Тәжірибелік салаға фармакоэкономикалық зерттеулердің
декларивтілікпен актуализациялау қажет.
Медициналық технологиялардың /дәрілік заттардың дәрілік заттар
тізіміне, клиникалық/ медициналық- экономикалық хаттамаларға
енгізілуі немесе шығарылуға арналған фармакоэкономикалық
сараптама тәжірибесінің жоқтығы;
12
Фармакоэкономиканың дамуы нормативті-құқықтық базаны
дамуынсыз мүмкін емес;
Фармакоэкономикалық талдау саласында жеке кадрлардың арнайы
дайындық қажеттілігі бар.
Сонымен, бүкіл әлемде фармакоэкономика бойынша мамандарға
мұқтаждық бар. Фармацевтикалық нарықтың 72 компаниясында сауалнама
жүргізген Morgan Hunt Selection компаниясының зерттеулер мәліметтері
бойынша (сәуір 2009ж), әлемдік фармацевтикада бес сұранысы бар
мамандар ішінде фармакоэкономист екінші орынға ие болды.
ҚР фармакоэкономиканың дамуы келесі жағдайлармен
ынталандырылады:
денсаулық сақтау саласының материалды мүмкіншіліктері қалау
деңгейінен сай келмейді;
денсаулық сақтау жүйесінің фармакоэкономикалық зерттеулерде
мұқтаждығы;
ДСБҰЖ медициналық дәрілік технологиялардың
фармакоэкономикалық бағалаумен байланысты медициналық
қызметтің сапасын жоғарылатуға және қорларды тиімді қолдануға
бағытталған қызметі;
қорларды негізделмеген және қажетсіз медициналық дәрілік
технологияларды тиімсіз қолдану мәселесі;
қауымның медициналық технологияларды бағалаудағы сұранысы.
Осының барлығы келесі басымдылықты белгілейді: клиникаэкономикалық фармакоэкономикалық талдау саласында ұлттық
қорлардың дамуы, денсаулық сақтау саласының нақты мәселелерін
шешуде оңтайлы шығындарды анықтаудың ғылыми-негізделген
әдістемесін қамтамасыздандыру, ҚР медициналық технологиялардың
қолдануы бойынша шешімдерді қабылдау (емдік, диагностикалық, дәрілік)
клиника-экономикалық фармакоэкономикалық сараптамасының тиімді
жүйесін қалыптастыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Фармакоэкономика нені зерттейді?
2. Денсаулық сақтау жүйесінде экономикалық бағалау дегеніміз не?
3. Фармакоэкономиканың мақсаты мен міндеттері қандай?
4. Қандай пәндер фармакоэкономикамен тығыз байланысты
(интегирленген)?
5. Басқа білім салаларымен фармакоэкономиканың айырмашылық
ерекшеліктері қандай?
6. Фармакоэкономиканың дамуының алғы шарттары қандай?
7. Фармакоэкономикада дәрілік препаратты бағалауда немесе емдеу
сұлбасын қауіпсіздік, терапевтикалық және экономикалық тиімділігі
жағынан қандай параметрлер қолданылады.