Тұмса сиырларды сүтейту

Тұмса сиырларды сүтейту

Егер шаруашылықта арнайы бақылау қорасы болмаса онда сиыр қораларынан орын әзірлейді. Шағылыстырылған қашарлар сиыр табынынын 25-30%, сиыр табыны 1000 сиырдан тұрса бақылау қорасынын сыйымдылығы 250 мал орны болады. Алғашқы бұзаулайтын сиырлар бақылау қорасында 3 айға дейін сыннан өтіп, олардың сүті анықталады. Әсіресе, сүттілігіне, сүтінің майлылығы мен белогына, желінінің жақсы жетілуіне,   сүтіне   азық   өлшемінің   аз   жұмсалуына,   сондай-ақ   жаңа технология   бойынша   механикаландырылған   сиыр   қораларына   карай бейімділігіне көп көңіл бөледі. Осы бақылау қорасында асыл тұқымды бұқалардың ұрпақтарының өнімділігін бағалайды. Бақылау қорасындағы қашарлар   тәжірибелі   сауыншыларға   бекітіледі   (әр   сауыншыға   25-30 қашардан).   Сауыншылар   оларды   бұзаулатуға  әзірлейді,   бұзаулағаннан кейін, оларға сүтейту шараларын қолданады. Оларды бақылау қорасында байлап ұстайды,  күніне бір рет (далаға 4-4,5  км жерге) бақташылар серуендетеді. Әсіресе қашарлардың желініне көп көңіл бөлініп, таңертеңгі және кешкі сиыр саууда желінін жақсы жетілдіру үшін уқалайды. Осының нәтижесінде қашар желінінің дәнекер тканьдары жақсы өседі және төрт бөлігі бірдей қалыптасады, емшектері де жетіліп машинамен саууға рефлекс тудырады. [10]

Профессор А.С. Всяких сиыр желінін мақсатты дамытуды үш кезеңге бөледі:

Бірінші айда Алғашқы аптада желінді уқалайтын орындағы станокқа үйретеді. Ол үшін желіні мен емшегі аз ғана уқаланады. Екінші аптада желіннін әр бөлігін (екі колмен бірдей уқалайды) 4-5 минуттан уқалайды, емшегі аздап-аздап созылып, тартылады. Үшінші аптада желінінің әр бөлігін екі қолмен бірдей уқалайды, жоғарыдан төмен қарай уқалап, емшегін төмен тартады, сипалайды, мұндай өдіс 4-5 минутқа созылады. Төртінші аптада желінінің алдыңғы екі бөлігіне көп көңіл бөледі, себебі артқы екі бөлігіне карағанда олар нашарлау жетіледі. Бұл аптада да уқалау әдістерін жоғарыда айтылғандай қайталайды. Уқалауды бітер кезінде желінді жоғары көтереді, мұндай әсер бұзаудың сиырды емгеніне үқсайды. Уқалау 5-6 минутқа созылады.

Екінші айда желінді уқалау толығымен өтеді, әрбір бөлігіне екі қолдың алақанымен жоғарыдан төмен немесе керісінше уқалайды. Ең алдымен желіннін сол жағын, содан соң оң жағын уқалап, желінді төменнен жоғары қарай бірнеше рет итерумен аяқтайды. Әсіресе желіннің алдыңғы бөліктеріне көп көңіл бөледі. Екінші айда сиыр желінінің әр уқалауына 6 минут бөлген дұрыс.

Үшінші айда. Екінші айда желінді қалай уқаласа үшінші айда оны қайталайды. Бұл айдың үшінші аптасынан бастап уқалауды азайтады және уқалағанда тек қана төменнен жоғары қарай баяулатады, кейде 3-4 минуттай ғана сипайды. Бұзаулауына 15-20 күн калғанда желін уқалауды тоқтатады. Бұл уақытта оларды сауу апаратында үйретеді. Ең алдымен сауу машинасын жанына қояды, олар көреді және кейде иіскейді. Екі күннен кейін апаратты жүргізеді, оны жүргізген уақытта оған қалай әсер еткенін бақылайды. Мал бұған енгенен кейін, олардың емшегіне сауу стакандарын кигізіп, тез суырып алады.

Қашар желінінің жақсы жетілуіне және алғашқы бұзаулаған
сиырлардың сүтеюіне малды дұрыс азықтандыру мен күтіп-бағудың маңызы зор. Бұзаулау  алдында сиырды  күніне бірнеше рет далада серуендетудің пайдасы бар.Қашарға бұзаулау алдында беретін азык өлшемі буаз сиырларға берілетіннен кем болмауы керек. Оларды бұзаулауына 10-15 күн қалғанда сиыр қорадағы бұзаулау бөлмесіне әкеледі. [11]

Бұзаулағаннан кейін және қалыпты орнына түскен соң алғашқы бұзаулаған сиырларды машинамен саууға даярлайды, сауар алдында желінін уқалап, сонан соң жылы сумен жуады. Бұзаулау бөлмесінен кейін бақылау қорасына орналастырып, Мұнда машинамен сауылады. Сиырларды сүтейтудің дұрыс тәсілі зоотехникалық нормамен, өнімділігіне қарай азықтандыру. Қыс айларында шөптің бірнеше түрін, шөп   ұнын,   жүгері   сүрлемін,   тамыр   түйнек   —   жемістілерді,   ал   жаз айларында өнімі мол жайылымды және қосымша көк шөп берген дұрыс. Алғашқы бұзаулаған сиырлардың жылдық азық құрамында: жайылым және сүрлем — 45-50, көлемді азық (шөп, сабан) — 26-30% болуға тиіс. Олардың әрбір 1 кг сүтіне 200-400 г жем беріледі, ал қалған көлемді, сүрлемді және көк азықтарды барлығына бірдей береді. Рационы 10 күнде 1 рет өзгертіліп тұрады. Әсіресе, сиырдың сүттілігіне, тірідей және күнделікті қосатын салмағына қарайды. Бұл сиырларды сүтейту үшін бұзаулағанына 15-20 күннен соң азық құрамына қосымша 2-3 кг азық өлшемі есебінен береді.

Мысалы, алғашқы бұзаулаған сиырлардан тәулігіне 10 кг сүт сауу үшін, тәулігіне: шөп — 6 кг, шөп ұнтағы — 8 кг, жүгері сүрлемі — 16 кг, тамыр түйнек-жемістілер — 10 кг, жем — 3 кг, өсімдік ұнтағы — 1 кг берілуі тиіс, қосымша түз, бор, сүйек ұны беріледі. ал тәулігіне 20 кг сүт сауу үшін: шөпті — 8 кг, шөп ұнтағы — 10 кг, жүгері сүрлемін — 20 кг, тамыр-түйнек — жемістілерді — 15 кг. жемді — 8 кг және өсімдік ұнын — 1 кг-нан беру ұсынылады.

Сиырлардың сүті артқан сайын, берілетін азықтың мөлшері де көбеюге тиіс, әйтпесе сиырдан сүт көп сауылмайды. Әрине бақылау қорасындағы сиырдың жем-шөп рационы өзгеріп тұруы қажет, азык құрамы әр түрлі болғаны жөн. Негізгі мақсат алғашқы бұзаулаған қырдың қызыл сиырынан және әулиеата сиырынан жылына әр қайсысынан 3000-3500 кг дейін сүт сауу, 10 кг өндірілген сүт үшін 1,1-1,25 кг азык, өлшемі және 110-125:1 қорытылатын протеин жұмсалу кажет. Малдың жеген азығы айына 3 рет өлшеніп, есептеледі. Ол азықты өлшеу арқылы қанша мал азығы және қорытылатын протейн 305 күн ішін; жұмсалғанын білеміз. Сондай-ақ ай сайын сауылған сүт және 1 кг сауылған сүтке қанша азық өлшемі, қорытылатын протеин жұмсалғаны есептеледі.

Алғашқы бұзаулаған сиырдың сүт өнімін анықтау үшін айына үш рет бақылау сауу жүргізіледі, ал сүтінің майлылығын және белогын айына бір рет екі тәуліктегі сүтінен анықтайды. Екінші айдың жартысында (40-50 күндері) сиыр желінінің және емшегініц сырт пішіні бағаланады, желін өлшемдерін алады, сиырлардың тез сауылғыштығы анықталады. Бұл сиырларды сүтейткені үшін сауыншыларға қосымша ақы төлейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *