КСРО-да тоталитарлық жүйенің орнауы.
1918—1920 жылдардағы азамат соғысы. Большевик- тердің Уақытша үкіметті құлатып, Құрылтай жиналы- сын күшпен таратуы және саяси-әлеуметтік шаралары дворяндарды, буржуазияны, зиялыларды, дінбасыларын, офицерлік топтарды, ауқатты шаруаларды Кеңес үкіметі- не қарсы қойды. Жер қорын және помещиктер иеліктерін жаппай тәркілеу бұл топтардың қарсылығын тудырды. Буржуа- зия топтары тәркіленген фабрика-зауыттарын қайтарып алуды аңсады. Тауарлы-ақшалай қатынастарды жойып, азық-түлік және өндіріс тауарларын тікелей мемлекет- тің бақылауымен бөлісу орта және ұсақ буржуазия топта- рының жағдайын қиындатты. Биліктен айырылған тап- тардың жекеменшік мүлкі мен ерекше жеңілдік құқық- тарынан айырылуы азамат соғысының қосымша себептері есебінде болды. Бірпартиялық саяси жүйені және проле- тариат үстемдігін орнатуға (шынында, РК(б)П Орталық Комитетінің үстемдігін) ел ішіндегі ұсақ социалистік пар- тиялар қатысса, демократиялық қоғамдық ұйымдар боль- шевиктерден алыстатылды. “Әскери коммунизм” саясаты. Кеңес үкіметінің 1918 жылдың жазынан бастап 1921 жылдың басына дейінгі ішкі саясаты “әскери коммунизм” деп аталатын төтенше шараларды жүзеге асыру дәуірі болды. Аталған саясаттың алғышарттары өндірісті мемлекет қарамағы- на өткізу және бір орталықтан басқаратын мемлекет- тік аппаратқа, азық-түлікке бақылау орнатумен қатар, ауылдарды әскери-саяси қысымға алу тәжірибесімен анықталды. “Әскери коммунизм” саясаты экономикалық және сая- си-әлеуметтік салаларды қамтитын кешенді іс-шаралар- дан тұрды. Аталғандардың ішінде ең бастысы өндірістік құралдарды мемлекетке өткізу, орталықтандырылған басқаруды енгізу, еңбек өнімдерін теңгермешілік негізде бөлісу және большевиктер партиясының үстемдігін бекіту болды. 1918 жылдың 28 маусымында Кеңес үкіметі барлық ірі және орташа кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алу туралы Декрет қабылдады. Келесі жылдарда ұсақ 41 кәсіпорындар мемлекетке өтіп, ел ішіндегі өндіріс сала- сындағы жекеменшік кәсіпорындар жойылды. Соны- мен қатар өте қатаң салалық басқару түрлері енгізілді. 1918 жылдың көктемінде сыртқы сауда саласында да мемлекеттік монополия тәртібі енгізілді. Мемлекеттің азық-түлік үстемдігін барынша кеңейту үшін азық-түлік салығы азық-түлік салғыртымен ауысты- рылды. Ол бойынша шаруалардың күнкөрісінен артылған азық-түлік қоры әскерлер мен өндіріс жұмысшыларын қамтамасыз ету үшін ешбір өтеусіз алынды. Азық-түлік салғырты ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды жаппай мемлекеттендіріп, сауда-саттыққа, нарыққа тыйым салып, ақша айналымын тоқтатып, жұмысшылардың еңбекақысын нан, ет, май, картоп түрінде төлеумен бірге жүргізілді. Күшпен алынған өнімдер үшін шаруаларға түбіртек қағаз және құнсызданған ақша берілді. Үкімет бекіткен азық-түлік бағасы базардағы нарықтық бағадан 40 есе төмен болды. Шаруалардың қарсылығын басу үшін ауылдарға қаруланған жұмысшы жасақтары жіберіліп, ауыл тұрғындарының азық-түлік қорлары еріксіз түрде тартып алынды. “Әскери коммунизм” саясаты тауарлы- ақшалы қатынастардың жаппай жойылуына әкелді. Өндірістік және азық-түлік тауарлар жалақы түрінде тепе-тең бөлінді. Мұндай жағдай қоғамдық топтар ара- сында жалған әлеуметтік теңдіктік пікірді тудырды. Бұл саясаттың дәрменсіздігі “қара нарық” ошақтарын көбейтіп, қоғамдағы алыпсатарлықтың етек алуына жол ашты. 1918 жылдан бастап бұрынғы қанаушы таптар өкілдері еңбектік міндет тәртібіне тартылды, ал 1920 жылы жаппай еңбекке араласу міндеті енгізілді. Еңбекшілерді еркінен тыс жинау үшін еңбек армия- лары құрылып, олардың басым бөлігі көлікті жөндеуге, құрылыс жұмыстарына жұмылдырылды. Жалақының на- туралды түрі басым болғандықтан қаладағы тұрғын үйлер, байланыс, көлік, пошта және телеграф қызмет көрсету салалары ақысыз қызмет көрсетті. “Әскери коммунизм” саясаты кезеңінде саяси салада РК(б)П-ның шексіз үстемдігі орнатылды. Ресей больше- виктік партиясы таза саяси ұйым ережесінен шегініп, партия аппараты біртіндеп мемлекеттік ұйымдарға айнал- 42 ды. Бір партияның үстемдігін мойындамаған басқа саяси топтар — кадеттер, меньшевиктер, эсерлер — іс-әрекетіне тыйым салынды. Кейбір көрнекті қоғам қайраткерлері шетел ауып кетсе, басқалары қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңестік атқару ұйымдары большевиктер партиясы- ның нұсқауын мүлтіксіз орындап отырды. Партияның бақылауындағы кәсіподақ ұйымдары да тәуелсіздігінен айырылды. Олар жұмысшылардың мүддесін қорғаудан қалды. Пролетариат өз мемлекетіне қарсы шыға алмайды деген нанымды жақтап, жұмысшылар ереуілдеріне тыйым салынды. Сөз және баспасөз бостандығы жөніндегі ереже- лер орындалмады. Большевиктік емес баспасөз органдары түгел жабылды. “Әскери коммунизм” саясаты Ресейді экономикалық күйреуден құтқара алмады. Бірақ орталықтың қатаң бас- қару жүйесі арқасында барлық қорларды шоғырландырып большевиктер үкіметі азамат соғысы жағдайында саяси билікті сақтап қалды. “Азамат соғысы жылдарындағы революцияға қарсы шыққан басшыларды тұтқындау” (1917 ж., қараша) және “Қызыл террор” заңдарына сүйе- ніп большевиктер үкіметі өзінің саяси дұшпандарын зорлықпен жоюға мүмкіндік алды. Сондықтан меньшевик- тер, оңшыл және солшыл эсерлер, анархистік топтар жаңа үкіметпен келісе алмай, азамат соғысы жылдарында Кеңес үкіметінің қарсыластары қатарына қосылды. Iшкі және сыртқы саясат. Ресей тарихында Кеңес үкіметі қарапайым адамдар үшін бостандықпен қатар аталатын ұғым болды. Шала білімі бар жұмысшылар мен шала сауатты шаруаларда коммунистік сана-сезім бірден үйлесе қоймады. Кеңес үкіметі бейбіт еңбек ету жолына көшті. Елдің жағдайы қиын болды. Ресей әлемдік экономикалық қатынастар жүйесінен шығып қалды. Азамат соғысы жылдарында саяси биліктің сипаты едәуір өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік және партиялық билік органдары қосылып, төрешілдік ықпалы барынша өскені байқалды. Бүлінген, ашыққан, сарқылған ел жол салынбаған социалистік құрылысты іске асырудың қарсаңында тұрды. Әлемдік социалистік революция іске аспай, Ре- сей саяси оқшаулануға ұшырады. Ұлттық шекараның қауіпсіздігін ойлап Кеңес басшылары көршілес елдермен 43 байланыс жасау әрекетіне кірісті. 1920 жылы бұрынғы Ресей империясының құрамында болған Эстония, Литва, Латвия, Финляндия мемлекеттерімен жақындасып, Иран, Түркия, Ауғанстанмен достық қатынастар орнықтырды. 1921 жылдың ақпанында осы елдермен жасалған келіс- сөздер негізінде Ресей олардың патша үкіметі кезіндегі қарыздарын кешіріп, ерекше артықшылық құқығынан бас тартты. Кеңес үкіметі Моңғолия елімен достық қатынастар орнатып, Германия, Италия, Норвегия елдерімен сауда- саттық келісімдеріне қол қойды. Азамат соғысының аяқталуы халық шаруашылығын қалпына келтіруге жол ашты. Дәл осы кезеңде Ресейде жаппай электрлендіру бағдарламасы жарияланды. Жаңа экономикалық саясат. Азамат соғысы және “әскери коммунизм” саясаты елдің жағдайын қатты на- шарлатты. Шаруалар ауыр азық-түлік салғыртымен келіспеді. Өйткені шаруалардың артық азық-түлік қоры өтеусіз күшпен алынды. Аштық пен мұқтаждықтан қажыған жұмысшылар арасында да наразылық байқал- ды. Украинада, Тамбов облысында, Еділ бойында, Сібірде антикеңестік көтерілістер ұйымдастырды. Саяси дағдарыстың көрінісі 1921 жылғы Кронштадт көтерілісінен байқалды. Ел ішіндегі шаруалар қобал- жулары Кронштадтағы матростарға әсерін тигізді. Бір кез- де Кронштадт бекінісінің теңізшілері Қазан төңкерісінің тірегі болған топтардың қатарында болған еді. Кеңес үкіметі бұл қозғалысты аяусыз басып, жазалады. Шешуші экономикалық өзгерістер РК(б)П-ның Х съезінде (1921 ж., наурыз) айқындалды. Съезд “әскери коммунизм” саясатынан бас тартып, жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға шешім қабылдады. Салықтың мөлшері салғыртқа қара- ғанда екі есе аз болды. ЖЭС ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар артық өнімдерін қалаға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеу- ге, қауымнан тыс жеке шаруашылық құруға, жерді өз қалауынша пайдалануға, жалдамалы жұмыс күшін тар- туға, жерін жалға беруге мүмкіншілік алды. Тұтыну, өндірістік және қарыз беру кооперативтерін ұйымдасты- руға еркіндік берілді. Қала тұрғындары да өндірістік және сауда-саттық кәсіпорындарын ашуға құқық алды. “Әскери 44 коммунизм” кезіндегі ақы төлеудегі теңгермешілік және жаппай еңбек міндеттілігі жойылды. Жалақы жұмыс иесінің шеберлігі мен өндірген өнім үлесіне қарай төлене- тін болды. Халық шаруашылығын басқарудағы тым қатал орталықтандыру әрекеті едәуір жұмсарды. Жалақыны табиғи өнім түрінде бөлу тоқтатылып, жаппай ақша түріне көшірілді. Жаңа экономикалық саясат нарықтық қатынастарды дамытып, өндіріс пен сауданы дамытып, бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге көмегін тигізді. Жаңа экономикалық саясат барысында Кеңес үкіметі мынадай міндеттерді іске асыруға бел байлады: — қала мен ауыл арасындағы экономикалық байла- ныстарды реттеу; — электрлендіру негізінде өндірісті дамыту; — барынша есепті шаруашылыққа көшу, еңбектің нәтижелі болуына әр адамның мүдделігін арттыру; — мемлекеттік жоспарлау және басқару ісін жетіл- діру; — бюрократизм және әміршіл-әкімшіл жүйемен күресу; — барлық салаларда азаматтың мәдениет деңгейін көтеру. Бірақ мемлекет экономиканың басты салаларын мықтап бақылап жекеменшік иеліктің еркін дамуына мүмкіндік бермеді. 1923—1928 жылдары ЖЭС әміршіл- әкімшіл жүйенің қыспағына оралып, дағдарысқа ұшы- рады. Оның орнына коммунистік партия жолдаған жаппай ұжымдастыру, қарқынды индустрияландыру саясаты іске асырылды. КСРО-ның құрылуы. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық съезі Кеңес Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жа- риялады. В. И. Лениннің талабы бойынша КСРО елдері өзара теңқұқылы мемлекеттердің федерациялық одағы деп мойындалды. Бастапқы кезде КСРО-ның құрамына РКФСР, Украина, Белоруссия және Закавказье Федера- циясы біріккен еді. Оның құрамына одақтас республика ретінде Өзбек және Түрікмен, Тәжік, 1936 жылы Қазақ және Қырғыз республикалары қосылып, КСРО көпұлтты елдердің федерациялық бірлігіне айналды. 1924 жылы КСРО-ның Конституциясы бекітілді. 45 КСРО-дағы индустрияландыру саясаты. 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П-ның ХIV съезі елді индустрияланды- ру бағытын жариялады. Индустрияландыру өндіріс құрал- жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салуды қолға алуды та- лап етті. Кеңес үкіметі 1926—1928 жылдарда ескі зауыттар мен фабрикаларды жөндеуге және жаңа кәсіпорындарды салуға арналған қаржыны 3 есе көбейтті. Оның көбін жаңа әскери өндіріске жұмсады. Индустрияландыру бағыты бірінші және екінші бесжылдық жоспарлардың іске асы- рылуымен қабаттасып, ауыр индустрия кәсіпорындары- ның жаңа түрлерін салуға жоспарланған қаржының 84%-ы ғана игерілді. Қысқа мерзім ішінде машина жасау, қорғаныс өнер- кәсібі, сол кезеңге сай химия өндірісі жаңадан құрылды. Магнитка, Кузбасс, Днепр СЭС-і, Уралмаш, Хибин ком- бинаты, Мәскеу мен Горькийдегі автомобиль, авиация зауыттары, Түрксіб теміржолы мен Үлкен Ферғана ка- налы, Қарағанды көмір алабы, Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қарсақпай мыс қорыту комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты іске қосылды. Индустрияландыру Қазақстанның тез дамуына игі әсерін тигізді. Алайда индустрияландыру қатаң тәртіппен жүргізілді. Шаруалар тоналды. Миллиондаған адамдар жазықсыз ай- далып, ірі құрылыстарда құлдар қатарында жапа шекті. 1929 жылы қала тұрғындарына азық-түлік тек арнайы талонмен таратылды. 1930 жылдардың соңында Кеңес Одағы өнеркәсіп өнімін шығару жөнінен Еуропада бірінші орынға және дүниежүзінде екінші орынға шығып, индустриялы-аграр- лы елге айналды. Жұмыссыздық жойылды, қалалар мен селолардың тұрмыс-тіршілік бейнесі өзгерді. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. БК(б)П-ның ХV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру міндетін алға қойды. 1920 жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан бағыт түбірінен өзгерді. Индустрияландыруға қажетті қаражат- қорды жинауды шаруалар қауымы есебінен жүргізу көзделді. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру науқаны басталды. Ол Сталиннің 1929 жылғы 7 қарашадағы “Прав- да” газетінде “Ұлы бетбұрыс” деп аталатын мақаласының 46 шығуымен басталды. 1928 жылы ұжымдастыру қарқынын тездету үшін МТС-тер ұйымдастырылды. Ресей аумағы бірнеше аймаққа бөлініп, әр аймақтардағы шаруалар- ды ұжымдастырудың мерзімі бекітілді. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Ұжымшар құру қағидаларын өрескел бұзу жаппай сипат алды. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылану көбейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын тудырды. Көптеген аймақтарда болған шаруа көтерілістері 700 мың адамды қамтыды. Жаппай ұжымдастыру кезеңінде жаңадан серпін ал- ған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі КСРО-ның бүкіл қоғамдық-саяси өміріне әсерін тигізіп, 1932—1933 жыл- дарда елді ашаршылыққа ұшыратты. Украинада, Едiл бойында, Қазақстанда сансыз адам қырылды. Қазақ ұлты 2,5 млн-нан астам адам шығынын шекті. МТС-тер құра- мында ұйымдастырылған бөлімшелер ауылдағы таптық жат элементтерді жойып, шаруаларды ұжымшарларға толық тарту жұмысын аяқтады. 1937 жылы шаруалардың 93%-ы ұжымшар қатарында болды. Елдің қоғамдық-саяси өмірі. Тоталитарлық жүйе және жекебасқа табыну. 1920 жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан әмір- шіл-әкімшіл басқару жүйесі өркениетті елдердің басқару құрылымынан өзгеше болды. Бұл жүйе адам бостандығын аяққа басу, оның құқығын елемеу, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан ажырату, оларды саясат пен мемлекетті басқарудан шеттету сияқты құбылыстармен ерекшеленді. КСРО-да И. В. Сталиннің жекебасына табыну белең алды. Партия органдары қоғам өмірінің барлық салаларына таза әкімшілік бұйрық арқылы араласып отырды. Партия мен кеңес органдары мемлекеттік аппаратта біріге бастады. 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің Жалпыодақ- тық VI төтенше съезі жаңа Конституция қабылдап, Кеңес- тер Одағы жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп жарияланды. Одаққа 11 республика бірікті. Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында сая- си өмір мен мәдениеттің өрлеу және құлдырау көріністері 47 қатар байқалды. Мәдени революцияның табыстарымен қатар, қоғамның барлық салаларында қуғын-сүргін етек алып, көрнекті ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары жазықсыз жазаланды немесе елден қуылды. 1937—1938 жылдары елде жаппай қуғын-сүргін белең алды. Партия, үкімет басшылары бір кезде өздерін сына- ған партия және мемлекет қайраткерлеріне халық жауы деген кінә тағып, жазалауға бұйырды. Iле-шала бүкіл елде, республикаларда белгілі зиялыларға “ұлтшылдардың, байлардың, феодалдардың тұқымдары”, “герман-жапон тыңшылары” деген және т.б. айыптар тағылған қуғын- сүргін науқаны басталды. Қазақстанда Алашорда үкіметін қолдағандар ескіні жақтаушылар тобына жатқызылып, беделді ғалымдар, жазушылар, саяси қайраткерлер, тіпті қарапайым адам- дар жазықсыз жазаға ұшырады. Олардың саны 100 мың- нан асып түскен. Тоталитарлық жүйенің қылмыстарын іске асырған Iшкі істер Халық Комиссариаты (НКВД) және Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті (КГБ) болды. 1930 жылы лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, кейін ол ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. Қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі қалыптасты. “Қарлаг”, “Степлаг”, “Алжир” деген атпен белгілі болған лагерьлер осы ГУЛАГ жүйесінің бөлімшелері болып та- былды. 1934 жылы КСРО-да НКВД-ның еңбекпен түзету лагерьлері жүйесін басқаратын 56 бөлімшені біріктіре жұмыс істеді. Тұтқындар аса ауыр жағдайларда ұсталды. Кеңестік биліктің қуғын-сүргін саясаты 1937—1938 жыл- дары өзінің шарықтау шегіне жетті. 1917—1934 жылдары 32 саяси бюро мүшелері болған 32 адамның 75%-ы қуғынға ұшырады. Қызыл Армияның ең жоғары шенді қолбасшылары қатарынан 5 маршал, 3 армия генералы, 401 полковник жөнсіз кінәланып, жауапқа тартылды. ГУЛАГ термині НКВД түрмелері мен лагерьлерінің, жалпы тоталитарлық жүйенің тұтас бір синониміне айналды. 20—30-жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында кере- ғарлық үрдістер байқалды. Бұл Германия мен Жапония елдеріне қатысты қарым-қатынастарда айқын көрінді. Бейбітшілікті қолдап, озбырлыққа және фашизмге қар- 48 сы күрес жүргізе отырып, КСРО 1921—1933 жылдар аралығында Германиямен жасырын келіссөздер жүргі- зіп келді. Ал 1939 жылы А. Гитлермен келісімшарт жа- састы. 1930 жылы Жапонияның МХР мойындағанына жауап ретінде Маньчжоу-Го үкіметін ресми түрде таны- ды. 1939 жылдың соңында Польша мен Финляндияға басқыншылық жасады. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Азамат соғысы қарсаңындағы Ресейдегі жағдайды сипаттаңдар. Аза¬ мат соғысы және “әскери коммунизм” саясатының шығу себептерін атаңдар. 2. Жаңа экономикалық саясаттың мәні неде? 3. КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай мемлекеттер кірді? 4. Елді индустрияландырудың маңыздылығын әңгімелеңдер. КСРОдағы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру қажеттілігі неден туын¬ дады? 5. Жекебасқа табыну және қуғын-сүргіннің болуы қандай жағдайға байланысты болды? 6. КСРО-дағы әміршіл-әкімшіл жүйе қалай дамыды және зардаптары қандай болды?