Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаев (1907-1981)—филология ғы лымдарының докторы, профессор. Қазақстан ҒА-ның корреспондент-мүшесі, ұлы отан соғысына қатысушы. Қазақстан ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің лексикасы мен лексикографиясына, тіл тарихының мәселелеріне арналды.