Отыншы Әлжанұлы қанатты сөздері

Отыншы Әлжан

Отыншы Әлжан – 1873 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Отыншы 1882-1887 жылдары Зайсандағы қазақ балаларына арналған бастауыш мектепте, 1887. 1890 жылдары Омбы уездік училищесінде білім алған. Сондай-ақ ол 1894 жылы Омбы мұғалімдер семинариясын бастауыш мектеп мұғалімі деген мамандықпен бітіріп шығады.
Семинария бітірісімен Дала генерал-губернаторы кеңсесінің қызметкері, 1895-1897 жылдары Ақмола облыстық сотының аудармашысы болып қызмет атқарып, 1897 жылы 3 айдай Атбасар уезінде бүкілресейлік халық санағын жүргізуге қатысады. о.Әлжан 1909 жылы 5 жыл мерзімге Жетісу облысының Лепсі уезіне жер аударылады. 1916 жылғы көтерілісте елге тоқтау айтып, бос қан төгілуден сақтандырады. Патша өкіметі құлағанда, ол Уақытша өкіметтің Лепсі уезі комиссарының орынбасары болады. Жетісу жеріндегі Алаш қозғалысына белсене араласады.
Отыншы 1918 жылы 21 тамызда жігіттерімен Жетісу өлкесінен Қытай аспақшы болып Үржар маңайындағы Науалы қыстағында қызыл партизандармен қақтығыста қаза табады.

***
Ғылым, оқу қадірін білмеген қараңғы халықтардың мінезі қатты келеді. Ғылым, оқу білмеген адамдар — ақыл-әдепті өзінің күшіменен біреуге қорлық қылып табады.
***
Қашан бүкіл халықтың немесе әрбір адамдардың ақылы ғылым оқудың себебімен ілгері басып көбейсе, сонда ғана жуан білектіге қошемет қылмай, ақылының көбіне қарай қошемет қылар еді.
***
Кім-кімге болса да осы заманда өнер, ғылымнан артық нәрсе болмас. Өнер, ғылым білген кісі азбайды да тозбайды. Қай жерде, қай уақытта болса да өнерпаз, ғылымы бар адамдар күнін көреді. Сол себепті біздер қазақ халқымызға ақыл қылып айтамыз, медресе салып, балаларын оқуға беруге.
***
Мал, дәулет – ғылыммен табылады. Балаларына жақсы өнеге беріп, ғылым, өнер үйретсең, бұлар сізге бек разы болар һәм ол дүниеде де сіздерді Алла тағала жарылқар. Кім-кімге болса да балаларына тәрбие беріп, бұларды оқуға бермек – сын.

***
Адам тәрбиесі зор һәм қиын іс. Мұның тәрбиесі — өніп жерге өскен нәрселердің һәм бар мақұлық хайуандардың тәрбиесінен артық та, зор да һәм қиын да.
***
Ғылымқор, өнерпаз, айлакер адам – құмай арлан тазы. Кел, қазақтар, балаларымызды жақсылап тәрбиелеп өсіріп, бұларды оқытайық! Бұлар өнер-білім, ғылым білсе – адам. Ғылым-білім, өнер білмесе, бұлардың адамдыққа саны бар ма?
***
Ата-ананың адал ақ көңілі, бұлардың қамқорлығы, тәрбиенің түзулігі – балаларға бір жақсы көп пайдалы іс болса керек.
***
Жас бала үрықпен тең. Жақсы жердің топырағына түскен ұрық өсіп-өніп шығады. Тастау, топырағы жаман жерге түскен ұрық күйіп, семіп, қурап қалады. Баланың ата-анасы – топырағы жақсы жермен тең, бала жерге шашқан ұрықпен тең.
***
Баланы тәрбиелеп өсірмек – ата-анаға қарыз. Сол қарызды мойнынан түсіру керек. Балалар сотқар, әдепсізибадатсыз болып өссе, бұлардың ата-анасы бұлар үшін о дүниеде құдай алдында жауап берсе керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *