Маркетингтік қызметтің жоспары
Өткізу нарығы мен бәсекелестік бөлімдеріндегі зерттеулердің қорытындысымен маркетинг стратегиясын жасақтайды. Маркетинг жоспарьша мына элементтер кіреді:
— тауардың таралу схемасы: тауарды кім сатады? Өзінің фирмалық дүкендері ме немесе көтерме сауда ұйымдары ма?
— баға жасақталу — тауардың бағасы қаиай анықталады және жалпы шығынға пайда деңгейі қандай болады?
— жарнама қалай үйымдастырылады (телевидение, радио, баспасөз, жарнамалық стенд т.б.) және оған бачінген қаражат қанша болады;
— сатуды ынталавдыру әдістері — фирма сату көлемін қалай үлғайтады? Тауардьі өткізудің ауданын ұлғайту арқылы ма, немесе түтынушыларды тартудың жаңа әдістерімен бе? Мысалы, маусымдық тауар сату;
— тұтынушыларды сервис қызметімен қамту. Оны ұйымдастыруға қанша қаражат керек?
— қоғамдық пікірді жасақтау — жақсы атақ алу үшін қандай жүмыстар істеу керек?
Егер тауар шет елдерге сатылатын болса, патенттік тазалығы сақталуы керек.