Тұран—Түркістан өлкесінің көне атауы. Ежелгі дәуірден жеткен мәліметтер бұл өңірде тур деп аталатын көшпелі тайпа мекен еткенін көрсетеді. «Авестада», Фердоусидің «Шаһнамасында» иран мен Тұран елінің өзара қарым-қатынасы жайлы көптеген мәліметтер бар. Тұранда түркі халықтардың арғы тегінен сыр шертетін «Алып Ер Тоңға» атты дастан дүниеге келген. 6 ғасырдан бастап Тұран сөзі—түріктер мекендейтін жердің, елдің атауы болып қалыптасты.