Мұстафа Шоқай нақыл сөздері

Мұстафа Шоқай

Мұстафа Шоқай – 1890 жылы қазіргі Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол 19021910 жылдары Ташкент гимназиясында оқып, алтын медальға бітіреді. Сондайақ Алаш ардақтысы СанктПетербург университетінің заң факультетін үздік бағамен бітіріп, еліне қызмет етеді.
1914 жылы Петроград университетін үздік бітірген ол ерекше көзге түседі. Нақтырақ айтсақ оны Әлихан Бөкейхан 1914 жылы IV Мемлекеттік думасының мұсылман фракциясының хатшысы ретінде ұсынады. М.Шоқай Ташкенттегі қоғамдық ұйымдардың Түркістан съезіне қатысады. Аталған съезде Түркістан Ұлттық кеңесі құрылып, оның тұрақты Атқарушы комитеттің төрағасы болып 27 жасар Мұстафа Шоқай сайланды.
Кеңес үкіметінің қысымы күшейген кезде ол шет елге кетуге мәжбүр болады. Алайда Мұстафа шет елде жүрсе де түрік халықтарының тәуелсіздік алу мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Қайраткер 1941 жылдың 27 желтоқсан күні Берлин ауруханасында жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

***
Атамекенді сүю – оның тұтас мүддесіне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса — жан пида қылуға дайын тұру болып табылады.
***
Біз, әрине, өзіміздің атамекеніміз Түркістанды кеңестік Ресейден де, басқа Ресейден де біржола бөліп алуды мақсат етеміз. Бұл – біздің ұлттық мұратымыз, ұлттық арман-мүддеміз. Біз тек осы идея үшін қызмет етеміз. Атамекеніміздің ішіндегі және сыртындағы барлық ұлттық күштерімізді осы идея төңірегінде топтастыруға барынша тырысамыз.
***
Ұлттық рухсыз – ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп-дамиды, жеміс береді.
***
Ұлтшылдық идеясы – халқымыздың жаны мен жүрегі. Ұлтымыз өмір сүрсе, ол да бірге өмір сүреді.
***
Біз құл болып тұра алмаймыз. Біз ұлт азаттығымызды аламыз. Мәскеудің «азабынан» құтылып, ұлт-азаттығымызға тезірек қол жеткізетін бірден-бір дұрыс жол – түрікшілдік жолы.
***
Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлініп, қыпшақтың көсемі, арғынның көсемі, үйсіннің көсемі болып жатсақ, біздің халық азады.
***
Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремін және соған жету үшін тырысамын. Демек, атамекенімді құтқару үшін күресемін.
***
Кеңестік ұлт саясаты бізді «балғасымен» жаншып, «орағымен» орып тастады.
***
Біз, Түркістан тәуелсіздігін жақтаушылар, еліміздің еркі үшін және жұртымыз Түркістанның бодандықтан құтылуы үшін күресеміз. Түркістандықтарда бұдан басқа жол болмаған. Қазір де жоқ және бұдан соң да болмайды. Біздің мұратымыз Түркістанда түрі жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық болатын мемлекеттік құрылымға қол жеткізу болмақ. Сонда ғана халқымыз өз жерінің нағыз қожасы бола алады.
***
Біз отанымыздағы Кеңес үстемдігінің ұлттық езгісіне қарсы күресіп жатқан миллиондаған түркістандықтардың бір шағын ғана бөлшегіміз. Біздің үніміз – атамекеніміздегі қатты, зор дауыстың әлсіз жаңғырығы ғана.
***
Өзінің ішкі бірлігін нығайта алған халықтар ғана тәуелсіздігіне қол жеткізе алады және оны қорғап қала алады.
***
Біз жеке тұлғалардан жоғары тұрған ұлттық мұраттарға сүйенеміз.
***
Біздің шын жүректен және асыға күтеріміз бір ғана нәрсе, ол – атамекеніміздің орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Біз барлық жерлестерімізді осы ұлттық мұратымыз жолында бір жан, бір тән болып жұмылуға шақырамыз.
***
Тәуелділігін жалпы ұлт мүддесі тұрғысына сәйкес, ұлттың жалпы жағдайына үйлесетін түзім жолында құрбан ете білген адамдар ғана нағыз ұлттық патриот және ұлтқа пайдалы қызметші бола алады.
***
Ей, менің елімнің, Түркістанымның сүйікті ұландары! Мұны бір сәт те естен шығармаңыздар. Әрбір қадамдарыңызды ойланып басыңыздар!
***
Мақтаға қарсы күресте бидаймен қаруланыңыз. Шет ел үстемдігінен құтылудың алғашқы қадамы шет елге астық тәуелділігінен құтылу болмақ.
* * *
Атамекеніміздің ұлттық құқығы жолында жүргізіп жатқан күресіміз, тіпті, кейде «демократияның шекарасын» аттап кеткен күннің өзінде, ешкім бізді шовинизммен айыптауға қақысы жоқ.
***
Түркістан жастары! Атамекеніміздің ұлттық мүдделері — мемлекеттегі тұрғындар саны мен мемлекет аппаратын реттейтін билік біздің өз қолымызға өтуін талап ететіні естеріңізде болсын!
***
Халқымыздың мәдени және рухани жақтан қол жеткізген жетістіктерінің бәрі тек ұлтшылдық қозғалысына тән. Жәдитшiлдiк атымен басталған бұл қозғалыс бұл күнде орыс үстемдігіне қарсы күресте Зеленскийлердің «орысшылдар» дайындау мақсатымен ашқан партия мектептеріне дейін ықпалын кеңейтіп, қуатты ұлтшылдық ағымына айналды. Кезінде жәдитшілдік патшалық Ресейді қатты алаңдатқан еді. Оның жалғасы және қазіргі көрінісі болған Түркістан ұлтшылдығы енді бүгін кеңестік Ресейді шошытып отыр.
***
Түркістанды билеуші ұлт – орыстар. Сондықтан әкімшілік те солардың қолында. Бұрындары бұл әкімдер жәй ғана орыс, ұлы орыс деп аталатын еді. Қазір олар орыс пролетариаты, орыс төңкерісшіл жұмысшы-шаруалары деп аталады.
***
Ұлттық еркіндік пен азаттыққа – талпыну табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрізді нәрсе.
***
Біз бұрын патшалық Ресей, қазір кеңестік Ресей деп аталған зынданның темір торларын аралап жатырмыз. Біз зындан қожайындарына шабуыл жасауымыз, жолымызды олардан тазартуымыз лазым. Бұл – шовинизм емес. Бұл – халқымыздың ұлттық мұраттары жолындағы күрестің табиғи бір көрінісі ғана.
***
әрбір түркістандықты өз ұлттық құқығымыз үшін күреске шақыру, әрбір түркістандықты білім және құралмен күресе білетін болуға үндеу – біздің борышымыз.
***
Түркістанда ұлттық қозғалысты тудырған екі түрлі себеп бар. Оның біріншісі: Түркістан халқы орыстардан мүлде басқа ұлт екендігі. Екіншісі: Түркістанның ұлттық экономикасының мүддесі Ресейге қарсы екендігі.
* * *
Кеңес үкіметінің «ұлттық саясаты» басынан аяғына дейін ұлттық езу, қанау саясаты. Түркістандағы «ұлттық республикалар» дегеніміз – «сырты жылтырап, іші қалтырап тұрған» мәнсіз, мағынасыз бірдеңелер екенін кеңес баспасөзінің өзі де теріске шығаруға дәрменсіз.
***
Әртарапта бытырап жүрген жас түркістандықтарды: Түркістанның тәуелсіздік мұраттары жолындағы қасиетті күрес майданына топтастыру – Түркістан ұлттық ұйымының ең маңызды және маңдай алды міндеті.
* * *
Ей, жас түркістандық! Сен өзіңе жүктелген қасиетті міндеттің ауырлығын және жауапкершіліктің үлкен екенін ешқашан естен шығарма! Атамекеніңді орыс тепкісінен құтқарып, азат тәуелсіз Түркістан құру жолындағы күреске жатпай-тұрмай дайындал. Атамекенің мен халқыңның қажеті сенен бәрінен бұрын осыны талап етеді.
***
Бұл күнде біздің бір ғана жолымыз бар. Ол – ұлтты құтқару жолы. Біздің мұратымыз – ұлттық тәуелсіз Түркістан. Ұлтшылдық біздің, соның ішінде менің де, саяси идеяларымыздың соңы емес, басы. Олай болса, біздің барлық іс-қимылымыз өз билігіміздің өз қолымызға өтуін қамтамасыз ету тұрғысынан жасалуы керек.
***
Ұранымыз: «Түркістан – түркістандықтардікі!» болуы тиіс. Халқымыздың бақыты мен гүлденуі сонда ғана қамтамасыз етіледі. Қасқырға қой баққызатын аңқау заман өткені қашан. Ей, жас коммунист жерлесім! Көзіңді аш. Халқыңның болашағы үшін болатын күреске әзірлен.
***
Бізді ұзақ жылдар бойы бодандықта ұстап келген патшалық Ресейдің, одан кейін, міне, он үш жыл бойы езіп-қанап отырған большевиктік Ресейдің құзғындарынан да жауыз, қанішер құзғындар дүниенің басқа бір жерінен табыла қояр ма екен?
***
Ауылдар мен қалалар, орыс пролетариатының отаршылдық ауруымен ауырғанын көріп отырған көзі ашық жас күштер, сендерге айтамын: дүние жүзінде халқымызды езіп-қанап жатқан Мәскеу құзғындарынан өткен жауыз дұшпан жоқ екенін ұмытпаңыздар!
***
Автономия біздің басымыздан кешкен бір тарихи құбылыс. Бүгін біз оны еске түсірумен ғана шектелеміз. Қайталамаймыз!
***
Кеңестік Ресейде орыс емес ұлттардың өзіне тартып, жүрегін баулап аларлық ешқандай бір қадір-қасиет жоқ екенін айтпай кетсек, біз өзіміздің ой-пікірімізді толық білдіре алмаған болар едік. Ол бұл халықтармен бір мемлекет ішінде бірге өмір сүруге моральдық құқыққа ие емес.
***
Біз «ескі мектептерді жоқтап жыламаймыз». Біз Мәскеу большевиктерінің Түркістандағы ұлттық болмысына үйлеспейтін «халықаралық пролетарлық күрес» туы астында жүргізіп жатқан отаршылдық саясатына қарсы қажымай-талмай күресе беретін боламыз.
***
Түркістанда – түрік қалады. Оны жоғалту ешкімнің қолынан келмек емес. Біз бұған кәміл сенеміз.
***
Социализм – экономикалық теория болумен бірге, ұлттық теория болып та табылады. Барлық ұлттардың барлық жағынан теңдігі қамтамасыз етілмейінше, нағыз социализм туралы сөз болуы мүмкін емес.
***
Ұлттық жауымыз тым күшті. Өзіне қарсы күресіп жатқан халықтарды жеке-жеке алғанда, ол олардан әлдеқайда басым. Алайда біз Украина, Кавказия және тәуелсіздік үшін күресіп жатқан орыс казактары, ЕділОрал, Қырым, түркістандықтар болып бірігетін болсақ, дұшпанымыз үстінен жеңіске жете аламыз. Бағыт айқын болсын деген біз, міне, осыны айтамыз.
***
Еуропа – негізі жаман емес. Ол кешегі және бүгінгі Ресейден әлдеқайда жақсырақ. Дегенмен өз күшін мен өз құдіретін болғаны бәрінен де жақсы.
***
Біз мейлі Қиыр Шығыста болсын, мейлі басқа бір жақта болсын, қашанда Ресейдің беделі түсіп, жеңілістерге тап болуын күтеміз.
***
Түркістанды құтқару және тәуелсіз етудің жолын шын көңілмен іздеген әрбір адам, Түркістанда ішкі күресті болдырмауға тілектес әрбір жанашыр жастарымызды аялайық.
***
Біз Түркістанды бөлшектеуді қабылдамайтын, Түркістан және түркістаншылдық сезімін жоғалтпаған жерлестерімізбен бір пікірдеміз. Түркістан – біртұтас ұлттық бірлікте және ол сол тұрғыдан көрініп те отыр. Түркістанның рухани, саяси болашағы – Түркістан түріктерінің бірлігінде жатыр.
***
Біздің ұлттық мұраттарымыз — азат және тәуелсіз ұлттық Түркістан – мұраты жеке адамдардың әлсіздігі мен Мәскеу диктатурасының террорлығына қарамастан жасай беретін болады. Және біз оған сөзсіз сенеміз.
***
Біз еркін және азат өмір сүргіміз келеді. Біз де Түркия тәрізді ұлттық билікке қол жеткізуіміз керек. Осы мақсатымызға жету үшін біз өзімізге қарсы келген күштермен күреспей тұра алмаймыз.
***
Біздің түріктерді нұрлы болашаққа, ұлы түрік бірлігіне жеткізетін бірден-бір жол – ұлттық тәуелсіздік мұраттарының жер-жердегі түріктер жүрегіне терең ұялауында және осы бағытта қажымай-талмай күресе білуінде деп түсінеміз.
***
Біз, Түркістан ұлтшылдары, нахактан өлтірілген, бойындағы бары мен мекенінің, туған халқының арнамысын қорғаған жерлестеріміздің күрескер рухына құрметпен басымызды иеміз.
***
Алаш партиясының бағдарламасы, Алаш конференцияларының қаулылары, Алашорда басшыларының мәлімдемелері – большевиктердің Алашорданы патша үкіметінің агенттері, қазақ халқының жауы етіп көрсетіп келе жатқан ертегілерінің күлін көкке ұшырар еді. Сөйтіп, олардың жексұрын бет-бейнесін ашып тастаған болар еді.
***
Біздің – Түркістан мүғажырларының алдында бір ғана міндет бар. Ол – ұлт-азаттығы жолында күресу міндеті. Ұлттық еркіміздің бірлігіне, ұлттық міндеттеріміздің орындалуына кесе-көлденең тұратын кез-келген нәрсені қайткен күнде жеңуге тиіспіз.
***
Бізді азаттыққа және тәуелсіздікке бастайтын ең төте және ең қысқа жол – Түркістан ұлттық майданының ішкі бірлігін барынша нығайту және оны ұлт-азаттығы жолында күрес жүргізіп жатқан басқа халықтардың ұлттық орталықтарымен тығыз үйлестіру. Бұлай болмаған жағдайда азаттық пен бостандық туралы сөз болуы мүмкін емес. Төңкерістің жиырмасыншы жылында осы ақиқатты бір сәт еске алып, зердемізге мықтап түйгеніміз абзал.
***
Ешқашан естен кетпейтін, тіпті большевиктерден соң да жадымызда жасай беретін бір нәрсе бар. Ол – біздің
***
Түркістан түріктерінің ұлттық қозғалысы, Түркістанның тәуелсіздігі жолында опат болған ғазиз жандардың аяулы есімдері мен асыл рухы.
***
Қоқан автономиясы — Түркістан мәселесін шешудің мақсаты да, формасы да емес. Ол тек Түркістан азаттық қозғалысының сол бір кезеңде басып өтуге тиіс болған кезекті бір қадамы болатын. Егер ол кезде Түркістанға Украина мен Кавказдағы сияқты, қолайлы сыртқы жағдай туыла қалғанда, ол өзінің тәуелсіздігін ешбір екіленбестен-ақ жарялап жіберген болар еді.
***
Біздің шетелдерде жүргізіп жатқан күресіміз — атамекеніміздегі жалпы ұлттық күрестің бір әлсіз жаңғырығы ғана. Уақыты келгенде түркістандықтар ұлттық ту астына жиналып, ұлттық құқықтарын қорғай алатынына біз кәміл сенеміз.
***
Жалпы ұлттың мүддесін жеке қожалықтар мен жеке топтардың мүддесінен жоғары қоя білген, өзінің белгілі бір түзімге белгілі бір себептермен қалыптасқан қатынасын, оған тәуелділігін жалпы ұлт мүддесі тұрғысына сәйкес, ұлттың жалпы жағдайына үйлесетін түзім жолында құрбан ете білген адамдар ғана ұлттық патриот және ұлтқа пайдалы қызметші бола алады.
***
Біз: Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте жерлестеріміз бен мұғажырларымыздың (эмигрант) қалам қаруы мен ақыл-кеңестері арқылы көмектесуін үміт етеміз.
***
Біз: тәуелсіз Түркістан үшін керекті барлық қасиетті жас ұрпақтан күтеміз.
***
Көтеріліс – езілген халықтың езушілерге қарсы өшпенділік сезімінің бір бұлқынысы.
***
Біздің күрәсіміздің түп мағынасы – жер үшін күрес. Түркістанның ұлтарақтай жері де ешкімнің отары болуға тиіс емес.
***
Атамекендегі және шеттегі Түркістан жастары!
Сіздің шетте жүрген туыстарыңыз қаражат жетіспеуінен басқалардың есігін қағып жүрген кезде, Кеңес үкіметінің талабы бойынша халқымыздың қаржысы орыс студенттерін оқытуға судай ағып кетіп жатқаны туралы ойланыңыздар!
***
Большевиктер үстемдігінің алғашқы дәуірінде жәдитшілер ағарту саласынан қуылған жоқ. Жәдитшілердің бұл орайды пайдаланып, әр салада, соның ішінде әйелдер ағартуында жауларымыздың көзін шарасынан шығаратындай нәтижелерге қол жеткізді.
***
Адаспау үшін, адаса қалғанда дұрыс жолды қайта табу үшін де білім керек. Біз, түркістандықтар, орыстану дәуірін артқа тастап, ұлтты құтқару күресін жүргізіп жатқанымызды естен шығармайық.
***
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл.
***
Тіл – халықтың перзенті.
***
Қазақпын деп мақтануды ар көретін, қазақтың тілінде сөйлеуді масқаралық көретін салт қайдан шығып отыр? Балалардың көбі не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бірдеме болып өсіп жатқанын неге көрмейсіңдер?
***
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.
***
Құқық дегеніңіз – тек идеологиялық негіз ғана. Өз құқығыңды қорғап қалуың үшін жеткілікті күш болуы лазым.
***
Сіздер, немістер өздеріңізді «Еуропадағы ең мәдениетті халықпыз» деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер ХХ ғасырда өмір сүре отырып, XIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуға хақыларыңыз жоқ. Егер, сіздер, осыған байланысты маған «ату» не «асу» жазасын берсеңіздер, қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен гөрі өлгенім артық.
***
Түркістан- бөлінбес, айрылмас бір өлке. Халқының қаны бір, тілі бір, еркі бір.
***
Жалпы адамгершілік және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.
***
Төлқұжат деген нәрсе – «ұлт» бермейді, оның «ұлтын» өзгерте алмайды. Төлқұжат деген нәрсе – сол төлқұжат иесінің оны беруші үкіметке тәуелді екенін ғана куәландырады.
***
Біздің ғасырымыз Шоқан дәуіріне қарағанда мүлде басқа. Шоқан ол кезде жалғыз еді. Және оның алдында халқын ұлт деңгейіне көтеру мәселесі тұрған жоқ болатын. Бұл мәселені ойдан шығарып алған жоқпыз. Тарих пен өмір қажеті, оянған халықтың мағыналы түйсінулері осы бір маңызды міндетті біздің алдымызға шығарып отыр.
***
Тарих — рақымсыз. Ол – ғұламаны да, білгірді де, өнер иесін де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердің бәрін езіп-жаншып жүре береді. Тарих заңдары кері қайтуды білмейді және оны жаратпайды.
***
Ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз? Бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде бұл сұрауға дұрыс жауап қайыру оңай емес. Оқыған, тәрбие көрген адамның бәрін зиялы деп атап, оны сол адам өзі тән болған ұлттың «ұлттық зиялысы» қатарына қоса беруге болады деп ойласақ – қателесеміз. Біздіңше, белгілі бір мұратмақсаттардың соңында жүрген және сол белгілі мұратмақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтықсыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіреді.
***
Халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни жері, суы, қазынасы, ділі мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын біртұтас саяси, әлеуметтік, ұлттық санаға жеткізуде ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі — зиялыларға жүктеледі.
***
Үміт, сенім, иман – ұлттық күреске бел байлап кіріскен адамдар үшін аса қажетті қасиеттер. Әрине, жалғыз осылармен ғана жеңіске жете алмайсың. Жеңіске жету үшін осы аталған қасиеттермен қатар білім қуаты керек. Техникалық білімге ие болу, қару-жарақтарды емін-еркін қолдана білу керек. Олай болса, азаттық күреске аса қажет нәрселер — үміт, иман, сенім тәрізді рухани-моральдық факторлармен бірге ғылыми-техникалық білімнің өзара тығыз бірлігі. Азаттық күресте бұдан басқа тура әрі қысқа жол болмайтынын зердемізге тоқып, санамызға сіңіріп алғанымыз жөн.
***
Әрбір өсетін адам – басынан өткенін, балалық шағын еске алса да, сол балалыққа қайтқысы келмейді.
***
Зиялылар халыққа ұлттық тәрбие беру үшін олардың өздерінің бойында «ұлттық рух», яғни «шығыс рухы» болуы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *