релевантты
болып дәрілік заттарды өңдірушілерге арналған шығындар алынады, оған
өңдіріс жағдайында қымбат тұратын препаратты негіздеп алу қажет, бұл
үлкен шығындардың дәрілік препаратқа толық курсын жаңа препаратпен
үнемдеу есебінен конпенсацияланады.
Тұтынушының денсаулық жүйесі алып жүретін шығындардан басқа
релевантты шығындар сұраныс жасаушы мен тікелей түрде болмаса
сақтандыру медицинасының осыған сай қызметімен есептесуі мүмкін.
Науқас үшін шығындардың релеванттылығы өз денсаулығының
сақтандырылуының түрлерін таңдау мүмкіндігінің сенімділігін дұрыс
көреді.
Фармакоэкономикалық шығындардың жіктелуі
1. Тікелей (медициналық көмек көрсетуге байланысты болатын
тікелей шығындар):
Медициналық direct medical costs;
Медициналық емес direct non medical costs;
2. Тікелей емес (жанама) (пациентке келетін оның отбасы мүшелері
немесе достары көтеретін, ауруды емдеу мен өлім немесе өнеркәсіптік
шығындар уақытындағы пациенттің еңбекке қабілеттілігінің
жоғалуымен байланысты) – indirect costs.
Тікелей медициналық шығындар – бұл ауруды емдеу негізінде
денсаулық сақтау жүйесі көтеретін шығындар. Дамыған елдерде олар
мемлекеттен сақтандырушы медицинаға бөлетін табыс көздерінен
алынады.
Тікелей медициналық шығындар:
науқастың диагностикасына кеткен шығындар (зертханалық және
құрал – жабдықтық зерттеулер);
емдеу курсына қажетті дәрілік заттардың құны;
осыған сай келетін препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін
талдаудың, тестердің құны;
дәрілердің кері әсерлерін болдырмауға қажетті шығындар;
станционардағы керует – күн құны немесе оның үйінде көрсетілген
қызметтің, соның ішінде медбикелердің қызметінің құны;
кәсіби медициналық қызмет көрсетудің құны (медициналық
қызметкерлердің еңбек жалақысы, дәрігерлік кеңес алу үшін керекті
жалақы);
35
медициналық емшаралардың құны (хирургиялық операциялар,
реабилитациялық манипуляция сияқты және т.б.).
Фармакотерапиямен тікелей байланысты болатын тікелей
медициналық шығындар сақтандыру жүйесі, қоғам мен науқас үшін
релевантты болып табылады. Тікелей медициналық шығындарды салалық
түрде жіктеуші «Медициналық қызметтер» (оның елдегі болуы кезінде)
немесе медициналық қызметтерге деген тарифтердің көмегімен анықтауға
болады. Бекітілген тарифтердің көмегінен осы құжатқа кіретін
медициналық қызметтерінің құны, басқа жағдайлар да – бірнеше
медициналық мекемелердің орташа тарифтері немесе нақты медициналық
мекемелердің тарифтері қолданылады. Дәрілік заттардың құны тендер
бойынша сатып алу бағалары бойынша, болмаса бір жабдықтаушының
бағасы бойынша, болмаса бірнеше дәріханалық мекемелердің
жабдықтаушыларының орташа бағасы бойынша анықталады.
Тікелей медициналық шығындардың жіктелуі.
бекітілген (fixni costs) — нақты медициналық технологияны
қолданумен байланысты шығындар. Олар тұрақты және емдеудің
нәтижелеріне байланысты болмайды. Олардың арасынан мыналарды
бөліп көрсетеді:
мекемелік, медициналық мекеменің құрамымен байланысты және
нақты технологияны қолдануға байланысты емес. Мысалы,
жарықтануға, жылуға, су жабдығына, ғимараттың амортизациясына,
құралдарды жөндеуге, ақпараттық жүйелерді ұстап тұруға деген
шығындар және с.с.
стандарттық, берілген мекеме үшін нақты медициналық
технологияға тұрақтатылған және науқастың өзіндік ерекшелігіне
байланысты аздап өзгеретін шығындар. Мысалы, емдеудің берілген
сызбанұсқасынан келіп шығатын дәрілік заттардың құны, бір реттік,
тәуліктік және курстық доза, қандай да болсын, зертханалық зертеудің
әдісінің құны және т.б.
вариабелді (variable costs) – науқастардың осы популяциядағы
биологиялық алуан тектілігімен, олардың өзіндік ерекшеліктерімен
байланысты болатын шығындар. Мысалы, науқастың жасы мен
салмағына байланысты дозалардың өзгеруі, препаратқа деген кері
реакцияны болдырмаумен байланысты шығындар.
орташа (average costs) – бұл емдеу мен емдеудің нақты схемасы
кезіндегі тексеруге деген, орташа құнда көрсетілетін шығындардың
кешендік бабы. Орташа шығындарды анықтау кезінде емдеу
схемаларындағы ерекшеліктерімен байланысты минимальды және
максимальды шығындардың көрсеткіштеріне есептелінеді, бірақ бір
медициналық технологияны есепке алады.
маргиналды (marginal costs) – бір нозологияны екі әртүрлі әдіспен
емдеу кезіндегі шығындардың айырмашылығы, олардың біреуі
заманауи болып табылады.
36
есептен шығарылмайтын (intangible costs) – бағалы көрсеткіштерде
анықтауға мүмкін болмайтын және ауырудың ерекшеліктерімен, оның
қоғамда көрініс беруі мен байланысты болатын шығындар. Бұлайша
дәл санды түрде өлшеуге болмайды, мысалы, ауырсыну мен қасірет
шегу, оны пациенттің жүргізілген емдеу курсының салдарынан
басынан өткеретін қиналысы, т.б. оларды сөз түрінде сипаттайды.
Тікелей медициналық емес шығындар – бұл науқасты емдеумен
байланысты болатын шығындар және науқаспен немесе олардың
отбасыларымен, болмаса қоғамдық қызметтер мен ұйымдарын тікелей
түрде орнына келтірілетін (әлеуметтік сақтандыру органдарымен),
демеушілермен қалпына келтірумен байланысты болатын шығындар.
Тікелей медициналық емес шығындарға жатады:
науқасты медициналық мекемеге жеке немесе қоғамдық көлікпен
жеткізу құны (санитарлы емес көлікпен);
рецептсіз дәрілік заттардың құны;
диетаға кеткен шығындар;
медициналық қосымша материалдардың құны;
еңбекке жарамсыздық бойынша көрсетілетін шығындар;
медициналық аяқ киімге, киімге кеткен шығындар;
дәрілік заттарға, медициналық жәрдемге деген қосымша төлемдер.
Тікелей медициналық емес шығындар сақтандырғыш қорлары үшін
релевантты емес болып табылады.
Тікелей шығындарды анықтау үшін денсаулық сақтау мекемелеріне
деген өзіндік жеке бағытталған әдіс пен бағыт алу әдісі қолданылуы
мүмкін.
Олардың арасындағы ең ақпараттанғаны өзіндік жеке бағыттылық
әдісі болып табылады. Ол емдеуші дәрігерлердің бір пациентті деген есебі
қызметінің жекелеген көлемдерін бағалауға негізделген. Диагностиканың
сапасына, емдеу мекемесінің мүмкіндіктеріне, аурудың ауырлығына
байланысты науқасқа бағасының құнына сәйкестіліктегі көрсетілетін
қызметтердің қандай да болсын түрлері анықталады және таңдалып
алынады (мамандардың кеңес беруін тексеру, шұғыл көмек көрсету,
ауруханаға жатқызу, стационарда емдеу және басқалары). Қызметтің
нақты құны медика-экономикалық стандарттар бойынша есептелінеді.
Қызметтердің іс жүзіндегі құны елдің әр түрлі аймақтарындағы өзара
айтарлықтай айырмаланатын тәні жеткілікті түрде жақындасқан
көлемділікте беріледі. Дәрілік заттарды пайдалануға деген шығындарды
анықтау үшін іс жүзіндегі жағдайдың құрылымы мен олардың жалпы
көлемі ескеріледі. Тағайындаулар динамикасынан шыға отырып, бір
науқасқа деген орташа шығындар есептелінеді, ал сосын статистикалық
түрдегі ауырудың таралуында дәрілік құралдардың мүмкін бағасы туралы
ақпаратты пайдаланумен жалпы есептеу жүргізіледі. Осыған сай
стационардағы медикаменттік емдеуге деген шығындар ескерілмейді,
өйткені олар ауруханаға жатқызу құнына кіреді, және ауыруға жол беретін
37
емдеуге деген шығындар, өз-өзі емдеуді қоса алғандағы шығындар да
осыған кіреді.