Шығармашылық демалыс мынадай кiсiлерге қолданылады

Шығармашылық демалыс мынадай кiсiлерге қолданылады: өндiрiстiк немесе оқытушылық қызметiн ғылыми жұмыспен ойдағыдай ұштастырып жүрген кiсiлер үшiн, жғары оқу орындарының ғылыми кеңесiнiң ұсынысы бойынша, доторлық диссертация дайындау үшiн – 6 ай мергiзге, кандидаттық диссертация дайындау үшiн – 3 ай мерзiмге жалақысы сақталып демалыс берiледi.

Жоғары оқу орындарының оқытушыларына оқулықтар мен оқу құралдарын баспалық жоспарға енгiзiп жазып, дайындау үшiн 3 ай мерзiмге дейiн демалыс беруге болады. Бұл кезде олардың жұмыс орна мен жалақысы сақталады.

4. Жалақысы сақталмайтын демалыс. Бұл демалыстың екi түрi бар. Бiрiншiсi – әкiмшiлiктiң құқығы, немесе оның ықтияры бойынша берiледi. Екiншiсiн жұмыскерлердiң талабы бойынша, әкiмшiлiк мiндеттi түрде беруге тиiс.

Демалыстың бiрiншi түрi жұмыскердiң өтiнiшi бойынша, оның жанұясы жағдайына қарап, тұрмыстық-әлеуметтiк мәселелерiн шешу үшiн, тағы басқа дәлелдi себептермен әкiмшiлiкпен келiсiм бойынша ақы төленбейтiн етiп берiледi. Бұл демалыс жұмыс жылы бойында  қысқы мерзiмге, 7 күнге дейiн берiлуi мүмкiн. Ал егер демалыс алуға жұмыскердiң дәлелдi себебi болмаса немесе мезгiлi 7 күннен артық уақытқа қажет болса, оған жылдық демалыс есебiнен ақы төленетiн қосымша демалыс берiлуi мүмкiн. Әрине, бұл ретте осылайша алынған қосымша демалыс кейiннен кезектi демалыстан шегерiлiп, жұмыс iстеп өтiлмейтiн болады. Ал, басқа қажеттi жағдайларда және өндiрiс жағдайлары мен мүмкiндiктерiне қарай жалақысы сақталмайтын демалыс тартаптардың келiсiмi бойынша кейiнгi кезде жұмыс iстеу арқылы өтелуi мүмкiн.

Қысқы мерзiмдi жалақысы сақталмайтын демалыс талап еткен жұмыскерлерге тек бiрiншi басшының ұлықсаты бойынша берiледi.

Демалыстың екiншi түрi – мiндеттi түрде мына төмендегi кiсiлерге берiледi: 1. Жас балалы әйелдерге – баласы 3 жасқа келгенше (мұның бiрiншi бөлiгi жартылай ақылы); 2. Жұмыс iстейтiн әйелдерге немесе жалғыз iлiктi ата-аналарға, 14 жасқа дейiнгi екi және одан көп балалары асырап-күту үшiн 14 күнге дейiн; 3. Ұлы Отан соғысына қатысқан және соларға теңелiп жеңiлдiкпен пайдаланушы адамдар және мүгедектер үшiн 14 күнге дейiн; 4. Ауру жанұя мүшелерiне қарайтын туысқан адамдар үшiн дәрiгерлiк қорытындыда көрсетiлген мерзiмге; 5. Жұмыс iстеп жүрген зейнеткерлерге – 2 айға дейiн.

Демалыс туралы заңның жобасы  бойынша, әйел бала туғаннан кейiн ерiне 14 күндiк жалақысы сақталмайтын демалыс беру көрсетiлген. Мұны бiз өте дұрыс және орынды деп санаймыз. Сонымен қатар заң бойынша тағы мынадай жағдайларда ақы төленбейтiн демалыс берiлу көрсетiлген: рационализатор, өнертапқыш авторлар үшiн өздерiнiң ойлап тапқан шығарма нәтижелерiн басқа мекеме, өнеркәсiп орындарына енiгiзуге қажеттi уақытқа (олар жалақыны бұл уақытта осы ұйымдар есебiнен алады); Қиыр Солтүстiк аудандарында және соған баламаланған жерлерде iстейтiн адамдарға үш жылда бiр рет демалатын жерiне барып қайту үшiн (транспорттың түрiне қарай); аспирантурада оқитын адамдарға жоғары оқу орындарына кандидаттық емтиханын, диссертациясын тапсыру үшiн қажеттi уақыт; медицина қызметкерлерiне жаздық уақытта санаторийлер мен демалыс үйлерiнде жұмыс iстеу үшiн- 4 айға дейiн; тәжiрибелдi аңшыларға аң терiсiн, елтiрi дайындау үшiн – 1 айдан 2,5 айға дейiн; шымтезек дайындайтын кәсiпорындарында, барлық шаруашылығында iстейтiн адамдарға маусымаралық уақытқа; альпинизм бойынша нұсқаушылық мамандығы бар адамға турист лагерльерде жұмыс iстеу үшiн қажеттi уақытқа демалыс берiледi. Бұл кезде олар жалақыны осы iстеп жүрген мекемелер есебiнен алады және олардың iстеп жұрген жұмыс орны сақталады. Жыл сайынғы демалысқа ақы қауыпсыздандыру жарнасы төленетiн табыстардың барлық түрлерiнiң есебiнен төленедi. Оған қосымша жұмысқа және еңбекақы жүйесiне жатпайтын бiр рет алатын табыстар (пайдаланылмайтын демалысқа, жұмыстан шығарда т.б. алатын ақылар) енбейдi.

Демалысқа төленетiн орта табыс, демалысқа шығардан бұрынғы 12 ай көлемiнен есептеледi. Ал, одан аз уақыт iстеген адамдар үшiн нақтылы iстеген жұмыс айлары есептеледi.

Айлықтың орташа мөлшерi 12 айдағы жалпы табыс 12-ге бөлiп анықталады. Ал, бiр кұндiк орташа табыс мөлшерi бiр айлық орташа табыс 29,7-ге бөлiп есептеледi.

Тағы бiр скерiлетiн жағдай – колхоз, кооператив мүшелерiнiң демалыс, тынығу уақытының реттелу ерекшелiктерi туралы. Бұл жөнiнде еңбек туралы заңдардың оларға тiкелей қатысы болмағанмен үлгi ретiнде iрiктеп, таңдап ескерiлуiне болады. Бұл мәселелер жөнiнде колхоз, кооперативтердiң өздерiнiң заңдары бар. Мәселен, колхоздардың үлгiлi уставы, әрi жеке уаставтары, тағы басқа олар туралы заңдар, қаулы-қарарлар бар. Ал, кооперативтер туралы 1988 жылы мамырдың 26 жұлдызында қабылданған КСРО кооперациясы туралы заң және өздерiнiң жеке жарғылары қолдаылады. Ол заңдар бойынша колхоз, кооператив мұшелерiнiң тынығу құқығы бар. Ол үшiн олардың кұнделiк жұмыс күнi, уақыты, ұзақтығы, жыл сайынғы демалыс күндерi жұмысшылар үшiн белгiленген мөлшерден кем болмауға тиiс. Оның нақтылы мезгiлi осы ұйымдардың iшкi еңбек тәртiбi туралы ережелерiнде анықталады. Егер олардың экономикалық-қаржы құқығы жағдайлары көтерсе, демалыс мөлшерлерiн көбейтiп беруге құқығы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *