Фармакоэкономика дамуының алғышарттары.

Фармакоэкономика дамуының алғы шарттары.
Фармакоэкономиканың фармацевтикалық іс-әрекет жүйесіндегі
орны
Бүгінгі күндегі денсаулық сақтау жүйесінің қызмет жасауына
бағытталған қорларды оңтайлы қолданудың жолдарын іздеу бүкіл әлемдік
мәселе болып табылады. Бұл елдердің шектелген қаржылық қорлары мен
халықты медициналық көмекпен тұрақты түрде мемлекеттік қорлар
арасындағы көрсетілген сәйкестікпен қамтылған.
Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың өсуіне мүмкіндік
беретін факторлар:
 тұрғындардың қартаюы;
 медициналық қызметтің және аймақтық қолжетіспеушіліктің құны
мен спектрінің ұлғаюы;
 әлеуметтік-қамтылынған аурулардың (темекі шегу, ішімдікке
салыну) мүмкіндігі факторларының кең таралуы мен байланысты,
халықтың өмір бейнесіндегі өзгерістер;
 жайлы жағдайлардағы медициналық қызметтердің толық спектрінің
ұсынылуын талап ететін, тұрғындардың жалпы білім беру және
өмірлік деңгейінің өсуі;
 дәрілік препараттар мен медициналық көмек құралдарына
бағалардың өсуі;
 тұрғындардың бір бөлігі төлеу қабілетінің төмендігі;
 денсаулық сақтау жүйесінің жұмысының жеткіліксіз деңгейі
(мысалы, аурудын алдын алуға бағытталған іс-шаралардың болмауы
және т.б.).
Денсаулық сақтауға деген бюджеттік шығындарды төмендетуге және
оптимальды етуге мүмкіндік беретін амалдардың бірі — клиникалық
нәтижелер (тиімділік пен қауіпсіздік) мен салыстырмалы медициналық
технологияның шығындылығын бір уақытта бағалаудың негізінде
аурулардың диагностикасы мен фармакотерапияның мүмкін боларлық
нұсқасын қарастыратын фармакоэкономикалық зертеулерді жүргізу болып
табылады. Осыған орай, технологиялардың біреуі фармакотерапиямен, ал
басқасы, фармакотерапиядан басқа, басқа да емдік амалдарды (мысалы,
массаж, физиотерапияны) қосымша түрімен байланысу мүмкін.
Фармакоэкономикалық зерттеулер мемлекеттің ғана емес, сонымен
бірге науқас пен фармацевтикалық нарықтың басқада қатысушыларды (әр
түрлі деңгейдегі денсаулық сақтау департаменті, сақтандыру компаниялар,
фармацевтикалық және дистрибьюторлық компаниялардың, дәрілік
құралдарды өндірушілердің, жаңа дәрілік құралдарды өңдеумен
айналысатын ғылыми лабораториялардың, дәрігерлерді) тарапынан,
емдеудің құны мен мерзімінің төмендеуі, ауырулардың созылмалы
формаларға өтуінің сандық жағдайлары, кері әсерлердің саны, терапияның
тиімділігінің жоғарлауы, т.б. деген қызушылықты көрсетеді.
8
Фармакотерапияның экономикалық тиімділігін бағалау туралы
білімді-фармакоэкономика ғылымы ұсынады.
Фармакоэкономика — өзара байланысқан клиникалық – экономикалық
талдау негізіндегі дәрісіз емдеудің және дәрілік емдеудің сапасын
экономикалық түрде бағалаудың әдістемесі болып табылатын қазіргі
заманғы қолтаңбалы ғылым.
Фармакоэкономика бір жағынан – фармацияның, медицинаның
жетістіктерін пайдаланатын, ал екінші жағынан экономиканың,
статистиканың, әлеуметтанудың, психологияның, математика мен басқа да
ғылымдар аймағындағы сұраныс пен тәжірибеге мүмкіншіліктерге
шоғырланатындықтан да интегралды пән болып табылады. Бұдан басқа,
фармакоэкономика фармакологиядан дәрілік құралдардың әсері,
клиникалық фармациядан – дәрілік құралдардың қауіпсіздігі туралы
мәліметтер алады. Фармакоэкономиканың құрамдас бөлігі дәрілік
құралдардың әр түрлі топтарының маркетингтік зерттеулерінің
экономикалық аспектілері болып табылады. Осылайша
фармакоэкономиканың элементтері бар маркетинг негізінде емдіксауықтыру мекемелер үшін керекті препараттардың формулярлы тізімдері
анықталған. Львов мемлекеттік медицина университетінің дәрілер
технологиясы мен фармация экономикасын ұйымдастыру кафедрасының
доценті – О.Н.Замиская урологияның және кардиологиялық науқастар
үшін дәрілік құралдарға деген қажеттіліктің үлгілерін және
радиодиагностикалық құралдардағы қажеттіліктердің есебін жасады.
Білімнің басқа аймақтармен салыстырғанда фармакоэкономиканың
айрықша ерекшеліктеріне мыналар тиесілі:
 интегралды сипат (тұрғындарды дәрілік түрде қамтамасыз етудің
үйлестіру мақсатымен білімдердің әр түрлі аймақтарындағы
жетістіктерін тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді);
 қолданбалы маңыз (фунционалды ерекшеліктері мен
фармакоэкономикалық өзгешілігімен нақты аймақтың мәселелерін
шешеді);
 халықтық – шаруашылықтық маңыз (денсаулық сақтау жүйесінің
және науқастардың, қаржылық құралдарының шектеулі қорларын
тиімді түрде қолдануға мүмкіндік береді);
 әлеуметтік маңыз (зерттеу нысандарының ерекшеліктері:
терапевтикалық әсермен, физикалық саулықпен және қоғамдағы
әлеуметтік-психологиялық бейімділігін анықтайды).
Фармакоэкономикадағы емдеудің сызбанұсқасы немесе дәрілік
препараттың бағалауды қауіпсіздік, терапевтикалық және экономикалық
тиімділік жағынан келесі өлшемдердің көмегімен жүргізеді:
 Пәрменділік (efficасy) — бақыланатын жағдайлардағы (клиникалық
рандомизацияланған зерттеулерде) емдеу әдістемесі немесе дәрілік
құралдардың дәлелденген әрекеті.
9
Рандомизацияланған зеттеулер науқастарды зерттеудегі қосылу
шығарудың нақты өлшемдерінің негізіндегі жол бермейтін патология мен
жынысына, жасына қарай таңдаудың қалыптасуын жөн санайды.
Пәрменділік соматикалық көрсеткіштерде көрсетіледі, яғни денсаулықтың
биологиялық өлшемдерінің өзгерістерінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *