Халықаралық еңбек құқығы. Алыс және жақын шетелдерге еңбекті құқықтық реттеу.
Й
2000 жылдың қаңтарынан бастап жаңа ҚР ″еңбек туралы заңы″ өз күшіне енгені мәлім.Алайда, республикамыз бойыша көптеген кәсіпорын жетекшілерінің заң шарттарын толық орындай бермейтіні анық.Осы орайда,еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және жұмыспен қамту департаментінің директоры Дана Шайділдиновамен сұхпатасудың сәті түскен еді.
— Дана Төлеуханқызы, еңбек ел тіршілігіне енсе де, кеибір кәсіпорыдардың оны елемеиді жүргеніне куә болып жүрген бар.Ендеше,осыған байланысты сіздер тарапынан қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?
— Алдымен,халықаралық еңбек ұйымының конвенцияның,еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталуын мемлкеттік бақылау мақсатнда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы №1920 қаулысымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекциясының құрылымы жаңғыртылды.
Осы жарты жылдың ішінде бекіткен ережеге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары республика көлемінде 2239 арызды қарап.Еңблек заңын бұзған жұмыс берушілерге заң жүзінде шара қолданды.
Кейбір әсіпорын жетекшілері еңбек туралы заңның шарттарын толық орындамай отырғандарын жасыра алмаймыз.Бұған дәлел,осы өткен жарты жыл ішінде заң органдарының қызметкерлерімен бірге отырып тексерілген 537 шетелдік кәсіпорындарда көптеген еңбек туралы заңдарды бұзуға жол берілгендігі белгілі болды. Солардың ішінде, атап айтсақ, ″Филип Морис Қазақстан″ ААҚ-ы, ″Алсим Аларко Қазақстан″ АҚ, ″Хамле″ ЖШС-і ″Харрикейн Құмкөл Мұнай″ ААҚ-ы сияқты шетелдік кәсіпорындар бар.
Тағы бір мысал, Астана қаласындағы ″Экотон″ ААҚ-ы, Атырау төңірегіндегі ″Финтрако-Тепе″, ″Құрылыссаудасервис″ ЖШС-і басшылары жеке еңбек шартын дұрыс жасамай, оның ішінде өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібін, қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудің кезектілігін нақты анықтамаған, жұмысшыларды түнгі кезекте болған жұмыс кездеріндұрыс есептемеген.
Осы жылдың жарты жылдық қорытындысының нәтижесі бойынша ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталу мәселесі жөнінде 7631 тексеріс (оның ішінде 4558 – жоспарлы, 743 – кешенді және 2230 – жоспардан тыс) өткізілген. Өткен жылмен салыстырғанда тексерулердің жалпы саны орташа есеппен алғанда 5 пайызға, оның ішінде кешендісі – 30 пайызға, азаматтардың арыздары мен өтініштері негізіндегі жоспардан тыс тексерістер саны – 52 пайызға өскен. Азаматтардың қаралған арыздарының жалпы саны 4732 –ге жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы 22 пайызға артық.
Жұмыс берушілер тарапынан құқық бұзушылық әрекеттері жиі болып тұр ма?
— Жұмыс берушілер тарапынан жіберілген құқық бұзушылық әрекеттердің ішіндегі кеңінен таралғандары мыналар:жеке еңбек шарттарын ресімдеу тәртібін бұзу, олардың мағынасының заң талаптарына сай келмеуі, жалақыны уақытымен төлемеу, қызметкердерді демалыссыз және мереке күндері негізсіз жұмысқа тарту, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу және тағы да басқалары.
Еңбекті қорғау туралы заңнама аясындағы негізгі заң бұзушылық әрекеттерінің салдары еңбектің қауіпсіз жағдайларының дұрыс сақталмауынан, қауіпсіздік тахникасы жөніндегі нұсқаулардың, еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың болмауынан деп білемін.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары өткізген тексерулер нәтижесінде 2003 жылдың 1-ші жарты жылында жұмыс берушілерге қатысты заң бқзушылық әрекеттерді жою туралы 7916 ұйғарым шығарылды, Бұл өткен жылдың осы кезеңінен 4 пайызға артық. Сондай-ақ, осы жылы заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қйымдардағы лауазымды адамдардың дербес жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Мәселен, мемлекеттік еңбек инспекторларының талаптары бойынша 450 лауазым иелері жұмыстан босатылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе көп.
— Елімізде шетел азаматтарын жұмысқа қабылдау ережесінің сақталу барысы қалай?
— Жұмыс берушілерге шетелден жұмыс күшін әкелуге рұқсат берудің тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-шы маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген. Осы қаулыға 2003 жылы 20-шы қаңтарда №55 қаулымен ішінара өзгерістер енгізілді.
Ереженің үшінші тарауының 12і тармағына сәйкес, орталық атқарушы орган жұмыс берушілерге рұқсат берген кезде мынадай шарттарды есте сақтаған жөн:
Бірінші санат үшін – жоғары және арнаулы орта білімі бар қазақстандық мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру;
Екінші санат үшін – шетелдік азаматтарды алмастыру үшін жоғары және арнаулы орта білімі бар қазақстандық мамандарды даярлау, қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру.
Биылғы жылдың жарты жылы ішінде жоғарыда аталған шарттарға сәйкес шетелдік жұмыс берушілердің арқасында жергілікті халқымыз үшін 10 мың жұмыс орны ашылды және жаңа мамандықтар бойынша 1572 қазақстандық азамат қайта даярланып, біліктіліктерін арттырды.