- Өнім бағыты және даму түрі
Қобылбаев Қ.П қазіргі уақытта малды жаңа технологиялық әдіспен бағып күтуде және оларды сүт кешендерінде жаңа тәсілмен азықтандырып, одан әрі асылдандыруда, олардың біркелкі болуы қажет. Сүтті сиырлардың стандарты, типі, дене пішіні өлшемдері, тірідей салмағы, өнімі, сауу машинасымен сауғанда сауылу жылдамдығы, сиыр желінінің сауу машинасына бейімділігі бірдей болған жөн. Сүт кешендеріндегі сиырдың сырт пішінін, еттілігі, сүйегінің беріктігі, аяқтары жақсы жетілмесе, жаңа өндірістік технологиялық сүт өндіру тәсіліне сәйкес келмейді. Сондықтан, сүтті сиыр тұқымына өндірістік технологиялық жолмен өсіру үшін, біріншіден, сырт пішіні жалпақтау және конституциясы мықты болуы керек; екіншіден, малға жем-шөпті көп беріп, одан алынатын сүт өнімін молайту керек; үшіншіден, организімі түрлі ауруларға қарсы тұра алатын төл алған жөн; төртіншіден, сиыр машинамен саууға және механикаландырылған қоражайға бейім болуы керек; бесіншіден, стандарт көрсеткіштері, дене өлшемі, тірідей салмағы. Сүті, сауылу жылдамдығы, азықтандырылу мезгілі бірдей болғаны дұрыс. Алтыншыдан, пішіні — сүтті типке сәйкес, денесі жалпақтау болғаны жөн. Мал сүйегі жақсы жетілуі, конституциясы мықты, кірегі терең әрі кең болуы тиіс. Дене құрылысында кемшілігі бар малды технологиялық сүт кешендерінде ұстауға болмайды. Ол кемшілікке мыналар жатады: көкірегі қысыңқы, шоқтығы биік, құйымшағы биік, конституциясы осал, және әр түрлі ауруларға шалдыққыш. Жаңа технологиялык, сүт кешендерінде бағып күтуі үшін, қырдың қызыл сиырының, әулиеата сиырларынын дене пішіні бір-біріне ұқсас, дене өлшемі мынандай болуы дұрыс: шоқығының биіктігі — 128-130, қүймышағының биіктігі — 133-135, кеуде тереңдігі — 70-71, кеуде ені 43-44, сербегінің ені — 50-52, таяқпен өлшегенде денесінің қиғаш ұзындығы — 154-155, жіліншік орамы — 18,5-19 см.
Ал дене құрлысының индекстері: Ұзындық индексі -120, кеуде индексі -61-62, жамбасы мен кеуде индексі -88-86, шомбалдық индексі -146-147 және сүйектілік индексі -14,5-14,6% болғаны жөн. Жаңа технологиялық сүт кешендеріндегі бұл сиырлардың желіні өте көлемді, дәнекер ткані көп, тостаған және дөңгелек тәрізді болу керек. Желінінің көлем өлшемі 130, ені 35 және ұзындығы 40 см кем болмауы керек, ері желін бөліктері тең дамығаны жөн, артқы екі бөлігінен 53-55% сүт сауылуға, ал емшегі цилиндір немесе конус тәрізді болуға тиіс. Емшек ұзындығы — 6-9, ені 2,2-2,8, ал емшектерінің ара қашықтығы 7-15 см, жерден биіктігі 50 см-ден жоғары болғаны дұрыс. Жаңа технологиялық сүт кешендеріндегі сиырлар тез сауылғыш және сүтті толығымен беруі қажет. Сүттің сиыр желінінен бөлінуін уақыт мерзімімен анықтайды. Сиырдың тез сауылғыштығы мен сауылатын алғашқы 3 минутының аралығындағы тығыз байланыс бар, Бұл байланыстың корреляция коэффиценті 0,52-0,88. Сиырдың тез сауылғыштығы онын сауылу уақытына, жалпы тәулік сүтінің «Елочка» және «Тандем» қондырғыларында саууға жарайтындығын, егер сиырдың сауылғыштығы минутына 1 кг-артық болса, содан білеміз. Сауылу уақыты сиырлардың сауу рефлекісіне сай келуі керек. [6]
Асыл тұқымды сиырлардың тез сауылғыш қасиеттері өздерінің ұрпақтарында да сақтаудың маңызы зор. Ғалымдардың дерегі бойынша Қазақстанда жоспарлы түрде өсірілет қырдың қызыл сиырының және әулиеата сиырларын. Типке жататын тез сауылғыш стандарт көрсеткіші болғаны жөн. Асыл тұқымды мал зауыттарында сауын сиырлардың тез сауылуы минутына 1,8-2,0 кг, асыл тұқымды мал шаруашылықтарында 1,7-1,8 кг, асыл тұқымды мал фермасында 1,6-1,8 кг, сүт кешенінде 1,5-1,6 кг, тауарлы фермаларында 1,4-1,5 кг болады. Бұл стандарт көрсеткіштері, сиырларды одан әрі асылдандырған уакытта, жаңадан бұқа мен сиыр линияларын шығарғанда еске алынуы керек.
Қара ала, қырдың қызыл, алатау, симментал, сиырларын қолайлы сүтті типке асылдандыру жұмысы тұқымды таза өсіру тәсілімен жұпталып және сұрыпталып тұруы қажет. Асыл тұқымды табындарда сиырдың селекциялық тобы бөлінсе, тауарлы шаруашылық табындарынан асыл тұқымды сүтті типке жататын топ бөлінеді. Селекциялық топқа жататын қырдың қызыл сиыры сүтінің майлылығы 3,8, әулиеата сиырынікі 3,8% жоғары, сол сияқты сүт көрсеткіші I класс стандартынан 10-15% жоғары болуы тиіс. Өте сүтті сиыр сүтінің майлылығы одан 0,1-0,2% кем болса да, селекциялық топқа жатқызылады.
Сүтті типке жататын бұқа конституциясы мықты және дене пішінін бейнелейтін экстерьерінің кемшіліктері болмауы керек.
Ірі бұқалардың тірідей салмағы 900 кг-нан артық, бұқалық қасиеті және ұрығы жақсы болуы керек. Асыл тұқымды бұқалар өзінің жақсы қасиеттерін ұрпақтарына Бұлжытпай беруі тиіс. Келешекте сүт кешендері және механикаландырылған фермалар бақылау қорасынан сыннан өткен және технологияға жақсы бейімделген малдармен толықтырылып отыруы керек. [7]