Бизнес-жоспар және оның негізгі құрылымы
Адамзаттың хайуанаттан айырмашылығы алдағы істейтін жұмысын, ой, қимылын алдын-ала ойластырып жоспарлап алады.
Қазақстанда экономикалық реформа жүргізген жағдайда – нарықтық экономикаға көшуде өрескел қателіктер болды. Оның болу себебі алдын ала ойластырылып жоспарланбағанның салдарынан.
Ойлаған ойдың негізделуін және күтілген қорытындының берік болуын іске асыру үшін шет елдер тәжірибесі және логика кәсіпкерлік істі жоспарлау керек екендігін көрсетеді. Егер, кәсіпкер өз алдына жеке фирма құрғысы келсе, жаңа өнім өндіруді ұйымдастырғысы келсе бизнес-жоспар жасауы керек.
Бизнес-жоспар – бұл жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің (ойлаған істің) барлық мүмкіндіктері талданады және фирма, компанияларды басқаруда бар мүмкіндіктерді пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.
Бизнес-жоспар – бұл қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, шаралар мен әрекеттердің мақсаттары мен ресурстарына сәйкес, уақытта және кеңістікте байланысқан жүйесі.
Бизнес-жоспардың міндеті кәсіпкерге келесі сұрақтарды шешуге көмектеседі:
1. өткізу нарығының болашақтағы даму перспективаларын және сыйымдылығын зерттеу;
2. нарыққа қажетті өнімдерді өндіру мен өткізу үшін қажетті шығындарды бағалау, кәсіпорынның пайдалылығын анықтау мақсатында оны сатуға болатын олардың бағаларын салыстыру;
3. кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру процесінде пайда болуы мүмкін қиындықтарды анықтау;
4. істің жағдайын тұрақты анықтауға көмектесетін көрсеткіштерді бөліп көрсету.
Егер сыртқы қаржыландыру талап етілсе, шебер және мұқият құрастырылған бизнес-жоспар, жобаны объективті бағалауға қызығушы адамдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Бизнес-жоспардың құндылығы:
• бәсеке жағдайында болашақ кәсіпорынның өмір сүруін анықтау мүмкіндігін береді;
• кәсіпорынды құру кезеңінде бизнесмен сәйкес әрекет ететін бағыттарды көрсетеді;
• сыртқы инвесторлардан қаржылық көмек алудың маңызды құралы.
Нақты және шынай бизнес-жоспарды жасаудың алдын-ала қажетті шарты технико-экономикалық зерттеулер жүргізу болып табылады.
Бизнес-жоспар келесмі жұмыстарды орындайды:
— серіктестер мен инвесторлар болашақ өндіріске, оның көмегіне және нарықтағы потенциалына (қуатына), баға деңгейіне, өнімді нарыққа қозғау әдістеріне, болашақ алынатын пайда мөлшеріне т.б. көрсеткіштерге аса көңіл аударады;
— бизнес-жоспарды жасаушы кәсіпкер, фирма немесе компания өндірістік, қаржылық көрсеткіштер ғана емес, болашақ серіктестіктерді, инвесторларды осы істі атқаратын кадр потенциалының және материалдық ресурстардың жеткілікті екеніне шандыруы керек. Құрылатын ұйым өзінің мүмкіншілігін сауатты және тиімді ұйымдастырып болжамды бизнесті үйлестіріп және басқара алатынын көрсетуі тиіс;
— бизнес-жоспарды жасақтағанда тиянақты, нақты көрсеткіштермен логикалық, үйлесімділік және шанымдылық болуы керек. Оны оқитын ақша-қаражаты бар кісілер тек қана тиянақты цифрларға олардың шанымды есептелгеніне көңіл аударады. Бизнес деген ағылшын сөзі – пайда беретін қандай да болмасын экономикалық іс. Бизнес-жоспардың басты міндеті – пайда табу, сондықтан мұны кәсіпкерлік іс жобасныың жоспары деп қарау керек.
Бизнес-жоспарда болашақта мүмкін болатын және практикалық іске асатын кәсіпкерлік істің жобасы белгіленген мақсатқа жету жолдары көзделеді. Бұл негізінде бір істі істеуде және осы арқылы пайда табуға бағытталған жоспар-бағдарлама, яғни ойланған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру шаралар жүйесі.
Бизнес-жоспардың объективтік қажеттілігі мына жағдайлармен байланысты:
— алға қойылған мақсатты сіке асыру үшін потенциялды мүмкіндіктерді ескеру арқылы стратегиялық және тактикалық іс-әрекеттерді жасақтау. Ол ағымдағы және болашақ жоспарлар арқылы іске асады.;
— кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын және жоспарлы бизнесіне сын көзбен қарау;
— дүние жүзілік практикада алдын ала жасалған объективті жоспар болмаса іске сәттілік күту мүмкін емес.
Бизнес-жоспар жұмыс істеп тұрған өндірісті жетілдіруге, оның басты бағыттарын анықтауға пайдасы мол. Бизнес-жоспар жасаудың басқа жағынан да қажеттілігі бар. Ол бизнеспен қатынасы бар адамдарға жақсы, яғни қолайлы әсер етеді: инвесторларға қаржыгерлерге, потенциалды акционерлерге т.б.
Бизнес-жоспар істе қателік жібермеуге, компанияның кәсіпорынның өмірге келуіне, табысының өсуіне үлкен әсерін тигізеді.
Бизнес-жоспар негізінде жүргізілген кәсіпкерлік іс табыс көзі, сәтсіздікке ұшыратпайды, шаруашылық тәуекелді азайтады.
Бизнес-жоспарға қойылатын талаптар:
1. Бизнес-жоспарды ойлаған істі іске асыратын басшының өзі дербес қатынасуы керек. Барлық шетелдік банкілер, инвесторлық фирмалар, венчурлық капиталистер, егер жоспар шеттен келген кеңесшілер даярлап, басшасы қол қойған болса ондай жоспарға қаражат бөлмейді. Оны қалай біледі десек жеке әңгімеде анықтайды, жоспардың цифрларына дәлелдеме талап етеді.
2. Бірақ ол шеттен кеңесші алуға болмайды деген сөз емес. Әрбер салалардан мамандарды алу керек. Егер күрделі жоспар болған жағдайда , онда тек жоспар жан-жақты дәлелді болады. Бұл жағдайда кәсіпкер-орындаушы өзінің жан-жақты даярлығын арттырады, себебі барлық істің егжей-тегжейін біледі.
Бизнес-жоспардың құрылымы
Бизнес-жоспардың маңызы, құрылымы регламенттелмейді (қатаң, белгілеу), дегенмен көпшілік жағдайда практикада мына бөлімдерден тұрады:
1. резюме (жоспардың қорытынды түіні);
2. тұтынушыға ұсынылатын өнімдер, тауарлар және қызметтер сипаттамасы;
3. өнім өткізу нарығын бағалау;
4. бәсекелестік;
5. маркетингтік стратегия;
6. өндіріс жоспары;
7. ұйымдастыру жоспары;
8. әділеттілік жоспары;
9. тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау;
10. қаржылық жоспар.
1.Резюме (жоспардың қорытынды түйіні)
Бизнес-жоспар қорытындыдан, яғни жоспардың аяғынан басталады. (оның көлемі 4 бет машина жазуынан аспауы керек).
Танысатын кісі (инвестор) бәрін оқымай ойластырылған іс-әрекеттін кәсіпкердің сипаттамасын осы бөлімнен біле алады. Кейбір терең талдауды талап ететін есептерін бизнес-жоспардың тиісті бөлімдерінен қарап танысады. Бұл уақыт үнемдейді.
Бұл бөлім жоспардың ең ықшамдалған түрі. Бұл бөлімде мына мәселелер анықталады:
— жобаның басты мақсаты;
— кәсіпкерлік өнімінің қысқаша сипаттамасы, жаңалығы және өндіріске ұсынылатын өнімнің бәсекелес өнімінен айырмашылығы, артықшылығы;
— жобаның іске асу уақыты;
— іске салынған қаражаттың рентабельдік деңгейі;
— болжамды сату көлемі туралы мәлімет;
— жобаны іске асруға кететін шығындар;
— күтілетін тиім және қорытындысы (жалпы түсім, пайда, рентабелдік).
Резюме бизнес-жоспардың ең маңызды бөлімі болғандықтан оның мазмұны айқын, шанымды және үйлесімді тілмен жазылуы керек.
Жоспардың тартымды болуы, көпшілік жағдайда, қысқаша, шебер жазылған, кәсіпкерлік ойдың шоғырландырылған концепциясының (көзқарастар жүйесі) тұжырымды жазылуына байланысты.
2. Өнімді, тауар немесе қызметті сипаттау. Бұл ьөлім мұқият жасалынып, жоғары деңгейдегі деректі талап етеді, яғни кәсіпкер өндіретін өнімі жөнінде тұжырымды, айқын елестетуі тиіс, және ол жаңа тауар жөнінде нені көрсетуі керек екенін білуі міндетті, себебі қаражат беруші инвесторларды өзінің ойы, іс-әрекетімен жете шандыруы керек. Ол үшін: ұсынылатын тауар және қызмет қандай қажетті қанағаттандырады, нарықтағы бар сондай тауарлардан ұсынылатын тауардың қандай айырмашылығы, артықшылығы бар, және не себептен тұтынушылар жаңа тауарды басқаларынан артық көреді деген сұрақтарға жауап беруі керек.
Бұл мәселені қарағанда бәсекелестік теориясының екі түрінің біреуіне көңіл аудару керек. Арзан жұмыс күші, шикізат, материал, энергияны пайдалану негізінде ең төмен шығын есебінен тауарджың басқа сондай тауарларға қарағанда салыстырмалы арзандығымен тұтынушыларды тарту, немесе, өнімнің соңылығы, өте сирек технология қолдануы, фирманың атағы ескеріледі. Ол үшін мынандай сұрақтарға жауап беруі керек:
— ұсынылатын тауардың өзіне тән ерекше қасиеті бар ма, ол тұтынушылардың назарын аудара ма, нарықта қанша уақыт жаңалық тауар бола алады;
— егер ұсынылатын тауарда ешқандай артықшылық болмаса, онда ол тауарға тұтынушының назары неге ауады?
Бұл бөлімде тауар қандай патенттер мен авторлық куәлікпен қорғалатынын көрсету керек.
Кәсіпкерлік өнімді айқын көзге елестету үшін жәнеөндірістік келісімдер үшін тауардың тәжірибелі сынақтан шыққан нұсқасы болуы керек. Тауардың үлгісі болсын, болмасын тауар жөніндегі мәліметтер толық болуы керек: толық сипаттамасы, моделі, фотографиясы, қасиеті, белгісі көрсетілуі керек.
Күрделі технологиялық бұйым өндірілетін болса, ол жағдайда сервисті ұйымдастыру туралы жазылуы керек. Бұл бөлімде өнімнің сатылу бағасы анықталуы тиіс, ол сенімді болуы үшін инфляцияны ескерген жөн.