Қазақстанның денсаулық сақтау саласы республика азаматтарының денсаулығы мен амандығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ана мен бала денсаулығын қорғау, әлеуметтік маңызды аурулар мен өлім-жітім деңгейін төмендету, азаматтардың саналы түрде өз денсаулығы үшін жауапкершілігін ұғынуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру — отандық денсаулық сақтау саласының басты мәселесі болып табылады. Медициналық сектор Медициналық мекемелердің 80% мемлекет меншігінде болғандықтан, медицина саласының мәселелерін шешуде мемлекетіміз маңызды роль атқармақ. Жеке меншік медициналық мекемелердің көбісі жекеленген секторларға бөлінген. Мысалыға, тіс емханаларының 70% — жеке меншік. Алайда, жалпы денсаулық сақтау саласы толығымен республикалық және муниципалдық мемлекеттік органның бақылауында. Елімізде 1054 аурухана және 3720 амбулаторлы-клиникалық медицина орталықтары қызмет атқарады. Жалпы отанымызда 59 мың дәрігер және 126 мың орта деңгейлік қызметкерден тұратын медициналық қызметкерлер құрамы қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем көрсету орталықтарының жалпы саны – 274, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелері – 3462. Денсаулық сақтау салаласы тұрақты түрде қаржыландырылып тұратындықтан, оның жекелей салаларына жоғарғы технологиялар мен жаңа диагностикалық әдістер үнемі енгізіліп отырады. Елімізде тиімді кардиологиялық және кардиохирургиялық қызмет жасақталды. Қазақстандық хирургтар кардиохирургия саласының мамандарын таяу және алыс шетелдерде даярлап, алғашқы рет жүрекке ашық түрде ота жасай бастады. Мемлекетімізде жүргізілген шараларға байланысты қан айналым жүйесі ауруларынан келетін өлім-жітім саны 20% төмендеп, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Осылайша бала туу көрсеткіші 25%-ға көтеріліп, өлім-жітім саны 11% кему нәтижесінде табиғи өсім көрсеткіштері артты. Болжаммен алдағы өмір сүру ұзақтығы 2 жылға артып, өмір сүру ұзақтығының жасы 68,8 жас шамасын құрады. Ана өлімі бір жарым есе, бала өлімі 15%-ға кеміді. Қазақстанның ДСҰ қатарына қосылуына байланысты, Республикадағы медицина саласындағы сұрақтар халықаралық стандарттарға сай реттеледі. Мемлекеттік бағдарламалардың даму мен қайта құрылуының негізгі бағыттары: — денсаулық сақтау саласында біркелкі ақпараттық жүйе құру; — жаңа емханалар, емдеу орталықтары мен зертқаналар соғып, оларды жаңа қондырғылармен қамтамасыз ету; — медицина ғылымын дамыту; — бәсекелесуге қабілетті отандық фармацевтика және медицина өнімдерін көбейту; — жоғары квалификациялаған медицина қызметкерлерін дайындау мен қайта оқыту. 2010 жылдың 1 қаңтарынан Біріңғай денсаулық сақтау жүйесі еңгізілді. БДСЖ енгізілуінің арқасында емделушілерге медицина саласындағы соңғы технологиялары мен жетістіктеріне қол жетуі оңай болды. Қазіргі таңда облыс орталықтарында нейрохирургия, кардиохирургия, отоларингология, травматология, онкология мен экстракорпоральді ұрықтандыру қызметтері ұсынылған. Ғылыми-зерттеу институттары мен республикалық емханаларда пайдаланылатын жаңа халықаралық құрылғылар енді аудандарда табысты түрде қолданылуда: әзірленген 43 медициналық шаралардың 37 облыстарда жұмыс істеуде. Алыс қашықтықта орналасқан елді мекендерге медициналық көмек көрсету басты назарда. Осы мақсатта телемедицина енгізіліп, жоғары білікті мамандар шалғай аудандардағы емделушілерге дистанциондық кеңестер береді. 2010 жылдан бастап барлық заманауи қондырғылармен жабдықталған жылжымалы емханалар сатып алына бастады.