Ноғайлы

Ноғайлы—Алтын орда ыдырағаннан кейін құрылған Ноғай ордасының негізін қалаған түркі-монғол тайпаларының ортақ атауы. 15-16 ғасырлардың аяғында Ноғайлы жұрты көрші елдерге де осы атымен мәлім болған. 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап Ноғайлы Кіші Ноғай ордасына, үлкен Ноғай ордасына бөлініп, Қырым ханына, Түрік сұлтанына, орыс патшасына тәуелді болды. Бір бөлігі қазақ, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт т.б. халықтардың құрамына кірді. Ноғайлы 400 жыл бойы Қырым мен Еділ арасында көшпелі өмір сүрді. Ноғайлы ауыз әдебиетіндегі батыр, билер туралы жырлар көптеген түркі халықтарының ортақ мұрасына айналды. Ноғайлы мәдение тінің ең негізгі мұрагерлерінің бірі қазақ халқы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *