Соттың ереуілді заңсыз деп тапқан шешімі

Бір көңіл қоятын  мәселе, ереуілдің бәрі бірдей заңды бола бермейді. Мәселен, саяси астары бар, мемлекеттің конституциялық негізін өзгерту, елдің аумақтық шекарасын өзгерту, ұлттық, нәсілдік, діни тең құқықтық бұзу немесе бұрмалау туралы талаптар қойылған ереуілдер заңсыз деп табылады және мұндай шешімьдер тек сот органдары арқылы қабылдануы ықтимал. Мұндай істерді сот органдары өзінің қарауына жұмысберуші, жергілікті үкімет органдары немесе прокурордың талабы бойынша жүргізеді. Мұндай  істер арыз түскеннен соң 10 күн ішінде қаралуға жатады.

Соттың ереуілді заңсыз деп тапқан шешімі болған жағдайда ереуіл бір тәулік ішінде тоқтатылуы тиіс. Ереуілді басқарушы орган соттың шешіміне шағым  айтуына болады.

Мынадай жағдайларда ереуіл жасауға жол берілмейді: адам өміріне немесе денсаулығына зиян келетіндей нақтылы қауіп туса; темір жол, әуе жолы, байланыс бөлімдер жұмысына нақтылы қауіп – қатер туса, отан қорғау, республика қауіпсіздігі мен құқытық тәртіп сақтауға қауіп туатын жағдайларда ереуіл жасауға тыйым салынады.

Тағы да ескертетін бі жағдай, ереуілге қатысу еңбек тәртібін бұзғандық боп саналмайды және ол үшін ешқандай тәртіптік шара немесе жаза қолдануға жол жоқ, керісінше, ереуілге қатысқан адамның жұмыс орны, алатын жалақысы, еңбек стажы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша алатын жәрдемақысы сақталады.

Сонымен қатар келісім комиссиясының, еңбек арбитражының жұмысына қатысудан бас тартқан немесе келсімдік органдардың шешімдерін орындауды тоқтатып қоюға кінәлі жұмыс беруші кәсіпкерлер сот арқылы айып төлеуге тартылады. Дәл осындай жауапқа соттың ұжымдық еңбек даулары жөніндегі шешімін орындамаған жұмыс беруші де тартылады.

Тағы бір айта кететін жайт – ереуілдерді заңсыз ұйымдастырушылар немесе оған заңсыз қатысушылар еңбек тәртібін бұзғандық боп есептеледі де, оларға тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін. Ескертетін жағдай – ереуілдің заңсыз екендігі соттың шешімі бойынша анықталады.

Ереуілге күштеп қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылады, жұмыс беруші кәсіпкерге осының салдарынан келтірілген материалдық залал – арқылы өтеуге жатады. Егер заңсыз ереуіл кәсіподақ ұйымының инициативасымен немесе нұсқауымен болған жағдайда келтірілген залалды осы кінәлі кәсіподақ комитеті өтеуге тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *