Жапония. Қытай. Моңғолия.
Жапония Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. ХХ ғасырдың басында Жапония дамыған ірі капиталис- тік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізді. Елді билеушілер тобында әскерилердің ықпалы күшейіп, экономиканың дамуы соғыс талаптарына бағытталды. Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып, оның ықпалында болды. Ең алдымен, ол Қытайды бағындыруды көздеді. Жапония 1914 жылғы тамызда Германияға соғыс жариялап, Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін басып алды. Келесі жылы Қытайға 21 талап ұсынып, оның әскери, саяси, қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады. Соғыс жылдары отарларды қанау арқылы жапон буржуазиясы одан әрі байи түсті. Елде әскери жағдай енгізіліп, қалың бұқараның тұрмысы айтарлықтай нашар- лады. 1917—1918 жылдары нан жетіспей, азық-түліктің бағасы жоғарылай берді. 1918 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Жа- понияның 36 префектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды. Жапон тарихында бұл қозғалыс- ты “күріш бүліншілігі” деп атайды. Ашыққан халық көшелерге шығып, күріш сататын дүкендерді, күріш қамбаларын, күріш сататын саудагерлердің үйлерін қиратып, ойран салды. Ызаланған халық өсімқорлар- дың, ірі кәсіпкерлердің күріш қорларын бөліске салды. Көтерілісшілердің ұйымдастыру комитеттері күріштің және басқа тағамдардың қымбатшылығын әшкерелеп, олардың бағасын арзандату талабын қойды. “Күріш бүліншілігі” Жапониядағы 144 қаланы қам- тыды. Әсіресе Осака қаласындағы халық толқулары өзінің жойқындығымен ерекшеленді. Осы қаланың Нискуоно ауданында жиылған 20 мың көтерілісші өзіне қарсы шыққан полиция тобын таспен атқылап, машиналарын өртеп жіберді. Бір күннің ішінде Осака қаласындағы көтерілісшілер 250-ден астам қамбаны қиратты. 55 “Күріш бүліншілігі” Жапония халқының стихия- лық түрде өткен наразылығын байқатып, саналы қоз- ғалыстардың өршуіне жол ашты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония қатты күшейді. Оның өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары өсе түсті. Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды. Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін, Тынық мұхиттағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп ал- ды. Ресейдің құрамындағы Приморье, Солтүстік Сахалин жерлері 1922—1925 жылдары Жапония қарамағында бол- ды. Тайваньдағы, Кореядағы отарлау саясаты қылыштың күшімен жүргізілді. АҚШ пен Қытай бұған көнгісі келмеді. 1921—1922 жылдары Вашингтон конференциясында Жапония біраз шегініс жасауға мәжбүр болып, Шаньдуннан бас тартты. Оның әскери-теңіз флоты шектелді. 1924—1932 жылдары елді Сэйюкай, Минсэйто, Какку- син, Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді. Төменгі палатаның беделі өсіп, жоғары палатаны қалып- тастыруда императордың ықпалы төмендеді. 1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны көбейіп, бұл халықтың 16%-ын құрады. Өкімет жұмысшылар және кедей шаруалар қозғалысын 1923 жылғы қарашадағы жойқын жер сілкінісіне байла- нысты шараларды пайдалана отырып, басып тастады. 1920 жылдардың екінші жартысында Жапония би- леушілері озбырлық саяси бағыт ұстанды. Ең алдымен, олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып, содан кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді (Танака жоспа- ры). Ол үшін әскери күшін, теңіз флотын ұлғайтуға кірісті. 1929—1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары Жапония да біраз қиыншылықты бас- тан кешірді. Қытайдағы ішкі тартыстар мен бытыраңқы- лық жапон империалистерінің басқыншылық әрекетіне жеңілдік туғызды. Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Бұл жер- де жапон қарулы күштері шоғырланып, шекаралас КСРО 56 және Моңғол Халық Республикасына қауіп төндірді. Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа елдердің Қытайдағы қимылдары да көмектесті. Чан Кай- ши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді. 1920—1930 жылдар аралығындағы экономикалық дағдарыс өрістеп көптеген кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық жаппай белең алды. Шаруалардың жағ- дайы нашарлады. Елде саяси күрес күшейе түсті. Ол жұмысшылар мен қала тұрғындарының ереуілдерімен ғана тынбады. Ұлтшылдыққа, озбырлыққа құныққан орта топтар, әсіресе төменгі сатыдағы әскери топтар сыртқы және ішкі саясатты күшейту, керек болса, фашистік тәртіп орнату талаптарын көтерді. Төменгі шендегі офицерлер ереуілдері мен бүліктері өкіметті алаңдатпай қоймады. 1936 жылы осындай қақтығыста премьер-министр Сайто қаза тапты. Жаңа үкімет жаппай қарулану, Жапония мен Маньчжурияны қорғау жоспарын бекіту, үкімет мүшеле- рін қорғау және т.б. шараларды қолға алды. Бұлар Жаңа экономикалық құрылым және Жаңа саяси құрылым деп аталған бағдарламалардың негізін қалады. Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті. Жоғарыда аталған бағдарламаны 1937 жылы үкіметті басқарған князь Каноэ іске асыруға бел байлады. Сая- си партиялар жабылып, демократтар қамауға алынды. Сөйтіп, ұлттық бірлікке жету ойластырылды. Таққа көмектесу қауымдастығының мақсаты жаңадан таққа отырған императорды мадақтау, оған табыну болды. Озбырлық саясат ұстаған Жапония Германия мен Италияға жақындасты. Каноэ үкіметі 1937 жылғы 7 шіл- деде Қытайға қарсы үлкен соғыс ашып, оның ішкі аудан- дарын жаулап алды. 1939 жылы жапон әскерлері Моң- ғолияға шабуыл жасады. Бірақ Біріккен Моңғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегіну- ге мәжбүр болды. 1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан жеңіліп қалғанда, жапон үкіметі Үндіқытай (Вьетнам, Лаос, Камбоджа) мен Индонезия аралын, Малайзия 57 мен Сингапурды өзіне қаратуға кірісті. 1940 жылғы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия Үштік одақ аталған әскери бірлестігін құрды. 1941 жылы сәуір айында Жапония мен КСРО бес жылдық бейтараптық шартқа қол қойды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. Әлемді жойқын соғысқа итермелегендердің бірі болған жапон милитаристері тоқтаусыз шабуылдап, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс халықтарын қан қақсатты. Бірне- ше Қытай қалалары, соның ішінде, Тяньцзин, Нанкин, Шанхай, Ухань және т.б. қиратылып, бейбіт тұрғындар қырғынға ұшырады. Елде шовинистік ұрандар көтеріліп, “жапондықтар тәңірдің нұрына бөленген ерекше халық”, “Жапония бастаған азиялық гүлдену ғасыры басталды” деген ресми үгіт жүргізілді. КСРО-мен бейтараптық шарт жасасып алған соң оның негізгі озбырлық бағыты Оңтүстік-Шығыс Азияға ауысты. Қытайды басып-жаншып, ең дамыған аудандарын жаулап алып, оның байлығын өзіне тасыды. Үндіқытай елдері де тоналды. Тынық мұхит пен Азия аймағының негізгі қарсыласы АҚШ болғандықтан, оған қарсы соғысқа дайындық жасырын түрде жүргізілді. АҚШ басшылары да күдік тумас үшін Жапония 1940—1941 жылдары онымен бірнеше келіссөздер жүргізді. Екі ел сауда қатынастарын сақтап келді. 1941 жылы 7 желтоқсанда АҚШ-тың бүкіл Тынық мұхиттағы әскери-теңіз күштері шоғырланған Гавайядағы Перл-Харбор базасына тұтқиылдан жапон крейсерлері мен ұшақ таситын кемелері шабуыл жасап, жеңіске жетті. Содан соң көпке дейін бұл аймақта жапон үстемдігі орнады. Бірақ 1942 жылдың ортасына дейін Тынық мұхитта үстемдік құрған жапондар 1943 жылы теңіз шайқастарында біріккен американ-ағылшын күш- терінен жеңіле бастады. Филиппинді қайтарып алған АҚШ ұшақтары жапон аралдарын бомбалауға кірісті. 1944—1945 жылдары жапон қалалары мен кенттері қатты қиратылса да, оның саяси-әскери билеушілері соғысудан бас тартпады. 1945 жылы 6 және 9 тамызда АҚШ алғашқы атом бомбаларын Жапонияның екі қаласы — Хиросима мен Нагасакиге тастап, аталған қалаларды өртеп жіберді. 58 Әскері Азияның әр жерінде шашылып, өзі өрт астында қалған Жапонияға КСРО үкіметі Ялта—Потсдам келісімі- не сәйкес 9 тамызда соғыс жариялады. Кеңес Қарулы Күштері Квантун армиясына соққы беріп, Қытайдың солтүстік-шығыс ауданы мен Солтүстік Кореяны босатты. Оған қоса Оңтүстік Сахалинді, Куриль аралдарын басып алды. Бүкіл әлемді жаулап, билеп-төстеуді армандаған жапон саясатшылары мен генералдары 1945 жылы 2 қыркүйек- те тізе бүгуге еріксіз көнді. Шетел әскерлері ел тарихын- да бірінші рет жапон жеріне аяқ басып, ел егемендігінен айырылды. Көптеген бейбіт елдерге қырғын әкелген жапон мили- таризмі күйреп, халық бостандыққа жетті. Отарлық бұғауындағы Тайвань, Корея, Қытай жері азаттық алды. Осылайша, Қиыр Шығыстағы соғыс ошағы талқан- далды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына таман Қытайдың саяси бытыраңқылығы барынша ұлғайды. Пекиндегі орталық үкімет әлсіз болды. 1916 жылы президент Юань Шикай қайтыс болғаннан кейін провинциялардағы бүкіл билік губернатор-милитаристердің қолына тиді. 1917 жылы Қытай үкіметі Антанта блогын жақтап, Германия тобына соғыс жариялады. Бірақ Париждегі бітім туралы конфе- ренцияда Қытайдың мүддесі ескерілмеді. Дүниежүзі халықтарының азаттық қозғалысы, көр- шілес Ресейдегі революция, империалистік елдердің әділетсіз шешімдері Қытайда 1919 жылы болған 4 ма- мыр қозғалысына себеп болды. Ол Пекин университеті 64 студенттерінің ереуілдерінен басталды. Студент жас- тар Париж конференциясының әділетсіз шешімдеріне қарсы шығып, “Отандастар, көтеріліңдер!” деген ұран тастады. Жалпыұлттық сипатқа ие болған қозғалысқа жұмысшылар, қолөнершілер, саудагерлер, өнеркәсіп буржуазиясының өкілдері, зиялы қауым мен қаланың кедей тұрғындары қатысты. Көптеген қалаларда жапон тауарларына бойкот жарияланды. “4 мамыр қозғалысы” Қытайдағы ең күшті антиимпе- риалистік қозғалыс болды. Онымен санасуға мәжбүр бол- ған Париждегі Қытай үкіметінің ресми өкілдері Версаль бітіміне қол қоюдан бас тартты. Қытай коммунистік партиясының құрылуы. 1920 жыл- дардың басында Қытайда Пекин, Шанхай, Чанша сияқты ірі қалаларда бірнеше коммунистік үйірме пайда болды. Ең ірі марксшіл үйірменің бірін Пекин университетінде профессор Ли Дачжао (1888—1927 жж.) ұйымдастырды. Ол 1919 жылғы “4 мамыр қозғалысын” ұйымдастырушы- лар қатарындағы беделді қайраткер еді. Коммунистік Ин- тернационал өкілдерінің көмегімен 1921 жылғы шілдеде Шанхайда Қытай коммунистік партиясының бірінші съезі шақырылып, партияның жарғысы қабылданды. 1920—1922 жылдардағы саяси күрес. 1920 жылдың жазында Солтүстік Қытайдағы әскери-милитаристік топ- тар арасында саяси билік үшін өзара күрес бастады. Дәл осы кезеңде Оңтүстік Қытай аймақтарындағы саяси топ- тар Кантонға жиналып, Сунь Ятсен үкімет басшылығына шақырылды. Пекиннен қашқан парламент мүшелері де Кантонға жиналды. 1921 жылғы сәуірде олар Сунь Ятсен- ді Қытай Республикасының президенті деп жариялады. Осы қалада жаңа үкімет құрылды. Солтүстіктегі әскери топтар мен шетел державалары Сунь Ятсен басқарған үкіметті мойындамады. Ол Кеңес үкіметімен саяси байланыс орнатты. Революцияшыл Қытай армиясына офицер мамандар даярлау үшін Вампу аралында арнайы әскери мектеп ашылып, КСРО-дан келген әскери мамандар сабақ беруге кірісті. Оны қаржыландыру міндетін КСРО өз мойнына алды. Осы кезеңде Гоминьдан партиясы мен Қытай коммунисте- рінің арасында жақындасу байқала бастады. 65 1925—1927 жылдардағы Ұлттық революция. 1925 жылғы 30 мамыр- да Шанхайдағы жұмысшылар мен студенттердің антиимпериалистік ереуіліне ағылшын полицейлері оқ атып, бірнеше адам өлтірілді, көптеген адам жараланды. Бұл жа- залау наразылықтың жаппай саяси ереуілге айналуына түрткі болды. “30 мамыр қозғалысы” бүкілқытайлық революцияға ұласты. 1925 жылғы 1 маусымда Кантон революциялық үкіметі өзін Қытай Республикасының Ұлттық үкіметі деп жариялады. Шетел басқыншыларына және Қытайдың феодалдық-милитаристік күштеріне қарсы қытай бұқа- расы көтерілді. Революциялық қозғалыс жалпыхалық- тық, антиимпериалистік сипат алды. Гоминьдан мен коммунистер біртұтас майданға бірік- кеннен кейін Сунь Ятсен үкіметі орналасқан Гуандун провинциясы Қытай революциясының тұңғыш базасына айналды. Мұнда Ұлттық-революциялық армия жасақтала бастады. Бұл кезде Гоминьдан антиимпериалистік күштер блогының бұқаралық ұлттық партиясына айнала бастады. Революциялық үкімет шеңберін кеңейту үшін Солтүстік Қытайдағы милитаристер күшін талқандау қажет болды. Осы міндетті орындау үшін Ұлттық-революциялық армия 1926 жылы шілдеде Солтүстік жорығын бастады. Оның жоспарын жасауда және жүзеге асыруда кеңестік әскери мамандар үлкен рөл атқарды. 1926—1927 жылдары Ұлттық-революциялық армия үлкен жеңістерге жетті. Тоғыз айдың ішінде 7 ірі провин- ция, Ухань және Нанкин сияқты ірі қалалар, 150 млн-нан астам тұрғыны бар аумақтар Ұлттық үкімет билігін мо- йындады. 1925 жылдың наурыз айында Сунь Ятсен қайтыс болғаннан кейін ұлттық майдан құрамындағы коммунис- тер мен Гоминьдан арасында билік үшін тартыс өршіді. Гоминьдан басшылығына келген ұлттық буржуазия- ның өкілі генерал Ч а н К а й ш и (1887—1975 жж.) Сунь Ятсен 66 революциялық қозғалысты тежеп, төңкеріске әзірлене бастады. 1927 жылы наурыз айында Чан Кайшидің жақтастары Шанхайда, Нанкинде, шілдеде Ухань қаласында төңкеріс жасап, коммунистерді қудалай бастады. Біртұтас анти- империалистік майдан ыдырады. Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрестің басталуы. Осыдан кейін коммунистік партия қарулы күрес жолына көшуге мәжбүр болды. Коминтерн- нің көмегімен Мәскеуде өткен Қытай компартиясының VI съезінде өзгерген жағдайдағы күрестің жаңа такти- касы бекітілді. Оның негізгі міндеттері: 1) империализмге қарсы, ұлттық тәуелсіздік және елді біріктіру жолында күресу; 2) помещиктік жер иеленуді және феодалдық бұғаулар- ды жою; 3) реакцияшыл Гоминьдан үкіметін құлату және кеңестер түрінде жұмысшылар мен шаруалардың рево- люциялық-демократиялық үкіметін орнату болды. Бүкіл партиялық жұмыстың орталығы қаладан селоға ауыса бастады. Бұл аудандарда Жұмысшы-шаруа кеңес- тері және Қызыл армия бөлімдері құрылды. Алыстағы аудандарда Гоминьдан үкіметінің билігі онша берік емес еді. 1927—1937 жылдардың аралығында Оңтүстік және Орталық Қытайда 15 шақты кеңестік аудан және 300 мыңға жуық сарбазы бар Қызыл Армия бөлімшелері құрылды. Әскер қолбасшылығына Чжу Дэ (1886 —1976 жж.), ал комиссары болып Мао Цзэдун (1893—1976 жж.) тағайындалды. 1931 жылы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды. Оның төр- ағасы болып М а о Ц з э д у н сайланды. Кеңестік аудандарда помещик жері шаруаларға бөлініп берілді. Кәсіпорындарда 8 сағ-тық жұмыс күні, жалақысы төленетін демалыс беру тәртібі енгізілді. Ер адамдар мен әйелдердің құқығы теңестірілді. Еңбекшілерді оқыту үшін мыңдаған мектеп пен үйірме ашылды. Бұл аймақтағы өкімет саяси-әскери диктатура тәртібіне сүйенді. Гоминь- дан үкіметі қайткенде де Қытайдағы революция ошақта- рын жоюды көздеді. Сондықтан кеңес аудандарының өмірі күреске толы болды. 67 1934 жылы Гоминьдан үкіметі кеңес аудандарына қарсы ең күшті бесінші жазалау жорығын ұйымдастырып, ауыр соққы берді. Қызыл Армия бөлімшелері солтүстік- батыс провинцияларға шегінуге мәжбүр болды. Олар 12 мың шақырымдай шегініп, Шэньси-Ганьсу-Нинся провинцияларының түйіскен жерінде жаңа революция- лық орталық ұйымдастырды. 1937—1945 жылдардағы Қытай халқының Жапония басқыншылығына қарсы күресі. 1931 жылы қыркүйекте жапон әскерлері Қытайдың солтүстік-шығыс провинция- ларын (Маньчжурияны) басып алуға кірісті. Қытай елінің тәуелсіздігіне зор қауіп төнді. Жаңа жағдайда Қытай халқының басты жауы жапон империализмі екендігі атап көрсетілді. Коминтерн “Аза- мат соғысын тоқтатып, барлық күшті аса қауіпті жауға қарсы біріктіру керек” деп үгіттеді. 1937 жылы Жапония бүкіл Қытайды басып алуға бағытталған жаппай шабуылын бастап, едәуір табысқа қол жеткізді. Қытай коммунистік партиясы (ҚКП) біртұтас ұлттық майдан үшін Гоминьданмен бірігуге әзір екендігін мәлімдеді. Халықтың қысымымен Гоминьдан ҚКП-мен біртұтас майдан құруға келісуге мәжбүр болды. Қытай коммунистері біртұтас майдан мүддесі үшін өзінің саяси-әлеуметтік қағидаларының кейбір бағытта- рын өзгертуге әзір екенін білдірді. Олар: 1. Азаматтық соғысты тоқтатып, орталық үкіметті қолдау. 2. Кеңестік аудандарды Қытай Республикасының айрықша ауданы деп атап, оны орталық үкіметке бағын- дыру. Қызыл Армияны Ұлттық-революциялық армия деп өзгертіп, Нанкиндегі орталық әскери комитетке бағындыру. 3. Айрықша аудан аумағында жалпыға бірдей сайлау құқығына негізделген демократиялық тәртіп орнату. 4. Помещик жерін тәркілеуді тоқтатып, біртұтас ұлт- тық майданның бағдарламасын жүзеге асыру. Қытай халқына осы бір кезеңде Кеңес Одағы достық көмек көрсетті. 1937 жылы тамызда КСРО мен Қытай ара- сында өзара достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. КСРО Қытайға 250 млн доллар мөлшерінде 68 несие ашты. Қытайға танкілер, зеңбіректер, ұшақтар, жанармай, оқ-дәрі, пулеметтер беріп отырды. Қытай (Гоминьдан) үкіметінің өтінішіне сәйкес, КСРО Қытайға әскери кеңесшілер, әскери мамандар жіберді. Сарыөзек — Ланьчжоу тасжолы, Алматы — Ланьчжоу әуежолы іске қосылып, Қытай еліне қыруар жүктер жеткізіліп тұрды. Қытайдағы әуе шайқастарында 250-дей ерікті кеңес ұшқыштары қаза тапты. Елдің көптеген аудандарын Жа- пония басып алды. 1918—1940 жылдардағы Моңғолияның саяси-экономикалық даму жолдары. 1918 жылға дейін Моңғо- лия Азияның ең артта қалған елдерінің бірі еді. Халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жер және орасан көп мал билеуші діни феодалдардың (будда монас- тырьларының) меншігінде болды. Жайылымдық жері жоқ шаруалар (араттар) ауыр езгіде өмір сүрді. Өнеркәсіп дамудың ең төменгі сатысында еді. Лама діні моңғол қоғамында шексіз үстемдік етті. 1918 жылы моңғол хал- қының жалпы саны 647 мыңды ғана құрады. 120 мыңнан астам жігіт үйленбеуге, балалы болмауға ант беретін ламалар болды. Сауда қатынастары баспа-бас айырбас деңгейінде жүргізілді. Саяси құрылымы жағынан Моңғолия Қытайдың авто- номиялық бөлшегі болып, патша билігіне бағынды. Моңғо- лия билеушісін боғдыхан деп атады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгерістер Моңғолияға да әсерін тигізді. Моңғолияда орыс боль- шевиктері мен Коминтерннің қолдауы негізінде Сухэ- Батор 1921 жылы наурызда Моңғол Халық партиясын ұйымдастырды. Солтүстік Моңғолия аймақтарында Уақытша Халық үкіметі және революциялық армия бөлімшелері құрылды. Елдің Уақытша үкіметі Кеңестік Ресейден әскери көмек сұрады. Моңғолияға Ресей Қызыл Армия бөлімдері енгізіліп, 1921 жылы 8 шілдеде Урга қаласы азат етілді. КСРО-ның көмегімен құрылған Халық үкіметі боғ- дыхан билігін қалдырып, діни мәселелермен ғана шұғыл- дануға көндірді. Сөйтіп, 1921—1924 жылдарда Моңғолия шектеулі монархия түріндегі мемлекеттер қатарында болды. 69 1921 жылы Ресейдің тікелей қатысуымен өткен төңкерісті Моңғолияда Халық революциясы деп жариялады. 1924 жылы ақырғы боғ- дыхан дүниеден қайтты. Осы жылдың қараша айын- да конституция қабыл- данып, Моңғол Халық Рес- публикасы құрылғаны жа- рияланды. 1924 жылы кеңес өкі- метінің белсене араласуы- мен Х.Чойбалсан билік ба- сына келді. Чойбалсан Ко- минтернің және И.Сталиннің тікелей көмегімен 1926—28 жылдары қуғын-сүргін саясатын жүргізді. Нәтижесінде 1922—49 жылдары 71 мың адам саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Саяси қуғын-сүргіннен Моңғолиядағы қазақтар да жапа шекті. Чойбалсан үкіметті басқарған жылдары оның жекебасына табынушылық басталды. 1924—1940 жылдардағы экономикалық реформалар. ХХ ғасырдың 1920—1940 жылдарында Моңғол елі КСРО мемлекетінің саяси ықпалымен Коминтерн мен сталиндік үлгідегі социалистік құрылыс моделін іске асыруға кі- рісті. КСРО мамандарының және Коминтерн өкілдерінің көмегімен реформалар іске асырылды. Олардың қатарын- да жаңа әкімшілік құрылыс, жергілікті басқару орган- дарын жаңарту әрекеттерімен қатар, ақша және әскери реформалар, бірыңғай салық енгізу туралы заң қабыл- данды. 1929 жылғы қаңтарда ірі феодалдық топтардың мал- мүлкін тәркілеу туралы заң қабылдады. Сөйтіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар- дың пісіп-жетілуімен санаспай, саяси-әкімшілік басқару әдістерін қолданып, жаңа құбылыстарды жеделдету, қамшылау әрекеттеріне жол берілді. Сухэ-Батор ескерткiшi 70 1934 жылы монастырьлар жабылды, ламалар таратыл- ды, олардың 70%-ынан астамы қамауға алынып, атылды. 1940 жылы моңғол алфавиті кириллицаға көшірілді. Елде жаппай ұжымшарлар мен кеңшарлар құру шаралары басталды. Кеңестік Ресей дипломатиялық қатынасты орнатқан елдің алғашқыларының бірі Моңғолия болды. 1931 жылы Жапонияның Маньчжурияны жаулап алуы, онын кеңес- маньчжур және моңғол-маньчжур шекараларындағы арандатушылық әрекеттеріне қарсы кеңес-моңғол келісім- дері жасалды. 1934 жылы Кеңес үкіметімен өзара көмек жөнінде келісім жасалды. 1940 жылы наурызда Моңғолия халықтық-революциялық партиясының Х съезінде жаңа конституцияның жобасы мақұлданды. Моңғолия революциясының жалпы демократиялық кезеңі аяқталды. “Моңғолия қоғамы социалистік құры- лыстың негізін салуға бет бұрды” деген теориялық қағида жарияланды. Германиямен болған соғыс жылдарында моңғол халқы КСРО-ға шамасы келгенше көмектесіп келді.