Фармакоинформатика медицина жұмысшыларыныңфармакотерапияның схемалары

Фармакоинформатика медицина жұмысшыларының
фармакотерапияның схемаларын таңдау кезіндегі мүмкін
боларлық шешімді қалыптастыру үшін дәрілік заттардың
тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы аргументтердің дерек көзі
ретінде
Тәжірибелік денсаулық сақтауда фармакоэкономикалық зерттеулерді
жүргізу дәрілік заттар туралы ақпаратпен жұмыс жасауды көздейді. Бұған
тікелей көмекті фармакоинформатика – фармация мен медицинаның
саласындағы (дәрілерді жасаудан және олардың клиникалық тәжірибеде
қолданылуына дейін) ақпаратпен жұмыс жасауда стандарттық амалдарды
зерттейтін және жасайтын пән аралық ғылыми ретінде көрсетеді.
Фармакоинформатика клиникалық фармакологияда, клиникалық
фармацияда, әлеуметтік дәрітануда тәжірибелік қолданыс тапты. Ол
фармакокинетикалық зерттеулерде (ағзадағы дәрілердің деңгейлері мен
олардың дозаларының реттелуіндегі терапевтикалық мониторинг кезінде),
ауруханалардың ақпараттық жүйелерінде (фармакотерапияның
экономикалық және медициналық құжаттарын зерттеу),
мамандандырылған орталықтардың жұмысында (ауруханалардың
ақпараттық орталықтары, токсикологиялық ақпараттық орталықтар),
фармацевтикалық және медициналық ЖОО-ның студенттерін даярлау
кезінде, дәрігерлерді, фармацевттерді дайындауда, және де маман
еместерді – науқастар мен олардың отбасыларының мүшелерін емдеуде
қолданылады.
Фармакоинформатика аурулардың фармакотерапиясы кезінде
медициналық, фармацевтикалық жұмысшылардың ақпараттарының негізгі
дерек көзі болып табылады, өйткені ағзаға деген дәрілік заттардың әрекеті,
осы ақпаратты өңдеу туралы әдеби, сараптамалық мәліметтерді талдауға
әкеледі. Фармакоинформатиканың мазмұны әр түрлі медициналық
ақпаратқа ие болатын (диагностика, фармакотерапия) және ғылыми
фармакоинформатиканың осы салалардың арасында тұрақты түрде болып
жататын қажетті ақпарат алмасудағы медициналық
фармакоинформатикамен тікелей байланысты.
Фармакотерапевтикалық жобадағы мәселерді шешу кезінде
фармакоинформатика мамандандырылған ғылыми білімдер мен
тәжірибеден алынған эмперикалық білімдерді қолданады.
Ақпарат пен байланысты жұмыстың әдістері мыналар болып
табылады:
 ізденіс;
 жинау;
 өңдеу; (талдау);
 сақтау (мұрағаттау).
Фармакоинформатиканың ең маңызды бөлігі – дәрілік заттар туралы
ақпараттарды өңдеу (талдау) болып табылады. Әдебиеттік мәліметтермен
29
жұмыс осындай ақпараттық сенімділігі мен толықтығының аспектілерін
қоспайды. Оларда әдетте медицинадағы заманауи білімдерге негізделген
автордың пікірі келтіріледі, бұл адам факторының салдарынан, одан
кейінде жылдам өзгереді, сондықтан бір қатар ақпарат толық емес және
дәл емес түрде келтірілген. Бұл факторды ақпаратпен жұмыс кезінде
ескеру қажет, өйткені оны клиникалық тәжірибеде қолдану оны жасаған
және басып шығарған адамға байланысты. Дәрілік құралдар туралы
ақпаратты өңдеуді дәріханада (жұмыс орнында), аурухана дәріханасында
(маманданған басылымның кең спектрмен жұмыс), стационарлық
бөлімшелерде (мысалы, биохимия, генетика бөлімінде), ақпараттық
орталықтарда жүргізуге болады.
Дәрілік заттар туралы мемлекеттік ақпараттық орталықтар іс
жүргізуде:
 дәрілік заттарды медициналық бағыттағы құралдардың сапасын
бақылау қауіпсіздігі мен өңдіру бойынша мемлекеттік департамент;
 дәрілік заттардың кері әсерлік реакцияларын қадағалауды іске
асыратын ДМ-нің мемлекеттік фармакологиялық орталығы,
фармакологиялық бақылау бөлімі;
 Фармацевтикалық оқу мекемелері (Ұлттық фармацевтикалық
университет, жоғары оқу орындарының фармацевтикалық
факультеттері).
Фармакоинформатика дәрілік заттар туралы мәліметтерді ақпараттық
дерек көздерінен алады.
Ақпараттық дерек көзі – ақпаратты ұсынатын нысан немесе субъект.
Мысалы: кітап, есептегіш бағдарлама, мәліметтер базасы, дәрігер.
Әдебиеттік ақпараттық дерек көздерінің жіктелуі:
1. бірізділігі бойынша:
 біріншілік (біріншілік ақпаратқа ие болатын. Мысалы: нақты
зерттеудің түпнұсқалық нәтижелері);
 екіншілік (біріншілік дерек көздерінен алынған ақпаратқа ие.
Мысалы: зерттелінген ақпараттың дерек көздерін келтіру мен
нақтылы мәселені әдебиеттік түрде шолу);
 үшіншілік (көпсанды дерек көздерінің негізінде біріншілік және
екіншілік) нақтылы мәселені шолуды білдіреді. Мысалы: оқулықтар,
компендиумдар).
2. басылып шығу тәсілі бойынша:
 мерзімдік емес (кітап, оқу құралы, оқулықтар, диссертациялық
жұмыстар, еңбектердің жинағы) – ISBN коды (International Standart
Book Number);
 мерзімді (журналдар) – ISBN коды (International Standart Book
Number);
 мерзімділігі белгіленбеген (нақтылығын уақыт интервалымен
басылатын дерек көздері) – ISBN коды.
3. қолайлылығы бойынша:
30
 басылып шыққан;
 басылып шықпаған;
 көне әдебиет;
 фирманың әдебиеті.
Дәрілік заттар туралы келесі екі ақпараттық дерек көздері бар: дәрілік
заттардың мемлекеттік реестрі, компендиум, «Фармацевтикалық
хабаршы», «Фармацевтический журнал», «Еженедельник аптеки» және т.б.
басылымдар.
Әдебиеттік ақпарат көздері мәліметтер базасы түрінде ұсынылады.
Мәліметтер базасы – бұл басылымдық мәтіннің негізінде құрылған
ақпараттың дерек көзі (мәліметтердің толық мәтіндік базасы) немесе
библиографиялық ақпаратты қосатын нақтылы құрылым формасында
(мәліметтердің библиографиялық базасы).
Мәліметтердің толық мәтінді базасы – бұл компендиумдар, кітаптар,
электрондық түрде мерзімдік басылымдар.
Мәліметтердің библиографиялық базасы басылымдар туралы
ақпараттардың тізімін білдіреді (автор, кітаптың) мақаланың атауы,
басылымның (журналдың атауы).
Фармакоэкономикалық зерттеулер негізінде фармакоинформатика
бойынша мәліметтердің базасы құрылған, оған терапевтикалық көзқарас
тұрғысындағы кең таралған ауруларды емдеу үшін ең тиімді, қауіпсіз және
шығындары төмен дәрілік заттармен енгізілген. Мысалы, ANTICIPATOR
(антибиотиктермен емдеу), KINETINPEX (дәрілердің терапевтикалық
мониторингі), Hypertenze (гипертонияны емдеу).
Клиникалық зерттеулердің нәтижелерін жеткізетін мәліметтер
базаларының арасында, әлемде ең танымалы Кокрейннің мәліметтер
базасы мен дәлелді медицинаның мәліметтер базасы болып табылады.
Кокрейннің мәліметтер базасы емдік араласудың қандай да болса
барлық рандомизирленген клиникалық сынықтардың жүргізілуінің
жинақталған нәтижелеріне ие. Ол электрондық нұсқада ағылшын тілінде
көрсетілген. Оның жасалынуымен халықаралық ұйым — Кокрейннің
Қоғамы айналысады, ол 1992-жылы Англияда пайда болған және барлық
клиникалық сынақтардың нәтижелерін аналитикалық жинақтау жолымен
(жүйелік шолу) барлық емдік араласудың тиімділігін бағалауды бірінші
мойындаған эпидемиолог Арчи Кокрейннің құрметіне аталған.
Жүйелік шолудың мақсаты – ең қолайлы факторлардың негізіндегі
медициналық шешімдердің қабылдануына мүмкіндік беру.
Мәліметтер базасындағы жүйелік шолудың құрылымы:
 шолудың, библиографиялық суреттеудің, барлық авторлардың атыжөніне ие мұқабалық бет;
 кіріспе бөлімінен, зерттеу мақсатынан, зерттеудің материалынан
және әдісінен, нәтижелерінен және талқылануынан тұратын
құрылымдық шолу;
 талдаудың нәтижелерін талқылау;
31
 тәжірибелік медицина мен одан арғы зерттеулерге арналған
маңыздылық туралы қорытынды;
 зерттеулік шолудағы және оған қосылған жұмыстардың (себебін
көрсетумен) толық библиографиялық тізімі;
 олардың әдістемелік сапаларының бағасы мен әрбір қосылған
зерттеу сипаттамасы бар толыққанды кестелер;
 мета – талдаудың нәтижелерін қосатын шолу нәтижелері бар
толыққанды кестелер.
Мета – талдау бір уақытта дәрілік препаратты, емдеу тәсілдігі әр алуан
уақытта әр түрлі авторлар келтірген басқа да тәсілдерді қолданудың
клиникалық зерттеулерінің нәтижелерін талдауға мүмкіндік беретін
статистикалық процедуралармен әдістемелік амалдардың нақтылы
жиынтығын білдіреді. Мета – талдау мәліметтерді ол үшін зерттеу болғаны
сияқты көріністе өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде өңдеу көлемі мен
айырмашылықтардың қолайлылығы ұлғаяды. Мета – талдаудың пайда
болуы медициналық араласудың тиімділігін клиникалық түрде зерттеудің
статистикалық маңызды нәтижелерінің жекелей түрде болмауымен, және
де қарама-қайшы мәліметтердің саны мен туындаған.
Кокрейндік жүйелік шолулардың жағымды жақтары:
 нақтылы түрде қалыптасқан клиникалық мәселеге жауап береді;
 әр түрлі тілдердегі ақпараттардың барлық дерек көздерінің
нәтижелерін іздеуге шоғырланады;
 клиникалық ақпараттарды жинау мен өңдеу тәсілдерінің
сенімділігін бағалау жолы мен зерттеу мәліметтерінің қолайлылығын
талдайды;
 тек қана қатерсіз мәліметтерді толықтырады;
 сынақтың жаңа нәтижелерін алу көлемі бойынша тұрақты түрде
жаңарып отырады.
Кокрейндік шолулар мыналар туралы қорытынды жасауға мүмкіндік
береді:
 тиімді түрдегі араласу, оны қолдануға болады;
 араласу тиімсіз, оны қолдануға бомайды;
 араласу зиян келтіреді, оған тиым салуға тура келеді;
 пайда мен зиян дәлелденбеген, одан арғы зерттеу талап етіледі.
Кокрейн Қоғамының жұмысшы органы: шолуларды келісу топтарды,
әдістерді өңдеу бойынша Кокрейн топтары, Кокрейн орталықтары,
науқастардан және олардың отбасыларынан тұратын Кокрейндік бөлімдер,
Кокрейндік топтамалар болып табылады. Кокрейн қоғамының жұмысының
негізгі нәтижесі ақпаратты электрондық тасымалдағышта көрсететін
Кокрейндік кітапхана болып табылады. Бұл кітапханаға мәліметтердің
алты жекелей базалары кіреді:
 Дайындалып жатқан шолулардың хаттамалары және аяқталған
жүйелік шолулары бар жүйелік шолулардың мәліметтерінің
Кокрейндік базасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *