Сыдиықұлы Қабиболла (1934-2001)—белгілі әдебиет танушы, ақын, өлкетанушы. Филология ғалымдарының кандидаты. Қазіргі Атырау облысы, Жылой ауданы, Қарақұм мекенінде туылған. Қазақ әдебиеті тарихын, жыраулар поэзиясын, Абай мұраларын зерттеп, ауыз әдебиеті үлгілерін, музыкалық фольк лор жанрларын жинауға көп еңбек сіңірген. 1969 жылдан өмірінің соңына дейін М.о.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкері болып қызмет істеді. 1986-1987 жылдары Қазақстан ҒА-ның өзбекстан, Тәжік стан, Моңғолстанға ұйымдастырған экспедицияларына жетекшілік етіп, материалдарды қорға өткізген. Көптеген өлең, жыр жинақтары, әдеби—танымдық, ғылыми зерттеу еңбек тері жарық көрген.