«Өзін-өзі тану» пәнінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту

«Өзін-өзі тану» пәнінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту

Қазақ халқының қарым-катынас мәдениетіне деген көзкарастың өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбилеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының рухани құндылықтары мен әдет-ғұрыптарын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұс-танған. Бұл ретте қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі туралы алғаш еңбек жазған Н.Құлжанова болды. Қ.Т.Шериязданова мен оның шәкірттері қарым-қатынасты болашақ педагогтарды кәсіби дайындау негізі ретінде қарастырған. Алайда казіргі кезде казақ студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін игеруін, оның өзіндік ерекшеліктерін карастырған еңбек жоқтың қасы екені анықталды. Сонымен, жоғарғы оқу орындарында қарым-катынас мәдениетін игеру, оны студенттердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу деңгейінің төмендігі мен жастардьщ қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта игеруін жүзеге асыру қажеттігі мен оны ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар туып отырғандығы анықталды.
Адамды түсіну үшін әр түрлі сапалы әдістер қолданылады: физиогномикалық редукция — адамды түсінудің қарапайым таралған түрі. Адамның түр сипатына, өзін ұстауына, бет әлпетіне, тұрпатына, дене құрылымына, жүрісіне қарап ішкі психологиялық қорытынды жасау.
Барлық ұлттық мәдениетте көптеген физиогномикалық пайымдаулар мен ырымдар көп. Адамның мандайына, ерініне, көзіне, қолына қарай ол адам туралы алғашқы пайымдаулар болады. Австрия пасторы Лафатер және оның досы корреспондент Карамзин адамдардың мінездерін, қабілеттерін, тіпті тағдырларын анық анықтаған. Физиогномикалық редукция механизмі пайдалы, егер оның абсолютті дәлдігіне және сенімділігіне талап қойылмаса.
Енді қарым-қатынасты мәдениетпен байланыстыра қарастырайық.
Мәдениет дегеніміз не? — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік.
Қазақ тіліне бұл термин арабтың «Маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген.
Қазіргі заманғы сөздіктердегі мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері;
б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір санасының жетілу
деңгейі;
в) агромәдениет
Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі жайты болып келеді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған. Э.Кассирердің мәдениетті психофизиологияны негізде қарастырған 3.Фрейдтің және т.б. концепциялары соның куәсі. XX ғасырдың ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтауышы деп бірауыздан қолдап отыр».
Бүгінде тіл — негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүкіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феномология экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т.с.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарым-қатынас саласы ретінде анықтайды.
Адам қарым-қатынасының маңызын, құрылымын, типологиясын қарым-қатынастың әлеуметтік концепциясы қарастырады.
Қарым-қатынастың ғылыми концепциясы — оқыту процесі кезінде бізге осы мәдениет жетпейтінін В.И.Вернадский ашып көрсетті: «Ғылым тарихын және оның өткенін келер ұрпақ сын көзімен қарамау керек, білім қоры өзгереді жаңа ақпараттар пайда болады.
Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты.
С.Елеусізова бойынша қарым-қатынас орнатудың екі бөлшектен тұратынын ажыратып көрсеткен еді. Оның бірі — адамның ішкі дүниесіне қатысты қасиеттері, ойлауы мен саналы әрекеті. Ал келесі бөлшегі — адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп әрекет істейтін қатынас сипаттарын білдіреді.
Сонымен қарым-қатынас — ғылым әрі өнер болып табылады. Бұл — шығармашылық үрдіс.
М.И.Лисина пікірінше, қарым-қатынас, бұл — екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттері екендігін атап көрсетті.
Біздің елімізде қарым-қатынас мінез-құлықтық және жеке тұлғалық мәселелерімен біршама ғалымдар айналысса да (Шериязданова Қ.Г, Ауталипова Ұ.И, Елеусізова С.М. т.б) қазақ студенттері арасындағы қарым-қатынас мәдениеті жете зерттелінбеген мәселелердің қатарында тұр. Қарым-қатынас мәдениеті адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған белгілі ережелерін сақтауға негізделеді. Ондай ережелерді әдеп деп атаймыз. Ал осы әдеп сөзі — казақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп — адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу;
Ғалымдар С.А.Козлова, Т.А.Кулшсовалар (1998) қарым-қатынас мәдениетін мінез-құлықтық және жеке тұлғалық мәдениетінің құрамдас бөлігі екендігін атап керсетеді.
Шериязданова Қ.Т. (1996) студент жастардың қарым-қатынасындағы мәдениетін газет-журнал, кітап оқу, ертегі, әңгімелер тыңдау, кино, театр, музей, көрмелерге бару арқылы қалыптастыруға болады дейді.
Отбасындағы ата-ананың сөйлеген сөздері, мінез-құлықтарындағы олқылықтар жас адам бойында тұрпайы сезімдерді ұялатады, нашар мінездің қалыптасуына негіз болады.
Қазақтардың рухани әлемі, негізінен, ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған.
Кәсіби салалардың қатаң заңына бейімделе бермейтін казақ тілінің синкреттілігін де осы тұрғыда пайымдауға болады. Тілдің шығарма¬шылық арқылы әрбір қазақ өз мәдениетінің «оқшаулығын» өзінің «Мен» дегізерлік қасиеттерін және төл мәдениетінің сыр-сымбатына қатысының бар екенін тікелей сезініп отырған.
Қазақ тілінің әдебиетшілдігі дегеніміз, түптеп келгенде, ойлаудың ұлттық ерекшелігі болып шығады. Дауға салса, алмастай қиған, сөзімге салса қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырға, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы. Ана тілінен артық қазақ үнгін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған — оның ғажайып тілі.
Сонымен бірге, қазақ болмысының жаңалық атаулыны жатсынбайтынын да атап өтпей болмайды.
Сұхбаттасқан адамының жан-дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне деген құлықтылық, әсіресе сырласының жүрек түпкіріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру — әрбір қазақтың қарапайым қарым-қатынас мәдениетінен бастап, барша болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады.
Қазақ қоғамында ұлттың жадын сабақтастыратын тетіктер де болады. Бұл ең алдымен, әдет-ғұрып кқұқығының жүйесі — әдет. Яғни патриархалды және рулық қарым-қатынастың мән-жайы.
Қазақ өз тағдырының тізгінін өзгеге ұстатқан кезден бастап әдет-ғұрып құқығының жүйесі күйреуге ұшыраған. XIX ғасырдың өзінде-ақ даланың әдет-ғұрып құқығын әкімшілдік және сот реформалары іс жүзінде ауыздықтап үлгерді. Ал XX ғасыр болса дәстүрлі даланың қарым-қатынасын реттеп отыратын, осынау тиімді тетікті қолдануға ешқандай саңылау қалдырмайды.
Ұлттық тарихтың әлеміне өзінің жасымен де, басымен де бір табан жуық тұратын дана шежіре қарттардың беделіне шек келтірмеген.
Ұлттық рухты сақтауда ақсақалдар институтының орасан рөлі болды.
Өз руын, тайпасын, ата-бабасын жеті атасына дейін білу әрбір қазақтың ру аясындағы міндеті және сол білігі арқылы өз халқының дәстүрін сабақтастырып отырудың шарты болған.
Қазақстан осы ғасырдың бас кезіне дейін тарих көшінің табиғи даму жолында қалыптасқан құндылықтарымен біте қайнасқан тұтастығын сақтай білген дәстүрлі көшпелі қоғам еді.
Көшпелілер қоғамының өзіне тән жағдайында казақ халқы өзін орнықтыру үшін өз ішінде ғажайып тірек қалыптастыра білген. Сол тірегі міне 10 ғасыр бойы біртұтастығына кепіл болып келеді. Ол тірек -қазақтың жеті аталық зердесі. Көшпелі қазақтың өз шықкан тегін және рулық байланыстарын міндетті түрде білуі шарт болған.
Жекжат-жұрағаттардың сондай-ақ ру аралық туыстық қарым-қатынастардың құқықтары мен міндеттері, сый-сияпаттарының деңгей дәрежелері, қадір-құрметтерінің шек-шекаралары, тиым-талқыларының ауқым аясы әрбір адамға арналған қатал әдепке бағынып отырған.
Күні бүгінге дейін, сахараның жазылмаған заңы бойынша жеті атаға дейін бір-бірімен үйленуге рұқсат етпейтін қазақтан басқа жер бетінде бір де бір ел жоқ. Міне, қазақ халқының даналығын тудырған қуатты генетикалық тамыр ешқайда жоқ. Ұзатылған қыз келін болып түскен жеріне өз елінің тәрбиесін, қарым-қатынас мәдениетін ала келген.
Әрбір қазақ өз қандастарының арасында туысқандық парызын неғұрлым терең тамырластықпен сезінсе, соғұрлым жақын жұрағатының аясы кеңейіп, өзгелердің де оған деген мейірім шапағаты молая түседі. Мұндай қарым-қатынастың аясы отбасы мен рудан әрі асып, тайпалық, жүздік, одан әрі бүкілхалықтық еремен астасып кетеді.
Сонымен, қазіргі біздің студенттер осы ата-баба дәстүрлерін ұстана ма? Ұстанса, қаншалықты дәрежеде? Олардың қарым-қатынас мәдениетін игеруі қалай? Осы сұрақтарды ойластыра келе: егемендік пен еркіндіктің күн тәртібін де терең талдау мен талқылауды уақыт ететін мәселелер бар.
Олар:
— Әлеуметтік және этникалық фақторлардың ара салмағы.
— Этникалық және педагогикалық-психологиялық тәжірибелердің ара қатынасы.
— Этнопсихология мен этнопедагогикадағы адамгершілігін, ұлтжандылығын, қарым-қатынас мәдениетін тәрбилеу міндеттері.
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы студенттерге ізгілік білімін беру.
Жоғары мектепте өтетін «Өзін-өзі тану» пәні сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгерту арқылы адам рухын шыныктырып қана қоймай, ұлттық мінез-құлықты қалыптастырады.
Студент жасындағы адамның қоғамдағы белсенділігі артады. Оның сана-сезімі өседі. Жан қуаттары шыңдала түседі. Қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу имандылық пен адамгершілік идеялары ояна, кемелдене бастайды.
Жас адамның бүкіл кескін-келбеті, жұртпен қарым-қатынасы мәдениетті болу керек. Есі кіріп, ойы мен бойы танысқан кезде адам өзін-өзі ұдайы тәрбиелеп отыру керек. С.Торайғыров: «Жақсылық көрсем, өзімнен, жамандық көрсем, өзімнен, тағдыр қылды деулерді шығарамын сөзімнен», — деген.
Адамның білімі тек сабақта ғана қалыптаспайды. Өзгелермен пікірлесу оны дамытады.
Жастық шақта қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісіндс адам күнделікті өзі таңдаған шешімді қабылдауды талап ететін жағдайларға түсіп отырады, яғни шешім қабылдаудың мүмкін деген жолдарын қарастырып, тандау қажеттілігі туындайды.
Ұлттық мінез-құлықты сомдауда мәдени қарым-қатынастың орны ерекше. Өйткені мәдени қарым-қатынаста эстетикалық, әлеуметтік, моральдік талаптар сақталады.
Мәдени қарым-қатынас іскер жандар арасында туындайды. Ол істі алға бастырып, өркениетке қол жеткізеді. Қазіргі іскер адамға мәдени қарым-қатынас керек. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей, жеткізе алулары керек. Біздің қоғамымызға қазір ізгілікті, мейірімді, адамгершілігі мол, мәдениетті азаматтар қажет. Жоғары мектепте студенттермен өтетін «Жантану» пәні сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгерту арқылы адам рухын шынықтырып қана қоймай, ұлттық мінез-құлық қалыптастырады. Халқымыздың рухани қазынасы — бүгінгі күнмен жалғасқан өткен дәуірлер шежіресінің куәсі, ұлтымыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің айнасы. Сондықтан оның Егеменді ел болғаны Құдайға шүкір, көптеген жастарымыз имандылыққа бет бұрып, қарым-қатынас мәдениетін игеруде. Ата дәстүріміз қайта жаңғыруда. Осы үрдіс дәстүрге айналса, нұр үстіне нұр болар еді.

Әдебиеттер:
1. Ғабитов Т., Мүталіпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану оқулық-Алматы.: Дәнекер, 2002.
2. Нұржанов Б. Мир как игра языка в концепций Deppuga Exlibris //Б. Нұржанов, Алматы.: 1996 г.
3. Назарбаев Н. Тарих толқынында-Алматы.: Атамұра, 1999,- 296 б.
4. Разумный В.А. Клуб и культура общения: Пособие для клубных работников. М.:1989 -92с.
5. Абалкина М.А., Агеев B.C. Анатомия взаимопонимания. М.: 1990 — 64с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *