Тәуекел пен қауіпсіздікті бағалау
Тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау кәсіпкерлік іс тәуекелмен тығыз байланысты, сондықтан кәсіпорын құрғанда жан-жақты талдау жасау керек. Тәуекелдің барлық типтерін, олардың шығатын көздерін, пайда болатын уақытын ескеру қажет. Осыдан кейін, тәуекелден болатын шығындарды жою немесе азайтуды алдын ала ойластыру керек. Ондай шаралар бірнеше вариантты шешім қабылдауды, тәуекелді қауіпсіздендіру бағдарламасын жасауды талап етеді. Сонымен бүл бөлімде мыналарды ескеру керек:
— осы кәсіпорынның ісіне қандай факторлар қайшылық әсерін тигізеді (мәнінің азаюына қарай барлығын көрсету);
— бұл факторлардың әсер ету мүмкіндігін бағалау (мысалы, осы фактордың әсер етуі түгелдей мүмкін — 100 очко, мына фактордың әсері күмәнді — 10 очко);
— жоғарыдағы факторлардың әсерінен қандай зиян шегілуі мүмкін;
— тәуекел факторларынан кәсіпорынды қорғау қалай жоспарланады;
— қандай сақтандыру түрі қолданылады.
Тәуекелділікті басқарудың негізгі сатылары мыналардан тұрады;
1) тәуекелділіті талдау;
2) әсер ету тәсілдерін таңдау;
3) шешім қабылдау;
4)тәуекелдікке тікелей әсер ету;
5)баскару процесінің қортындысын түзеу және бақылау.
Тәуекелділікті талдау бастапқы сатысы—ол құрылым туралы , объект құрамы және ондағы тәуекелділік туралы қажетті ақпарат алуға мақсатталған. Жиналған ақпарат жеткілікті болуы керек. Талдау тәуекелділікті анықтаудан және оны бағалаудан тұрады.
Бағалау — анықталған тәуекелділіктің санын көрсету , оның сипттамасы болу ықтималдылығы және болатын зиян мөлшерін анықтайды. Осыдан кейін тәуекелділікке әсер ететін тәсілдерді таңдау сатысы басталады. Ол болашақта мүмкін болатын зиянды азайтуға мақсатталған. Тәуекелділіктің әрбір түрі оны азайту үшін кем дегенде екі- үш әдісті пайдаланады. Сондықтанда бүл жерде тәуекелділікке әсер ететін тиімді тәсілдердің ең тиімдісін таңдау кезіде киыншылықтар туындауы мүмкін. Тиімді тәсіл таңдаған соң кәсіпрынның барлық кешенді тәуекелділігіне басқарудың старатегиясы құрылады. Бүл саты — шешім қабылдау деп аталады. Бұл жерде қажетті қаржы және еңбек қорлары анықталады. Менеджерлер арасында тапсырмалары бөлініп беріледі және қойылады, нарықты талдау жүзеге асырылады. Тэуекелділікке тікелей әсер процесі үш негізгі әдістен түрады;
1) төмендету;
2) сақтау;
3) тәуекелділікке беру.
1) Тәуекелділікті төмендету — мүмкін болатын зиян мөлшерін азайту немесе болатын қолайсыз оқиғаның ықтималдылығын азайту. Көбінесе оған алдын-ала ұйымдастырушылық-техниклық шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Оған ғимарат пен үйлерге қауіпсіздікті күшейтудің әр-түрлі тәсілдері, бақылау жүйесін құру, өртке қарсы құрылғылар құру орнату, оқыс жағдай кезінде қолданылатын тәсілдерді жұмысшыларға үйрету және тағы басқа.
2)Тәуекелділікті сақтау — бұл зиянға бағытталған кез келген іс-әрекеттен бас тарту дегенді білдірмейді. Кәсіпорын арнайы қор құра алады ( өзін-өзі сақтандыру қоры немесе тәуекелділік қоры). Бұл қор қолайсыз жағдай туындаған кезде шығынның орынын жабады . Мұндай тәсіл өзін-өзі сақтандыру деп аталады.Сонымен қатар несие алу немесе қарыз алу тәсілдері қолданылады.
3) Тәуекелділікті беру бойынша шаралар — бұл нақты тәуекелділік деңгейін сақтандыру кезіде жауапкерілікті үшінші тұлғаға жүктеуді білдіреді. Оған сақтандыру жатады. Ол нақты бар ақыға , сақтандыру компанияларға тәуекелділікті беруді білдіреді. Тәуекелділікті беру құжаттар мәтінінде (келісім шарт, сауда келісімдер) өзінің жеке басының жауапкершілігін азайтатын арнайы мәтін енгізумен жүзеге асырылуы мүмкін . Тәуекелділікті басқарудың қорытынды сатысы бақылау және түзеу болып табылады.
Тәуекелдікті төмендетудің тағы бір әдісі — кәсіпкерлік фирма дамуын жоспарлау және болжау. Тиімді жоспарлар мен болжамдар кәсіпкерге экономикалық ауытқуларды, нарық конъюктурасының өзгерістеріне бейімделуіне мүмкіндік береді. Фирманың қызметін жоспарлау бизнес-жоспар құрудан басталады. Бизнес-жоспар үш қызмет атқарады:
1. бизнес жүргізу концепциясын кұру үшін қолдануға болады.Кәсіпкер бизнес-жоспар арқылы стратегияны тиянақты құруға және іс-жүзінде емес, қағаз жүзінде жіберілетін қателіктерді түзетуге мүмкіндігі болады. Кәсіпкер өз компаниясын жан-жақты талдай алар — маркетингін, қаржысын, өндірістік қызметін және т.б;
2.кәсіпкер бизнес-жоспар арқылы фирма қызметінің нәтижесін бағалай алады;
3. кәсіпкер өз ісіне ақшалай қаражаттарды тарту үшін бизнес-жоспар қажет, себебі кез -келген қаржыландырушы, несие беруші, инвестор алдымен фирманың бизнес-жоспарымен танысуын талап етеді.
Бизнес-жоспарды құру — стратегиялық жоспарға алғашқы қадам басу болып табылады. Стратегиялық жоспарлау тек ірі фирмаларға ғана емес, шағын кәсіпкерлікке де қажет, себебі тәуекелділікті төмендету көп жағдайда олардың қаржылары шектеулі болады.Сондықтан тәуекелдікті төмендету шарасы ретінде стратегиялық жоспарды құру аса маңызды.
Бизнес-жоспарда фирма кызметінің әрбір әрекеті ретімен жоспарланып, нақтылы есептік көрсеткіштер жүйесі құрылады. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып фирма жоспардыд қаншалықты орындалып жатқандығын бақылай алады және туындаған мәселелерді алдын ала шешу мүмкіндігі болады.