Бүкіл әлемде денсаулық сақтау саласындағы шығындарды
медициналық көмек көрсетуге, сонымен қатар дәрілермен
қамсыздандыруға кететін шығындардың үнемі ұлғаюы қаржыландырудың
қажетті деңгейін корсету мүмкіндігіне қарағанда тез өседі.
Көрсетілген құбылыстың себептері төменде көрсетілген
экономикалық, медициналық және әлеуметтік-демографиялық
үдерістермен тығыз байланысты:
макроэкономиканың даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
инфляция;
жаңа медициналық технологиялардың, инновациялық дәрілік
препараттардың жасалуы;
тұрғындардың қартаюы;
жалпы аурушаңдықтың құрылымда созылмалы патология үлесінің
ұлғаюы.
Қазақстан Республикасы президенттінің «Қазақстан-2050»
Стратегиясы, Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясат бағыты» Қазақстан
халқына жолдауында ұлт денсаулығы біздің табысты болашақтың негізі
болады, ал денсаулық сақтаудың түйінді басымдылығы фармацевтикалық
көмектің, медициналық қызметтің сапалылығы және қолжетімділігі болып
табылады.
Бұл жағдайда клиникалық тәжірибеде жаңа заманауи емдік дәрілік
технологияларды қолдану қажеттілігі, әдетте, қымбат және олардың
экономикалық қолжетімділігі арасындағы қайшылықтар пайда болды.
Қазақстанда денсаулық сақтаудың заманауи бет алысы дәрілік
заттардың және шығындарды ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік реттеу
жолын күшейту болып табылады. Бірақ та, шығындарды минимизациялау
тұрғындарды медициналық қызметпен қамсыздандырудың жоғары
сапасына зиян келтірмеу қажет.
Фармакоэкономика бүгінгі жағдайда мемлекетке және тәжірибелік
денсаулық сақтау саласына дәрілермен қамсыздандыруға бөлінген бюджет
қаражатын тиімді қолдану жолын ұсынады, емдеу әдістерін таңдауды
ғылыми негіздеуге мүмкіншілік береді, тегін босатуға арналған дәрілік
заттардың тізімін құрастырады.
Фармакоэкономика – өз бетінше жаңа ғылым, ол тиімділік пен
шығындар, қауіпсіздік, ауруды емдеудің альтернативті схемаларында өмір
сапасы арасындағы салыстырмалы қатынастарды зерттейді.
Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтаудың бірлік Ұлттық
жүйесі жағдайында фармакоэкономикалық зерттеулер нәтижелері оңтайлы
медициналық араласудың таңдауда пациенттерді өмір сапасын есебімен
терапияны іске асыру, дәрілік заттардың формуляр тізімін жасауда, әр
түрлі медициналық бағдарламаларды клиникалық хаттамаларды бағалауда
маңызды.
6
Мұның бәрі осы пәнді зерттеу қажеттілігін анықтайды.
Фармакоэкономика негіздерінің мақсаты, қажетті білім деңгейін және
тәжірибе дағдыларын анықтайтын, сонымен бірге аурудың алдын-алу
да,емдеу шаралары және де диагностикалық кесте нәтижелігі
экономикалық әдісі болашақ фармацевтердің басты міндеті, тиімді дәрілік
түрлерді қамтамасыз етуде, жеке қолданушылар мен бірге мемлекеттік
мекемелерге қолдану мүмкіндігін беретін мамандарды дайындау болып
табылады.
Біздің оқулығымыздың мақсаты — фармакоэкономика негіздері
бойынша жүйелі білімдер қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды алу
және фармакоэкономикалық зерттеуді жүзеге асыру болып табылады.
«Фармакоэкономика негіздері» пәні таңдау бойынша компонент
шегінде оқылады. Осыған қарамастан, фармакоэкономикалық зерттеулер
нәтижелері дәрілік заттар айналым саласында басқарушылық шешім
қабылдаудың маңызды элементтерінің бірі және көптеген ғылыми
зерттеулердің негізгі құрамы болып табылады.
Ұсынылған материал «Фармакоэкономика негіздері» пәні бойынша
жұмыс бағдарламасы негізінде ОҚМФА-да құрастырылған.
Қазіргі басылымда шағын және шет мемлекеттерде жүргізілетін
фармакоэкономикалық зерттеулер тәжірибесі жинақтап қорытындыланады.
Оқулық фармацевтикалық факультеттердің (ЖОО) студенттеріне,
магистранттарына және оқытушыларына арналған және үздіксіз
мамандандырылудың білім беру жүйесінде қолданылуы мүмкін.