Фармакология

Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Жалпы және жеке, медицина және ветеринар. Фармакология болып бөлінеді. Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ ГаленӘбу Әли ибн СинаПарацельс еңбектерінде де айтылған. АрабияҚытайҮндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі. 19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармокологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған.

  • Фармакологияның дамуына:
  • О.Шмидеберг
  • Г.Мейер
  • В.Штрауб
  • А.Кларк (Ұлыбритания)
  • К.Гейманс (Бельгия)
  • П.Тренделенбург
  • К.Шмидт (Германия)
  • А.Кешни
  • Д.Бове (Франция)
  • О.Леви (Австрия)

Фармокологияның қарқынды дамуының нәтижесінде әр түрлі жаңа препараттар, дәрі-дәрмектердің алынуы медицина салаларының дамуы мен қауіпті ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік берді. Мысалы, наркозға арналған жергілікті жансыздандыратын (кураре тәрізді, ганглио бөгегіштер, т.б.) дәрілердің пайда болуы әр түрлі ауыр хирург. операциялар жасауға жол ашты. Антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілік заттар бактериялық инфекциялардыгормондық заттардың бөлініп алынуы эндокриндік ауруларды, химия-терапиялық дәрілік зат — сальварсан мерезді, т.б. қатерлі ауруларды емдеуге мүмкіндік берді. Ал қуық асты безінің гиперплазиясында қолданылатын 5 альфа редуктаза тежегіші жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромына шалдыққан ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың ашылуы нәтижесінде пайда болды. Иммунды депрессивті дәрілік препараттардың табылуы органдарды ауыстыруға жол ашты. Фармакология фармацевтік химия (дәрілік заттардың химия құрамы мен химия қасиетін зерттейді) және фармакогнозия (өсімдіктер мен жануарлардан алынатын дәрілік шикізатты зерттейді), сондай-ақ токсикологиямен өте тығыз байланыста дамиды. Қазақстанда дәрілік өсімдіктер, минерал және малдан алынатын заттар әр түрлі ауруларды емдеу мақсатында ежелден қолданылып келеді. Қазақтар, ертеден дәрілік өсімдіктердің 200-ден аса түрін және олардың фармаколиялық әсерін білген, қымыз бен шұбатты (қ. Қымызбен емдеу) шипалы сусын ретінде пайдаланған. Фармакология саласындағы оқу және ғылым орт. (Қазақ ұлттық медицина университеті) құрамында Фармакология, фармацевтика және фармакогнозия кафедралары ашылды (1932). 1960 ж. ҚР ғылым академиясының Физиология ин-тында (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы ин-ты) Фармакология лабораториясы ашылды. Қазір Фармакологиялық зерттеулер Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, республикадағы барлық медициналық жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Соңғы 10 жылда жаңа технологияны қолдана отырып, өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік заттар туберкулез, қатерлі ісік және қатерсіз ісік ауруларын емдеуде және клиник. Фармакологияның дамуына ықпалын тигізді. Қазақстан ғалымдарының ізденістері нәтижесінде жаңа дәрілік заттар: арглабин; цитопротекторлар: алхидин, рувимин, салсокалин, т.б. алынып, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ клиникалық тәжірибенің жаңа бағыты — эпидемиол. Фамакология, экономикалық Фармакологияның көп спектрлі формулярлы жүйесі енгізілді. Қазақстан Фармакологиясы саласында Р.С. Көзденбаева, Т.А. Арыстанова, медициналық ғылыми докторлары, профессорлар Қ.Д. Рахимов, М.Н. Мусин, Д.Д. Мұхамбетов, т.б. ғалымдар еңбек етуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *