Фармакоэкономикалық зерттеудің бағыттары

Фармакоэкономикалық зерттеудің бағыттары
ХХ ғ. 70-ші жылдарынан бастап барлық дүниежүзілік елдерінің
экономикасы алдында медициналық және фармацевтикалық көмек
көрсетуге жұмсалатын шығынның өсу мәселесі аса ерекше өткір болып
отыр. Ең алдымен бұл жоғары технологиялық және қымбат емдеу барысы
үлесінің ұлғаюымен байланысты болды. Бүкіл әлемде бұл шығындардың
жылдам өсуіне жауап ретінде емдеу бағасын реттеудің әртүрлі тәсілдерінің
кең таралуы болып отыр. Бағаны реттеудің мақсаты пациент өмірін сақтау
және сапасын жақсарту кезінде шығындардың өсу қарқынын баяулату
болып табылады. Мұндай әрекеттердің негізгі бағыттары мыналар: 1)
қаражат бірлігіне қарағанда сауығу, тіршілік сақтау, еңбекке жарамдылық
және т.с.с. бірліктерде нәтижесі аз болатын килігуге жұмсалатын
қаражаттарды шектеу; 2) нәтижесі жеткіліксіз болған жағдайда қымбат
килігулерді шектеу.
Осы іс-әрекеттердің негізгі бағыттары:
1) медициналық араласуда шығындарды шектеуді жүргізуде өмір
сүру, еңбекке қабілеттілігі бірліктерін заттар бірлігіне сауығуда яз
тиімділік береді.
2) қымбат медициналық араласуға қолжеткізуді олардың тиімділігі
төмен кезде шектеу.
Денсаулық сақтау саласының дәрілік препараттардың және емдеудің
әр түрлі схемалары клиникалық және экономикалық артықшылықтарын
зерттеулермен байланысты саласы фармакоэкономика атын алды.
Жалпы, барлық елдерде фармакоэкономиканың қалыптасуында келесі
бағыттар анықталады:
 денсаулық сақтау саласының материалдық мүмкіншіліктері аз
немесе көп дәрежеде үмітке сай кемейді;
 негізделмеген және қажетсіз медициналық араласуды, соның ішінде
дәрілік технологиялардың қолдануы;
 қауымның медициналық технологияларды бағалаудағы қажеттілігі.
Экономикалық бағалау шешімдерді қабылдау элементі ретінде 1993
ж. бастап Австралия және Жаңа зеландияда, 1995 ж. бастап – Канадада,
1990 жылдар соңында – АҚШ және Еуропада (Бельгия, Дания, Финляндия,
Франция, Италия, Португалия, Ұлыбритания) қолданылды. 2000-2005 ж.ж.
фармакоэкономикалық бағалау Норвегия, Шотландия, Швеция,
Нидерланды, сонымен қатар, Орталық және Шығыс Еуропада (Чехия,
Эстония, Венгрия, Латвия, Словения, Литва, Ресей) жүргізіле бастады.
Жаңа дәрілік заттың фармакоэкономиканың бағануы Австралия және
Канадада оның қауіпсіздігі, тиімділігі және ағзаның қабылғандығыштығы
мен қатар мемлекетпен толық және бөлек құнын анықтауда және
сақтандыру компаниялармен ДЗ жарым-жартылай ақтауда және тіркеудегі
міндетті талап болып табылады. Сонымен, мысалы Австралияда
Фармацевтикалық комитетке мәліметтер ұсынуда фармакоэкономикалық
16
талдау әдістемесі фармацевтикалық өндірістер үшін маңызды құрамды
бөлігі болып саналады.
Комитет әр түрлі дәрілік заттардың қолданудың тиімділігінің,
қауіпсіздігінің және экономикалық тиімділігінің салыстырмалы талдау
негізінде қорытынды шығарады. Көрсетілген елдерде дәрілік заттарды
фармакоэкономикалық талдаусыз формулярға енгізілмейді.
Еуропа елдерінде фармакоэкономикалық зерттеулердің қолдану
ерекшеліктері орын алады. Мысалы, Скандинавия елдерінде жеңілдік
бағамен босатылатын дәрілік затттардың құнының өтемін алуда шешімдер
қабылдауда компетентті органдар фармакоэкономиканы қолданады.
Нидерландыда үкімет дәрілік заттың бағасы базалық шектен шығып кеткен
жағдайда фармакоэкономикалық мәліметтер өтемін алу үшін қосуды талап
етеді. Францияда егер дәрілік заттың клиникалық артықшылықтары және
шығындарды азайту жағдайлары бар кезде орнын толтырады.
Италияда дәрілік заттардың баға бойынша келісім сөздерде
фармакоэкономикалық тиімділігі туралы мәліметтерді міндетті түрде талап
етеді.
Ұлыбританияда препараттардың фармакоэкономикалық бағалануы
оның клиникалық артықшылықтарын анықтаумен байланысты.
Еуропаның денсаулық сақтау жүйесінің шығындарды мемлекеттік
реттелуі медициналық технологиялардың экономикалық бағалануымен
тығыз байланысты. Алайда, жаңа медициналық технология – мемлекет
тарапынан қосымша ақша ассигновацияларын талап ететін «қымбат»
процедура және медициналық технологиялардың денсаулық сақтау
жүйесінде шешімдерді қабылдау үшін көп орталықты рандомизирленген
зерттеулер нәтижелерге негізделген олардың клиника-экономикалық
тиімділігін бағалау сараптамасына бағытталғанмен, олардың нақты
клиникалық тәжірибеге әсер шектеулі және ұсыныс түрінде сипатталады.
Сондықтан, дәрілік заттардың фармакоэкономикалық бағалануымен
қатар, Еуропа Одағы елдерінің денсаулық сақтау салаларында
технологияларды бағалау бойынша Ұлттық Агенттіктер (НО жуық ұлттық
институттар) қызмет жасайды. Сонымен, денсаулық сақтау саласында
технологияларды бағалау бойынша Ұлттық Агенттік ең бірінші 1987 ж.
Швецияда ашылған.
2000 жылы үш үлкен Ұлттық Агенттік ашылған:
 NICE (National Institute of Health & Clinical Excellence, London, UK)
– Ұлыбританияда (1999 жыл) денсаулықтың және сапалы
клиникалық тәжірибенің Ұлттық институты;
 IQWiG (Institute for Quality and Efficiency in Health Care, Cologne,
Germany – денсаулық сақтауда (2003 жыл) сапаның және
тиімділіктің Ұлттық институты;
 HAS (Haute Autorite de Sante, Saint-Denis La Plaine, France –
денсаулық сақтауда (2004 жыл) технологияларды бағалаудың
Ұлттық институты.
17
Қазіргі таңда ISPOR денсаулық сақтау саласында технологиялардың
фармакоэкономикалық бағалау нәтижелерін тәжірибеге тиімді енгізу үшін
ұйымдастыру және әдістемелік жолдарын әрі қарай жетілдіру бойынша
белсенді қатысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *