Африка саваннасы. Басқа материк саваннасымен салыстырғанда Шығыс Африкадан Оңтүстік Сахараға дейін үлкен аумақты алып жатыр. Африка саваннасында ылғалдылық, жаңбыр ретімен, кей жерлерде 4-6, кей жерінде 9-10 ай құрғақшылық температура болып тұрады. Ылғалдылықтың азайып, ыстық пен аңызақтың артуы ағаш, шөптесін өсімдіктердің бейімделіп ксерофильді «тікенекті» сирек орманға айналуына бірден-бір себепкер. Негізгі Африка саванна өсімдіктері: боабаб, бомбакс тұқымдасының өкілі, биіктігі 10-25метр, жуандығы 10метр. Саваннаның 4000-5000 жыл өмір сүретін гигант эндемді негізгі өсімдігі. Жемісті қияр тәріздес ұзындығы 30-35см ыстық, құрғақшылық кезде піседі. Баобаб ағашы түгелдей дерлік халық шаруашылығына, мұқтаждарына пайдаланады. Жемісі тамақ, сыртқы қабығынан жіп, арқан, маталар тоқылады отын, жапырағы дәрі-дәрмек орнына, ал тұқымында – адонсонин атты алколоиді бар, уланғанда, жылан, қарақұрт шаққанда пайдаланады.
Пальма. (масличная пальма – Hyphaene thebaica), батыс экваторлық Африка жерінде өседі. Қазір мәдени өсіру жағы қарастырылып Африканың көптеген жерінде өсіріледі. Баобаб, акция, паркия (паркия двушаровая – Parkia biglebosa), мимоза тұқымдасы өсімдіктермен аралас өседі. Жабайы түрінде биіктігі 20-30метр, мәдени өскенде 15метр. Өсірген соң алғашқы 10 жылда гүлдейді, 80-120 жыл өмір сүреді. Жемісінде 22-70% майы бар. Тамақ, сабын жасау өнеркәсібінде , техникалық құралдар детальдарын майлау, экспортқа шығарылады.
Лофира. (лофира крылатая – Lophira alata, Ochnaceae тұқымдасы..) Қалың қаипарланған қабығының болуымен, қабығын өртегенімен қайтадан өсіп шығатын отқа күймейтін «керемет» тамырының болуымен ерекшеленеді. Өртке берілмейді. Халық шаруашылығында өнеркәсіп, өндірісте қолданылатын тұқымында майы бар.
Акация. (Acacia) – жер шарында кеңінен таралған космополит өсімдіктердің бірі. Африкада «акация саваннасын» құрған (акация сенегальская – Acacia Senegal, акация скиралеплодная — Acacia spirocarpa, акация жирафа – Acacia giraffae, акация беловатая — Acacia albida) шатыр тәріздес, ксерофильді – 5000-дей түрі бар. Құрғақшылық кезеңдерде қауырсынды жапырағы түседі. Жалпы акация тікенекті, филлодиі бар өсімдік. Сыртқы қабығында таниннің болуы илік ретінде қолданылатын клей алынады. Мебель жасау өндірісінде, өте сәнді гүлдейді, гүлінен дәрі-дәрмек жасалынады.
Шығыс Азия саваннасы. Үндістан, Үндіқытай муссонды тропикалық орман жерлерін Шығыс Азия саваннасы алып жатыр. (Зонд аралы, Малай архипелагы, Малакка түбегі) шөптесін өсімдіктер көптеп таралған, биіктігі 1-1,5иетр. Мысалы: злак аланг-аланг, Африка, Шығыс Азия саваннасында кеңінен таралған. Өзен жағалауы, орман, тоғай шетінде топырақ, құмды жерлерді бекітуге көптеп қолданылады.
Қант құрағы (сахарный тростник – Saccrum spontaneum.) ареалы Орта Азияда Сырдария, Амудария су жайылым табандарында, Индия жерлерінде биіктігі 3метрге дейін жетеді. Сиыр, ешкі, піл,буйволдарға шөптік азық, қантқұрағын, қант қамысын шағылыстыру арқылы қант қамысының мәдени сорттарын алады. Злак мискантус, темеда түрлері, бордач, бұршақ тұқымдасынан бутея (бутея односеменная – Butea monosperma), дальбергия (дальбергия туполистная — Dalbergia abdusifolia), мирт өкілдері эвгения ( Eukenia operculata ), қосқанатты жемістер тұқымдасынан сал ағашы (Schorea robusta).
Үндістан түбегіндегі саваннада ауа райының құрғақтылығы өсімдіктерге кері әсерін тигізеді. Өсімдіктердің бойы аласа жапырақ орнына тікен өседі, доминант акация, суккулентті сүттіген. Африка, орта Азия өсімдіктеріне ұқсас түрлері де көп – Acacia Arabica, Acacia senegal тікенегі бар бұршақ алқа тұқымдастары, селдірік бородач Үндістан түбегіндегі өсімдіктердің 30-40% Африка, Азия жерлерінде де өсетін, кездесетін өсімдіктер. Бұл ұқсастықтың өзі ертеде бұл материктің географиялық жағынан бір, біртұтас материк болғандығының дәлелі.
Австралия және Оңтүстік Америка саваннасының салыстырмалы ерекшеліктері.
Австралия саваннасы. Австралия саваннасы жан-жағынан қатты жапырақты бұталы өсімдіктер, екінші жағынан материк шөлдаласы жалғасын тапқан континенттің орталық және батыс жағында. Авсрталия саваннасына ландшафты австралиялық немесе Жаңа Гвинея флоралық аймағы жатады. Саваннада өсіп тұрған көптеген өсімдік түрлері папуас гиллеясына, яғни тропикалық емес субтропикалық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Акация. Австралия саваннасында 300 түрі өседі. Ыстық ауа райы қолайсыз кезеңдерде жапырағы түседі де, жапырақ сағағы кеңеіп филлоидқа айналады. Жапырағы жоқ кезеңдерде флиодт ассимиляция қызметін атқарады. Акация ( акация серебристая – Acacia dealbata) Европа,ТМД елдеріне алып келінген. Қазір жерсініп, барлық Европа, Азия жерлерінде өсіп тұр.
Эвкалипт.Жапырағының күн сәулесіне қырынан орналасқандықтан жерге көлеңке түспейді. Жапырақ сырты қатты, мәңгіжасыл, жапырағында эфирмайлары болуымен ерекшеленеді.
Злактар – астреблия және Баркли үстіртінде көптеп өседі. Қуаңшылыққа бейім, төзімділігінен малға азық, жем, шөп ретінде теңдесі жоқ жоғары бағаланады. Темеда туысы (темеда четырехтычиночная – Themeda triandra, темеда ресничатая — Temeda ciliaric), жергілікті халық «кенгуру шөбі» деп атайды. Жемшөптік маңызы бар . Бордач (бородач шелковистый Andropogon serigeus) жылдың бар мезгілінде жап-жасыл болып, көгеріп тұрады. Мал-азықтың маңызы зор. Австралия саваннасының орталық аймақтарында доминант – лалагүл тұқымдастарындағы ағаш тәріздес шөптесін өсімдіктер — Hanthorrhoea.
Оңтүстік Америка саваннасы. Оңтүстік және Солтүстік Америка саванналары болып үлкен екі бөлікке бөлінеді. Алып жатқан аумағы жөнінен Африка саваннасынан кем. Жылына 800-1000мм жаңбыр жауады. Құрғақшылық 4-5 айға созылады. Амазонка өзенінен оңтүстікке қарай Токантис бассейнінде Мадейра жоғары беткейінде, Гран-Чако ксерофильді орман
Ағаштары жерінде сирек те, селдір. Бразилия таулы қыратында жыл мезгілдерінің ылғалды, жауынды жерлерінде өсетін сирек орман формациясы «кампус», «серрадус», «чаппаро» (емен ағашы деген мағынада), бордач, злактар, кактус аласа пальмалармен араласа өседі. Бұл монте формациясы солтүстік Венесуэлла, Гран-Чако жерлері өсімдіктеріне ұқсас. Гран-Чако батыс монте формациясында аласа бойлы ағаштар доминант – акация, суккуленттер аумақты жерді, сыртқы қабығында танин илік қасиеті бар сирек өсетін Кебрачо орман ағаштары өсіп тұр. Әсіресе, Гран-Чако шығысында түрлі-түсті Кебрач немесе Колорадо кебрачы, ақ кебрачтар өседі. Кебрачо деп жергілікті халық сүрегі, ауырда, қатты тығыз өсімдіктерді суда батып кететін қасиеттері үшін қойылған аттары. Кэбрар – сындыру, қирату, аго – балта деген мағына береді. Чако жазығының орталығында сиректе ,селдір орман өкілдері – альгоррабо және чаньяр ағаштары өседі. Бұл екі ағаш та жергілікті халық жейтін жемістер береді. Оңтүстік Америка саваннасына тән шөлмек, бөшке тәріздес діні бар – барригуда, хорриза өсімдіктері. Шөлмек (шалған) тәріздес діндері борпылдақ паренхимиялық клеткалардан тұрады да, жаңбыр суы жинақталады. Савннаның ойпатты, сайлы, жылғалы, ылғалы молдау жерлерінде қалың болып, аласа бойлы, мәңгіжасыл балауыз пальмасы – карнуба өседі. Карнауба және бабасу пальмаларынан балауыз алынады.
Тақырыбы: Шөл және шөлейтті жерлер өсімдіктері .
1.Шөл және шөлейтті жерлердің өсімдіктеріне сипаттама.
2.Ксерофиттер және олардың түрлері.
3. Галофиттер және олардың түрлері.
Шөл және шөлейтті жерлердің өсімдіктеріне сипаттама.
Өсімдік, үшін өмір сүруге өте қолайсыз, және өсімдігі өспейтін, бұта, шөптесін өсімдіктері сирек кей жерлерде мүлде өсімдік өспейтін, климаты құрғақ, жазы өте ыстық, қысы кейбір жерлерде суықтау, температурасы тәуліктің өзінде өзгеріп, ауытқып тұратын, өсімдіктер ылғи да судың, ылғалдың жетіспеуін сезінетін, материкте үлкен территорияны алып жатқан шөлді жерлер.
Шөл дала топырақ айырмашылықтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: тозаң топырақты, сортаң топырақты, құмды, қиыршықты, тасты. Бұл шөл далалардың бір-бірінен айырмашылығы өте үлкен, өсімдікке әсері де әрқилы.
1.Тозаң топырақты шөлдаланың топырақ диаметрі 0,05-0,001мм-ден аспайтын тозаң бөлшектерінен құралған. Мұндай майда тозаңдар бір-бірімен қатты нығыздалып басылып жатады да, тозаң аралық қуыстар өте кішкентай болғандықтан су өткізгіштік қасиеті өте нашар болады. Сондықтан жауын, қар суы топырақтың терең қабаттарына сіңбейді де,мұндай топырақтың 1-1,5 метрге дейін терең жер қабаттары көбінесе құрғақ болып келеді. Топырақтың жоғарғы қабатында жинақталған ылғалдың көбісі жаз айларында, күннің қызуынан тез буланып босқа ысырап болады да топырақ қабаттарында өсімдікке қажетті мөлшерде өсімдік қабылдай алатындай су мөлшері өте азайып су тапшылығына ұшыраған өсімдік әуелі солып, одан әрі бірте-бірте қурай бастайды. Осындай тіршілікке қолайсыз қуаңшылық жағдайға бейімделген өсімдіктерді ксерофиттер деп атайды.
2.Сортаң топырақты шөлдала (мысалға сор) көбінесе ойпатты жер асты суы жақын орналасқан жерде кездеседі. Мұндай жағдайда жерасты суы топырақ капиллярларымен жоғары көтеріліп буланады. Ал осы топырақ суына еріген минералды тұздар топырақ бетіне жыл сайын жинала береді де, топырақ сортаңданады. Сортаң топырақта су өте мол, кейде батпақты. Дегенмен бұл мол суды өсімдіктің пайдалануы өте қиын. Себебі, топырақта су таза күйінде емес, топырақ ерітіндісі күйінде болады. Топырақ ерітіндісінің концентрациясы өте жоғары болғандықтан, бұл су көптеген өсімдіктерге сіңімсіз. Яғни, сортаң топырақты жерлерде, сол жағдайға бейімделген өсімдіктер ғана өсе алады. Сортаң топырақты жерде өсетін өсімдіктерді галофиттер деп атайды.
3.Құмды шөлдаланың айырмашылығы өсімдіктің жайқалып өсетіні, онда ылғалды жақсы көтеріп, елең шөп, қамыс, бидайық сияқты шөптер, сонымен қатар тораңғы, жиде, тал сияқты бұта және ағаш өсетіні де осыған байланысты. Құмды жерде өсімдіктердің түрлері де өте көп кездеседі.
Құмның өсімдік тіршілігіне қолайсыз жақтары да бар: ол құмның сусуы. Қатты жел тұрған кезде құм сусып өсімдік тамырлары ашылып, сабақтарын құм басып қалады. Осыған сәйкес құмдарда өсетін өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға айрықша бейімдеушілік қасиеттері де бар. Құмды шөлдалада өсетін өсімдіктерді осамафиттер деп атайды.
4.Қиыршықты шөлдала — өсімдік өсуіне ең бір қолайсыз орта. Оның себебі топырақта қиыршықты тастардың өте көп кездесетінінен, топырақтың су сыйымдылығы өте төмендеп, су қоры аз жиналады. Сондықтан да қиыршықты шөлдалада өсімдік өте сирек өседі, аласа келеді, жер бауырлап өседі.
5.Тасты шөлдала – таста мүк, қынадан басқа өсімдік өсе алмайды. Бірақ тастардың жарықтарында, ойпаттарында қиыршық тас, құм, тозаң жиналады. Өсімдік тамыры тек осындай жерлерге ғана тарп, одан өзіне қажетті сумен қоректік заттарды алып отырады. Қиыршықты шөлдалада өсетін өсімдіктерді хасмофиттер деп атаса, тасты шөлдалада өсетін өсімдіктерді литофиттер деп атайды. Шөлдала өңірінде өсімдікке күшті әсер ететін бірнеше факторлар бар: күннің өте ыстықтығы, жауын-шашынның аздығынан топырақта судың тапшылығы, осылардың әсерінен қуаңшылық болуы, бұдан топырақтың сортаңдануы, шөлдалалы өңірде көшпелі, сусымалы құмды аймақтардың көлемінің ұдғаюы.
Ксерофиттер ,олардың түрлері.
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар ксерофиттерді 6 түрге бөледі:
1.Суккуленттер – ксерофиттердің айрықша бір түрі. Бұл латынша «суккулентуз» — шырынды деген сөзден шыққан термин. Суккуленттердің өте көп тараған жерлері Американың Орталық, Оңтүстік және Солтүстік, сонымен қатар Африканың шөлдала аймақтары. Біздің еліміздің өсімдіктер қорында суккуленттер онша көп емес.
Суккулентердің өзі 2 топқа бөлінеді:
А)сабақты суккуленттер – кактустар ,сүттігендер, стаплиялар.
Б)жапырақты суккуленттер – алоэ, агавалар.
Суккуленттердің ерекшелігі, олардың денесінде су қоры мол жиналатын паренхимиялық тканьдердің болатындығында. Сондықтан басқа өсімдіктерге қарағанда суккуленттер етті, ісінген тәрізді толық, шырынды болып келеді.
2.Эксерофиттер. Грек сөзі «еу» — жақсы, нағыз деген термин. Бұл қуаңшылық жағдайында барынша төзімді, көбінесе жапырақтарын түк басқан шөлдала өсімдіктері. Эксорофиттерге жусандар, баялыш, бүйірген, теріскен, изен сияқты өсімдіктер жатады.
3.Гемиксерофиттер. «гемий» грекше шала деген мағынада. Ксерофиттерге қарағанда гемиксерофиттердің сумен жабдықталуы «қолайлы» жағдайда болады. Мысалы: жантақ-гемиксерофит өкілі. Жантақ өскен жерді соқамен жыртқан кездің өзінде жантақтың сабағы түп жағынан кесіледі де, оның суға дейін баратын тамыр жүйесі топырақтаң астыңғы қабатында кем дегенде 2-3 жыл бойы тірі күйінде сақталады. Тамырда тіршілік процесі жойылмағандықтан тамыр қысымының нәтижесінде тамырға сіңген су жоғары қарай жылжып отырады да, кесілген жерінен ағып топыраққа сіңеді. Су жеткілікті болғандықтан жантақ жапырақтары қалың, ашық түсті болып келеді. Бірақ жантақтың жапырағындағы ксерофиттерге тән белгі – оның халық шаруашылығына пайдалығы.
4.Стипаксерофиттер латынша «стипо» — нығыздалған, толық деген сөзден құралған термин. Бұған негізінен шөлдала аймағында өсетін астық тұқымдас өсімдіктер жатады. Мысалы: бидайық, еркекшөп, тырса, кедешөп . Бұлардың тамыр жүйесі шашақты онша тереңге енбейді. Усьтици аппараттары жапырақтың астыңғы жағына емес, үстіне орналасады. Жапырақтың үсті қырлы, қалың кутикула қабатымен қапталған. Жапырақтың үстіндегі қыр аралық сайларында қабығы өте жұқа қорғаушы клеткалар орналасқан . Күн қызған кезде бұл клеткалардағы су тез буланады да клетка жиырылады. Осының нәтижесінде жапырақ түтік тәрізді оралады да устьица арқылы булануы тоқталып, өсімдіктегі су босқа ысырап болмайды.
5.Пойкилоксерофиттер – грекше «пойкилос» — әртүрлі деген сөз. Бұған шөлдала аймағында тіршілік ететін, өзінің су режимін басқа ксерофиттер сияқты реттей алмайтын өсімдіктер жатады. Мысалы: тас бетінде өсетін қына өсімдіктері. Олар су мол жағдайда «қуалап» өседі де қуаңшылық кезеңде қурайды. Бірақ осы қураған жағдайда, пойкилоксерофитттер өзінің тіршілік қасиетін жоймайды. Аз да болса ылғал бар кезде олар қайтадан «қуалап» өсе бастайды.
6.Эфемерлер – грекше «эфемерус» — бір күндік деген мағынада яғни даму мерзімі өте қысқа қызғалдақ, мортық, шытыр сияқты көктемгі ылғал мол кезде қаулап өсетін, жазғы қуаңшылық болғанға дейін өзінің даму циклін толық аяқтайтын өсімдіктер тобы жатады. Сондықтан да эфемерлерді кей мамандар қуаңшылықтан қашып құтылатын өсімдіктер деп те атайды.
Галофиттер және оның түрлері. Галофит деген грек сөзі «галос» — тұз, фитон — өсімдік деген сөзден шыққан. Яғни, бұл сор және сортаң топырақты жерлерде тіршілік ететін топырақтағы тұздардың зиянды, улы әсеріне төзімді өсімдіктердің түрлері жатады. Ксерофиттер сияқты галофиттер де біркелкі өсімдіктер емес. Галофиттер түрге бөлінеді:
А)Эфгалофиттер – нағыз галофиттер. Бұл термин гректің «ау» жақсы, нағыз «галос» — тұз, «фитон» — өсімдік деген сөздерінен құралған термин. Эфгалофиттерді кейде тұз жинаушы өсімдіктер деп те атайды. Оның себебі топырақтағы тұздар суда еріген күйінде тамыр жүйелері арқылы өсімдікке қабылданылып, оның денесіндегі клетка шырындарында жиналады.
Б)Крипгалофиттер – деген гректің «крипо» — бөліп шығару деген сөзінен құралған. Бұлар денесіндегі артық тұздарды сыртқа бөліп шығарып тұратын өсімдіктер.
В)Гликогалофиттер грекше «геликос» — тәтті деген сөз. Дене мүшелеріне тұздарды өткізбейтін гликогалофиттер. Тұзданған сортаң топырақта өскенімен бұл өсімдіктердің тамырының ішкі анатомиялық құрылысында пробка қабаттары өте ерте пайда болады да, топырақ ерітіндісіндегі тұздар осы прбка қабатынан өте алмағандықтан өсімдік тұз көп мөлшерде жиналмайды.
Г)Тұз жинағыш галофиттер.Бұған көкпек, алабұтаның кейбір түрлері жатады. Бұл өсімдіктердің денесіне енген артық тұздар сыртқа бөлініп шықпай жапырақтың астыңғы не үстіңгі бетіне орналасқан қуыс бездерге жиналады.
Псаммофиттер – грек сөзі «псамос» — құм, фитон — өсімдік деген сөздермен құралған термин.Құмды шөлдалада өсетін негізгі қасиеті сусымалы құмның қолайсыз әсеріне төтеп беруге бейімделген өсімдіктер. Сусымалы құм сусыған кезінде псаммофиттердің тамырлары көбінес ашылып қалады да не болмаса сабақтары құмға басылып қалады. Ашылып қалған тамырлары құрғақ ауада қалса, аңызақ желдің, ыстықты өткізбей, тамыр бойындағы суды сыртқа шығартпай, тамырдың ішкі тканьдарын құрғақшылықтан қорғайды.
Тақырыбы:Тау өсімдіктері.
1. Тау белдеуіндегі өсімдіктерге жалпы сипаттама.
2. Тянь –Шань, Жоңғар Алатауы және Орта Азия тауларының флорасы.
3. Альпі мен Алтай тау өсімдіктерінің салыстырмалы ерекшеліктері.
Тау белдеуіндегі өсімдіктерге жалпы сипаттама.
Тау, жота, қырат — жер беті деңгейінен жоғары, көтеріңкі болатындығы, тау етегінен жоғарылаған сайын тау белдеулерінде жер жағдайының, өсімдік-жануарларының, ауа-райының өзгеріп отыратындығы, оларға экологиялық факторлардың әсер ететіндігі – жел, жаңбыр, қар, ағын сулардың тау-тастарын төменге қарай өзімен бірге ала кететін, тауға көтерілген сайын температураның төмендеуі, жыл бойы тау ұшар басында мәңгі мұз, қар жататыны, ылғалдылықтың артуы, ауа тығыздығы артып, тау шыңдарында бұлттардың қоюланып тұруы – тауға тән қасиет, тау ерекшелігі. Айтылған, келтірілген факторлармен, ерекшеліктер міндетті түрде тау белдеулерінде өсіп тұрған өсімдіктеоге өз әсерін тигізеді.
Таулар биік және аласа, көне, аралдық таулар, ландшафты тау, тау жоталары, тау сілемдері, жон, үстірт, өте биік /5000 м/, орташа /1000-3000 м/, аласа таулар /Орал, Ұлытау, Қаратау / болып бөлінеді.
Тау өсімдіктерінің түрлері –тау биіктігіне, ылғалдылығына, қар мұзына байланысты: биіктеген сайын орманды формация азайып, сиреп оның орын шептеріне өсімдіктер болса, ең биіктерінде қыналар мен мүктер ғана өседі. Альпі белдеулерінде –рододентрон, тал, ағаш түрлері кездеспейді. Альпі белдеуіндегі өсімдіктер тау етегі мен төменгіжазықтығында өспейді, тек, Арктика флорасында 40-60% ғана кездеседі, себебін тек проблемалық теориялар арқылы ғана дәлелдеуге болады.
Кавказ тауларында екі үлкен бөлікке бөлінеді: Солтүстік батыс –Кавкз жотасы және Орталық –батыс. Закавкзье және Оңтүстік –шығысында Кавказ таулары Курье, Арақсу, шөлді ойпаты қоршап жатады.
Батыс Кавказ -400-1100 м көбінесе жапырақтарын түсіретін шамшатты ормандар: 1100-1800 м –самырсын мен шырша аралас қылқан жапырақты ормандар: 1900-2000 м рододендрон субальпі шөптесін өсімдіктері: 2000-2300 м- альпі шалғындығының аласа шөптесін өсімдіктері: 2300-2350 жерге жабысып өсетін қомақты қойтас өсімдіктер. Кавказ тауларында өсімдіктерідің 6000 түрі өседі. Өсімдіктер негізінен мәңгі жасыл өсімдіктер: жидек ағаш /земляничное красное дерево- Argutos andrachne/, лавршие / лавровишня лекарственная- Laura-cerasus officinalis/, падуб /падуб-Ilex/, рододендрон / рододендрон Rododendran /, Кавказ пальмасы / Самшит –Buxus/.
Үлкен Кавказ жерінде 200 эндем өсімдіктер өседі. Тас шөптің / тимьян/ 236 түрі, оның 28-эндем деп атап көрсеткен.
ОРТА АЗИЯДА КЕЗДЕСЕТІН ТАУЛАР –Климаты құрғақ континентальді болғандықтан болғандықтан таудың жоғарғы белдеулері далалы жер жағдайыны ұқсайды. Өсімдіктері құрғақшылыққа бейімделгендіктен тікенекті, бұта түрінде. Шығыс кавказ, Дағыстанда таулы далалы жері көп. Алтайдан солтүстікке қарай бірте –бірте құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің түрлері азая бастайды.
Тянь –Шань, Жоңғар Алатауы және Орта Азия таулары
құрғақ континентальді климатты болып келеді. Тау етектерінде жусанды боз\полынно –злаковая пустынь –типчаковым- ковыльными\ Stipa Capillata, Sareptana\, сілтеулі шөл, жоғары биіктеген сайын селеулі дала \ Stipa Capillata\, ол біртіндеп барып шыршалы орманмен \ Picea Schrenkiana \ алмасады.
Іле Алатауында- 500-800 м тау етегін шөлдала аймағында эфемерлі өсімдіктер; орман-тоғай, мал шаруашылығына пайдалы: 800-1400 м биіктікте далалы аймағында шөптесін масақты өсімдіктер: 1200-2000 м биіктікте шалғынды өсімдіктер бітік өседі.
Жоңғар Алатауының шөлді аймағанда 600-1200 м биіктікке дейін шөлге тән өсімдіктер-жусан, изен, боз, қарабасшалғын, итмұрын, ұшқат, көктерек, алма, долана, тұшала, өрік. 2000 м биіктікте орманды-шалғынды-Сібір самырсыны, Тянь-Шань шыршасымен аралас өскен. Субальпі белдеуінде- доңызсырт, қоғажай, тасжарған, альпі,қызғалдағы өседі.
Қазақстандағы Алтай тауының биіктігі 4000 м. 400 м биіктікте бетеге, айрауық, қоңырбас, ал бұталардан-итмұрын, үшқат, долана, тобылғы, қарағай; 600 м биіктікте-жусанды-бетегелі шөптесін өсімдіктер;бұтадан- итмұрын, долана,сарыағаш,1000-1500 м қайың, көктерек, өзен аңғарларында терек,тал,долана,итмұрын,сарыағаш өседі. Тік жартасты беткейлерде Сібір шыршасы, самырсын, майқарағай, балқарағай сияқты қылқан жапырақтылар, тау шалғындығында-түлкіқұйрық, тарғақшөп, Сібір аюбалдырғаны, қоңырбас, күреңот көптеп кездеседі.
ЖОҢҒАР АЛАТАУЫ БЕЛДЕУЛЕРІ. -600 м дейін жусанды дала: 600-1200 м бозды-қоңырбасты дала, 1200-1800 м –орманды дала:1800-2700 м- шырша, самырсын, қарағайлы қылқан жапырақты орман: 2700-3000 м аршалы тоғай: 3000-300 м- альпі шалғындығы одан жоғары мәңгі қар басып жатады.
СОЛТҮСТІК БАТЫС АЛТАЙ ТАУЫ БЕЛДЕУЛЕРІ: 300м дейін-дала, 300-900 м- орманды дала; 900-1900 м қылқанды жапырақты орман; 1900-300 м –бұталы тоғай мен таулы- тундралы белдеу; 2300-2700м таулы тундра, жасыл мүктер; 2700 жоғары биіктікте мәңгі қар.
Оңтүстік Америкада 4000-5000м биіктікті- парамос, пуна деп атайды. Бұл жерде негізінен ылғалы өте аз әрі төменгі температура да өсе алатын өсімдіктер кездеседі.
Парамос- ксерофильді, ксерофитті өсімдіктер өсетін Анд тауы, ондағы ашық дала формациясын, «Халька», «Лома» деп те атайды. Пуна таудың суық, жазық далалы жерлерінде өсетін өсімдіктер формациясы.
Таудың, тау, қыр, жоталарының орналасуы жер континентінің көптеген ерекшеліктеріне сәйкес болады-экваторға жақын-алыстағы, жел өтіне, ықпалына тәуелділігі-жел, таудағы ылғалдылық, тау белдеуіне байланысты температура өз әсерін тигізеді.
АЛЬПІ МЕН АЛТАЙ ТАУЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРІ. Бұл екі тауды мысалыға алып отырған себебіміз басқа таулармен салыстырғанда толық зерттелген. Кавказ таулары тундра флорасына қарағанда өсімдік түрлеріне бай: альпі түлкіқұйрығы- альпийский лисохвост \Alopecurus alpinus\, сабақсыз сылдыршөп \безетебельная смолевка –Silene olaulis\, дриада\, /Dryas octopetola/;эндемдер:еңлікгүл-эдельвейс/Leonto medium alpinum/, көкгүл/Gentiane acaulis/, наурызгүл/примула-primula hirsuta/, солданелла/soldanella/, сарғалдақ, бәйшешек, лалагүл, желайдар. Бұталы өсімдіктерден альпіде: жасыл қандыағаш /зеленая*ольха-Alnus viridis/, альпі родондендроны/альпийское родондендрон/, төселмелі қарағай/стелющая сосна-Pinus montana/ тал, арша, вереск, аюқұлақ /толокнянка/.
Алтай өсімдіктері түр жағынан Европа Альпі өсімдіктерінен өзгеше: Алтай тауларының солтүстікке орналасуы, континентальды климаттың ауытқуы, белдер, қырлыр, жоталардың , батпақты жерлердегі мүк, қына басқан жерлердің көптігі өсімдіктер дүниесінің ерекше болуына әсерін тигізеді.
Мүжілген, құлаған тау сынықтары \денудация\ ғасырлар бойы жинақталып сатылы жолақ құрады, оны солфлюционды террас дейді. Солтүстік шығысқа қарай континентальды климаттың күшеюі кедей белдеудің шекарасын кеңіте түседі. Мысалы, Саян, Забайкалье, Шығыс Сібір таулары, Орта Сібір қыраты, Орал, Кола түбегіне дейін созылған.
Африка мен Шығыс Азия саваннналарының өсімдіктерінің ерекшеліктері.