Төреқұлов Нысанбек (1921-2009)—фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы. ол қазақ кеңес әдебиетінің тарихы, қазақтың айтыс өнері туралы, Жамбылдың шығармашылығы мен өмірбаяны жөнінде, қазақтың шешендік өнері, билері мен шешендері туралы танымал еңбектер жазды. ол ұзақ жылдар М.о.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халық шығармашылығы, жамбылтану бөлімдерінде қызмет атқарып, Қазақстан ҒА-ның ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырған фольклорлық экспедициялар құрамында халық мұраларын жинауға,оларды жүйелеп зерттеуге үлес қосты. Ғалымның ғұмырнамалық, әдеби-танымдық жинақтары, зерттеу монографиялары жарыққа шыққан.