Қытайбұршақ

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

Диссертациялық жұмыста келесідей белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:

 

ҒЗИ

– ғылыми-зерттеу институты

КСРО

– Кеңестік Социалистік республикалар одағы

КазЕжӨШҒЗИ

– Қазақ егін және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

ВНИИК

– Всесоюзный научно-исследовательский институт кормопроизводства (Бүкілодақтық мал азығы өндісі ғылыми-зерттеу институты)

0С

– Цельсий бойынша градус

мм

– миллиметр

м2

– шаршы  метр

ц/га

– 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

рН

– топырақ ортасының реакциясы

мг

– миллиграмм

%

– пайыз

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қытайбұршақ еліміздің халқы үшін бағалы және келешегі бар ақуыздық өсімдік. Өсіп — өну кезеңде құрамына ақуыз және май қорын жинауда қытайбұршаққа бірде-бір дақыл теңеспейді және барлық таптырмайтын амин қышқылдарымен қамтылған. Оңтүстік өңірінің егістік алқаптарында қытайбұршақты өсіру және өңдеу жыл сайын артуда. Себебі өсімдік құрамында кездесетін ақуыз мөлшері тіршіліктің қайнар көзі, сондай-ак адамдардың ас ішу және ауылшаруашылық малдарын азықтандыру барысында зор үлесі бар. Сондықтан ақуызды өсімдіктерді өндіруды ұлғайту шаруашылық үшін маңызды.

Дүниежүзілік егін шаруашылығында қытайбұршақ әмбебап дақыл болғандықтан, тағам, азық және техникалық максаттта пайдаланылып, экономикалық тұрғыдан тиімді және әртүрлі мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігі шешімінде маңызды рөл атқарады. Дақылдағы кездесаетін ақуыздардың биологиялық қундылығын арттыруда маңызды жұмыс – құрамында адам және мал ағзасында синтезделінбейтін амин қышқылдарды, ас және азықпен жеткізілуі қажет, мал азығын өндіру және оның сапасы заман талаптарына сай болуы тиіс. Ақуызға қажеттілік ауыл шаруашылық малының өсуімен қатар, жыл сайын  мал өнімдерін өндіретін ірі кещендер мен құс фабрикаларын өндірістік негізбен ұйымдастыру  қиындауда, өйткені мал және құстарды азықтандыру жоғарыақуызды азықты қолданусыз мүмкін емес. 

Мал шаруашылығына маңызды ақуызды көпжылдық не біржылдық бұршақты дақылдардан, әсіресе қытайбұршақтан өндіреді. Ақуыз – адам ағзасына күнделікті қажеттілікті қамтамасыз ететін құрамыһдас бөлігі. Бір елдің ауқаттылығы сол елдің әрбір адамының тәулігіне қабылдайтын ақуыз мөлшеріне қарай анықталады.Дүниежүзілік ФАО-ның мәліметі бойынша жан басына шаққанда тәулігіне қабылданатын ақуыз мөлшері 60 г-ды құраса, оның 30 пайызы ғана мал өнімдерінен алынады. Тамақ құрамында ақуыз жетіспеуінен    адам ағзасында кері физииологиялық өзгерістер жүреді, өсу және даму процестері тоқтайды, адам тез шаршап-шалдығады. Халықты ақузбен қамтуда ең алдымен өсімдік ақуызын қазіргі жағдайға қарағанда бірнеше есе арттыру қажет.  Сонымен дүние жүзінде соңғы жылдары өсімдік белогы хақындағы проблема өте жоғары сатыға көтеріліп, стратегиялық құралға айналып отыр. Жетіспейтін ақуыздың орнын толтыру бүкіл дүние жүзі ғалымдарының күнделікті тәжірибенің алдына қойылған өте күрделі, тез арада шешілуге тиіс зор міндет.

Біздің елімізде тамақтық ақуызбен қамтамасыз ету жалпы нормаға  жакын болғанмен, өсімдіктен алынатын ақуызы аз. Ал қытайбұршақ ең жоғары сапалы және өте арзан өсімдік ақуыз өндіруде басты дақылға жатады және оны зерттеу өзекті болып табылады..

Зерттеудін мақсаты. Оңтүстік өңірінде өнімділігі жоғары, зиянкестерге және ауруларға төзімді, жергілікті топырақ-климат жағдайына бейім, бәсекелестік қабілеті жоғары қытайбұршақ сорттары мен будандарын анықтау және осы өңірге жерсіндіру шараларын қарастыру.

Зерттеу жұмыстарын жүргізуде алдымызға қойған мақсаттарымыз:

— қытайбұршақ дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшелік-терін зерттеу;

-өсімдіктің агротехникасының ерекшелігі мен фитосанитарлық жағдайын анықтау;

— қытайбұршақты өсіруде тығайтқыштарды пайдалану өсімдік өнімді-лігіне әсерін езрттеу;

— оңтүстікке жерсіндіруге болатын отандық және шетледік сорттары мен будандарының өнімділігін анықтау;

— зерттеудің экономикалық тиімділігін зерттеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қытайбұршақты өңтүстіктің суармалы жағдайында өсіріп, жерсіндірілген сұрыптардың өнімділік дәрежесі анықталды. Сондымен қатар Қазақстанның оңтүстігінің құрғақ ыстық ауасына төзімді сорттарын бөліп алу 50-70% құрады.

Практикалық құндылығы. Қытайбұршақ көптеген мемлекеттердің егіншілік жүйесінде шешуші майлы дақылретінде пайдаланылады. Өсімдік тұрақты жоғарыөнімді болғанымен, күзгі ыстыққа шыдамай тез шашылып қалады. Сондыктан әртүрлі отандық және шетелдік селекциядағы сортүлгілерді экологиялық сортсынақта анықтап, осы өңірге жерсіндірілген сорттарын таңдап алудың теоряилық және практикалық маңызыдылығы бар.

Жұмыстын көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс  85 бетке компьютерлік текспен терілген. Ол кіріспеден, әдебиеттерді шолу, материал және зерттеу әдістерінен, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, 3 сурет, 23 кесте және 72 әдеби дереккөздерден құрылған. 

 

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

1.1 Оңтүстік Қазақстан облысы топырақ құрылымының ерекшелігі

 

Қазақстанның оңтүстік өңірінде қытайбұршақ негізгі майлы дақылдың бірі. Аймақтын егіншілік жүйесінде астық мал азықтық, мақта, көкөніс дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Қытайбұршақтың ауыспалы егістегі маңызы ерекше, ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, физикалық қасиетін жақсартатын өсімдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл бағалы дақылдың облыс бойынша егіс көлемі 110 мың гектарға азайып кетті. Кеңес Одағы кезінде біздің өлкемізде майлы дақылдарды дайындау мақсатында өсірілетін қытайбұршақ егіс көлемі 280-320 мың гектар жерді құраса, тұқымдыққа себілетін егістік 40-41 мың гектар, әр жылы себілетін егістік 80-85 мың гектарды қамтитын [1].

Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан жағдайда, егіншіліктегі ұсынылған ауыспалы егіс жүйесі түбегейлі бұзылған. Көптеген дақылдар жылда бір танапқа монодақыл ретінде өсіріледі. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендеп, жарамсыз жерлердің көбеюіне септігін тигізуде. Бұл мәселенің шешімін табу, яғни Оңтүстік Қазақстан облысында егіс көлемін қалпына келтіру үшін тәлімі және суармалы егіншілікте қысқа ротациалы ауыспалы егісте топырақты үнемді өңдеу және топырақты өңдемей тікелей себу технологиясымен дақылдарды өсіруді қалыптастыру қажет [2]. Шағын және орта шаруа қожалықтарындағы қаржы және техникалық жағдай дәстүрлі технологиямен әртүрлі дақылдарды өсіруді қолға алуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар дақылдар тұқымының сапасыз немесе тым қымбат болуы шаруалардың бұларды өсіруіне кері әсерін тигізуде.

В.М. Денисов, Т.Н. Сидорцеваның [3] деректері бойынша нарықтық қатынас жағдайында шаруалардың өндірісте қалыптасқан технологиямен жоңышқа өсіру, яғни топырақты 28-30 см тереңдікте аудара жырту, тегістеу, тырмалау т.б. агротехникалық іс-шараларды жүргізуге қыруар шығынды талап етеді, және ол жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуге мүмкіншіліктері келмейді. Сондықтан да егіншілік жүйесінде топырақты үнемді өңдеу және тікелей себу технологиясымен жоңышқаны өсіру, яғни тұқым шаруашылығын жетілдіру бүгінгі таңда өзекті мәселе екені анық.

Қазіргі таңдағы егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабат құнарлылығының төмендеуі көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайына және ауыспалы егістікке дақылдардың орналасуы мен топырақты өңдеу тәсілдеріне қарай өзгереді. Соңғы жылдары егістік жерлерді дұрыс пайдаланбаудан жарамсыз жерлер көлемі артып, алқаптардың құнарсыздануына әкеліп соғуда. Ауыл шаруашылығында аудара жыртылатын егістік топырақты жел мен су эрозияларына ұшырайды. Сондай-ақ техногенді ластану, яғни топырақтың тығыздануы мен тұздануына ұшыратуда. Егістік алқапты ұдайы аудара жырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро- және микроқұрылымның бұзылуына әкеп соқтырады. Топырақ жыртуға пайдаланылатын техникалармен өңделетін қабаттың көлем салмағы мен тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім 5-50% азаяды. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ауыр техникалар мен машиналар егістік топырағын өңдегенде оны таптап тығыздық көрсеткішін жоғарылатады. Сондықтан да егістік алқаптарды ауыл шаруашылығына  жарамсыз болудан сақтандыру, болдырмау жолдарын қарастыру қажет. Тәлімі егіншіліктегі ауыспалы егісте көп жылдық шөптесін өсімдіктерді егу жолымен топырақ құнарлылығын бастапқы қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі және суғармалы егіншілік жағдайында сұр топырақтарда органикалық қалдықтар жиналуына бағытталуы тиіс [4].

 Топырақты үнемді өңдеу және аңызақты өңдеусіз тікелей себу технология-сымен дақылдарды өсіруді және жоғары сапалы тұқым өндіруде аса қажеттілік тудырады. Сол себепті топырақты өңдемей тікелей себу және үнемді өңдеу технологиясын пайдалана отырып дақылдарды өсірудің маңыздылығы бар.

Д.А. Зыков [5] деректері бойынша Оңтүстік Қазақстанның орталық  аймағының топырағы кәдімгі сұр, қалың саздақ қабатты жоғары қабаттың механикалық құрамы орташа сазды. Өңделетін қабаттағы қара шірік мөлшері 1,26%, жылжымалы фосфор -19,9 мг/кг, нитратты азот – 19,1 мг/кг, ауыспалы калий — 278 мг/кг. Суармалы егіншілік жағдайында танаптың макроэлемент-термен қамтамасыз етілу дәрежесі фосформен орташа, калиймен жоғары мөлшерде қамтылғандығы анықталған.

Егістік жерлердің бедері биіктеген сайын топырақ айырмашалығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгереді. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Мерзімінде егілген және жоғары сапада өңделген топырақта көп өнім өндіруде топырақтың сапалылығы ескерілуі тиіс Негізінен тәлімі егістік жерлерде өнімділік деңгейі көп жағдайда күз, қыс және көктемнің алғашқы айларында жинақталған пайдалы ылғал қорын тиімді пайдалануға тікелей байланысты болып келеді. Оңтүстік Қазақстан өңірінде суармалы егістік жерлер аз болғандықтан ауылшапруашылық дақылдапрын тәлімі жерлерде өсіруге тура келеді. Сондықтан барлық агротехнологиялық іс-шаралар жинақталған ылғал қорын тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс. Топырақты өңдеу жұмыстарының негізгі бағыты күз және қыс айларында түскен ылғалды мүмкіндігінше толық жинақтап сақтап қалуға және ауаға буланып ұшпауына бағытталуы керек.    

Ауыл шаруашылық саласының егіншілік жүйесін дамытудағы негізгі мақсат міндеттерінің бірі егіс алқаптағы  топырак кунарлылығын сақтап, ұдайы арттыру жолдарын қарастыру болып табылады. Мұның басым бағыттарына: егіншілікте ғылыми тұрғыда негізделген ауыспалы егісті енгізу; топырақты ұтымды өңдеу жүйесін қалыптастыру; өсірілетін дақылға және топырақ құрамындағы макро- және микроэлементтерге байланысты органикалық, минералды тыңайтқыштарды енгізу болып келеді. Егістік дақылдардан жоғарғы және тұрақты өнім жинауды тек ғылыми негіздегі ауыспалы егістікті дұрыс пайдалануда қол жеткеізуге болады [6].

С.Б.Кененбаев [7] қазіргі таңда ауыл шаруашылығында пайдаланатын егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабат құнарлығының өзгеруі көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайы мен ауыспалы егістікке дақылдардың орналасуымен топырақты өңдеу тәсілдеріне қарай өзгереді. Соңғы жылдары егістік жерлерді дұрыс пайдаланбаудан жарамсыз жерлер саны артып, алқаптардың құнарсыздануына алып келуде. Ауыл шаруашылығында аудара жыртылатын егістік топырақтары жел мен су эрозияларына ұшырайды, сондай-ақ техногенді ластану, яғни топырақ тығыздануы мен тұздану жағдайына әкелуде. Деректерге сүйенсек, қара топырақты көптеген жылдар аудара жырту нәтижесінде топырақтағы қарашірік мөлшері бастапқы қалыптан 20-24% азайған, ал сұр топырақтарда 17-20% қарашірік жоғалтқан.

Егіс алқапты ұдайы аудара жырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро, микроструктураларының бұзылуына әкеледі. Топырақты жыртудағы пайдаланатын техникалармен өңделетін қабаттың көлем салмағы мен тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарынан алатын өнімділік 5-тен 50% азаяды.

Ауыл шаруашылығында пайдаланатын ауыр техникалар мен машиналар топырақты өңдеуде, оның тығыздалуына және көлем салмағының жоғарлауына әкеледі.

М.К. Сулейменовтің [8] деректеріне сүйенсек, топырақ қорғау егіншілігінің негізін қалау жұмыстарының келесі кезеңі 1956 жылы А.И.Бараев Канада елінің егіншілік жүйесімен танысып қайтқаннан кейін қолға алынды. Топырақты өңдеу идеясына түбегейлі өзгерістер еніп, жаңа технологиялар бағыты қолға алына бастады. Канада елінен жаңа техникасын алып Қазақстан жағдайында сынап – бақылап көрді. Мұндағы топырактын құнарлы қабаты сақталып, егіс алқаптардың ауыл шаруашылығына жарамсыз болудан сақтандыру, болдырмау жолдары қарастырылған.

Тәлімі егіншіліктегі ауыспалы егісте көпжылдық шөптесін өсімдіктерді егу арқылы топырақ құнарлығын 5 жылда қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі егіншілік жағдайындағы сұр топырақтарда 1 гектарға 6 тонна органикалық қалдықтар жиналады [9].

Тікелей егу тәсілі – бұл топырақты негізгі өңдеусіз, аудармай дән себу әдісі. Қазіргі егіншілік саласында топырак қабатын механникалык өндеу жүйесі мен әдістерін жетілдіруге көп мән беріліп отыр. Өйткені, ауылшаруашылык өндірісінің өнімділігін арттырып, энергетикалық және еңбек шығындарын төмендетіп, кең ауқымды өнім алудың алғы шарттары болып табылады. Адам еңбегінің топыраққа әсерінің күшеюі, топыракты әртүрлі эрозиялардан қорғау мәселесінің өзектілігі ескерілуі қажет. Топырақты үнемді өңдеудің теориялық және практикалық негіздемесін жасау егіншілік жүйесін жетілдірудегі аграрлық ғылымның зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі.

Егіншілік жүйесінің негізгі буыны – топырақты өңдеу. Оны дұрыс ғылыми негізде жүргізу өсімдік талаптарына жауап бере алатын және топырақ құнарының артуына мүмкіндік беретін топырақтың физикалық қасиеттерінің жақсаруына аса қолайлы жағдай жасайды. Егіншілік жүйесінің өсіп келе жатқан мәдени деңгейі, оны қарқынды дамыту, әртүрлі шаруашылық дақылдарды өсірудің технологиясын жетілдіру – осының бәрі топырақты өңдеу жүйесі мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуді талап етеді [10].

Көп жылдар бойы жүргізілген тәжірибе нәтижесінде Т.С.Мальцевтің [11] деректеріне сүйенсек, топырақты қайырмасыз өңдеу шынында да жан баспаған тың бағыт екендігіне егіншілердің көзін жеткізді. Топырақ қабатын аудара терең жыртқан кезде егілетін дақылдың белгілі өлшеміне тиетін топырақ жамылғысының көлемі молайып, өсімдіктің қорек алатын жер көлемі кеңейеді, соның нәтижесінде топырақ қыртысының шығымдылығы артады.  Ғалымдар мен егіншілік жүйесінің мамандарына Т.С.Мальцев [12] тәжірибесін қалай болса, солай қолданбай, әрбір жердің топырақ қыртысы мен климат жағдайына ыңғайлай отырып, қайырмасыз өңдеудің өзіндік жүйесін жасауды ұсынған болатын. Ол бір жылдық өсімдіктің топырақ құнарлығын арттыра алатынын білгендіктен біздің енді оны сақтап қана қоймай молайта түсуге де мүмкіндігі бар екенін көрсеткен, яғни өсімдіктерге қолайлы жағдай жасаған кезде мұны толық жүзеге асыруға болатындығын мәлімдеген. Сонымен қатар жерді жыртқанда немесе оқта-текте ғана, әрі қайырмасыз жыртқан кезде онда топырақ құнарлығын арттыруға әлдеқайда мол мүмкіншілік бар екенін тұжырымдады. Бұрын мол өнім алынғанда топырактын құнарлығы кеміп, жер аза түседі деген ұғым қалыптасқан болатын. Автордың айтуына қарағанда өнім жоғрылағанда топырақта органикалық заттар молырақ қалады. Өйткені өсімдік мықты да қалың болып өскендіктен, оның тамыр жүйесі де күшті дамып аңызда сабақ және тамыр қалдықтары көбірек қалып, топырақты белгілі дәрежеде органикалық заттармен байыта түседі деп мәлімдеген.

А.И. Бараевтың [13] мәліметтеріне сүйенсек, жерді өңдеу әдістері мен топырақты жырту тереңдігі әсіресе құрғақшылық аймақтарда барлық кезде ғалымдардың назарларын аударған. Өткен ғасырдың соңына қарай жерді тереңдей өңдеудің пайдалылығы туралы пікірлер көп болды. Құрғақшылық жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарынан көп өнім алудың бірден-бір жолы осы деп білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *