Фармакоэкономиканың анықтамасы және зерттеу нысандары

Фармакоэкономиканың анықтамасы және зерттеу нысандары
Фармакоэкономика деп денсаулық сақтауда қорлар мен заттарды
тиімді қолдану мүмкіндіктерін анықтайтын медициналық ғылымды
айтады. Оның негізгі аспабы болып фармакоэкономикалық талдау
табылады, яғни – медициналық шараларды қолдану нәтижелерінің
кешенді клиникалық-экономикалық талдауы.
Сапалық стандартына берілген анықтама бойынша клиникалықэкономикалық талдау – бұл медициналық шараларды қолдану және
орындауға жұмсалған шығындар нәтижелерінің кешенді өзара
байланысқан есебі негізінде сақтандыру, диагностикалау, дәрімен және
дәрісіз емдеудің екі не оданда көп әдістерін салыстырмалы бағалау
әдіснамасы. Клиникалық-экономикалық әдіснамасы кез-келген
медициналық әрекетке қолданылады: дәрімен (фармакоэкономика) және
дәрісіз емдеу тәсілдеріне, диагностикалау, сақтандыру және оңалту
әдістеріне.
Фармакоэкономиканың зерттеу объектілері медициналық
әрекеттердің қауіпсіздігі мен тиімділігі, сондай-ақ оларды жүргізуге
жұмсалған экономикалық шығындар болып табылады.
Фармакоэкономикалық зерттеулерді (ФЗ) жүргізудің жобаны
құрастырудан кейін бірінші сатысы ақпаратты жинақтау және талдау
болып саналады. Осы мақсатты іске асыру үшін ғылыми-статистикамен
және оның құрамы биостатистикамен ұсынылған құралдар қолданылады.
Биостатистика (Biostatistics) – медицинадағы, денсаулық сақтаудағы,
эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулердің статистикалық әдістердің
жасалуымен және қолданылуымен байланысты ғылыми сала.
Биостатистиканың негізгі түсініктерін білу алдында жүргізілген
клиникалық және фармакоэкономикалық зерттеулердің нәтижелерін өз
жұмыстарында қолдануында, бағалау мүмкіндік мақсатында маңызды.
Биостатистикадағы мақсатты популяция – жалпы жиынтық, ал оның
ішінен зерттеуге алынған топ – іріктелген жиынтық немесе сұрып (іріктеп
тексеру). Пациенттер – жалпы жиынтықтың элементтері немесе іріктеу
элементтері. Іріктелген жиынтық негізінде алынған мәліметтер негізінде
барлық мақсатты популяцияның (жалпы жиынтықтың) бағалауын
жүргізеді. Жалпы жиынтықтан іріктеліп алынған сұрыптан мәліметтерді
жинақтау жүргізіледі.
Біріншілік іріктелген мәліметтер сұрыптың әр элементімен
қабылданған белгілердің ретсіз мәндер қатары болып табылады.
Көрсетілген мәліметтер массивімен жұмыс жасау көп еңбекті болады.
Зерттеушіні сұрыптың әр элементінің бөлек көрсетілген белгінің
көрсетілген белгінің мәні көбінесе маңызды емес. Зерттеушінің алдына
қойылған мақсаты жалпы сұрыптың бағалауын жүргізу болып табылады.
Мода – сұрыпта (немесе жалпы жиынтықта) жиі кездесетін белгінің
мәні.
14
№1 суретте ауру кезінде жұмысқа жарамсыздық күндердің орташа
саны көрсетілген. Берілген сұрып бойынша 20 күндік мәні мода болып
табылады.
науқас №
Сурет 1-Ауру кезінде жұмысқа жарамсыздық күндердің орташа саны
Медина тек ғана белгінің ранжирленген (реттелу бойынша ұлғаю
немесе кему) мәндер қатарына қолданыла алады. Медина белгінің мәндер
қатарының орталығы болып табылады, яғни медианың оң және сол
жағында барлық мәліметтердің жартысы орналасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *