Франция.
Франция соғыстан кейінгі конституциялық өзгерістер- ге сай тарихи үш кезеңге бөлінеді: 1944—1946 жылдар арасы — Уақытша үкімет тәртібі; 1946—1958 жылдардағы Төртінші Республика кезеңі және 1958 жылдан қазірге дейінгі Бесінші Республика кезеңі. Францияның соғыстан кейінгі жағдайы және уақытша тәртіп. Екінші дүниежүзілік соғыс Францияның қоғам- 102 дық-экономикалық жүйесін қатты өзгертті. 1875 жылдан бастап қалыптасқан Үшінші Республика тәртібі жойылды. Францияның өндірістік күштерінің 10%-ы қиратылды. Өндіріс өнімдерін өндіру деңгейі төмендеді. Соғыстың салдарынан Францияның отаршылдық империясының ыдырауы күшейе түсті. Соғыс кезіндегі қарсыласу қозғалысы Францияның соғыстан кейінгі саяси-партиялық жүйесінің қалыпта- суына және жаңа конституция сипатына орасан зор әсер етті. Уақытша үкімет құрамына қарсыласу қозғалысына қатысқан негізгі саяси партияларға Франция Коммунистік партиясы, Социалистік партия, Халықтық-республика- лық қозғалыс партиясы, Республикалық азаттық партия- сы өкілдері кірді. Уақытша үкіметті 1944 жылдың 30 та- мызынан бастап “Азат Франция” қозғалысының жетекші- сі генерал Шарль де Голль басқарды. Бұл жылдары маңызды әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді: өнеркәсіптің кейбір салалары, көлік, газ және электрмен қамтамасыз ету орындары, шах- талар және т.б. мемлекет меншігіне алынды, сақтандыру, әлеуметтік қауіпсіздендіру, еңбек заңдылықтары, ақылы демалыс енгізілді. Құрылтай жиналысы жаңа конститу- ция қабылдады. Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы қайта жанданды. Жалпы еңбек конфедерациясы, ең ірі кәсіподақ ұйым- дарының басында болды. Көмір кеніштері, атақты “Рено” автомобиль зауыты және басқа да ірі өндіріс орындары мемлекет меншігіне өтті. Францияның ішкі саяси өмірінде мемлекеттік құрылыс ең өзекті мәселе ретінде қаралды. Құрылтай жиналысы құрамындағы қайшылықтардың одан әрі шиеленісе түсуі 1946 жылдың 20 қаңтарында де Голльдің қызметтен кетуіне себепкер болды. Үкімет басына социалист Ф. Гуэн, ал 1946 жылдың маусымын- да Халықтық-республикалық қозғалыстың жетекшісі Ж. Бидо тағайындалды. 1946 жылдың қазан айында бол- ған референдумда жаңа Конституция бекітілді. Төртінші Республика (1946—1958 жж.). Экономика¬ лық өрлеу. Жаңа Конституция негізінде Франция Пар- ламенттік республика болып жарияланды. 103 Мемлекеттік билік, негізінен, Парламентке тиесілі болып, ол Ұлттық жиналыс және Сенат палаталарынан тұрды. Мемлекет басшысы — Президент екі палатаның бірлескен отырысында 7 жылдық мерзімге сайланатын болды. 1946 жылғы қарашада Л. Блюм бастаған социалистер бірпартиялы кабинет құрды. 1947 жылдың мамыр айында үкімет үш партия өкіл- дерінен құралды. Осы кезден бастап Төртінші Республика тәртібі құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың коалициясы негізінде құрылды. Төртінші Республика тұсында 15 кабинет ауысты. Дүниежүзіндегі қалыптасқан жағдай, сондай-ақ эко- номиканы қалпына келтіру қажеттілігі капитал қорының көп бөлігін өнеркәсіпке жіберуді қажет етті. Бұл елдің өнеркәсіптік даму ырғағын жеделдетті. 1948 жылы Фран- ция өнеркәсібінің көлемі соғысқа дейінгі деңгейінен асты. Ауыл шаруашылығы бұл деңгейден 1950 жылы өтті. 1948 жылдың жазында Франция “Маршалл жоспары- на” қосылып, АҚШ-пен бірқатар экономикалық, саяси және әскери келісімдер жасалды. Франция НАТО-ның құрамына кірді, Батыс Германияны қарусыздандыру жос- парын қолдады, АҚШ-тың әскери базаларына өз аумағын берді. 1950 жылдары әлеуметтік жанжалдар өрши түсті. Жұмысшы қозғалыстары нәтижесінде ұжымдық келісім туралы заң қабылданды, еңбекақы көбейтілді, кепілденген еңбекақы минимумы енгізілді. 1951 жылғы сәуірде алты мемлекет (Франция, Ита- лия, Бельгия, Голландия, Люксембург, ГФР) Көмір мен болаттың еуропалық бірлестігін құру шартына келісті. Франция өзінің отарлық империясын сақтап қалуға тырысты. Вьетнамдағы соғыста жеңіліс тапқан француз отаршылдары 1954 жылы Алжир халқына қарсы соғыс бастады. 1956 жылы социалистердің жетекшісі Ги Молле үкіметі Марокко мен Туниске тәуелсіздік беруге мәжбүр болды. Ол Суэц соғысында жеңіліс тапты. Француз ар- миясы Алжирдегі ұлт-азаттық қозғалысты баса алмады. 1958 жылы мамырда Алжирде реакцияшыл офицерлер 104 бүлігі бұрқ ете түсті. Бүлікшілер Францияда күшті өкімет орнатуды талап етті. Үрейленген қаржы олигархиялық топтары таптық мүддені қорғау үшін генерал Шарль де Голльге назар ау- дарды. Олар атқарушы билігі бар жаңа саяси тәртіп орнату соның ғана қолынан келеді деп есептеді. 1958 жылы маусымда Ұлттық мәжіліс де Голльді үкі- мет басшысы етіп бекітті. Оның төтенше өкілеттер мен жаңа Конституция жасауына келісім берілді. Бұл оқиға- лар Франциядағы Төртінші Республика дәуірін аяқтады. Бесінші Республика және Шарль де Голльдің (1958— 1969 жж.) жеке билік тәртібі. Аса кең өкілеттік алған де Голль барлық күшті атқарушы өкіметті нығайтуға шоғырландырды. 1958 жылы конституция президенттің құқығын кеңейтті. Жаңа Конституция бойынша Бесінші Республиканың басын құраған де Голль өте кең өкілетке ие болды: ол елбасы, қарулы күштердің қолбасшысы болды, премьер- министрді және басқа да жоғарғы қызмет адамдарын тағайындады, ұлттық жиналысты мерзімінен бұрын таратуға, ал төтенше жағдайда елдегі өкімет билігін бүтін- дей өз қолына алатын болды. Президент сайлау тәртібіне өзгерістер енгізді. Енді президент жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланды. Референдум арқылы бірқатар маңызды мәселелерді жалпыхалықтық дауыспен шешті. 1960 жылы Францияның 14 отарына тәуелсіздік берілді. 1962 жылы Эвиан қаласында Алжирге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойылды. Сыртқы саясаттағы маңызды шаралар Францияның НАТО әскери ұйымынан шығуы, мемлекет аумағын аме- рикалық базалардан тазарту болды. Де Голль Вьетнамдағы АҚШ-тың озбырлығын айыпта- ды. КСРО-мен қатынастың жақсаруы Шығыс пен Батыс арасындағы шиеленістерді бәсеңдету туралы маңызды Декларация қабылдаудан көрініс тапты. Сонымен қатар Франция өзінің ядролық-зымырандық бригадасын құрды. Жаңғырту ісі жекеменшік кәсіпкерлер алдына ұшақ құрылысын, атом энергетикасын, ғарыштық техноло- гияны және зымыран құрылысын мемлекеттік өндіріспен бірге ауқымды жаңарту міндеттерін қойды. 105 Жылдам ұшатын “Конкорд” аэробусын, “Ариан” зы- мыранын, жүйрік пойыздар жасауға кірісті, сондай-ақ АҚШ пен Жапония деңгейінде ұшақ, ғарыштық және электронды есептеу техникалары, байланыс құралдары өндірісін дамытты. Ауыл шаруашылығында да маңызды өзгерістер бол- ды. Францияда бұрынғы аз жерлі шаруашылықтардан тауарлы фермерлік өндірістер құрылды, кооперативтер қозғалысы күшейді, мемлекет тарапынан ауыл шаруа- шылығына біршама көмек көрсетілді. “Қызыл мамыр” (1968 ж.) дағдарысы және де Голльдің қызметтен кетуі. Де Голль режімінің едәуір жетістіктеріне қарамастан 1960 жылдарда Францияның ішкі жағдайы түзеле қоймады. 1967 жылы парламент сайлауында сол- шыл топтағылардың іс-әрекеті оңға баса бастады. Олар “го- шистер” (франц. gauchisme — солшыл) деген атқа ие болды. Экономиканы жаңғырту және оның айтарлықтай жедел дамуы, өзінің теріс салдарын да байқатты. 1968 жылдың мамыр—маусым айларында елдегі саяси дағдарыс қар- сыласушы топтардың қақтығысына әкелді. Оқиғаның басталуына жоғары білім жүйесін демократияландыру идеясын көтерген студенттер қозғалысы себеп болды. Олар елдің қоғамдық құрылысында түбірлі өзгерістер жүргізуді талап етті. 3 мамырда ереуілге шыққан сту- денттер Сорбонн университеті ғимаратын басып алды. Полиция студенттерді аяусыз ұрып-соқты. Жүздеген мың париждіктер де Голль тәртібіне қарсы шерулерге қатысты. 10 млн жұмысшы өздерінің талаптарын көтеріп ереуілге шықты. Бұл де Голль үшін күтпеген және ауыр соққы болды. Франциядағы оқиғалар халықаралық қолдауға ие болды. Көптеген еуропалық елдерде және АҚШ-та студенттердің ереуілдері болып өтті. 1969 жылдың 27 сәуірінде де Голль- дің ұсынысы бойынша Францияны жаңа аймақтық бөлу туралы және сенат реформасына сәйкес заңдастырылған референдум өткізілді. Референдумның нәтижесі де Голльдің үмітін ақтай ал- мады. Халықтың 52,4%-ы оған қарсы шықты. 1969 жылы сәуірде генерал де Голль президенттік қызметтен кетуге мәжбүр болды. 106 70-жылдардағы Франция. Партиялық-саяси күштер¬ дің қайтадан топтасуы. Сол жылдың маусым айындағы сайлауда Жорж Помпиду (1969—1974 жж.) президент болып сайланды. Ол өзінің бағытын “Сабақтастық және сұхбат”деп атады. Оның бірінші бөлігі де Голльдің саяса- тын жалғастыру дегенді білдірсе, екіншісі оппозициямен жақындасуды көздеді. Үкіметті тәуелсіз республикашыл- дар лидері Валери Жискар д’ Эстен басқарды. Сұхбат сая- саты еуропалық құрылыс қатынасы мен еуропалықтарға жол беруді ұсынды. Франция Англияның жалпы нарыққа кіруіне ризалық білдірді. Әлеуметтік-экономикалық стра- тегия неолиберализмге, нарықтық қатынасты қалпына келтіруге көшті. Бұрынғы көпсалалы экономика құрылымын дамыту саясатынан бірнеше күшті корпорацияларды дүниежүзі- лік рынокқа шығару саясатына бетбұрыс жасалды. 1973 жылғы наурыздағы сайлауда голльдіктер 4 млн да- уыс жоғалтты. Голлизм дағдарысы айқын байқалды. Бұл жағдай 1974 жылы президент Ж.Помпидудің күтпеген өлімімен аяқталды. В. Жискар д’ Эстенді жеті жыл мерзімге Францияның президенті етіп сайлады. Премьер- министр болып басқа саяси партияның (Республиканы қолдау бірлестігі) жетекшісі Жак Ширак тағайындалды. Президент В. Жискар д’ Эстен мемлекет басында болған уақытта дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстар басталды (1974—1975 жж., 1980—1982 жж.), ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі дамы- ды (өндірістің компьютерлендірілуі, гендік инженерия, биотехнология), халықаралық бәсекелестік және жаңа әлеуметтік мәселелер шиеленісе бастады. “Голлизм” дәуірінен кейінгі Франция. Жаңа бастама- ларды талап ететін әлемдік тарихтың жаңа ғасыры ашыл- ды. В. Жискар д’ Эстен елдің саяси өміріндегі либералдық ағымды көрсетті. Оның идеясы революциясыз, реформа арқылы алдыңғы қатарлы либералдық қоғам орнату бол- ды. Ең аз еңбекақыны көбейту әрекеті жүргізілді, сайлау құқығы 20 жастан 18 жасқа төмендетілді және бірнеше басқа да жаңалықтар енгізілді. Президент экономика- ны дамытудың нарықтық механизмін күшейтуді және халықаралық саудада табысқа жету күресін жақтады. 107 Экономика құрылымын қайта құру міндеттері осыны та- лап етті. Социалистік және коммунистік партиялардың біріккен бағдарламасы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуде басқа жол ұсынды. 1981 жылғы сайлауда солшыл социалист Ф. Миттеран (1981—1995 жж.) президент болып сайланды әрі Ұлттық мәжілісте солшылдар басым көпшілікті өзіне қаратып алды. 1947 жылдан кейін алғаш рет социалистер коммунистерге коалициялы үкіметке қатысуға ұсыныс жасады. Үкіметті социалист П. Мо- руа басқарды. Ол біріккен бағдарлама бойынша барлық банктерді және ірі өнеркәсіп орындарының бір бөлігін мемлекет меншігінен алу, әлеуметтік қаталдықты жұмсарту, әлеуметтік теңсіздікті азайту, еңбекпен толық қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. Төлемдік қабілетке сәйкес жалақының ең аз мөлшерін арттыру, отбасылық төлемақыны көтеру, мүгедек, қарт адамдарға қарыз беру, жалғызбасты аналарға жәрдемақыны көбейту мәселелері жүзеге асырылды. Еңбекпен қамтамасыз ету артты, ақылы демалыс мерзімі 5 аптаға ұзартылды. Алайда елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болып қала берді. 1984 жылы Ұлттық жиналыс сайлауында оңшыл пар- тиялар көпшілік дауысқа ие болды. Құрылған оңшылдар үкіметі қаржының жетіспеушілігін қысқарту мақсатымен қатал экономика тәртібін орнатты және жекешелендіруді жүргізе бастады. Ф. Миттеран 1988 жылғы президент сайлауында тағы да жеңіске жетті. Солшыл президент пен оңшыл үкіметтің дағдарыссыз қызметі жалғасты. Солшылдар ел басына ауыр жағдай түскен кезде би- лік етуіне тура келді. Жаңа үкіметтің басты міндеті елді экономикалық дағдарыстан алып шығу болды. Ф. Миттеран экономика саласына мемлекеттің еркін араласу құқығына иелену саясатын ұстанды. Әлеуметтік бағдарламалар кеңейтіліп, еңбекақы мен нарық мем- лекеттің бақылау шеңберіне енді. Үкімет басына оңшыл күштердің қайтып оралуы. 1995 жылғы мамырда президент болып Париж қаласының мэрі Жак Ширак (1995—1999, 1999—2007 жж.) сайлан- ды. Жұмыссыздық деңгейін төмендетуді жақтаған жаңа 108 консерваторлық үкімет қос палатаның да қолдауына ие болды. 1997 жылы президент Ұлттық мәжілістің кезектен тыс сайлауын өткізді. Бірақ Ж. Ширактың ойы іске аспай, жеңісті солшыл күштер блогы (социалистер, коммунистер, “жасылдар”) алып кетті. Франция текетірестік кезеңіне қайта оралды, оңшыл президент тұсында солшыл үкімет құрылды. Президент Ж. Ширак ішкі саясат саласында жұмыссыздықты азайтуға, алым-салықты төмендетуге, білім жүйесін қайта қарауға және ерікті армия құруға қадамдар жасады. Сонымен қатар әлеуметтік көмек беру салаларын қысқартып, кең түрдегі жекешелендіру саяса- тын қолдады. 2002 жылдың қаңтарында Еуропа Одағына мүше елдер- де ортақ валюта “еуро” енгізілді. Жаңа заманда Франция ең күшті дамыған елдердің қатарында болды. Жылдық ішкі өнім өндірудің көлемі жағынан дүниежүзі бойынша төртінші орынды иемденді. Жан-жақты дамыған көпсалалы ауыл шаруашылығы халықтың 10%-ын жұмыспен қамтамасыз етті. Еуропа аумағында бидай, ет, сүт, май, ірімшік өндірушілердің алдыңғы сапында келеді. Ұшақтар мен зымырандардың түр-түрін жасау бағытында Еуропа Одағы шеңберінде ең бірінші орынға шыққан мемлекет. Кезіндегі прези- дент Ж. Ширак үшін Еуропа Одағы шеңберіндегі саясат жағынан алғанда ең маңызды, ең қажетті міндеттердің бірі болды. АҚШ президенті Дж. Буштың Ирак халқына жасаған озбырлық әрекеті Франция, Германия, Ресей Федерация- сы сияқты елдер тарапынан қолдау тапқан жоқ. Таяу Шығыстағы Израиль мен Палестина арасындағы қантөгіс әрекеттерді тоқтату ниетімен АҚШ, Ресей, Франция, Гер- мания басшылары “Жол картасы” атты жобаны жақтады. Франция біршама қарсыластыққа қарамастан, 1990 жылы Германияны біріктіруді қолдайтын “2 + 2” келісіміне қол қойды. Оның әскери күштері халықаралық коалицияның мүшесі ретінде 1991 жылы Парсы шы- ғанағындағы соғысқа қатысты. 2004—2007 жылдар ара- лығында Парижде және басқа да қалаларда ірі ереуілдер жиі орын алып тұрды. Бұл ереуілдерге шығушылардың 109 басым бөлігі иммигранттардан тұратын. Осы арқылы олар елдегі әлеуметтік саланың дұрыс жолға қойылмағанына наразылық білдіріп тұрды. 2007 жылы президенттік өкілеттігінің мерзімі аяқ- талған соң Жак Ширак президенттіктен кетіп, оның ор- нына Н. Саркози келді. Ол АҚШ-пен арадағы байланысты жақсартуға барынша күш салды. Н. Саркози 2008 жылы шілде айында Еуропа және Жерорта теңізі елдерінің 48 мемлекетінің басын қосып, одақ құру келісіміне қол жеткізді. Франция “Араб көктеміне” қуатты қолдау көрсетті. Ливиядағы М. Каддафиге қарсы шыққандарды қолдады. Германиямен бірге еуро аймағын қаржы дағдарысынан құтқаруға белсенді қатысуда. 2012 жылы көктемде прези- дент сайлауында Н. Саркози жеңіліске ұшырап, ел басына социалист Франсуа Олланд келді. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Соғыстан кейін Франциядағы саяси күштердің жаңа арақатынас¬ тары қалай құрылды? 2. Төртінші Республиканың табыстары мен сәтсіздіктері қандай болды? 3. Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы Шарль де Голльдің рөлін қалай бағалайсыңдар? Жеке билік тәртібін қалай түсіндіресіңдер? “Голлизм” дегеніміз не? 4. 1968 жылғы студенттер қозғалысын әңгімелеңдер. 5. 1970—1980 жылдарда партиялық-саяси күштердің топтасуы қалай және неліктен пайда болды? 6. Ж. Ширак билік еткен кездегі Францияның жағдайын әңгімелеңдер. Н. Саркози және Ф. Олландтың саясатын бағалаңдар.