Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі.
1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі.
2. Өзін өзі бағалауды қалыптастыру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлар.
1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі.
Өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі жетілдіру жұмысына кіріспес бұрын бастаушы мұғалім ең алдымен өз жұмысының қандай бір мерзіміне сараптамасы болуы керек, оның дұрыс бағалануына және өз жұмысын одан әрі жетілдіруге деген жетекшісінің ұсынысы болуы керек.
Өзінің әрекетінің қорытындысын сараптай отырып мұғалім рефлекция жасайды онсыз білім беру процесінің заңдылығын түсіну мүмкін емес, педагогикалық шеберлікке бастайтын қозғалыс жоқ.
Кәсіби өзін-өзі дамытудың бастапқы компаненті өздігінен білімін көтеру болып табылады, біз бұл жерде «мақсатты түрдегі жалпы адамдық құндылықтарды әдістемелік және арнайы білім арқылы, кәсіби ептілігі мен дағдысы арқылы игеру бойынша педагогтың танымдылық әрекеті».
«Орыс оқытушыларының оқыушысы» деген атақ алған К.Д. Ушинский оқытушы оқу барысында ғана өмір сүреді деп санаған, қазіргі кезеңгі белгілі ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев жастарға «Үнемі оқу керек. Барлық ірі ғалымдар тек қана біреуді оқытып қойған жоқ өздері де оқыды. Оқуды тоқтатқан күні – оқыта да алмайсың. Себебі білім үнемі өсіп жетіліп отырады » деген.
Өзін-өзі жетілдіру білімі мен тәжірибесі өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарттарын құрайды, ол өз кәсіби жекелігін дамытудағы үш бағытын меңзейді:
А) өзінің жеке-қайталанбайтын ерекшелігін педагогикалық әрекеттер талаптарына бағыттау;
Б) кәсіби компетенттігін үнемі арттырып отыру;
В) жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершіліктік басқа да қасиеттерін үнемі арттырып отыру.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, ол басқа да әрекеттер сияқты өзінің негізгі күрделі жүйесі, мотивтері, белсенділік мотивтері бар. Әдетте мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен көзі жетілуге деген қажеттелік арқылы түсіндіріледі. Алайда бұл қажеттілік қажеттілік арқылы талаптар арасындағы қарсылықты шешуді құрамайды. Оқытушыға ұсынылатын Талаптар «өзін өзі ынталандырады немесе оқытушыны осы қарама-қайшылықты шешетін қандайда блмасын әрекеттті олдануға итермелейді».
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде оқытушының әрекеті негізіндегі сияқты мақсат пен мотив арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Мотивтің мақсатқа қара жылжуын қамтамасыз ету — өзін-өзі тәрбиелеуге деген нақты қажеттілік деген сөз.Оқытушының өзн-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілгі одан әрі жеке белсенділгі арқылы көрініп отырады (сенімі; парызын сезіну, жауапкершілік, кәсіби адалдық, дұрыс бағалай білу т.б.).
2. Өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.
Ғылым өзін-өзі бағалаудың екі тәсілін көрсетеді. Біріншісі өзінің қызығушылығын қол жеткен нітижеге жатқызу, екіншісі — әлеуметтік салстыру, қоршаған ортаның өзі туралы ойын әлеуметтік түрде салыстыру. Осы тәсілдрді қолдану барысында үнемі адекватты өзін-өзі бағалау туындай бермейді. Аздаған үйреніп қалушылық өзн-өзі жоғары деңгейде бағалауға әкеліп соғуы мүмкін тек қана алдына жоғары міндеттер қоятын тәрбиешілер ғана қиындықтарға жолығады.Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушыны қанағаттандыра алмайды.
Өзін-өзі бағалаудың негізгі тәсілі (оның ішінде болашақ) — өз нәтижелерін жеке тұлға идеялымен, тәрбиеші-оқытушының әрекетімен салыстыру осындай жұмыстар алғашқы курстан басталуы керек. Кәсіби идеялды қалыптастырудың ең қарапайым және сенімді тәсілі ол — әлеуметтік әдебиеттерді өз бетімен оқу, атақты педагогтар өмірімен өз идеялын табу мақсатында танысу. Бұл оны өзін-өзі тәрбиелеуге деген жағдайдың тиімді түрі. Осы бағытта еліктеуге тұрарлық ерік жігері мол адамның идеялы тиімді рөл атақарады.
Өзін-өзі дұрыс бағалау мен дұрыс есеп беруге жеке күнделік жүргізу де жатады, бұл жерде өзін-өзі тәрбиелейтін субъект өз ептіліктерінің дамуын қадағалай алады.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлары.
Өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыратын сыртқы факторларға педагогикалық ұжым, мекепті басқару стилі мен бос уақыт факторы жатады.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу прцесі мүлдем жеке түрде. Алайда одан үш өзара байланысты деңгейді таңдап алуға болады.;
• өзін-өзі ану;
• Өзін-өзі жоспарлау;
• өзара әрекет ету.
Кәсіби өзін-өзі тану еріктік дамуды меңзейді, эмоционалдық саланы, темперамент пен мінезді, танымдылық прцестерінің ерекшеліктерін меңзейді (қабылдау, түсінік, қиялдау, ойлау), сөйлеуді, және адам қасиеті ретіндегі көңіл қоюды меңзейді.
Жеке тұлғаның дамуындағы өзін-өзі жоспарлау процесі өзінің өзіндік жекелігін жетілдіруі туралы болжамын іске асыру.
Өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын құруға әдетте «өмір ережесі» жүйесі алғышарт болады, ол ақырындап жеке тұлғаның өзін ұстауы мен әрекетінің приниптерін айналады. Мысалы ешқашан ешқайда кешігіп бармау; ешкімге «иә» немесе «жоқ» деген сөзбен жауап бермеу – жауап берудің басқа формаларын іздеу; ешкімге көмек беруден бас тартпау т.б.
Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасымен қоса өзін түзету бойынша жоспар құру жұмысын да атап айтуға болады: ұзақ мерзімге арналған максимум-жопар және қысқа мерзімге арналған минимум-жомпар (бір күнге, бір жұма неесе бір айға).
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын енді ғана бастаған тәжірибесі жоқ адамдарға неғұрлым қарапайым жоспар ұсынылады ол үш тараудан тұрады: өзін-өзі тану және өз білімін көтеру; жоғары оқу орнының оқу материалдарын игеріп алу; өзін-өзі тәрбиелеу.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысының мақсатын дұрыс қою үшін өзінің әлсіз және күшті жақтарын білу керек яғни өзін-өзі толық тану керек. Өзін-өзі танудың маңызды әдістерінің бірі — өзінің дұрыс және теріс тәжірибесін сараптау. «қиындықтар қателіктерінің төлі» тәжірибесі –ең дұрыс оқытушы, үйретуші, ол қымбатқа түседі алайда, өзінен сабақ алады. Екінші әдісі өзіңді таны- өзіңді басқамен салыстыр.
Өзара әсер етудің жолдары мен құралдары әр түрлі. Өзіндік ерекшеліктерін және нақты жағдайды есепке ала отырып әр адам оның оптималды бірлігін қабылдайды. Релаксация – тыныштықтың жалпы жағдайы, қатты уайымнан кейінгі немесе дене еңбегінен кейінгі тыншу болмақ.
Өзін-өзі тану құралдарының қатарына өзінің психикалық жағдайын игеру де жатады, яғни өзін -өзі реттей білу. Оған әр түрлі тәсілдер, өзінің көңілін басқаға аудару, өзін-өзі тыншыту мен бұлшық еттерін босату (релаксация), сондай-ақ өзін-өзі сендіру, өзіне бұйрық беру, өзін бақылау мен өзін сендірулер т.б. жатады.
Интергалды ептілікті жетік меңгеру және педагогикалық тұрғыда ойлау мен әрекет ету байқағыштықты, алдын-ала көре білуді және өз әрекетін және тәрбиеленушілердің әрекетін шығармашылықты түрде жобалау мен дамытуға бағытталған арнайы жаттығуларсыз мүкін болмайды.
Соңғы кездері педагогакалық ғылымда студентті мектепте жұмыс істтеуге және басқа да білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге дайындаудың жекелік-бағытталған технологиялары жасалып жатыр.
Осындай кәсіби түрде толықсудың авторлық бағдарламаның жалпы түрінде мұғалімнің болашағы былай ұсынылады:
1. Жоғар оқу орындарының пәндерін игеру: а) міндетті; б) таңдау бойынша; в) ақылы – жалпы университеттік және профилді.
2. Одан әрі олардың авторлық бағдарламаларын жекелендіру мақсатында біліктілік сипатталудың негізгі тарауларымен танысу.
3. Өзінің кәсіби маңызды жекелік қасиеттерін (КМЖҚ) тестілеу және кемшілігі бар жерлерін толықтыруды белгілеп қою.
4. Жеке қасиетерінің ішіндегі кемшілікті жерлерін жоюды және оны сараптауды белгілеп қою.
5. Өінің кәсіби өміріне жекелікті түрде талаптар қою: денсаулығына, интелектуалды өсуіне т.б.
6. Атақты мұғалімдердің жаңашылдық тәжірибесін зерттеу, оны өзінің болашақ жұмысында қолдану жолдарын ескеру.
7. Авторлық бағдарламаның басқа да тараулары.
Педагогикалық қызметкерлердің негізгі талаптары тіркелген негізгі нормативтік құжаттарға, оның ішінде оқытушыларға да қатысты, маманның біліктілігін сипаттау болмақ.
Мұғалімнің біліктілігін саралауды көрсетеміз. Мұғалімнің лауазымдық міндетіне мыналар кіреді:
• өз пәні бойынша оқытушыларға білім беруді жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жүргізу
• алған білімін тәжірибе түрінде қолдануда ептіліктер мен дағдыны қолдануды қалыптастырып отыру;
• оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оны бақылап отыру;
• тиісті пән бойынша оқу материалын жоспарлау оқу бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету;
• әдістемелік жұмыстарға қатысу;
• оқушыларды тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу;
• оқушылардың үлгрімін сараптау, олардың оқа пәнін қадағалауын қамтамасыз етіп отыру;
• оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу, ондай жұмыстарға ата-аналарын қатыстыру;
• оқу құралдарын тасу барысында қауіпсіздік талаптарын және өндірістік санитария талаптарын сақтауды қадағалау.
Біліктілік талаптарын сәйкес мұғалім мыналарды білуі керек:
• өз пәнін, оның мазмұнын және тәжірибе түрінде қолданылуын білуі керек;
• білім беру жүйесндегі өз пәнінінң алатын орнын және оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруы; педагогика мен педагогикалық психологияны;
• оқушыларды оқытудың формалары мен әдістерін;
• еңбек заңнамасының негізін.
Оқытушының біліктілігі талаптарының ең маңыздысы жоғары және орта кәсіби-педагогикалық білімінің болуы.
Біліктілік сипаттаманы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді және ол педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің мазмұнының негізі болып табылады.
Осы көрсетілген ережелерге сәйкес студент өзінің жеке авторлық бағдарламасын жасайды, оған өзінің кәсіптік қалыптасуы барысындағы өзінің түзетулерін енгізеді.
Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі мен ерік жігеріне және мінезіне, әдеттеріне және ақыл ойының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліну керек. Психология мен басқа да ғылымдардың бүгінгі күнгі жетістіктері осы жұмыстарды жоғары біліктілікпен құруға мүмкіндік береді.
Біз болашақ мұғалмдердің өздерінің педагогикалық кәсібиліктерін қалыптастырудағы өздігінен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жүргізудегі жұмыстарының кейбір мәселелеріне ғана тоқталып өттік. Олар студенттерге өздері туралы ойлануға, өзінің педагогикалық білімі туралы ойлануға оны тәжірибеге айналдырудағы нақты варианттарды ескеруге мүмкіндік береді.