Араб елдері

Араб елдері.

Азия мен африкадағы араб елдері Батыс мемлекеттерінің саясаты және Азиядағы араб елдерін бөлшектеу. Араб халықтары Еуропа мем- лекеттерінің отарлауына қарсы күресумен болды. Сондай- ақ олар түрік үстемдігінен де құтылуға тырысты. Батыс елдері түріктер мен арабтардың арасына от жағып, екі халықты өшіктіруге күш салды. 1915 жылы Англия Хид- жаздың бұрынғы билеушісі және қасиетті Мекке мен Мединені басқарған Хусейн шерифпен астыртын келісімге келіп, Түркияға қарсы бірлесіп соғыс бастады. Хусейнге ол көмегі үшін келешекте Біріккен Араб мемлекетінің билігін беруге уәде етті. Iс жүзінде Англия 81 мен Франция 1916 жылғы мамыр айындағы Сайкс-Пико келісімі бойынша араб жерін өзара бөлісуді көздеді. Ресей бұл келісімді қолдай отырып, өзіне Стамбұл мен бұғаздарды және Қара теңіздің оңтүстік аймағын қаратып алуды ойластырды. 1920 жылғы сәуірде Сан-Ремо келісіміне сәйкес, Фран- ция Сирия мен Ливанға, Англия Палестина мен Иракқа өз протектораттығын (қамқоршылық) орнатты. Ұлт-азаттық күрестің өршуі. Батыс мемлекеттерінің отарлық саясаты барлық араб елдерінде ашу-ыза тудырды. Алданған арабтар наразылық білдіре бастады. 1919 жылы Сирия, Ливан, Палестина өкілдерінің қатысуымен бір мемлекет құру жоспары дайындалды. Бірақ оған Франция жол бермеді. Сирия біртұтас бөлек мемлекет болуды жақтап, халық бұқарасы 1919 жылы Латакия ауданында көтеріліске шықты. Көтеріліс қыза түскен кезде ағылшындар астыртын қолдау көрсетіп отырған Фейсал өзін Сирия мәлігімін деп жариялады. Бірақ Фран- ция әскерлері Дамаск қаласын алып, Фейсалды елден ығыстырды (1920 ж.). Ел ішіндегі толқулар мен қарулы шайқастар тоқтамай, жалғаса түсті. Сол кезде елде бірнеше саяси партиялар құрылды: “Араб тәуелсіздігі”, “Араб бірлігі”, “Халықтық партия”, “Коммунистік партиясы”. 1925 жылы Сирия мен Ливанда халық көтерілістері үздіксіз болып тұрды. Ол кезде Франция қарулы күшін Мароккодағы ұлт-азаттық көтерілісті басуға жұмсаған. Келесі жылы негізгі әскери бөлімшелерін Сирияға ат- тандырып, осы аймақты тұншықтыруға кірісті. Англия- ның қарамағындағы жерде тыныштық орнай қоймады. Египеттегі толқулар мен көтерілістер Палестина мен Иракта қолдау тауып, 1919—1922 жылдары жағдай қат- ты шиеленісті. Англия өкіметі оларды күшпен басып отырды. Сонымен бірге олар араб көсемдері және саяси қайраткерлерімен ауыз жаласу әдісін де пайдаланды. Соның нәтижесінде 1923 жылы мамырда Иордан өзенінің шығысындағы өңірде Трансиордания әмірлігін құру туралы шешімді бекітіп, оның басына Хусейннің ұлы Аб- долланы қойды. Палестинаның қалған бөлігіне ағылшындар тікелей билік жүргізді. 82 Ирак соғыс кезінде ағылшындар жағына өтті. Ел тұрғындары 1918 жылы көтеріліске шығып, тәуелсіздікті талап етті. “Ислам өркендеу қоғамы”, “Тәуелсіздік қал- қаны” атты ұйымдар пайда болды. Протекторат шешімі шыққанда бүкіл Ирак қозғалып, жаз айларында көтеріліске қатыспаған аудан қалмады. Ағылшындар 150 мың әскер төгіп, 1920 жылдың күзінде көптеген қала, кенттерді басып, Ирак өкілдерімен ке- ліссөз бастап, мандатты мойындаған мәліктік құруға уағдаласты. Оның тағына Фейсал әмірді отырғызды. Сөйтіп, Хусейн балалары Трансиордания мен Ирак тағын иеленді. Арабия түбегіндегі саяси жағдай өте күрделі дамыды. Оның жағалауындағы әмірліктер — Аден, Хадрамаут, Маскат, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт ағылшындарға тәуелді болды. Қалған бөлікте 5 мемлекет — Хиджаз, Неджд, Джебел-Шаммар, Асир, Йемен орналасты. Йемен мен Неджд өзара қырқысумен болды. Йеменнің басында Яхья имам тұрды. Неджд билеушісі Абд әл-Азиз ибн Сауд 1920 жылдары Хусейнді жеңіп, Хиджаз, Мекке, Мединені өзіне қаратты. 1927 жылы ол мәлік атанып, Сауд Ара- биясын басқарды. Азиядағы араб елдерінің 1920 жылдардың соңы — 1930 жылдардың басындағы дамуы. Франция билігіндегі Ливан мен Сирияда жағдай біраз тұрақтанғандай болып, өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы дами түсті. 1930 жылы жаңа конституция дайындалып, мандат тәртібі сақталған Сирия Республикасы өмірге келді. Трансиорданиямен шарт жасасып (1928 ж.), Англия оның әскери күштерін, сыртқы саясатын, қаржы жүйесін бақылап отырды. Палестина арабтарының наразылығы осы кезде қатты өршіп, тоқтаусыз ереуілдер ағылшындардың мазасын алды. Ирак халқы мандат жүйесін жоюға талаптанған күресін жалғастыра берді. 1927 жылғы желтоқсанның 14-і Ирак пен Англия бес жылдан соң мандаттық тәртіптен бас тарту туралы келісімге келді. 1930 жылы үкімет басына Н. Саид отырды. Ол Англиямен 25 жылдық күші бар жаңа шарт жасасып, Ирак елі өз тәуелсіздігін жариялады. Шарт бап- 83 тары Англияға Ирак жолдары мен байланыс құралдарын еркін пайдалануға құқық берді. Кейбір ұлтшыл топтар Германиямен жақындасу жолда- рын іздестірді. Сондықтан Англия Иракты өз ықпалынан шығармауға барлық күш-қуатын аямай жұмсады. Сауд Арабиясы мен Йеменде монархиялық тәртіп нығая түсті. Африкадағы араб елдерінде ұлт-азаттық күрестің өрістеуі. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ араб халықтарының отаршылдарға қарсы қозғалыстары бас- талды. Соның бірі Египетте, екіншісі Мароккода өтті. Марокконың таулы аудандары Батыс елдеріне ба- ғынбай жүрген. Соғыс бітісімен испан үкіметі 60 мың әскер жинап, оларды өзіне қаратпақ болды. Риф таула- рын мекендеген тайпалар испандарға қарсы көтерілді. Мұхаммед ибн Абд әл-Керим бастаған жасақ 1921 жылы испандықтардың 20 мың әскерін ойсырата жеңді. Бұдан кейін Риф Республикасы құрылып, Абд әл-Керим оның президенті болды. Бұған дейін Франция Испаниямен бақталас болып, арабтарға қару-жарақ сатып келсе, 1924 жылы бұл екі ел бірігіп, 300 мың әскер күшімен Мароккодағы ұлт-азат- тық қозғалысты тұншықтырды. Алжир мен Тунис зиялылары тәуелсіздік мәселесін көтеріп, Париж конференциясына тілектерін жеткізген болатын. Франция оған көнбеді. Кейін біраз жеңілдіктер енгізуге келісіп, ауқатты тұрғындарды жергілікті сайлауға қатыстыруға және барлық дауыс берушілердің 13%-ын қамтуға құқық берді. 1925 жылы Франциядағы алжирліктер арасында Ах- мед Мессали қажының басқаруымен “Солтүстік Африка жұлдызы” одағы құрылды. Тунисте Социалистік федерация құрылды және “Дұс- түр партиясы” (араб. дұстүр — конституция) өмірге келді. Олар астыртын қызмет атқарды. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі оқиғалары Египетте жүріп жатты. Буржуазиялық қайраткерлер Париж кон- ференциясына үміт артып, Египетке толық тәуелсіздік береді деп сенген еді. Бірақ ағылшындар уәдесін орындау- ды ұмытты. Буржуазиялық топтар әл-Уафд әл-Мысри 84 (Египет өкілдігі) партиясын құрып, қозғалысты басқарды, оның жетекшісі Саад З а ғ л ұ л (1860—1927 жж.) болған. 1918 жылғы 8 наурызда Зағлұл бір топ серіктерімен тұтқындалып, Мальта аралына айдалғанда, Египетте жап- пай ереуілдер басталған. Англия Уафд жетекшілерімен келісімге келіп, қарулы көтерілісті тоқтату туралы үндеу жариялауға мәжбүр бол- ды. Зағлұл және басқалары елге қайтарылды. Халық қаһарынан сескенген Англия 1922 жылы ақпан¬ да Египеттің тәуелсіздігін мойындап, протектораттықтан бас тартты. Сұлтан Фуад мәлік атағын иеленді. 1923 жылы жаңа конституция бекітіліп, Египет конституциялық монархияға айналды. Бірінші сайлауда Уафд партиясы жеңіске жетіп, Зағлұл үкімет басына келді. Ол елден ағылшын армиясын кетіру және Суданмен бірігу туралы келіссөздер жүргізе бастады. Зағлұл үкіметі басқыншылармен келісе алмай, билік- тен кетті. Египет парламенті таратылып, Суданнан Египет армиясы шығарылды. Ел жартылай тәуелді жағдайда қала берді. Судан ағылшындардың мақта өсіретін, шикізат өнім- дерін беретін отарына айналды. Африкадағы араб елдерінің 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардағы дамуы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында араб елдері қатты күйзеліске ұшырады. Ауылшаруашылық өнімдері өтпей, өндіріс күрт қысқарды. Алжир астығының бағасы 30—60%-ға төмендеді. Мароккода темір кені мен фосфорит шығару 2—5 есе азайды. Тунисте ауылшаруашылық өнімдері ар- зандады. Темір кенін өндіру 4 есеге жуық кеміді. Египет пен Судан мақтасы тау-тау болып шіріп жатты. Батыс елдері наразылыққа жол бермеу шараларын қарастырды. Мароккода 1930 жылы мамырда Франция “Бербер заңын” жариялап, бербер тайпаларының сот билігін тікелей француз әскери мекемелеріне жүктеді. 1934 жылы Марокко ұлттық комитеті құрылды. Бұл елдегі бірінші саяси партия еді. Ол тәуелділікті шектеу және парламент пен біртұтас үкімет құруды көздеді. Отар- лаушылар оның қызметіне тыйым салды. Алжирде азаттық қозғалысы едәуір жанданып, 1930 жылдардың басында Реформашылар одағы пайда болды, Солтүстік Африка жұлдызы қайта құрылды. 85 Тунис 1933 жылға дейін созылған шаруашылық дағдарысына ұшырап, жұмыссыздық, қуаңшылық сал- дарынан ашаршылық жайлап, елде адам шығыны орын алды. Дұстүр партиясы арасында жікшілдік ұлғайып, 1934 жылы “Жаңа дұстүр” тобы құрылды. Оның жетек- шісі адвокат Хабиб Бургиба халық бұқарасына сүйеніп ұлт-азаттық күресті дамыту бағдарламасын ұсынды. Ливияны толық бағындыру саясатын орындау үшін Италия үкіметі 1930 жылдардың ортасында барлық күшін пайдаланды. Жағалаудағы ең құнарлы жердің 230 мың га-на еуропалықтар қоныстандырылды. Жерсіз қалған феллахтар қалаларға шұбырды. Англия Египетте қоныстанған Мұхаммед Ыдырыс Сенуссимен тіл табысуға тырысты. Ол Ыдырысқа қараған 14 мыңдық Ливия легионын жабдықтап, кейін Италия мен Германияға қарсы пайдаланды. Египетте 1929 жылы Уафд үкіметі қызметтен кетіп, Халық партиясының жетекшісі Исмаил Сидки билікке шақырылды. 1934 жылы азық-түлік бағасы өсуіне байла- нысты қалаларда жаппай ереуілдер басталды. Сарай тобы мен ағылшындар бұрынғы конституцияны қайтадан күші- не енгізуге мәжбүр болды. 1936 жылғы сайлауда Уафд жеңіске жетіп, үкімет ба- сына Наххас паша келді. Ол Англиямен 20 жылдық шарт жасасып, басқыншылық тәртіпті жойғызды, бірақ ірі қалаларда ағылшын қарулы күштері орналасу құқығына ие болды. 1940—1942 жылдары Италия—Германия жағы бірнеше рет шабуыл ұйымдастырып, Египетті басып алмақ болды, бірақ әл-Аламейн маңындағы шайқаста Роммель бастаған герман әскерлері талқандалып, сәтсіздікке ұшы- рады. Марокко, Алжир жеріне АҚШ әскерлері келіп, Италияға қарсы шабуыл ұйымдастырды. Мағриб арабтары фашистерге қарсы ұрыстарға қатысып, жеңіске жетті. Египет Германияға қарсы соғыс жариялауға 1945 жыл- ғы ақпанда ғана келісті. Сөйтіп, БҰҰ құруға қатысты. 1945 жылы мамыр айында француз отаршылары алжир халқының ұлт-азаттық қозғалысын әскери күштерді пай- даланып басып тастады. Соғыс аяқталар кезде араб елдері бірігу мәселесін қайта көтеріп, Араб елдерінің Лигасын құрды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *