Неталиев Мақсұт Бозшаұлы—ақын, жазушы, шежіреші—зерттеуші. 1934 жылы қазіргі Атырау (гурьев) облысының Махамбет ауданы, Бегайдар ауылында туған. гурьев пед институтын бітіргеннен кейін, туған жерінде ауылдық, қалалық мектептерде мұғалім болып істеген. Кейін ұзақ жылдар Алматыда, Атырауды, оралда Қазақстан Жазушылар одағының жауапты қызметтерін, баспасөз, баспа орындарында басшылық қызметтер атқарған. Қазақстан баспаларынан бірнеше өлең жинақтары басылып шыққан. Соңғы жылдары қазақ шежірелерін зерттеумен айналысып, ру-тайпалар тарихына арналған ондаған шежіре материалдары баспасөзде, жинақтарда жарияланды. «Кіші жүз шежіресі» атты тарихиэтнографиялық еңбегі (2007) жарық көрген.
Срочно связаться хочу с Максут ага