Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты

Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты– медицина саласындағы мамандар біліктілігін көтеруге арналған мемлекеттік жоғары оқу орныИнститут Алматыда 1963 ж. ұйымдастырылған.

1996 жылдан С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрамында. Институт ұжымы дәрігерлер білімін жетілдірумен қатар, ғылыми және алдын ала емдеу жұмыстарымен де шұғылданады. Институтта еліміздің М.Әлиев, Т.Шарманов, С.Балмұқанов, Ә.Ідірісов, Х.Мырзалиева, Ф.С. Каневская, Г.К. Ткаченко сияқты көрнекті маман-ғалымдары мен денсаулық сақтау ісінің белгілі ұйымдастырушылары қызмет етті. Қазір ин-т ұжымында 35 ғылым докторы, 150 ғылым кандидаты жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *