Азия елдері

Азия елдері.

ТҮРКИЯ Елдің соғыстан кейінгі экономикалық және сая¬ си дамуы. Соғыстан кейін Түркия елі жаңаланудың капиталистік түрін таңдап, этатизм саясатының негізін әлсіретіп, жекеменшіктік шаруашылықтың дамуына жол ашты. Дүниежүзіндегі, әсіресе Балқан түбегіндегі саяси өзгерістер оған едәуір ықпалын тигізді. Түркия бұқарасы қатаң әскери тәртіпті жұмсартып, демократиялық өзге- рістер енгізілуін талап етті. Ауылдағы шаруалар жер мәселесінің шешімін таппағандығына наразылық білдірді. 1945 жылы 11 маусымда мәжіліс “Жер реформасы” жөнінде заң қабылдады. Шаруалар отбасы алған жердің құнын 20 жыл ішінде не мемлекетке, не жекеменшік иелеріне төлеуге тиісті болды. Реформа елдегі жері аз не мүлдем жоқ шаруалардың жағдайын жеңілдете алмады. Жұмысшылар үшін 1947 жылы “Кәсіподақ ұйымдары туралы” Заң жарияланды. Едәуір қалыптасқан ұлттық буржуазия талаптарын ескеріп, Түркия үкіметі 1946 жылдан бастап көппартия- лық саяси тәртіпті жақтайтынын білдірді. Сол жылы қаң- тарда бұрыннан келе жатқан Халықтық Республикалық партиядан бөлініп шыққан Түркияның Демократиялық партиясы құрылды. Демократиялық партияның басшылары: Джемал Б а я р — республика президенті, Аднан М е н д е р е с пре- мьер-министр болып сайланды. Олар саяси билік басында 10 жыл (1950—1960 жж.) отырды. 1960—1990 жылдардағы Түркия Республикасының дамуы. Демократиялық партия үкіметі экономикалық саясатында жекеменшік кәсіпшіліктің шексіз дамуы- на ерік беріп, шетел капиталының енуіне кедергі қой- мады. Ел ішіндегі ұсақ және орта иеліктерге көптеген жеңілдіктер ашылып, мемлекеттік кәсіпорындардың дамуы қысқартылды. 1951—1954 жылдары жарияланған заңдар негізінде шетел капиталы барлық экономика салаларына енгізіле- тін болды. Шетел инвесторлары Түркияда тапқан барлық пайдасын еркін шығаруына құқық берілді. 151 Жекеменшік өндіріс өні- мінің үлесі 42%-дан 65%-ға асты. АҚШ сол кезде Түр- кияға экономикалық не- сие түрінде 1 млрд доллар, ал әскери несие ретінде 1,6 млрд доллар көмек бер- ді. Ұлыбритания, Франция, Батыс Германия капиталда- ры да елдің экономикасына қатыса бастады. Демократиялық пар- тия үкіметі сыртқы саясат саласында Батыстың қол- шоқпары болды. 1950 жы- лы Корея түбегіндегі со- ғысқа бір әскери бригада- сын қатыстырды. Түркия 1952 жылы — НАТО блогы- на, 1954 жылы Бағдад бло- гына мүшелікке тіркелді. Әскери шығындардың мөлшері жылдан-жылға ұлғайды. Демократиялық партия үкіметінің саясаты халыққа жақпады. Осы жағдайда армия қатарында жас офицер- лердің жасырын ұйымдары құрылды. 1960 жылы мамыр айында Стамбұл, Анкара университеті студенттерінің ереуілдерін әскери күшпен басуға тура келді. Қай- шыласқан жағдайда 1960 жылы 27 мамырда офицерлер әскери төңкеріс арқылы Демократиялық партия үкіметін саяси биліктен тайдырды, басшыларын жазалады. Бірақ қоғамдағы қайшылықтар бәсеңдемей, Түркия ар- миясы саяси өмірге тікелей қатысуға мәжбүр болды. 1971, 1980 жылдардағы әскери төңкерістердің нәтижесінде саяси жағдай жөнделіп, азаматтық үкіметтердің қызметіне жол ашылды. 1960—1970 жылдарда мемлекеттің тікелей араласуы- мен бесжылдық жоспарлар негізінде индустрияландыру саясаты іске асырылды. Энергетика, тау-кен, түсті ме- талл, химия, мұнай өңдеу, автокөлік жасау өндірістік салаларының даму негіздері қаланды. Стамбұлдағы Ғалат мұнарасы 152 1970—1980 жылдар Түркия тари- хындағы ең қиын кезеңдердің бірі болды. Саяси өмірде тыныштық орнамай, 1974—1980 жылдарда үкімет басында 7 кабинет ауысты. Премьер-министр Сүлейман Деми- рел қиын кезеңде (1979 ж.) Т. Озалды үкіметтің кеңесшісі етіп тағайын- дайды. 1983 жылы Т. Озал “Ана-От- ан” партиясын ұйымдастырды. Осы партия сол жылғы парламенттік сай- лауда жеңіп, үкімет басына келеді. Тұрғыт Озал 1983—1989 жылдары премьер-министр, 1989—1993 жылдары президент қызметінде болып, Түркия Республикасының экономикасын жанданды- ру шараларын жүзеге асырды. Ол “Түркия моделі” деп аталды. Т. Озал өз саясатын “жаса, өндір, өзгеге сат” деген ұрандармен бастады. Ол, ең алдымен, кіші, орта мемлекет кәсіпорындарын, жеңіл өнеркәсіп пен мұнай өндірісіне маманданған түрік экономикасының өзекті кәсіпорындарын жекешелендірді. Ұлттық өндіріс бұйымдарының бәсекелестік деңгейін көтеру үшін импорт саласын жұмсартып, шетел тауарлары мен капиталдарының еркін енуіне кедергі жасамай, Түр- кия бұйымдарының экспорттық деңгейін арттыруға ты- рысты. Түркия ақшасының айырбасталушылық деңгейін көтеру шаралары енгізілді. Сөйтіп, Түркия Республика- сы жабық экономикадан ашық экономикаға көшіп, нарықтың кең дамуына жағдай жасап, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты. Түркияның ұлттық монополистік капиталы шоғырланды. Тұрғыт Озал ұлттық тарихта өзгерістердің атасы деп танылды. Ел экономикалық көрсеткіштері бойынша дүниежүзінде 21-орыннан 17-орынға көтерілді. Әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнім өндіру қарқыны жыл сайын 8—10% көлемінде артты. Электр қуаты, темір, шойын және болат өнімдері екі есе өсті. 1988 жылға дейін Түркия шаруашылығы даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сүлейман Демирел 153 КСРО-ның ыдырауы Түркия нарығына мыңдаған ұсақ меншік иелері мен сатып алушыларды итермеледі. Ресей алыпсатарлары ғана Түркия экономикасына жыл сайын 15 млрд доллар қаржы салып отырды. Бірақ Ресейдегі 1998 жылғы дефолт және 1999 жылғы Азиядағы дағдарыс Түркия экономикасын кейін шегіндірді. Шетел инвес- торлары жағдайдың осалдығын байқап, 1997 жылы Түркиядан 7 млрд доллардан астам қаржысын шығарып алды. Түркия басшылары халықаралық қорлардан көмек сұрауға мәжбүр болды. Халықаралық валюта қоры 11 млрд долларға тең тұрақтандыру қарызын бөлді. ХХI ғасырдың басында Түркияның экономикасы біртіндеп жөнделе бастады. 2000 жылғы парламенттік сайлауда Солшыл демо- кратиялық партия өзінің басымдығын танытты. Осы партияның жетекшісі Бюлент Эджевит үкімет басшы- лығына келді. 2000 жылы 5 мамырда Түркия Республи- касының Ұлы Халық жиналысы Ахмет Неджет Сезерді президент етіп сайлады. Бірақ Түркия парламентіндегі саяси партиялар ара- сындағы түсінісушілік болмай, алауыздық өршіді. Бұрынғы саяси партиялар өзара қырқысып, беделдері төмендеді. Біртіндеп қоғамда исламшыл партия етек жайып 1994 жылы оның жетекшісі Н. Эрбақан үкімет бас- қаруға дейін көтерілген. Әскери басшылар оны биліктен кетіріп тастаған еді. Исламшылдар орта бағыттағы әділет және даму партиясын (ӘДП) құрып, 2002 жылы сайлауда өте зор жеңіске жетті. Бұл жолы Реджеп тайып Эрдоган басқарған үкімет орнықты. Содан бері тізгінді ӘПД ұстап келеді, ол 2007 және 2011 жылы сайлауларда да қоғамның қолдауын тапқан болатын. Т. Эрдоган бастаған исламдық топтардың табыстары, біріншіден, “ӘПД” партиясы нарықтық, ашық эконо- мика жолын жақтап, мемлекеттің шаруашылық сала- сына тікелей араласуына шек қойып, Түркияның Еуро- па Одағына қосылу саясатын барынша қолдады. Бұл мақсаттар “ӘПД” партиясын либералдандыру бағытында екенін дәлелдейді. Екіншіден, Ататүріктің басшылығы кезінде зиялы қоғамның мықтылығын бекіту үшін армияның, билігі 154 күшейтіліп, саясаттағы діннің, діни мекемелердің, исламшылдардың ықпалы төмендетілген болатын. Бұл жағдайда ислам дәстүрі терең сақталған елде мұсылман- дардың діни құқықтары есепке алынбайтын жағдайға жетті. Еуропа елдеріндегі мұсылмандық топтардың діни құқықтары Түркияға қарағанда әлдеқайда жұмсақтау көрінді. Үшіншіден, Әділеттік және даму партиясының же- текшілігі кезеңінде Түркия экономикасының едәуір жедел қарқынмен дамуы жұртшылыққа сенім беріп, партияның сайлаудағы жеңісіне қол жеткізді. Үш кезеңге созылған президент сайлауы барысында осы партияның өкілі Абдулла Гюль жеңіске жетіп, елбасы қызметіне тағайындалды (2007 ж.). Осының арқасында ең жоғарғы үш билік кілті — премьер-министр, прези- дент және парламент төрағасы (спикері) — қызметтері бір партияның қатарынан (ӘПД) сайланды. ХХI ғасырға Түркия Республикасы әлі күнге дейін түпкілікті негізде шешілмеген мәселелермен кірді. Соның бірі әрі күрделісі — күрд халқының мәселесі. Анадолы түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде күрд тұрғындарының үлкен тобы мекендейді. Сан жағынан ірі ұлттық бірлестік бола отырып, күрд этносы ұлттық құқыққа жете алмай келеді. Кейбір мәліметтер негізінде күрд халқының жалпы саны 25 млн-нан астам көрінеді. Ал 12—15 млн-ы Түркия аумағында шоғырланған. Күрд халқының ұлттық дербестілік талабы Түркия үкіметі жағынан қолдау таппай жүр. 1978 жылдан бас- тап күрд халқының азаттық күресін Абдулла Оджалан бастаған Күрд жұмысшы партиясы басқарды. 1984 жылы аталған партия Орталық үкіметке соғыс жариялаған еді. Партияның қол астында 3,5 мыңнан астам қаруланған жауынгерлік жасағы болған. Олар Ирактың таулы ай- мақтарында бекініп, Түркияның оңтүстік-шығыс аудан- дарына жорық жасап, елдің тыныштығын бұзып отырды. Түркия, АҚШ, Еуропа Одағы елдерінің ресми үкімет ор- гандары Күрд жұмысшы партиясы мен оның жасақтарын террорлық, лаңкестік ұйым деп айыптауда. 1999 жылы Түркияның арналуы жазалаушы топтары А.Оджаланды тұтқындап, абақтыға жапты. 155 2007 жылы қазан—қараша айларында Түркия зең- біректері солтүстік Иракқа оқ жаудырды, ал әуе күштері күрд жасақтарының шоғырланған тау-беткейлерін, ауыл- дарды, қалашықтарды бомбаның астына алған. Күрд қозғалысы әлі шешімін таппай келеді. Кейінгі жылдары Р. Т. Эрдоган үкіметі нығая түсіп, Конституция жаңартылды. Әскери басшылар ықпалы сая- си өмірде айтарлықтар шектеліп, парламент пен үкімет мәні жоғарылады. Түркия мен Қазақстан арасындағы қатынас. Тұрғыт Озал мен Түркия президенті Сүлейман Демирел кезінде Түркияның сыртқы саясаты жаңаланды. КСРО елінің ыдырауын Түркия жері зор қуанышпен қарсы алды. Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси қатынастар бірден жоғары деңгейге көтерілді. Түрік несиелері қазақ жеріне тартылып, экономиканы, құрылысты, оқу, білім жүйелерін дамыту салаларын- да екі ел арасында байланыс орнаған. Сауда айналымы 2011 жылы 3,9 млрд долларға жетті. 2012 жылы мамырда Р. Т. Эрдоган Астанаға іссапармен келді. Түркия Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына ақылдасу құқығымен қабылданды (2012 жыл, маусым). Азиядағы өзара ықпалдасу және сенім шаралары ту- ралы Кеңестің (СВМДА) төрағалық қызметі Түркияға жүктелген. 80 млн халқымен әлемде экономикасының дамуы жағынан он алтыншы орындағы Түркия елі аймақтық ірі мемлекет дәрежесін иеленіп отыр. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Түркия Республикасы қан¬ дай саясатты жақтады? 2. Соғыстан кейінгі кезеңде Түркияда қандай жаңалықтар іске асы¬ рылды? 3. Т. Озалдың экономикалық саясатының мәні қандай? 4. Қалайша елде исламшыл партия көтеріліп, билікке жетті? Оның ішкі және сыртқы саясатын ашып беріңдер. 5. Түркия мен Қазақстан Республикасы арақатынастарын баяндаңдар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *