Германия Федеративтік Республикасы. Италия.
Жаулап алу саясаты. Ойсырай жеңілген Германия жерін одақтастардың әскерлері басып алды. Бастапқы кезеңде-ақ одақтастар, герман милитаризмі мен нацизмді жою, мемлекетті фашизм қалдықтарынан тазарту (дена- цификациялау), ірі картелдерді, соғысқұмар күштерді күйрету және демократияландыру қажеттігін жақтады. Потсдам конференциясының шешіміне сәйкес Герма- нияны басқару үшін Бақылау кеңесі құрылды. Үш батыс 110 аймақты — АҚШ, Ұлыбритания және Францияның әскери әкімшілігі, ал шығыс аймағын Кеңес әскери әкімшілігі биледі. “Қырғиқабақ соғыстың” қалыптасуы әр аймақтағы одақтастардың Германияны басқару саясатында қай- шылықтар тудырды. 1946 жылғы мамыр айында Парижде болған бес ұлы державаның Сыртқы істер министрлері Кеңесінің мәжілісінде Германиямен өзара бітім келісімін және бір- лескен экономикалық жаңартулардың жобасын дайындау принциптері жөнінде одақтастар ешбір мәмілеге келе ал- мады. Алғашқы экономикалық жаңартулар. Бүлінген ша- руашылық пен қаржы жүйесінің күйреуі Германияны дағдарысқа түсірді. 1945 жылдың соңында Кеңес Одағы басып алынған аймақтарда экономикалық реформаларды жүзеге асы- ру қимылдары байқалды. Кәсіпорындар тәркіленіп, экономиканың мемлекеттік секторларының қарамағына өтті. Экономика саласы жоспарлық жүйеге сүйеніп дами бастады. Аграрлық реформа қолға алынды. Батыс аймақтардағы экономикалық өзгерістер бас- қаша жағдайда жүзеге асырылды. Басып алушылар ме- таллургия топтарының ірі кәсіпорындарын тәркіледі. Біртіндеп батыстағы әкімшілік органдар кең түрде етек алған тәркілеу әрекеттерін доғарып, әскери-өндірістік объектілерді құнсыздандырудан бас тартты. “Маршалл жоспарына” арналған қаржының жартысы- нан көбі Батыс Германияға бөлінді. 1948 жылғы ақша реформасының нәтижесінде батыс аймақтардағы қолдағы көптеген бос ақшалар азайып, тұрақты ақша жүйесі құрылды. Бұл жағдай жекеменшік экономикалық қатынастарды жандандырды, өндірістік өнімнің өсуіне жағдай жасады. Сыртқы сауданың көлемі өсті. Шаруашылық қатынастарының дамуы екі аймақтағы экономикалық бөлшектенудің барысын тереңдетіп, елдің екі ірі аймаққа бөлінуіне әкеліп соқты. Басып алынған аймақтардағы саяси өзгерістер. Экономикалық өзгерістермен қатар, саяси өзгерістерге де жол ашылды. 111 Халықаралық Нюрнберг сотында нацистік және әске- ри қылмыскерлер жауапқа тартылды. Сонымен қатар одақтастар неміс саяси өміріне қатысушы топтардың құрамын жаңалады. Кеңес аймағында 1946 жылы Германия Коммунистік партиясы мен Социал-демократиялық партияның ра- дикалдық тобы бірігіп, Біріккен Германия Cоциалистік партиясы деп аталды. Ол жетекші саяси күш ретінде қалыптасты. Батыс аймақтарда христиандық-демократиялық қоз- ғалыс кең қанат жая бастады. 1945 жылы Аденауэр Хрис- тиандық-демократиялық одағы (ХДО) партиясын ұйым- дастырады. Бұл партия барлық христиандар және барлық әлеуметтік топтар ұйымы деп танылды. Соғысқа дейін К. Аденауэр (1876—1967 жж.) Кельн қаласының бургомистр қызметінде ерекше көзге түсті. 1933 жылы нацистер оны бұл қызметтен кетіреді, бірақ кейін қаланы азат еткен АҚШ әкімшілігі Аденауэрді қайтадан қызметке шақырады. Аденауэр ескі пруссия дәстүрін қолдамай, Германияның гүлденуін батыстық өркениет жо¬ лында ұйымдастыруды аңсады. Аденауэр ашықтан-ашық Батыс Гер¬ мания дербес мемлекетін құру пікірін қолдаған. 1946 жылы Баварияда Ф. Й. Штраус бастаған Хрис- тиандық-әлеуметтік одақ (ХӘО) партиясы құрылып, Аденауэрдің саяси бағдарламасын жақтайтындығын мәлімдеді. Германия мәселесі “қырғиқабақ соғыстың” туындауы- на үлкен әсер тигізді. 1948 жылғы Берлин дағдарысы және Германияның ыдырауы. 1948 жылы ақпан—маусым айларында Лон- дон конференциясында Кеңес Одағы өкілдерінің тікелей қатыспағанына қарамастан Германия мәселесі қаралды. Конференция Құрылтай жиылысын шақырып, жаңа Германия мемлекетінің конституциясын дайындау керек деген шешім қабылдады. Сол кезеңде америкалық әкімшілік Германияның ба- тыс бөліктеріне “Маршалл жоспарын” кең таратты. Ақша реформасы жүргізілді. Бұған жауап ретінде Шығыс Гер- мания аумағында шығыс маркасы енгізілді. 1948 жылғы 24 маусымынан бастап кеңес әскерлері Батыс Берлин 112 бөлшегін қоршап, басқа батыс аймақтармен барлық қатынастарын үзді. Батыс Берлин тұрғындары қоршауда қалды, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету қиынға соқты. Сөйтіп, Берлин дағдарысы басталды. Батыс Берлин тұрғындарының жағдайын жақсарту және азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін АҚШ әкімшілігі әуежолын пайдаланды. 324 күн бойы АҚШ-тың ауыр ұшақтары азық-түлік және басқа керекті заттарды жеткізумен болды. Саяси саладағы маңызды құбылыс Германияның батыс аймақтары үшін конституция да- йындайтын парламенттік кеңес құруды талап етті. Осы негізде 1949 жылғы 14 тамызда бундестаг сайлауы өткізілді. Мұнда жетекші рөлде ХДО болды. Жоғары палата — бундесрат — жергілікті өкілдерден құрылды. 1949 жылы 7 қыркүйекте конституциясы бекітіліп, Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды. К. Аденауэр ГФР үкіметін басқарды. Шығыс Германияда 1949 жылы 7 қазанда Герман Демократиялық Республикасы (ГДР) құрылды. Сөйтіп, Германия жерінде әлеуметтік жүйесі екі түрлі қос мемле- кет пайда болды. Аденауэр кезеңі. Германдық “экономикалық ғажап” (1949—1963 жж.). ГФР әлеуметтік мәселелердегі мем- лекеттің жауапкершілігін негіздейтін саясат ұстанды. Ол жаңа либерализм бағыты еді. Жалпыұлттық маңызы бар өнеркәсіпті қаржыландыру үшін қаржы қорларын жинау керек болды. Нарықтық қатынастардың дамуына соғыстан кейінгі жылдардағы күшті корпорацияларды нығайту шаралары әсер етті. Екі онжылдықта елдің өнеркәсібі 8,5 есе өсті. ГФР-де ин- дустрияны жаңғырту үрдісі басталды. Еңбекке қабілетті барлық тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етілді, ереуілдер сиреді, тұрмыс деңгейі көтерілді. “Германдық ғажаптың” алғышарттық негіздері бар болатын. Алдымен шаруашылықты қалпына келтіру және өндірісті жаңарту әрекеті ең жаңа техникалық негіздерге сүйенді. Жаңарту жүйесі өндіріс пен капиталды барынша шоғырландыру арқылы іске асты. Әскери шығындардың болмауы неміс халқы үшін едәуір жеңілдік әкелді. Сондай- ақ Германияда отарларды басқаруға кететін шығындар жоқ болды. 113 60-жылдардың ортасы мен 80-жылдардың басындағы ГФР-дің ішкі саяси дамуы. ГФР-дің Конституциясы мемлекеттің дамуының басты тірегі болды. Заң негізінде демократиялық-әлеуметтік және федеративтік мемлекет құрылып, азаматтардың негізгі демократиялық-заңдылық шеңберіндегі теңдігі, жеке адамның еркіндігі, әйел мен ер адамның теңдігі, саяси көзқарастың, жиналыстың, баспасөздің еркіндігі және т.б. құқығы жарияланды. ГФР-дің мемлекеттік басқару әдісін канцлерлік рес- публика деп атайды. ГФР-дің саяси жүйесінде бірнеше саяси партиялар басты рөл атқарады. Олардың қатарында Христиандық- демократиялық одағы (ХДО) және Германия социал- демократиялық партиясы (ГСДП), сондай-ақ Еркін демократиялық партия (ЕДП) да болды. 1963 жылдың қазанында К.Аденауэр қызметтен кетті. Бірақ ХДО партиясы саяси билікті 6 жыл бойы өз ықпалында сақтады. 1963—1966 жылдары Л. Эр- хард (ХДО), 1966—1969 жылдары К. Кизингер (ХДО) кабинеттері “Германдық ғажапты” сақтауға күш салды. 1969 жылы парламенттік сайлауда социал-демокра- тиялық партияның өкілдері бас болып, өзінің жетекшісі Вилли Брандты канцлер қызметіне сайлады (1969— 1974 жж.). В. Брандт үкіметі Польшамен, Чехословакиямен, КСРО және ГДР елдерімен қарым-қатынасын қалыпқа келтіру әрекетін қолдап, Германияны күштеп біріктіруден бас тартты. Оның бағдарламасында мемлекеттік реттеу және әлеуметтік бақылау маңызды орын алды. Дегенмен 1970 жылдардағы дағдарыстар бұл жоспарды жүзеге асыруға кедергі болды. Өнім өндіру қарқыны 2%-ға дейін төмендеді. 1974 жылы В. Брандт қызметтен кетуге мәжбүр болды. 1974—1982 жылдары канцлер қызметін “темір канцлер” атанған социалистердің өкілі Гельмут Шмидт атқарды. 1974—1975 және 1980—1982 жылдарда әлемдік дағ- дарыс көріністері экономикалық дамудың қарқынын төмендетті. Неміс неоконсерваторларының 80-жылдардағы сая¬ саты. 1982 жылдың шілдесінде келесі жылғы бюджетті 114 талқылау барысында экономика министрінің портфеліне ие болып отырған ЕДП өкілі әлеуметтік салаларға бөлінген қаржы мөлшерін кемітуді ұсынды. Бірақ ГСДП өкілдері бұған қарсы шықты. Үкіметтің бірлігі жойылды. Кабинет қызметтен кетуге мәжбүр болды. 1983 жылғы көктемде өткен сайлауда өкімет билігі ХДО/ХӘО тобына өтіп, оның жетекшісі Гельмут Коль 1990 жылдардың соңына дейін канцлер орнын ұстап келді. Г. Коль (1983—1998 жж.) саясаткерлердің жаңа санатына жатты. Ол христиандық-демократиялық қозғалыстың неоконсервативтік идеологиясын үйлестірді. Ол Людвиг Эрхард рухында реформа жүргізіп, мемлекеттің экономика салаларына терең түрде араласуы¬ на тежеу қойып, нарықтық шаруашылықтың барынша дамуына дем берді. Ел экономикасы қарқынды дамыды. Әлеуметтік-эко- номикалық саясатта жаңа үкімет салық мөлшерін азайт- ты, мемлекеттік шығындарды кемітті. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқартты. Мемлекет кейбір салалардағы кәсіпорындарды жекешелендіріп, шағын электроника мен телекоммуникация салаларында жаңа технологиялар енгізді. Біртіндеп жұмыссыздар саны да азайтылды. Г. Кольдің басқару кезеңі жаңа әлемдік экономикалық гүлдену дәуірімен үйлесті. Жаңа индустриалдық қоғам жағдайын- да Германия экономикасы ғылыми-электрондық техника негізінде күрделі өзгерістер жасауға қол жеткізді. Шығыс Германиядағы социализм құрылысының дағдарысы (ГДР). 1949 жылы қабылданған ГДР Консти- туциясы Шығыс Германия өңірінде пролетариат дикта- турасы негізіндегі мемлекетті құруды міндеттеді. Кон- ституцияда демократиялық құқықтар мен азаматтардың бас бостандығы уағыздалған-ды. ГДР-де көппартиялық жүйе сақталды. Бірақ мұның басты ерекшелігі — барлық партиялар Германияның социалистік біртұтас партиясы (ГСБП) бастаған Ұлттық майданға бірікті. 16 млн халқы бар ел социализмнің кеңестік үлгісін бетке ұстап, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің моде- ліндей болып дамыды. Бірақ неміс халқы материалдық қорды есепсіз шашуға қарсы болды. Өнімді үнемдеу 115 тәртібі бекітілді. Азық-түлік карточкасы 1958 жылға дейін сақталды. Әлеуметтік қиыншылықтар стихиялы халықтық қозғалыстарды туғызды. Сталин өлгеннен кейін ГДР басшылары ескі қателіктерді жөндеп, жаңа бағытты қолдайтындықтары туралы уәде берді. Осы уәденің ізімен шаруалар мен қолөнершілер отбасыларының салық мөлшері кемітілді. Бірақ қалалардағы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру әрекеттері жұмысшылардың қарсылығын тудырды. 1953 жылдың 17 маусымында көптеген қалаларда жаппай толқулар болып өтті. Бұл көтерілістің себебі ГСБП-ның ел сенімінен шығуы, халықтың өміріндегі қиыншылықтар, кеңес әскерлерінің неміс жерінен шығармауына байланысты болды. Қозғалыстарды басу үшін кеңес әскерлерінің бөлімшелері қатыстырылды. Халықтың қарсылығы әртүрлі сипатта байқалды: Шы- ғыстағы неміс халқының көпшілігі (Батысқа) ГФР-ге қаша бастады. ГДР халқының батысқа ауа көшуін тоқтату үшін 1961 жылдың 13-14 тамызында Берлин қабырғасы тұр- ғызылды. 1980 жылдардың соңында ГДР-дегі жағдай нашарлай түсті. Экономиканың әр саласында келеңсіздіктер көбейіп, қаржы жетіспеушілігі жылдан-жылға өсіп, мемлекеттің берешегі 20 млрд доллардан асты. Митингілерде саяси реформалар талаптары алға қо- йылды. Жаңа саяси және қоғамдық ұйымдар құрылды. Олар “Германия альянсы”, “Жаңа форум” деген атауларға ие болды. 1989 жылдың қазан айында ГДР-дің 40 жылдық мерекесін тойлағаннан кейін, ел ішінде ірі бұқаралық толқулар болып, олар полицияның күшімен таратылды. ГСБП-ның басшылығы ауысты. ГСБП Демократиялық социализм партиясы болып жаңаланды. 9 қарашада Берлин қабырғасы қиратылды. Герман Демократиялық Республикасында “барқыт революциясы” жеңді. Екі герман мемлекетін біріктіру процесі. ГДР Минис- трлер Кеңесінің жаңа төрағасы Ханс Модров ГФР-мен жақындасу үшін Бірлестік келісімшартының жоспа- рын жариялады. Екі Германия мемлекетінің арасында экономикалық, қаржылық және көлік-байланыс одағына 116 сүйенген конфедерация, ал келешекте Федерациялық бірлестік құрылуы ұсынған. Мұны Г. Коль де жақтады. Екі жақтың бірігуі стихиялық жағдай туғызып, ба- қылаусыз сипатқа ие болды. ГДР аумағында мемлекеттік құрылыс пен саяси партиялардың ыдырауы жылдамдады, экономика саласында тоқырау белең ала бастады. Г. Коль ГДР-де сайлау өткізіп, содан кейін қаржы, экономикалық және әлеуметтік одақтар құруды жақтады. Алдағы болатын алғашқы ерікті сайлау қарсаңында саяси күштердің бірігіп, нығаюы байқалды. 1990 жылдың наурызында коммунистік емес аймақтық христиандық- демократтардың оппозициялық тобы жеңіске жетті. Аймақтық ХДО Германияны біріктіру жоспарын ұсынды. Ол бойынша Шығыс Германия ГФР-дің құрамына еніп, ГДР жойылатын болды. Бірігудің халықаралық-құқықтық шарты (ГДР, ГФР, КСРО, АҚШ, Франция, Ұлыбританияның қатысуымен) “2 + 4” формуласы бойынша іске асырылатын болды. Келіссөздер 1990 жылдың мамырында басталды. 1990 жылғы 3 қазандағы келісім бойынша ГДР-дің жері ГФР-дің құрамына өтті. Бірқатар халықаралық сипаттағы құжаттар Гер- манияның бірігу үрдісін аяқтады. Жеңіске жеткен төрт держава мен ГФР 1990 жылғы 12 қыркүйекте Мәскеуде Германияға қатысты мәселенің реттелуі туралы келісімге де қол қойды. Осы жолы КСРО мен Германия арасындағы қарым-қатынас, көршілестік, серіктестік туралы келісім жасалды. Бұл құжаттарда еуропалық шекараны бұзбау, Германияға жаппай қырып-жоятын қару иеленуге ты- йым салу, бундесвер әскері санын белгілеу, КСРО Қарулы күштерін біріккен Германияның шығыс бөлігінен шығару шаралары қарастырылды. Германияға байланысты төрт жақты құқықтық және жауапкершілік қатынасты тоқтату туралы құжат іске асты. Біріккен Германияның саяси және әлеуметтік-эко¬ номикалық дамуы. 1990 жылғы 2 желтоқсанда Гер- манияның екі бөлігінде де алғашқы сайлау өтіп, ХДО бастаған бірлестік ойдағыдай жеңіске ие болды. Канц- лер Г. Коль бірінші жалпы германдық үкіметті құрып, 1998 жылға дейін басқару билігін өз қолында ұстады. 117 1998 жылғы сайлауда ГСДП өкілдері бундестагта 298 мандатқа ие болып, үкімет басына оның жетекшісі Герхард Шрёдер (1998—2002, 2002—2006 жж.) келді. Біріккен Германияның әлеуметтік-экономикалық даму процесі оңайлықпен жалғаса қойған жоқ. 1990 жылы басталған Германияның экономикалық жаңару үрдісі, екі елді қосу әрекеті өзінің тиімді нәтижесін бере қоймады. Қазіргі Германияның халықаралық жағдайы. Гер- манияның бірігуі бұл елдің дүниежүзі халықтары ал- дындағы мәртебесін жоғары дәрежеге көтерді және әлем- дік саясаттағы салмағын өсіре түсті. 1991 жылы Германия Парсы шығанағындағы соғыстан бас тартты. Бірақ оған қолдау ретінде 17 млрд марка мөлшерінде қаржы бөлді. Германия үкіметі АҚШ-тың Ирактағы соғысқұмарлық әрекеттерін сынға алып, қарсылық пікірін білдірді. Герма- ния үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымын жаңартуды жақтап, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігін кеңейтіп, оның құрамына өз өкілдерін қосуды талап етуде. ГФР 1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Респуб- ликасының тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынас орнатты. 2005 жылы парламент сайлауы кезінде Христиандық- демократиялық одақ Социал-демократиялық партиядан шағын ғана дауыспен алға шықты. ХДО-ның жетекшісі Ангела Меркель екі ірі партиялар өкілдері қатысқан коалициялық үкіметті басқаруға тағайындалды. Қазіргі кезде ГФР еуро аймағындағы дағдарысты реттеуге батыл қатысуда. 2012 жылы мамырдағы кейбір жергілікті сайлауда билеуші христиан демократтарының беделі төменденгені байқалды.
ИТАЛИЯ Италияның соғыстан кейінгі жағдайы және рес¬ публиканың құрылуы. Соғыстан кейінгі кезеңдегі жағ- дайдың қиыншылығы мемлекеттік дербестікті сақтап, республикалық құрылым тәртібін нығайтуға негізделді. Ал 1946 жылдың 2 маусымында референдум өтіп, халық республикалық құрылысты жақтады. 1945—1947 жылдары билік басында коалициялық үкімет болды. Коммунистік партия (1,5 млн мүшесі бар) және Социалистік партия (700 мың) басым болды. Бұл партиялар христиандық демократтармен бірігіп, Консти- туцияны дайындауға өз үлестерін қосты. Жаңа Конститу- ция 1948 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Бірінші республикалық парламент сайлауы 1948 жыл- дың сәуір айында өтті. 48% дауысқа ие болған Христиан- дық-демократиялық партиясы (ХДП) жеңіске жетті. ХДП жетекшісі де Гаспери төрт партия үкіметін құрды, оған христиандық демократтар, социал-демократтар, рес- публикашылдар және либералдар кірді. Италияның әлеуметтік-экономикалық даму ерек¬ шеліктері. 1950—1960 жылдары Италияның экономика- лық даму қарқыны бірден жоғарылап, “италиялық ғажап” терминін тудырды. Ол екі онжылдықта дамыған капиталистік елдер ішінен өсу қарқыны бойынша бі- рінші орын алды. Келесі он жыл ішінде Италия орта даму деңгейіндегі аграрлы-өнеркәсіптік елден өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған елге айналды. Италияның экономикалық жүйесінде ерекше үш басты модель қа- лыптасты: 1) Солтүстік-Батыс Италияда (Милан, Генуя, Турин қалалары төңірегінде) аса ірі өнеркәсіптік өндіріс алдыңғы қатарлы технологиямен (автокөлік, химия, компьютер, авиация және т.б.) жарақтандырылды. 2) Солтүстік-Шығыс және Орталық Италияда (Тос- кана, Эмилия-Романья, Венеция) ұсақ және орташа фир- малар ежелгі италиялық өндіріс түрлерін (керамикалық тақта, киім, аяқкиім) дамытып, ұсақ қалалардың төңі- регіне шоғырланды. 119 3) Оңтүстік Италия (Неапольдан Сицилияға дейін) артта қалған аймақ болды. Оның тұрғындарының көпшілі- гі эмиграцияға кеткендер қатарында болды. Италиядағы партиялық-саяси құрылымдардың да¬ муы. 1950 жылдардың басында Италияда саяси және партиялық жүйелердің бір-бірінен бөліну үрдісі басталды. 1960 жылдарда ХДП тобы солшыл орталықшылдар стратегиясы бағытына көшіп, партияның жетекшісі А. Фанфани социал-демократтар және республикашыл- дармен бірігіп, жаңа үкімет құрамын құрды. Италия социалистік партиясы (ИСП) мен Коммунистік пар- тиясының өкілдері араласқаннан кейін, бұл үкіметтер солшыл орталықшылдар деп аталды. 1963—1968 және 1974—1976 жылдарда оның басына Италияның ең ірі сая- си қайраткері Альдо Моро келді. 70-жылдар ортасынан жағдай өзгерді. 1976 жылғы сайлауда ХДП — 35%, Коммунистік партия 34% дауыс алды. Сөйтіп, компартияны бөліп тастау ниеті жүзеге аспады. Италияның жетекші саясатшылары үшін айқын болған нәрсе — не оңшыл орталықшылдар саясаты, не солшыл орталықшылдар саясаты елді саяси тұрақтылық- қа әкеле алмады. ХДП-ның көрнекті мүшесі Альдо Моро үшінші жолды ұсынды, ол компартияны елді басқару ісіне қатысуға шақырды. Бұл кезде компартия тарихи ымыра- ласу идеясын жақтайтын еді. 1977 жылғы маусымда компартия үкімет саясатын қолдайтын келісімге қол қойды. Үкіметті ХДП жетек- шісі Дж. Андреотти басқарды. Оның құрамында ком- мунистер болмады. Үкімет бағдарламасы дүниежүзілік экономикалық қиыншылықтармен күрес жүргізуді қарастырды. Саяси дағдарысты шешуге жасалған бұл қадам 1978 жылы елдегі қызыл бригада деп аталатын топтың қылмыстық әрекетінен үзіліп қалды. Олар ХДП-ның басты қайраткері Альдо Мороны өлтірді. Бұл өкіметтік дағдарыс кабинеттің құлап, компартия оппозицияға кетуімен аяқталды. Бұдан соң Италияның көп санды үкіметі 5 пар- тиялық коалиция негізінде құрылды. 120 ХХ ғасырдың соңы — ХХI ғасырдың басындағы Италияның саясаты. 1981 жылы үкімет құру құқығы республикашылдар жетекшісі Спадолинниге, кейін Социа- листік партия жетекшісі Б. Краксиге берілді. 1992 жылғы парламент сайлауы басты саяси партиялардың: ИКП, ИСП және ХДП-ның рөлі төмендегенін дәлелдеді. Сол жылдың басында Италияда “Таза қол” атты кең көлемді қозғалыс дамыды. Ол өкіметтің ең жоғары сатысындағы және басты саяси партиялар басшыларының арасын жемқорлардан тазалауға арналды. “Таза қолдың” тергеу тізіміне 20 мыңнан астам адам ілінді. Екі жыл ішінде 2 мыңнан астам адам тұтқындалды. Сотқа шақырғандар ішінде — бұрынғы премьер-министр Дж. Андреотти, Б. Кракси, парламент және сенат депутат- тары болды. 1994 жылы наурызда болған парламент сай- лауы бұрынғы партиялық жүйенің толығымен күйрегенін дәлелдеді. ХДП үш саяси ағымға кетті. ИСП өзін-өзі та- ратты. Компартия Солшыл күштердің демократиялық партиясына (СКДП) айналды. Сайлауға шебінде миллионер С. Берлускони басқарған “Алға, Италия!”, федералист У. Босси басқарған “Солтүс- тік Лига” және неофашистер мен ұлтшыл оңшыл күштер- дің бірлігі — “Ұлттық альянс” топтары қатысты. “Солтүстік Лига” мен неофашистік “Ұлттық альянс” коалициясы негізінде С.Берлускони үкіметі құрылды. 1994 жылдың соңында салық ережесін бұрмалады деп кінә тағылғаннан кейін ол қызметінен кетуге мәжбүр болды. 53-есептегі жаңа Италия үкіметі партиясыз негізде құрылды. Оны тәуелсіз кандидат Ламберто Дини басқар- ды. Алайда бұл үкімет саяси дағдарысқа төтеп бере алма- ды. 1996 жылдың сәуір айында өткен парламенттің кезек- тен тыс сайлауы солшыл күштерге жеңіс әкелді. “Зәйтүн ағашы” блогының жетекші күші СКДП болды. Бұл партия 22%-дан артық дауыс алып, бірінші орынға шықты. Бірақ бұл деңгей үкімет құру үшін жеткіліксіз болды. Үкіметті солшыл орталықшыл (центрист) Р. Проди басқарды, бірнеше коммунистер министрлік қызметке бекітілді. 1996—2001 жылдар аралығындағы солшыл топтар үкіметі (Р. Проди және М. Д. Алема бұрынғы комму- нист) кезінде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 121 нәтижесінде қазынаға 60 млрд доллар көлемінде таза пайда түсірді. 1 млн-нан астам жұмыс орындары дайында- лып, ел ішінде жұмыссыздық сиреді. Әскери реформаның арқасында жаппай міндетті әскери қызмет жойылып, келісімді әскери қызмет жүйесі тәртібі енгізілді. Италияда еуро валютасы енгізілді. Аталған кезеңде бұрын айыпталған саяси қайраткер- лердің (С. Берлускони, Дж. Андреотти) істері қайта қаралып, соттың шешімі негізінде ақталды. Олардың сая- си өмірге қайта араласуына жағдай жасалды. 2001 жыл- дың мамыр айындағы Парламенттік сайлауда С. Берлуско- ни бастаған саяси одақ үлкен жеңіске ие болды. Кейінгі жылдары Италиядағы Министрлер кабинеті үш рет өзгерді. 2008 жылы үшінші рет үкімет басына С. Берлускони келді. Бұл жолы ол елдегі ең өзекті мәсе- ле — әлеуметтік қайшылықтарды шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесі орындалмады. Бірнеше рет бизнеске және жекебасына қатысты мәселелер үшін ісі тергелген Берлускони 2011 жылдың соңында қызметтен кетуге мәжбүр болды. Италия қаржы дағдарысына келіп кірді. Қазақстан Республикасының Италиямен қарым-қа- тынастарының ерекше мәні бар. Италия Республикасы — егеменді Қазақстанның беделді сауда-экономикалық се- ріктесі. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің жеңілген Германияны бас¬ қару принциптерінің негізін айырып айтыңдар. 2. Жаулап алынған аймақтардағы саяси өзгерістер қандай жағдайда өтті? Германияның ыдырау себептері қандай? 3. Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құрудың әдісі қандай болды? Германдық “экономикалық ғажаптың” алғышарттары қандай? 4. В. Бранд кезіндегі ГФР саясатының даму ерекшелігі неге байланысты болды? 5. Германияны біріктірудің ішкі және сыртқы аспектілері қандай болды? Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Италиядағы демократия мен республикалық тәртіпті қайта қалпына келтіруге қандай саяси күштер қатысты? 2. Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қа¬ лай айқындалады? Италиядағы “экономикалық ғажаптың” себептері неде? 3. Не себептен Италиядағы Орталықшылдар бағыты саяси тұрақты¬ лықтың негізі болып, көп жылдар бойы өмір сүрді?