Клиникалық тиімділік (effectiveness) – нақтылы клиникалық
тәжірибе жағдайларындағы емдеудің дәрілік құралдары мен әдістемесінің
әрекетін бағалау (эксперименттік емес қолданыс). Дәрілік препараттың
немесе емдеу емханасының клиникалық тиімділігі дозаның таңдау
дұрыстығында, пациенттің дәрілік емдеудің (комплайенcтің) тағайындаған
тәртібін сақтаудағы препаратты нақтылы түрде қолданатын, науқастар
контингентінің гетерогендігіне байланысты. Көрсеткіштердегі
аурушаңдықтың, өлім-жетімнің төмендеуі анықталады. Осы уақытта
шетелдік те, отандық та әдебиетте із жүзінде дәрілік құралдардың
клиникалық тиімділігі туралы мәліметтер жоқ (немесе аз), бұл
фармакоэкономикалық зерттеулердің дәлдігіне ықпал етеді. Жеткілікті
клиникалық ақпараттың болмауы кезінде есептер экономикалық
(математикалық) модельдеудің көмегімен жүргізіледі.
Қауіпсіздік (safety) – дәрілік құралды немесе емдеу әдістемесін
қолдану негізіндегі әсерлердің жиілігі мен ауырлығы.
Дәрілік құралдар немесе емдеу әдісін фармакоэкономикалық түрде
бағалануын жүргізу кезінде бұл көрсеткішті ескеру қажет, себебі кері
әсерлердің көрініс беруі реттеушіліктің қосымша әдістерін қолданудың
салдарынан болатын аураларды емдеу құнының жоғарылауына әкелуі
мүмкін.
Қауіпсіздікті бағалау өлшемдерінің бірі — өлу уыттылығының индексі
болып табылады — өлім жағдайлардың саны дәрігерлік тағайындаулардың 1
млн. біреуден.
Комплайенс (comfliance) – науқастардың дәрілік құралдары немесе
емдеу әдістерін қолданудың жазылған тәртіптерін сақтау дәрежесі.
Пациенттердің комплайнстілігін фармакотерапияның тиімділігіне
ықпал етеді және ол өте түрлене алады.
Экономикалық тиімділік (benefil) — дәрілік құралдары немесе
емдеу әдістемесін қолдану кезіндегі қорлардың шығындалуының
тиімділігін бағалау.
Экономикалық тиімділік денсаулық сақтау үшін өтелінбеген
күндердің сандарының экономикалық әсерін бейнелейтін, қаржылық
көрсеткіштерде анықталады.
Пайда (utility) — фармакотерапияның өмірдің сапасын бағалау
негізінде анықталады.
Біздің республикамызда денсаулық сақтаудың біріңғай ұлттық жүйесі
(ЕНСЗ-ДСБҰЖ) фармакоэкономикалық зерттеулер нәтижелері оңтайлы
10
медициналық араласуды таңдауда, пациенттердің өмір сапасы есебімен
емдеуді іске асыруда маңызды. Фармакоэкономикалық сараптаманы
жүргізу дәрілік заттардың формуляр тізімін жасауда, әр түрлі
медициналық бағдарламаларды, медициналық-экономикалық хаттамаларды, клиникалық хаттамаларды бағалауда қажет.
Фармакоэкономикалық клиника-экономикалық зерттеулердің
әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері және маңыздылығы денсаулық
сақтау саласында шешімдерді қабылдау альтернативті емдеу
сызбанұсқасында шығындар мен тиімділік, қауіпсіздік, өмір сапасы,
медициналық араласудың сапасын жоғарылату және медициналық
технологиялардың қолжетімділігі ара қатынасын бағалау негізінде өседі.
Фармакоэкономиканың дамуы үшін мүмкіншіліктердің, қауіпқатердің, күшті және әлсіз жақтарын талдау денсаулық сақтау саласы
жағынан фармакоэкономикалық талдауда мұқтаждығы жоғары екенін
көрсетті.
Фармакоэкономикалық зерттеулердің болашағы:
Денсаулық сақтауды ұйымдастыру:
клиникалық хаттамалар, медициналық-экономикалық хаттамалар
негізінде жаңа технологияларды қолдану есебімен шығындарды
оңтайландыру;
госпитализациялауда стационарды орын басу мерзімдерін
қысқарту;
тікелей медициналық және медициналық емес шығындарды
төмендету.
Тәжірибелік дәрігерлер және пациенттер:
емдеу сұлбаларының құны, тиімділігі және өмір сапасына әсер ету
есебімен оңтайландырып таңдау;
уақытша және тұрақты еңбекке қабілеттілікті жоғарылатудың
мерзімдерін төмендету және азайту;
барлық шығындар түрін, соның ішінде материалдық еместі
төмендету.
Сақтандыру компаниялар:
медициналық араласудың клиника- экономикалық сараптамасы;
шығындардың мақсаттарын бақылау.
Фармацевтикалық компаниялар:
фармацевтикалық нарықта препараттарды жылжыту үшін
маркетингтік саясат;
жаңа препараттарды жасауда олардың экономикалық
позиционирлеу үшін.
Фармакоэкономиканың ұлттық потенциалды дамуы бойынша
бағдарламаны іске асырудың функционалдық мүмкіншіліктері болып
саналады:
1) Денсаулық сақтау жүйесінің фармакоэкономикалық зерттеулердегі
мұқтаждығы.
11
2) ДСБҰЖ (ЕНСЗ) медициналық қызметтің сапасын жоғарылатуға
және қорларды тиімді қолдануға бағытталған қызметі.
3) «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау» 029 Бағдарламасы және
«ҚР денсаулық сақтау секторында институционалды реформалар және
технологияларды жүргізу» Әлемдік даму банкінің жобасы.
4) ҚР денсаулық сақтау саласының 2011-2015 жж. дамуының
мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты: ҚР азаматтарының
денсаулығын жақсарту және елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық
дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесінің бәсекелестікке
тұрақты қалыптастыру.
Фармакоэкономикалық зерттеулер саласында ұлттық потенциалдың
дамуы бойынша қызметтің стратегиялық бағыттарын іске асыруда мүмкін
болатын қауіп-қатерлер және оларды басқару механизмдері № 1 кестеде
көрсетілген.
Кесте 1 — Мүмкін болатын қауіп-қатерлер және оларды басқару
механизмдері
Қауіп-қатерлер Қауіп-қатерлерді
басқару механизмдері
МПА құрастыру барысында
фармакоэкономикалық зерттеулерді жүргізу
нәтижесінде қатысқан және ынталылық
білдірген жақтар арасында дау-жанжалдың
пайда болуы мүмкін (тұтынушы және дәрілік
заттарды өндірушілер, ҚР ӨСМ және
денсаулық сақтау мекемесі)
Талқылау, ынталылық
білдірген жақтардың
консенсусқа жетуі
Фармакоэкономика саласындағы мамандар
дефициті, оларды дайындау уақыты,
фармакоэкономиканың динамикалық даму
жағдайында әдістемелік және тәжірибелік
дағдыларға ие болу
Фармакоэкономика
бойынша каскадты
оқытуды қолдану
Жоғарыда көрсетілгендей, ҚР фармакоэкономикалық зерттеулер
саласында және олардың нәтижелерін қолдануда келесі мәселелерді
белгілеуге болады:
Фармакоэкономикалық зерттеулер нәтижелерінің дамуы және
тәжірибе енгізілуі бірлік әдістемелік жүргізу форматының,
координациялау нақты тұтынушының жоқтығымен байланысты.