Түркістан—оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи қала, Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң аңғарын да орналасқан. 2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы Халықаралық деңгейде атап өтілді. Арабтардың географиялық
жазбаларына қарағанда ІV-Х ғасырларда бұл қаланың орнында Шауғар мекені болған, бірақ бұдан із қалмаған. ХІІХІV ғасырларда Түркістан «Йасы» деп аталады. Қожа Ахмет Йасауи ғимараты салынғаннан кейін қала түркілердің рухани орталығына айналды.